Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:48

ӘЛЕУМЕТ

«Қазақстанға қайтып келгенімізге өкінеміз» дейді оралман әйел

Түркменстаннан атажұртқа қоныс аударған Күнібай Оразалиевтің отбасы Ақтөбе облысында тұрады. Оралмандар өз құқықтарын және көмек алу үшін кімге өтініш жасарын білмейді. Өндірісте жұмыс кезінде жарақаттанған отағасы ол үшін ешқандай өтемақы алмаған.

Мәтін көлемі - +

ҚАРЫЗҒА АЛҒАН ҰН

Күнібай Оразалиев Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай кентінде тұрады. Өзінің айтуынша, ол 1996 жылы Түркменстаннан Қазақстанның Маңғыстау облысына квотасыз көшіп келген. Күнібай Оразалиев – көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы.

Күнібай Оразалиевтің Азаттық радиосына айтуынша, ол жекеменшік құрылыс ұйымында үш жылдай жұмыс істеген. Бірақ, ол жердегі жұмыс істеп жатқандардың ешқайсысы жұмыс берушімен шартқа отырмаған.

– Бізге, жұмысшыларға, банктан шот ашты, бірақ ол шотқа ешқашан ақша аударған емес. Жалақы туралы тізімге 40-50 мың теңгеге қол қойып, ал қолымызға 12-25 мың теңге алып тұрдық, – дейді Күнібай Оразалиев.

Оралманның айтуынша, өткен жылдың 16 желтоқсанында апатты жағдайда тұрған кран құлап кетіп, оның сол аяғын жарақаттаған. Ол
Оралман Күнібай Оразалиев. Қаратоғай кенті, Ақтөбе облысы, 8 ақпан 2010 жыл.
операциядан бас тартқан. Күнібайдың айтуынша, басшылар оған келген зардаптың орнына төлем төлейміз деп үміттендірген. Бірақ, уәделерін орындамаған.

– Әйелім жұмыссыз, бес балам бар. Далада аяз қақап тұр, ал кіші ұлым 30 градустық аязда мектепке кроссовкамен және спорттық костюмде барады. Кентте жұмыс жоқ. Ауылдықтар қалада жұмыс істейді. Жұмысқа таксимен барамыз. Қазір тамаққа да ақша жоқ, әйелім ұнды көршілерден қарызға алды. Біз – оралмандармыз, бірақ өз құқымызды білмейміз. Кімге барып өтініш жасарымызды білмейміз, – дейді оралман Күнібай Оразалиев.

Күнібай Оразалиевтің әйелі Зылиха Есенғалиева Түркменстанда олардың жекеменшік үйі, бір гектар жері болғанын айтады. Төрт түйесі, екі сиыры, жиырма бес қойы болған.

– Газ, жарық, тұз тегін болатын. Балалар қазақ мектебіне баратын, колхоз төрағасы да қазақ еді, – дейді Зылиха Есенғалиева.

Оның айтуынша, ешқандай кемсітушілік болмаған, қай ұлтқа жататындығымызға қарамастан өте тату, бірімізге-біріміз көмектесіп тұрдық, салт-дәстүрімізді ұстанып тұратынбыз.

Тарихи отанымызға келген соң қолымызға 30 мың теңге берді. Алдында үй жалдап тұрдық, содан соң осы кенттен үй сатып алдық. Біз тарихи отанымызға қайтып келгенімізге өкінеміз. Жұмыссыз, нансыз, көмірсіз, ешқандай болашақсыз отырмыз, – дейді көзіне жас алып Зылиха Есенғалиева.

Оралман отбасының қиын жағдайына байланысты Қартоғай ауылдық округінің әкімі Дархан Боранқұл: «1 сәуірден бастап Зылиха Есенғалиева еңбек биржасында үш ай жұмыс істейді. Қалғанын содан соң көреміз», – деп жауап берді.

Оралман Күнібай Оразалиевтің отбасы тіркелмеген «Алға» партиясына көмек сұрап барды. Партия оларға азық-түлікпен жәрдемдесті.

ИЕСІЗ ҚАЛҒАН ЭЛЕВАТОР

Совет өкіметі кезінде Қаратоғайда «Астық базасы» атты элеватор жұмыс істеді. Ол жерде табиғат апаты жағдайында пайдалануға қажетті мемлекеттік резервте тұрған астық сақталатын. 1980 жылдары облыстағы егіншілік аумағы 2,5 миллион гектарға жететін.

Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысындағы егін алқабы бес есеге дейін қысқарды. Өткен жылы 791 мың гектар жерге ғана егін егілді.
Еңбек ардагері Жұмабай Құлымов. Қаратоғай кенті, Ақтөбе облысы. 8 ақпан 2010 жыл.
Қазір Қаратоғайдың элеваторы иесіз, талан-таражға түсіп, бос тұр.

Еңбек ардагері Жұмабай Құлымов «Астық базасы» элеваторында 40 жылдай жұмыс істеген. Оның айтуынша, элеватор 1975 жылы жұмыс істей бастаған. Қуаттылығы жағынан Қазақстанда екінші орында тұрған. Астық сақтайтын бункері 20-30 метр тереңдікте болған.

– Мұнда астықты облыстың барлық аудандарынан алып келетін. 1961 жылдан бастап слесарь болып жұмыс істедім. Одақ тараған соң элеватор иесіз қалды. Тіпті, бункерде астық та қалған болатын. Бірақ, тұрғын халық оны уақыт өте келе тасып алып кетті. Қымбат тұратын құрал-жабдықтар жоқ болып кетті. Қазір бұрынғы кездегідей бункерде сақтайтын астық жоқ. Оның үстіне қажетті қымбат тұратын құрал-жабдықты да сатып алу оңай емес. Бір кездері Қаратоғай бай, гүлденген ауыл еді, – дейді еңбек ардагері Жұмабай Құлымов.

«Астық базасы» элеваторы. Қаратоғай кенті, Ақтөбе облысы. 8 ақпан 2010 жыл.
1970-1990 жылдары Қаратоғаймен қатар аумағы 3 мың гектарлық Нагорный алқабы орналасқан болатын. Онда көкөністер, мал азығы өсірілетін. Облыста мал шаруашылығы жақсы дамыған еді. Біртіндеп Қаратоғайдан немістер, орыстар, украиндар көшіп кетті.

Аса үлкен элеватор бүгінде қауіпті болып тұр. Оның аумағында бірнеше мәрте кісі өлімі орын алған.

Тарихи отанына 700 мыңнан аса оралмандар қайтып келген екен. Мемлекет бөлген аз ғана өтемақыға ораламандардың барлығы бірдей үй сатып ала алмаған.

Оралмандардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерге орналастырылған. Мәртөк ауданында Түркменстаннан, Өзбекстаннан келген оралмандар тұрады. Бүгінде оралмандардың көпшілігі жұмыссыздар қатарын толтыруда.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ШОҒЫ Қайдан: Ақтөбе
24.02.2010 12:31
+0 / -0
Отан деп қаншама ет-жүрегің елжіресе де, патшаң екіжүзді болса қайтесің, кім-кімнің де көретін күні осы КІМ де болса өзегіңнен тебе берсе , ертең осы елдің басындағы жағдай түзелгенде, өз бастарына қара бұлт үйрілгенде білер білмей жүргендер, НАҒЫЗ НАР ҚАЗАҚтар қашанда шыдамды халық қой пейілдері сияқты, сабыр түбі сары алтын!!!

Кімнен: Арыстан
24.02.2010 12:53
+0 / -0
Қайран қазағым-ай.Неге осы маңдайымызға сор жазған.Бас көтерер патшада бас көтерер қарияда табылмады ғой.Қазақстанда осындай күн кешіп отырған басқа ұлт өкілдері бар ма екен? жоқ-ау сірә...жерасты байлығы кеткен соң жер үстінде кім қалсын?

Кімнен: Сыр қазағы
24.02.2010 14:34
+0 / -0
Оралмандарға жағдай жасамай, елге көшіріп әкелу құйтұрқы саясаттың көрінісі болса керек. Қазақ айтпайды ма, "Жарлы болсаң, көшіп көр" деп. Пәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ деген осы.

Кімнен: Габиден Қайдан: Мугалжар
24.02.2010 15:22
+0 / -0
кашангы тоземиз халайык,коздериниз ашылатын кез келди емес па?Нурсултан кашан тояды деп кутип отыра беремиз ба?куиеубаласы жур(кулибаев) 2миллион еврога кымбат алып койдым деп уиди Британиядан.Кунибайдын жары жур 2кило унды карызга алып,анау итпатша сатып жатыр жеримизди кытайга,патшаники дурыс халык аштан олсе де бурыс боп турганы ма?кашангы шыдаймыз?ОКИЛ КАЙЫН АТА китабын окыныз агайын оган деген козкарасыныз мулдем озгередй(НАНга|),халыктын акшасына масайрап журген.Хан емессин каскырсын ,кас албасты баскырсын,хан емессин ылансын ,кара шубар жылансын

Кімнен: kanat Қайдан: taraz
24.02.2010 16:34
+0 / -0
kanat Ibragimovke BOSTANDYK ,Kanat ERKEK,Halyktyn balasy,zherin suietin azamat,bodandyktan aryludy ansagan,sen siyakti azamattar kobeye bersin,

Кімнен: З.Байдосовтың досы
25.02.2010 00:58
+0 / -0
Күнібай мен Зылиха сияқты жағдайлары қиын азаматтарға айтар ақылым: Ақтөбеде Байдосов Закрадин деген профессор бар. Соны тауып алыңдар, мені оған айтсаңдар, ол сендерге жағдайларыңды жасап көмектеседі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2010 12:23
+0 / -0
"Қазақстанға қайтып келгенімізге өкінеміз"естігенге қандай суық сөз .Тек осыны түсінер жан болса.Қаншамалаған мұңлық ,зарлықты баурына басқан қазақ енді міне ӨЗ қазағын өзекке теуіп отыр .СҰМДЫҚ.
Мен тек оралмандарды айтпаймын ,осы жерде өсіп өнген ауылдағы қазақтардың да жағдайлары мәз емес,ал жат елге кетіп жатқан қара көздер қаншама....арманым көп , дарменім жоқ болып отыр.қайтейін .
"жетімін жылатпайтын ,жесірін талатпайтын "ҚАЗАҚТАР қайда???

Кімнен: Арман Қайдан: Болашақ
25.02.2010 23:09
+0 / -0
Кәрішал Асан Атаның ,Қазақстанды қашан Қазақ басқарады сонда жағдай өзгереді дегені ақиқат.....

Кімнен: Zamirka-san Қайдан: Марс планетасы
26.02.2010 00:43
+0 / -0
Шынымды айтсам,мен осындай тірліктерден кейін қазақ болып туылғаныма да өкінемін.2012 жылдың желтоқсанында жер планетасы үлкен өзгерістерді күтуде.Мүмкін сорлы қазақтардың да санасы шайқалар/бар болса/

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақия
26.02.2010 21:36
+0 / -0
Қайда жұрсекте Заң ұйренейік, Заң білейік ағайын.

заң былмеу деген тауға шыққанда қолына арқан сияқты көмекші құралдарды алмай шыққанмен бірдей.

Кімнен: Балқаштық
27.02.2010 01:12
+0 / -0
80-ші жылдардың соңында Ашхабадта студенттік фестивальге қатысқаным бар.Сонда жүздескен қазақ жастары "қазақ даласын сағынамыз, бір көргіміз келеді" дегенімен, Қазақстанға қайтсек те барсақ екен деп құлшынғанын байқамадым.Кейін алдауға түсіп қалғандар Күнібайдың күйін кешті, ертерек ес жиғандар қайтып кетті, әлі қаншамасы сорлап жүр. Көші-қон, туған жерге шақыру деген құйтырқы саясат, соған бөлінген миллиондаған ақшаға көз тіккен және соның майын қалқып ішіп, сорып жүргендердің ойлап тапқандары. НАН-ға бәрібір. Өз қазағын жарылқамай, басқаны қайтсін.