Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:49

ӘЛЕМ

«Өкіл қайын ата» енді CD және флеш-дискіде шығады

Берлиндік «Ибера» баспасының бас редакторы Бриджитт Стробеле, Азаттық радиосына берген сұхбатында, Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының айналасындағы болып жатқан жағдайларға байланысты өз ұстанымын білдірді.

Мәтін көлемі - +
– Стробеле мырза, Қазақстанның Бас прокуратурасы «Өкіл қайын ата» кітабының авторы Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғады. Прокуратура ол кітап мемлекеттік құпияға толы дейді. Сіз аталған кітапты жарыққа шығарған баспаның бас редакторы ретінде осы кітаптың айналасындағы жағдайға байланысты пікір білдіре аласыз ба? Сіздің баспаңызға соттасу қаупі төніп тұрған жоқ па?

– Мен бұған пікір білдіре алмаймын, өйткені бұл іспен заңгерлер айналысады. Бұл өте күрделі жүйе және мен оны жақсы білмеймін.

– Осы кітапқа байланысты сіздер Қазақстан билігі тарапынан қандай да бір ескертулер алдыңыздар ма?

– Жоқ, бізге ешкім ешнәрсе айтқан жоқ.

– Қазақстан Бас прокуратурасының өкілі «Өкіл қайын ата» кітабын таратқан немесе оқыған ел азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп ескертті.

– Бұл өте жаман. Демек, Қазақстан – азат ел емес. Мәселен, Аустрияда және Германияда сіз кез-келген тақырыпқа байланысты өз пікіріңізді білдіре аласыз. Бұл соншалықты проблема емес.

Ал, Қазақстанда болса, меніңше, сөз бостандығы жоқ сияқты. Мен бұны басқаша қалай айтуға боларын білмеймін.

– Бұған дейін баспада осыған ұқсас оқиғалар, яғни, әлдебір елдердің билігі бір аутордың кітабын шығаруға тиым салып, осының салдарынан сіздердің оны баспаған кездеріңіз болды ма?

– Иә, мұндай жағдайлар болды. Мысалы, зорлық-зомбылыққа шақыратын және тағы сол сияқты кітаптар. Мен бұны түсінемін. Бірақ, осы аталған жағдайда аутор Қазақстандағы шындық жағдайды айтып отырмын дейді. Сол себепті біз оның кітабын басып шығаруға шешім қабылдадық.

– «Өкіл қайын атаның» ауторы, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Азаттық радиосына берген сұхбатында «Ибера» баспасымен ынтымақтаса отырып өз кітабын компакт-дискілер мен флеш-дискілерде және т.б. басып шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Олар қашан дайын болады?

– Иә, біз бұл кітапты компакт-дискілерде және флеш-дискілерде шығаруды жоспарлап отырмыз. Бірақ, дәл қазір мен бұл материалдардың шығатын мерзімін айта алмаймын. Олар әзірге даяр емес. Сіздер бұл жайында олар сатылымға шыққан кезде білетін боласыз.

– Стробеле мырза, әңгімеңіз үшін сізге рахмет!



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айбат Қайдан: Нурлы Астана
24.05.2009 17:15
+0 / -0
Бир затка тиым салган сайын адам баласынын соган карай умтыла тусуу занды окига.Айнала осы китапты окыгысы келип,жанталаскан журт.Бас прокурор да тыйым салган болып отка майды калай куйганын билмей калды ма екен? Халыкты,сонын ишинде азып-тозып отырган ауыл казагын ойлайтын,оз улты ушин озегин жулып беретин улдар туатын шыгар бизде де!Тарихтан билемиз,ондай ЕРЛЕР болган! Ал казирги жайымыз киын,ОТЕ КИЫН! Бирак айдауга тусип алданып калмайык.Биликте отырганнын бари де шетел асып кашып кетер,жиган байлыктары бар.Ал кара халык ше,кайда барамыз? Бизде ОТАН биреу-ак емес пе.Мунын аягы айтеуир жаксылыкпен битсе екен.Африка елдери,Ирак,Ауганстан сиякты сорлап калмайык.Жер байлыгымызга тамсанушылар коп.Бандиттер баскарган елди басып алу онай. Етек-женимизди жинап,арандатуга ермей,артын багайык.Шамамыз келгенше бала окытайык."Ар казак- менин жалгызым'деген соз санамызда болсын.Дуние-мал кумаган,таза, елим деп енирейтин бир азаматты АЛЛА мандайымызга буйыртар деген улкен умиттемин!

Кімнен: шынар Қайдан: ақш
24.05.2009 20:39
+0 / -0
Айбат дұрыс айтасыз. Білімді жастар, зиялы азаматтар керек. Осы сияқты жүйелі сөздерді қаттырақ айтып, ел құлағына жеткізетін мүмкіндіктердің жоқтығы қиын. Жалпы оппозициялық бұқаралық ақпараттар билікті сынаумен қатар елді бірлікке шақыратын идеологиялық жұмыстар жүргізсе игі.Қазақ тілді оқырмандардың басым көпшілігі қазір оппозициялық газеттерді көп оқиды.Азаттықты оқуға көп адамдардың мүмкіндігі жоқ екені де рас. Бірақ Жас Алаш сияқты маңызды ақпарат құралдары ұсақшылыққа берілмей нысаналы түрде жұмыс жүргізуі қажет ақ.Айбат "етек жеңімізді жинап" дейсіз, жинауға мұрсат бермей отырған жоқпа? Қазақстандықтар, әсіресе қазақтар өте қиын жағдайда отырғаны елдегі жағдайдың осындай дәрежеге жетуіне, биліктегілердің ойына келгенін жасауына ыңғайлы болып отыр.Айтылмаған сөз жетім. Айту керек, зиялы азаматар бас қосып жұмыс істеуі керек.

Кімнен: Шындық Қайдан: Астана
25.05.2009 08:38
+0 / -0
Билік Халықпен санасуды қойды,қазірігі заман Сталин заманына келе жатқандаймыз.Зиялылар билікке қарай сөз айтуға қорқады ,себебі балалары сол биліктің төңірегінде жүргендіктен зияны тиетінін біледі .Осылай екенін қазақтың батыры Тоқтар Әубәкіров мойындаған.Батыр қорыққанда басқалар не істесін.

Кімнен: Оқырман
25.05.2009 08:57
+0 / -0
Елде болып жатқан осындай жағдайлар кезінде, елдегі зиялы қауым бірігіп өз ойларын айтып бағасын берулері қажет.