Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:48

ҚАЗАҚСТАН

«Террорист» деп сотталған Азамат Кәрімбаев үш айдан соң түрмеде қаза тапты

Терроршылдық айыбы бойынша сот үкімімен 17 жылға кесіліп жазасын өтеп жатқан ақтөбелік ауыл тұрғыны Азамат Кәрімбаев Арқалық түрмесінде қаза болды. Марқұмның әйелінің айтуынша, Азаматты азаптап-қинаған.

Мәтін көлемі - +

Биылғы жылғы қыркүйектің 23 күні Ақтөбе облысында алты адам кеніш аймағында террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған-мыс деген айыппен әртүрлі мерзімге сотталған еді.

Мұғалжар аудандық соты «терроршылдар» ісін үш күннің ішінде қарап үкім шығарды, ал облыстық соттың апелляциялық алқасының мәжілісі сотталушылардың қатысуынсыз өтті, оған БАҚ өкілдерін де қатыстырмады.

Сот қылмыстық жауапқа тартылған алты адамды түгелдей айыпты деп танып, 10 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндіктерінен айыруға үкім шығарды. Шұбарши ауылының тұрғыны Азамат Кәрімбаевты сот «террорлық топтың жетекшісі» деп таныды.

Азамат Кәрімбаев ресми тіркелген мешіттерден бөлек ұстанатын азғантай ғана мұсылман қауымының өкілі еді. Әйелінің айтуынша, Азамат Кәрімбаев Қазақстан үкіметінің саясатына сыни көзқараста болған және өз пікірін көпшілік алдында білдіруден жасқанбаған.

Жергілікті баспасөзде Азамат Кәрібаев пен оның серіктеріне «уахабшылдар» деген айдар тағылды.

Сотталған алты адам сот үкіміне өз наразылықтарын білдіріп биылғы қараша айында Ақтөбенің тергеу абақтысында аштық жариялады, олай-бұлай болып кетсек деп, ақтық сөздерін айтып хат жазып қалдырды.

Олар жазаларын Ақтөбе мен Арқалық түрмелерінде өтеп жатқан еді. Енді міне солардың бірінен қаралы хабар жетіп отыр.

Азамат Кәрімбаевтың Арқалық түрмесінде жан тапсырғаны туралы Азаттық радиосына желтоқсанның 24-күні оның әйелі Айман Кәрімбаева хабарлады:

– Кеше кешке маған бейтаныс адам телефон соғып, желтоқсанның 23-күні түн ортасында менің күйеуім кісі қолынан қаза болғанын жеткізді. Мен бұл хабардың рас-өтірігін анықтап беруге жәрдем іздеп дереу сіздерге хабарласып отырмын. Маған телефон шалған адам күйеуімді өмір бойы түрмеге кесілгендер отыратын жалғыз адамдық камераға қамағанын айтты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны азаптап қинап, діннен бас тартуға көндірмек болған. Күйеуімді ҰҚК қызметкерлері азаптайтыны туралы маған бұған дейін де айтқан кісілер, ол туралы шұғыл түрде адам құқын қорғайтын ұйымдарға хабарлап, күйеуімді ажалдан алып қалуды ескерткен болатын, – дейді Айман Кәрімбаева.

Ресми орындар Азамат Кәрімбаевтың қаза тапқандығын растады.

Азаттық радиосының тілшісі бейсенбі күні Арқалық қаласының прокуратурасымен хабарласқан еді. Қала прокурорының орынбасары Заман Зұлпыхаров түрмедегі кісі өлімі туралы ақпараттың рас екендігін айтып берді:

– Сіз сауалыңызды жазбаша жолдаңыз. Иә, Азамат Кәрімбаев кеше түрмеде қайтыс болған. Ол ақтық хат жазып қалдырған. Ол бойынша қазір біз деректер жинастырып жатырмыз. Түрме әкімшілігі оның қазасы туралы туған-туыстарына хабарлау керек болатын.

Билік орындарынан Азамат Кәрімбаевтың қазасы жайлы естіген соң Азаттық радиосының тілшісі марқұмның әйеліне хабарласқан еді.

– Ол өз-өзін өлтірген жоқ, оны түрмеде азаптап қинап өлтірді, – деді Айман Кәрімбаева Азаттық тілшісіне.

Қазір Азамат Кәрімбаевтың туыстары марқұмды жерлеу қамына кірісті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Атырау Қайдан: Атырау
24.12.2009 22:24
+0 / -0
Иә, оны азаптап өлтірді. Бәріңді де осындай өлім күтіп тұр. Мына өлгендерді қорғап, қоштап шықпасаңдар, осылай, елеусіз, бір-бірлеп өлтіре береді. Артыңнан сұрау болмаса, көрген күнің осындай болады. Егер, бір-бірлеп өлгілерің келмесе, мына кісі неге өлді деп көшеге шығыңдар.Оны жасай алмасаңдар, басқаға ақыл айтпай, мына комменттерге де өтірік қосылмай, қатындарыңды құшақтап, ертегі айтып жатыңдар.

Кімнен: Атырау Қайдан: Атырау
24.12.2009 22:29
+0 / -0
Марқұмды жерлеу қамына кірісті, дегенге айтып отырғаным. Біздің қазақтың о бастан әдеті - е, құдайдан болған шығар, деп көме беретін. Мына қанды қолға қарсы шықпаған баршаңызды да осылай көме берсін, дегім келеді. Ал, мына азаматқа иманы жолдас болғай. Баршаңызға осындай өлім тілеймін! Өзіме де!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2009 22:38
+0 / -0
Құдайдан қорықпаған кәпірлердің қолынан қаза болыпты, иманы жолдас болсын марқұмның. Ал ана кәззаптар екі дүниеде де оңбас, адамды діни сеніміне бола соншалықты қинап өлтіргендер әлі сазайларын тартады.
Пікір алмасу

Кімнен: Nursultan Қайдан: Shymkent
25.12.2009 10:32
+0 / -0
Өлтірген адамдарды Аллаһ жазаласын, бірақ бет алды кәпір деу үлкен күнә.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2009 10:46
+0 / -0
төмендегі жауабымды оқы, иманы бар адамды жазықсыз өлтіргенді періште деп қорғап ал онда, Астанадағы аттасыңмен бірге

Кімнен: Пенде
24.12.2009 22:51
+0 / -0
Кәпірлер екенін қайдан білесің?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2009 10:43
+0 / -0
енді ше, кәпір демегенде, жазықсыз сотталып ұзақ жылға түрмеге қамалған, бар "кінәсі" бес уақыт намазын ғана оқып, құлшылық жасап отырғанадамды азаптап өлтіргендерді періште дейміз бе сонда?? Ал, айтшы қай дінде - исламда ма, христианда ма, буддаларда ма, жоқ әлде иудейлерде ме қапаста өз дініне құлшылық етіп отырған адамды өлтіру деген бар, а? Яғни, бұл бейбақты өлтіргендер осы мен атап кеткен ешқандай дінді мойындамайтын, ешқандай дінді менсінбейтін имансыз, дінсіз КӘПІРЛЕР! Мен солай деп ұғам
Пікір алмасу

Кімнен: Nursultan Қайдан: Shymkent
29.12.2009 22:54
+0 / -0
Біріншіден,мен ол адамдарды қорғап отырғаным жоқ,олар міндетті түрде Аллаһтың алдында жауапқа тартылады.Мен оларды мұсылман дегенімде жоқ.Өйткені,әрбір айтқанымыз үшін сөзсіз жауап күтіп тұр.Исламда жазықсыз адам өлтіру өте ауыр күнә, бірақ Исламнан шығармайды ғой.
Ал Астанадағы аттасыммен шатастырма мені.Аты-жөні көрсетілмеген, оданда Хақ дінімізбен жақынырақ таныс Иншаллаһ!

Кімнен: Арман
24.12.2009 23:18
+0 / -0
Өздері әлемдік діндердің барлық өкілдерін Астанаға жинап алып басқосу өткізеді. Өздері адамдарды діни сенімі бойынша қуғындап, азаптап өлтіреді. Қай қылығына сенеміз.

Кімнен: bokky Қайдан: hetay
25.12.2009 05:09
+0 / -0
соңғы жылдары неге қазақыстанда осындай атып-шабу оқиғалары кобейып кетті ? ана дұниеге жаңа быр өмыр акелерынде, ашты толғақ қысып,қиналатынындай,қазақ елының дәл қазыргы кұйы де сондай бір жаңа өмыр,жаңа жұйены кұтып тұрма , қалай ? аллам , осы тылегымызды берып,қан тогыссыз іске асса екен, бар қазақ жұдырықтай болып,басқаға жонымызды корсетып,кұдыр сойлейтын кұн болса екен шркын, іштен ірігеннен құдай сақтасын !!! меның қазақ елым, бір кұны жетермын саған ,еңбектеп болсада !!!

Кімнен: Мен Қайдан: Семей
25.12.2009 10:58
+0 / -0
Марқұм шаһид өлімімен жан тапсырыпты. Алды пейіш болсын!

Кімнен: Мусылман Қайдан: Атырау
25.12.2009 12:55
+0 / -0
Мен өз пікірімді білдіргім келеді, жанағы жазған адам неге барлығыны өлім , өзіне де өлім тілейді. Бұл имансыз оңбаған адам ретінде санаймын. Ал Азамат Кәрімбаевка келетін болсақ оны өлтіргендер түрменін адамдары,дінге теріс пиғылдары бар адамдар.

Кімнен: МҰСЫЛМАН Қайдан: Алматы
25.12.2009 14:18
+0 / -0
АЛЛА ТАҒАЛА бұл кісіні жаннаттықтардан етсін! Бұл мұсылманды мен де шаһид өліммен өлді ойлаймын. АЛЛАҺ бәрін білуші, ештеңені ұмытпайды! Имансыз бұл қинаушыларға азап бар. Қазақстанда пікір айтушыларды өлтіру мал бауыздағаннан оңай болып кетті! бірін үйінде, бірін тауда, енді түмеде!
Бұл істі соңына апару керек....
Іс басындағылардың жаныда Әсаттар Қажы сияқтыларды көреміз ғой, олар неге тіс жармайды??? Үндемеулерінің себебі олардың ішіндегілері басқа деп қана түсіндіруге болады. Басқа мүминдеріміз де неге осындай жағдайларға көз жүып тыныш отыра береді??? АЛЛАҺ-тан ғана қорқу керек, қазіргі биліктері опсыздарға жалақшығандары оларға ұзаққа азық болмады!!! АЛЛА сақтасын егер осы мемлекетіміз құрыса қатіп дінін жалғастырмақшы?
Бірінші пікір жазушыға толық келісем!!!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
25.12.2009 16:02
+0 / -0
Бұндай әрекеттерге әбден халық ұйреніп кетті, ешкім таң қалмайды. Абай атамыз айтқандай: "Заманыңыз бұзық болса бәрі де виноват" - деп баға берген заман Қазақстанның басынан өтіп жатыр. НӘН-нің мақсаты осы. Шаш ал десе, бас алып тастай салады ойланбайды, тапсырманы асыра орындадым деп кеудесіне орден, медаль таққанын күтіп тұрады.Оны сайлаған халық, Халықтың аузы бір болып алып, орнына дұрыс адамды қойғанша көретін күні осы.Алла ақырын берсін.

Кімнен: Ашынған бейбақ Қайдан: Алматы
25.12.2009 19:55
+0 / -0
Алты адамды соттаудан басталды емес пе??? Олар ешқандай қылмысқа басмай тұрып, ашық сот өткізбей үш-ақ күннің ішіде 17 жылға соттағандары не деген масқара!!! Уақабшылар деп тағы жалажауыпты! Өй көргенсіздер! енді бірі қинап өлтірген!
Қазақтар не болағн сендерге! ертең осылай біріңнің анаң, біріңнің балаңды өлтіріп жатса да отыра беретін түрлерің бар ғой!
бұл билікке қардай сөз айтсаңда тыңдамайды! енді үлкен қантөгіс болуын күтір бұл немелер! Іс басындағылардың жандарын алмайынша қоятын түлері жоқ!

Кімнен: Мұсылман Қайдан: Астана
25.12.2009 21:13
+0 / -0
Мұсылман бауырлар сабыр етейік. Өзімізге де, өзгеге де өлім тілемейік. Өйткені, кімнің қашан өлетінін Аллаһ ғана біледі. Күпірлікке ұрынбайық. Аллаһым қайтқан мұсылман бауырымыздың жанын жаннатта етсін! Отбасына сабыр берсін! Ал, мұсылманды азаптап, түмеде өлтіргендерге Аллаһ жазасы дайын. Қиямет күніне сенетін бауырлар, ондайларды жаһаннам оты күтіп тұрғанын білемйз ғой. Сондықтан жанымызға қатты батса да, Аллаһтан сабыр сұрайық. Осындай да Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) қалай істеген еді? Еске алайық! Халықты қырған еш басшы оған емес, оған тарих куә. Аллаһқа тапсырайық!

Кімнен: Дулат Қайдан: Алматы
25.12.2009 21:32
+0 / -0
Жаны жанатта болсын

Кімнен: Mumin Қайдан: Khazakhstan
25.12.2009 22:34
+0 / -0
Barine beibitwilik tilei otyryp, Azattykh radiosyna Allah razy bolsyn degim keledi. Osy habardy halykhkha jaria etip otyrghany ywin! Al endi khaza bop otyrghan bauyrymyz inwAllah janattyn torine jetsin, amin. Osyny beibitwil zamanda estip, jylaghym keledi, haiyrlysy inwAllah. Men tysinbeim, sonda, jogharydaghylar bir istin jarialamauyn kerek etse kez kelgen sotty "jabykh" otkize bere ma? Bul naghyz erkindiktin buzyluy ghoi, memleketti bileuwi - "ХАЛЫҚ" dep memlekettin ozi jazyp bergen jokh pa bizge "KONSTITUCIA" degen kitabynda. Khandai is bolmasyn awykh, ari jaria boluy kerek ari paryz! Barlykhtarynyzgha beibitwilik tilei otyryp, Allahtyn nury jausyn!

Кімнен: Қазы
25.12.2009 23:29
+0 / -0
жоғарғы соттың бір қызметкерінің "ел ішінде бардак, жақын арада өзіміздің халық осы терезеден далаға лақтыратын болалды" сөзі шындыққа айналатын түрі бар ғой өзі

Кімнен: Атыраулық қазақ
26.12.2009 18:44
+0 / -0
Намаз оқымай,Аллаһтың айтқандарына қарсы келгендеріменімен қоймай,мүмин мұсылмандарды қорласа,олар кафир емей кім кафир?
Кафирлік сипаттары бар мемлекетте өмір сүріп отырмыз бауырлар!

Кімнен: ұлықпан
27.12.2009 20:35
+0 / -0
иманы жолдас, жаны жәннатта болсын марқұмның!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2009 21:17
+0 / -0
Заманбек Нұрқаділовті үш рет өзін өзі атқан деп шығарған Қазақстан полицейлері бұл марқұмды да өзін өзі өлтірген деуден тайынбас. Кінәлілерді тауып жазалауды талап ету керек

Кімнен: Moti
28.12.2009 23:58
+0 / -0
жел соқпаса шоптін басы қимылдамайды.....

Кімнен: ИМАННУР Қайдан: АСТАНА
29.12.2009 10:51
+0 / -0
аллах ол агамыздын жанын жанната етсин!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі