Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:47

МӘДЕНИЕТ

Ринат пен Сара ақындардың айтысы

Азаттық радиосы, тыңдармандардың сұрауы бойынша, «…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы Ринат Зайытов пен Сара Тоқтамысованың сөз сайысын ұсынады. Бұл жолы өзара тартысқа түскен қос ақын Шығыс Қазақстан облысының тумалары.

Айтыскер ақындар: Сара Тоқтамысова (сол жақта) және Ринат Зайытов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақындар: Сара Тоқтамысова (сол жақта) және Ринат Зайытов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ринат пен Cара ақындардың айтысын мына жерден тыңдаңыздар.

Бұл жұптың айтысының алдында әнші Еркін Шүкіман Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа» әнін шырқайды.

Айтысты бастаған Ринат Зайытов Сара Тоқтамысованың келін болып түскен елін жырға қоса келіп, сахнаға үкілі тақия киіп шыққан Сара Тоқтамысованы өлең сөзбен түйреп өтті:

«Ей, әрі қарай енді сөйлейін сөзімде болса бәтуа,
Айтыскер ақын Ринат Заитов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Ешкімменен боп жүрген жан емес едім мафия.

Он сегіздегі жас қыздар,
Күйеуге әлі шықпаған,
Ешнәрсені ұқпаған,
Атамыз қазақ кезінде басында киген тақия.

Үмітке үміт жалғансын,
Жауабың болса самғарсың.
Күйеуің бар ғой Саражан,
Неге тақия киіп алғансың?

Жазғырмас елім сені де,
Жазғырмас елім мені де.
Шапқайсың бұрынғыдайын,
Жаяу жүріспен желіме.

Не кисең де өзің біл,
Қайын жұртың деді ме?
Екеуміз егер ұқсасақ,
Бір елден шыққан ақынға.

Жұлқынған ақын екем деп,
Тебінбе жерді, тебінбе.
Ағаңның айтқан ақылын,
Теңерсің қалқам, лебізге.

Найманның қызы тегінде,
Шошақай екен дегізбе».

Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. 17 жасында қолына домбыра алып, айтысқа түскен Ринат республикалық айтыстарда бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп алған. Оның жұрт жадында жүрген елеулі айтыстарының бірі - Дінмұхаммед Қонаевтың 95 жылдығына арналған айтыстағы Балғынбек Имашевпен болған сөз сайысы.

Өз кезегінде Сара Тоқтамысова Ринат Зайытовқа уытты жырымен жауап қайтарды.

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
«Отырған мынау ағама атымның басын бұрайын,
Сол бір Рахат Әлиев боп жүр ме саған уайым.

Ары да бері өттің кеп,
Жаңбырдай жырды төктің кеп.
Қайсының басын құрайын.

Әніме келіп тиістің,
Сәніме келіп тиістің.
Айналайын ағатай,
Қай сөзіңізді ұғайын.

Тақияменен шықсам да,
Мафияменен шықсам да,
Шешеді оны жұбайым.

Төркінім деп мен бұған шынымен сеніп отырсам,
Түріңіз сондай қатулы бұныңызға да шыдайын.

Ағам деп сеніп отырсам, не дейді мынау Құдайым,
Сенген қойым сен болсаң, күйсеген аузыңды ұрайын!»

Сара Тоқтамысова тұңғыш рет он үш жасында Семейде өткен оқушылар арасындағы айтысқа шығып, сол айтыста бас жүлдені алған. Сара 1986 жылы 29-наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген.

Республикалық айтыстардан оншақты рет бас жүлде алған Сара Тоқтамысованың ең ұтымды ел есінде қалған айтысы «Жүрсіннің жүлдесі» деген атпен өткен айтыстағы айтыскер Аманжол Әлтаевпен болған жыр сайысы болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қыдыралі Қайдан: Алматы
21.04.2010 16:52
+0 / -0
Айтыс - Қазақтыуң ащы даусы, арманы, тілегі. Баяғыда осы айтысты ауылда, жайлауда той бола қалса қазақи салтпен ешкімнің уйымдаструынсыз өз алдына отыра қалып айтысатын, сосын жеңілген өз еркімен тоғызын беріп жататын, қандай табиғй, қандай дархан ұлы еді қазақтың салттары.... ал қазір Жүрсін Ерманов ағам болмаса не арнайы бір мереке болмаса айтыстың шашбауын көтеретін қазақ қалмады ау.... Сіздерге рахмет айтыскер ақындар тек қана шындықпен алға тарта беріңздер...

Кімнен: Еркін САЛТАНАТ Қайдан: Алматы
21.04.2010 17:46
+0 / -0
Айтысты жариялай беріндерші! Біз семьямызбен ризамыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2010 19:35
+0 / -0
Жүкең де, айтыс ақындарымыз да қасиетті өнеріміз үшін батырлыққа пара-пар ерлік жасап жүргендері қуантады.
Құдай Сіздерге қуат берсін, шабыт берсін, өнерлеріңіз жана берсін деп отбасымызбен тілейміз!

Кімнен: Кабанбайдын рухы Қайдан: Найман ели
21.04.2010 19:32
+0 / -0
Таза катындардын урсысы... Сара аиел гой... Ринат бауырым саган не болган... Тауелсиздик.. улт маселелери, мадениет, тил, турмыс, халыктын жагдайы... Кайда такырып... Тил кеспек жок... Акын деген атына сай болу керек болмасан бордай тоз... булай аитсан екинши шыкпа сахнага!!!! Осыны угып ал. Мына Ринат форумды окымаса ким даусы жетеди жеткизсениздер озине.. окысан жауап бер озин.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2010 22:10
+0 / -0
Ағасының аузынан ұрған қыз елге сыйлы болады деуге болмас. Әй бірақ біз не көрмей келеміз.

Кімнен: Зәуре
22.04.2010 12:17
+0 / -0
Сараның аздап артық кеткені болмаса, жалпы айтыс жаман болмаған сияқты. Тетелес болған соң ондай бола береді. Дегенмен Сара жақсы бастап, жақсы аяқтады. Ақындар бұл айтыста аз айтқан жоқ, сондықтан Сара мен Ринаттың текетіресі де қызық бізге. Екеуіне де табыс тілеймін. Бұл форумда айтылған пікірлерді ақындар оқып жүрген болар. Болашақта ескерер ақыл-кеңестеріңізді.

Кімнен: Пенде Қайдан: Астана
22.04.2010 13:38
+0 / -0
Сара жонін айтты... Жеке бастарынын "алыс берістері" бар шыгар... Бірак ер азаматтын - озіндік салмактылыгы болуы кажет... Шын ерлердін келінде несі бар.

Кімнен: Қазақ
22.04.2010 16:15
+0 / -0
Шырақтарым, күйсеген ауызыңды ұрайын деген сөз ауырсөз болып табылады. Егер ақын сөздің мәнін білмесе басқа халықтан не сұрайсыздар? Мүмкін оңаша айтысып отырғанда айтуға болатын шығар. Ел ғаламтордан іздеп тауып тыңдағанда ондай сөз есітеміз деп ойламаған шығар. Сараның суырып салмалығына шек жоқ бірақ айтылған сөз атылған оқ. Тек қызымыздың абройы арта берсе,қателеспесе деген біздердің тілегіміз. Кімге келин екенин бір құдай білер,бірақ Сара қазақтың ақын қызы. Сарамен мақтанғымыз келеді, осындай ақын қыз қазақтан туғанына

Кімнен: Азамат Қайдан: Арғын
23.04.2010 14:34
+0 / -0
Сара сөз жоқ мықты ақын, бірақ енді атасының бағын жырлайтын ақынға айналып кетпес деген үміттеміз. Бірақ аяқ алысы күдікті екен.

Кімнен: Мұстахим Қайдан: Ақтау
25.04.2010 20:29
+0 / -0
Не кисең де өзің біл,
Қайын жұртың деді ме?

Ринат әйел адамда қайын жұрт болмайды, өз жұрт,төркіні болады.

Кімнен: Дәнеш Қайдан: Талдықорған
08.05.2010 14:08
+0 / -0
Екеуі итше таласыпты ғой. Ұят болған екен. Бір елден шыққан екі ақын бұлай бет жыртысатын болса айтыста не құн қалады? Әй, бірақ айтыскерлердің біразы білім мен мәдениеттен жұрдай ғой. Тек ішіндегі Аманжол, Айбек, Серікзат, Балғынбек сияқты біраз оқыған, зиялылары болмаса. Әсіресе кейінгі жастарда иман, ар-ұят деген аздау. Сахнаға екі-үш рет шығып, бір-екі мәшине мінсе болғаны, әлемдік деңгейге шыққандай шалқаяды. Ондай ақындардың шабысы ұзаққа бармас. Ақындар, мәдениетті болсаңдаршы, өтініш.

Кімнен: kairatjan Қайдан: astana
10.05.2010 12:07
+0 / -0
ассалаумагалейкум азаттык радио кызметкерлери сиздерге айтыс ушин коп рахмет. Сиздерден тагы да калган айтыстарды шыгаруларынызды сураймын барлык айтыс суйер кауымнын атынан. алдын ала рахмет