Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Қазақстан

Құлыбаевтың Әблязовқа талап-арызы бойынша Медеу соты БАҚ өнімдерін тұтқындауды ұйғарды

«Голос республики» апталық газетінің 16 қазан 2009 жылғы саны.

02.02.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов пен бірқатар БАҚ-ды сотқа берді. Сот соның негізінде, Құлыбаевқа қарсы Әблязовтың таққан айыптары туралы жазған БАҚ өнімдерін тәркілеуге анықтама шығарғаны мәлім болды.


АҚПАРАТ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛУ

Сейсенбі, ақпанның 2-күні, «Голос Республики» басылымына келген Алматының Медеу аудандық сотының орындаушылары редакция басшылығын содан бір күн бұрын «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың шағым-арызы бойынша шығарылған сот анықтамасымен таныстырған.

- Біздің редакцияға бүгін түстен кейін Медеу аудандық сотының орындаушылары келіп, аудандық соттың судьясы Д. Махметованың
«Голос Республики» басылымы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл.
шығарған анықтамасымен таныстырды. Онда Медеу аудандық соты ақпанның 1-күні Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымы бойынша, БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды деп шешім шығарылғандығы жазылған. Ал осындай ақпаратты таратқан «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» сынды басылымдар Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін осы ақпараттарды жоққа шығарулары керек, - дейді «Голос Республики» басылымы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина.

«Голос Республики» газетінің өкілі сот орындаушылары алып келген шағым-арызда өздеріне түсініксіз жайттар барын айтады.

- Мәселен, арыз-шағымның өзінде сіздердің радиодан берілген дәйексөз келтірілген. Алайда, сол үшін бізді жауапқа тартып отыр, - деді Оксана Макушина Азаттық радиосына.

Одан өзге Медеу аудандық соты «Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын кез-келген өнімді тұтқынға алу туралы» анықтама шығарған. Сонымен бірге, әлі таралып үлгермеген өнімдерді де таратуға тыйым салынған.

Бүгінгі таңда Медеу аудандық сотының аталған шешімін сараптап жатқан басылымның адвокаттары, осыған байланысты өз көзқарастарын сәрсенбі күні Алматыда арнайы баспасөз-мәслихатында жария етпек.

Азаттық радиосы бұл мәселеге байланысты түсініктеме алу үшін Алматының Медеу аудандық соты мен Тимур Құлыбаевтың хатшылығына хабарласқанымен, сейсенбі күні олардан жауап алудың мүмкіндігі болмады.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ АЙЫПТАУЫ

Дүйсенбі, ақпанның 1-күні қазірде шетелде қуғында жүрген қазақ бизнесмені Мұхтар Әблязов Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін құжат
"Kazenergy" қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев (сол жақта) пен Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Астанадағы энергетикалық форумда. Астана, 25 қыркүйек, 2009 жыл.
көшірмелерін Қытай билігіне жолдағандығы туралы ақпарат тараған еді.

Мұхтар Әблязов өз хатында ресми Бейжіңнен «Құлыбаевқа пара берді» деп таныстырған қытайлық корпорациялардың басшыларын жазалауды сұраған.

Одан бұрын Мұхтар Әблязов Азаттыққа берген сұқбатында, Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты Қытай кәсіпкерлерінен пара алған деп мәлімдеп, бұл жайында әшкерелейтін деректер келтірген еді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары боп табылады және «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық Энерго» компанияларының директорлар кеңесін басқарады.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Жәбірленуші
02.02.2010 23:27
«Голос Республики» газетінің өкілі сот орындаушылары алып келген шағым-арызда өздеріне түсініксіз жайттар барын айтады.
- Мәселен, арыз-шағымның өзінде сіздердің радиодан берілген дәйексөз келтірілген. Алайда, сол үшін бізді жауапқа тартып отыр, - деді Оксана Макушина Азаттық радиосына.
---------------------------
Жаманның әлі жапалаққа ғана жетеді"-дегендей, олардың әлі Қазақстандық БАҚ-қа ғана жетеді. Еуропалық Радиоға тісі батпайды, оған тиіссе жағы айырылып қалатынын біледі.

Бұл баланың да (бала емес бәле) тазармас "батпаққа" белортасынан батқаны, айықпас ауруға шалдыққаны ғой.

Кімнен: НАҒЫЗ ҚАЗАҚ
03.02.2010 00:31
КУЛИБАЕВТЫҢ СЫҚПЫТЫНА ҚАРАСАҢ ҚАЗАҚ ЕМЕС

Кімнен: bokky Қайдан: Өр Алтай
03.02.2010 04:10
кұштының арты тирмен тартады деген осы екен ғой. нұрсолтан барда ақша жинап алған бұлар,нұрсолтан кеткесын де ешкімге бой бермейды.парламенттың кейпы анау.мұртты қожаның кейпы анау,,ұкымет қазақша сойлейды> деп барып жоқ болған.Нән-ның кейпы анау, алі орысша сайрап жұргены,
қазақстанның қазақтарынының роуқын сонша не мұжіп кеткен, ә ?!
...соттың байлардың ғана құралы боплып қалғандығына қарағанда !!!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
03.02.2010 08:21
Баяғы, Баяғы, Баяғы, Баяғы, Баяғы ,Баяғы ,Баяғы....... замандарда қит етсе болды байлар шабармандарын жұмысап әкіреңдеуші еді...

Кімнен: Әлім төре Қайдан: Аөқтөбе
03.02.2010 15:33
Соттардың қолымен сөз бостандығын тұншықтыру біздің "күйеу балалардың" таптырмас тәсіліне айналғаны қашан. Кезінде анау қашқын "күйеу бала"--Рахат Әлиев те да сот арқылы Алтынбек марқұмға айып салған. Ал қазір Әбләзовқа әлі келмейтін, одан әбден құты қашқан Құлыбаев енді БАқ-ты құрықтамақ. Егер таза болсаң, өзіңнің адалдығыңды дәлелдеп неге мақала жазбайсың. Әлде құйрығың таза емес пе?

Кімнен: НАМЫС
09.02.2010 15:59
ОРЫС ГАЗЕТТЕРІН ТҮГЕЛДЕЙ ЖАБУ КЕРЕК.ЕЛІМІЗГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ОСЫЛАР.ТАЗА ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ ДЕ СЫН АЙТЫП КЕМШІЛІКТІ ТҮЗЕЙДІ.ПІКІРДІ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН.

Кімнен: Мәншүк Асаутай Қайдан: Almaty
11.02.2010 12:09
Құрметті НАМЫС, сіздің "сын айтып кемшілікті түзету" дегеніңізбен келісемін, тек сол сынның обьективті болғаны абзал болар еді.

Кімнен: Boken Қайдан: Betbak
01.03.2010 19:51
Kazak tilin kusheytu ushin agamz aytpakshi kazakhsha kazetterdi koldauimiz kazhet osristardin tinisin biraz da bolsa kazakhstanda tariltu kerek.
     
Мәтін көлемі - +