Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:51

ҚАЗАҚСТАН

Алматыда 16 желтоқсанда алаңға гүл қоюға келгендер жиын өткізді, жастарды полиция ұстап әкетті

Тәуелсіздік күні Алматыдағы Республика алаңында бейбіт шеру болып өтті. Алайда, алаңда жиналған жұрттан полицейлердің саны анағұрлым көп болды. Сондай-ақ, бейбіт шеруден кейін ондаған қазақ жастары тұтқындалды.

Мәтін көлемі - +
БИЛІКТІҢ  ҚОРҚЫНЫШЫ

Алматыдағы Республика алаңына жиналған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыс өкілдері және желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған жандардың туыстары, сондай-ақ, ипотекалық борышкерлер мен қала тұрғындары алаңдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин саяси партиялар басшыларының алаңға келуінің астарында
Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Серікболсын Әбділдин Республика алаңында өткен шеруде. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
ешқандай кері пиғыл жоқ екенін, керісінше, Тәуелсіздікке тәу етіп, Желтоқсан құрбандарына бас иіп, тағзым ету ниетімен келгендерін айтты.

– Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі біздің ел үшін ең мәртебелі мереке. Бұған дейін билік 25-қазанда Республика күнін тойлап, 16-желтоқсанда Тәуелсіздік күнін тойлап жұртты адастырып келді. Сөйтіп, президенттің өзі қазандағы мерекені алып тастады. Сондықтан, Қазақстанның сан ғасырлық тарихына қарап отырсақ, бұл күн – ұлы мереке. Мұнда келіп, гүл шоқтарын қою менің азаматтық парызым. Мұның астарында ешқандай басқа пиғыл жоқ, – деді Серікболсын Әбділдин.

Сондай-ақ, алаңға жиналған жұрттан саны басым құқық орындары қызметкерлерінің алаңда болуы Қазақстан билігінің өз халқынан өзі қорқатынын білдіреді деді өз сөзінде Серікболсын Әбділдин.

– Бұл дегеніңіз – билік жалпыхалықтық емес, халыққа қарсы саясат жүргізіп отыр деген сөз. Мұндай жиындардан олар қорқады. Сондықтан, үнемі сақтық шараларын күшейтіп қояды, – деді Серікболсын Әбділдин.

АШТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Республика алаңында өткен бейбіт шеруге «Ел бірлігі» доктринасына қарсы шыққан қазақ зиялыларының бірі, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық
Ақын Мұхтар Шаханов (ортада) және Қазақстан компартиясының басшысы Серікболсын Әбділдин (сол жақта) Республика алаңындағы шеруде. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов алаңға жиналған көпшілікке доктрина жөнінде билікпен келісімге келгендерін жария етті.

Өз сөзінде Мұхтар Шаханов Қазақстан билігі Парламент арқылы Желтоқсан оқиғасына саяси баға беруге уәде еткенін атап өтті. Ал, жұрт ішінен шыққан белгісіз бір әйел жастарды 16-17 желтоқсан күндері қызбалыққа салынып, қандай бір шетін жағдайға бармауға шақырды.

Жиналғандар гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде Қазақстанның әнұраны «Менің елім» әнін шырқап тұрды.

Ал бұл уақытта, алаңның екінші бұрышында осында жиналған ипотекалық борышкерлер дауыс зорайтқышпен билікке өздерінің талаптары бар екенін айтып жатты. Борышкерлердің бірі Есенбек Өктешбаев билік ипотекалық борышкерлерге емес, банктерге көмектескенін, сондықтан мұндай биліктің халыққа қажеті шамалы екенін айтып, борышкерлерді күш біріктіруге шақырды.

ПОЛИЦИЯ АЛАҢҒА КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАСТАРДЫ ҰСТАП ӘКЕТТІ

16-желтоқсан күні Алматының Республика алаңында болған бейбіт шеру бір сағатқа жалғасып, түс кезінде жиналғандар ың-шыңсыз тарқасты. Ал, сағат екілер шамасында қаладағы Астана алаңындағы мерекелік концерттік бағдарламадан шыққан ондаған қазақ жастары Республика алаңын бетке алды.

Бірақ, жастар шеруі Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысына жеткенде сол жерге бірнеше автобуспен тиеліп шұғыл жеткен полиция оларды күшпен тоқтатып, ондаған жасты ұстап әкетті.

Олардың ұсталғандығын осы оқиғадан кейін Республика алаңына келген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Республика алаңында. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
растады.

– Олар әуелі жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан. Сосын отыз-қырық адам белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен. Сөйтіп, олардың ішінен 9 жігіт пен бір қыз жол ережесін бұзғаны үшін ұсталған. Қазір олар үш жерде отырғандарын ғана айта аламын. Кімдер екені анықталуда. Заң бойынша, істің мән-жайы анықталса, үш сағаттан кейін оларды босатады. Өйткені, бүгін мейрам ғой, – деді Серік Сейдуманов.

Алайда, оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, қазақ жастары әкімінің орынбасары айтқандай көшені кесіп өткен кезде емес, тұрғын үйлердің ауласында ұсталған.

Сәлден соң қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Азаттық радиосымен хабарласып, жолды жауып, ережені бұзғаны үшін 29 адамның ұсталғандығын, олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары екендігін айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айтпайм Қайдан: Айтпайм
16.12.2009 23:37
+0 / -0
23 года назад наших парней и девушек убивали лопатами на главной площади страны.
Сегодня в траурный день по всем каналам концерты с участием президента.

Біз жуыр арада адам болмаймыз. Кешіріңіздер. Бізде болашақ жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Қазақия
19.12.2009 18:27
+0 / -0
Я, өкінішті тура 23 жыл бұрын осы жерде қаншама қазақ жастарының қаны төгіліп ел үшін, ұлт үшін жер үшін құрбан болды. Соларды құрбан қылып қанын төккен кей ағаларымыз қазір креслоларда қабақтай қарындарын көтере алмай отыр неткен пасықтар.Әй ұялмайма олар. . Қалайша қанын қараймайды. Ал, біз сол күндері мереке той думандатамыз тура осы уақытта біреулер қан жұтып жатса. Алла елімізге сабырлық пен амандық бер.

Кімнен: Жаман бала! Қайдан: Астана
16.12.2009 23:46
+0 / -0
Осындай нәрселерді көргенде әле бодан елде отырғандай сезінемін!

Кімнен: Ана, әже, апа Қайдан: Қазақ елі
17.12.2009 05:33
+0 / -0
Жастарды ұстап әкетуге қандай құқылары бар? Надандар, қорқаулар, жандары мұрнының ұшына келген екен! Сонда Қазақстанда жастар өмір сүруге болмайтын болған ба? НАН өмір бойы мал құсатып айдап жүре беремін деп ойлап қалған ғой? Жоқ!ЖОҚ!ЖОҚ!ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖООООООООООООҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: USA alache Қайдан: Kazakh eleme
17.12.2009 08:07
+0 / -0
мына Сатқын дар тағеда Калықде ҚұршаҚ Қелп ойна мағқшема, сен дердің ағаш Қазандарңдағ ас бер жола песеде, ал екен ше жоле үстыр теселеде. енде жетте!!!

Кімнен: Айтпайм Қайдан: Айтпайм
17.12.2009 09:17
+0 / -0
Бар үміт тек қана жастарда. Зиялы қауым - сатқын. Шаханов та соның ішінде. Тым жақсы көтеріліп келе жатқан жұртты басып тастады, Шаханов.

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
17.12.2009 09:40
+0 / -0
Қазақстан республикасының тәуелсісдігі құтты болсын ! Горгандағы басконсулдің қонағы болып осындағы тойда болдық .Қонақтар бәрі риза болып басконсулге жақсы лебіз айттық .Ақсақалымыз бата беріп құран оқылды да сауабы аруақтарға бағышталды .М.Шахантегінің айтқан сөздері жанға майдай жағады . Келіссөзбен шешілмейтін мәселе кем шығар .ҚАЗАН ОРТАҒА ҚОЙЫЛСА , ҚАРЫНДАР ТОҚ КӨЙЛЕКТЕР КӨК БОЛЫП ЕЛДІҢ КӨСЕГЕСІ КӨГЕРМЕЙ НЕСІ БАР ?!

Кімнен: Алаштың қайсар қызы Қайдан: Тараздан
17.12.2009 11:36
+0 / -0
Осы оппозициядағылар жастардың құлағын көтеріп, артынан өздері тайқып шыға келеді екен. Онда алаңда не себепті жастарды ұстап әкетті? Қолдарынан түк келмей ме, тыныш жүрсін!

Кімнен: Еркек Қайдан: Қазақиа
17.12.2009 13:01
+0 / -0
Жастарды ұстап беріп өздері сытылып шығу қазқ зиялыларының бұрыннан келе жатқан әдеті. Оларға сенім жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: ACTANA Қайдан: ACTANA
17.12.2009 15:49
+0 / -0
Айран әшкендер құтылып, шелек жалаңандар тұтылңан баяңы саясато екенән мен айтпадым ба боқ мұрын құлынан еш нәрсе келмейтін қазақ жастарына.

Кімнен: V
17.12.2009 16:13
+0 / -0
Аллажар фильмі
http://qazaq.kz/?p=8459

Кімнен: Карапайым Қайдан: Казак жери
17.12.2009 16:34
+0 / -0
ей нуреке, карга карганын козин шукымайды, сен казак болып казактын жап жас озине немередей болатын жастарын каматканын не, сенен буны куткен жокпын. Шал болдын , бурынгы дана карияларымыз сиякты жастарды бойын котерип тик уста деп айтудын орнына бой котергендерди устаткандыгын оте нашар адам екениннин белгиси. Али де болса кеш емес , босат жастарды, казакка бостандык бер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.12.2009 18:58
+0 / -0
Мойыма қазақ бауырым!!!

Кімнен: Айша хажы Қайдан: Астана.Әбіш Ата МЕШІТІНЕН
18.12.2009 21:03
+0 / -0
Астағфирулла! ХАЗРЕТІ ЛҰҚМАН Хакімнің ұлына айтқан бір сөзінде:"Қаншама ауыр жүктер көтердім. Бірақ жаман көрші сияқты ауыр жүкті кездестірмедім. Қаншама қайғылар шектім, бірақ кедейшіліктен асқан қайғы көрмедім" деген екен..Иә, Раббым, Тәубамызды қабыл ала гөр, күналарымызды жуып, шая гөр. Дұғама жауап қатып, иманымды күшейте гөр, жүрегіме тура жол нәсіп етіп, тілімді де дұрыстыққа баста, кеудемді кектен тазарта гөр! Иә, Аллахым, сүйенішім Мұхамедке және жақындарына салауат айтып, сәлем жолдаймын! Елбасымызды есен сау қыла гөр, оны нахақ жаладан сақтай гөр! Мен де желтоқсанның бір құрбанымын, жастардың тілекшісімін. Аллаһ біздерге сеніммен иман, түсіністік нәсіп қыла гөр! Желтоқсанның ызғарына енді қайтіп халқымызды шалдыра көрме, ұйтқытып жүрген құйындардан өзің қорғай гөр, шайтанның азғыруынан сақтай гөр! Желтоқсан қасіретін санамыздан өшіре гөр, тек жақсылықтарды ғана санамызда жаңғырта гөр! Бирхматика иәархаммарохимин!

Кімнен: х Қайдан: х
18.12.2009 21:17
+0 / -0
Полиция дұрыс жасады деп айта алмасам да, сақтықта қорлық жоқ деген принцпті ұстағаны анық. Қантөгіс болып қалса не болар едік, бастарыңызда ми бар ма, билікті сынағыш мырзалар?!
Пікір алмасу

Кімнен: Кімнен: х Қайдан: х-ҚА Қайдан: Алматы
19.12.2009 13:47
+0 / -0
хх Сен сол сатқындардыр біріуіненсіз ау! Сен сияқты қорқып елдің бары үйде отыра береді дейсің бе? АЖАЛдан қаша алмайсың, ол сені күтіп алады! ӨСТІП ҚАТЫНЫҢНЫҢ ЖАНЫНДА ТЫҒЫЛЫП ОТЫРА БЕРСЕҢ ҚАЛАЙ АЙЫРЫЛЫП ҚАЛҒАНЫҢДЫ БІЛМЕЙ ҚАЛАСЫҢ!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: ҚАЗАҚСТАН
24.12.2009 16:25
+0 / -0
біздің мемлекет басшылары желтоқсан жағдайын қозғаудан қорқады! бұл шындық! несіне жетісіп 16 желтоқсан күні концерт беріп мейрам дейді?! бұл күні біреудің баласы біреудің қызы әрі кетсе қазақ жастары жаным елім деп біз тауелсіз мемлекет боламыз деп қыршыннан кеткен!шыбындай жандарын аямаған! олардың алдында кінәліміз біз! ешқашан ештемемен өтелмейтін күнәмен! осы асыл топырағымызға өзгелер көз тігеді ал президентіміз оларға жолына гүл шашып отанымызға кізгізді! МАСҚАРА ҒОЙ БҰЛ!!!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
19.12.2009 13:12
+0 / -0
Тәуелсіздік мерекесі -ерлікке тағзым етіп, тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін, оның ешқашан ұмытылмайтын тарих қойнауындағы ең елеулі оқиға екенін жас ұрпаққа насихаттау орнына телеарналардан қарапайым халықты келеке жасап тек қана концерттер беріп, президентті дәріптеуіміз жанға батады. Билік тізгініндегілер ойланса екен.

Кімнен: МҰСЫЛМАН Қайдан: Алматы
19.12.2009 14:00
+0 / -0
Айша хажы! НЕГЕ АЩЩЫ ШЫНДЫҚҚЫ КӨЗ ЖҰМҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ??? ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРДАН БОЛСАҢЫЗ, ОЛАРДЫ ҰСТАТЫП БЕЛ ОРТАСЫНДА ЖҮРГЕН НӘН ЕМЕС ПЕ??? Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен үзінділер:
1. «Дружба народов» журналы. 1987 жыл, №9. Мәскеу. Назарбаев – Министрлер кеңесінің төрағасы: «Өткен жылдың желтоқсан айында экстремистік ниеттегі жастардың өмірді білмейтін, арандатушы сыбыстар мен ұрандарға иммунитеті жоқ, еңбекте жүріп ысылмаған студент-жастардың әлеуметтік жағынан әлсіздеу бөлігін арттарынан ілестіріп кетуі жайдан-жай емес».
2. «Экспресс-хроника» газеті. 1990 жылдың желтоқсаны. Мәскеу. Назарбаев – Қазақ ССР-інің президенті, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы: «Қандай қайғылы оқиға? Нағыз барып тұрған басбұзарлық 18-інде болды. Милиционерлерді ұрды, таспен атқылады. Біз қазір бұл жайында айтпаймыз ғой. Жараланғандардың арасында аналарға... қарағанда милиционерлер мен солдаттар көбірек болды».
3. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Без правых и левых» атты кітабы. 1991 жыл. Мәскеу, «Молодая гвардия» баспасы, 180 бет. Қазақстанның тәуелсіздігіне аз ғана уақыт қалады. Енді Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысты тактикасын өзгерткісі келген секілді:
«Кез-келген адамның өмірінде аяқ астынан таңдау жасайтын маңызды сәттер болады. ...Алаңға жиналған жұрт қалаға қарай бет алған кезде мен де осындай таңдау жасау алдында тұрғанымды түсіндім: я мен нақты бір шешімге келуім керек, я болмаса ОК-нің үйіне қайтып келуім керек. Екіншісі мен үшін адамдарға жасалған кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, олардыкі дұрыс еді. Мен олармен бірге саптың басында кете бардым».

Оқырманның өзіне байлам жасауына жоғарыда Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен келтірілген үзінділер жеткілікті сияқты. Нұрсұлтан Назарбаевтың саптың басында жүрмегендігі жайында желтоқсандықтардың өздері талай рет баспасөзде жазды. Олардың барлығы керісінше болған жайды дәлелдеумен болды. Қазақ халқы үшін ауыр болған сол күндері Назарбаевтың баррикаданың қай жағында тұрғанын да желтоқсандықтар айтқан болатын.

Кімнен: Батима Сирелқызы Қайдан: Алматы
19.12.2009 14:07
+0 / -0
Серікболсын Әбділдин сізбен шұғыл хабарласуым керек!!! осы поштаға хат жаза аласыз ба? batyma65@mail.ru
немесе сіздің поштаныз болса жазып қойсаңыз!құрметпен Батима Сирелқызы

Кімнен: Ана Қайдан: Астана
20.12.2009 16:24
+0 / -0
Астағфирулла! ХАЗРЕТІ ЛҰҚМАН Хакімнің ұлына айтқан бір сөзінде:"Қаншама ауыр жүктер көтердім. Бірақ жаман көрші сияқты ауыр жүкті кездестірмедім. Қаншама қайғылар шектім, бірақ кедейшіліктен асқан қайғы көрмедім" деген екен..Айша хажы кедейшідікті көп көрген-ау шамасы бурын , ендінгі жерде күнәдан арылғысы кеп хажылыққа барып өз туған -туысқанымды қолдай гөр деп күні- түні қудайға жалбарынып әлек , күнәлі істі көп істегендерін жақсы түсінсе керек отанына сүйінпеншіліктен журдай "Желтоқсан қасіретін санамыздан өшіре гөр"деп жалынады тарихты кім өзгерте алады шындық бәрі бір ашылады Алаш ордашыларында ақтап шықтығой біз асықпаймыз күтеміз жақсы хабарды бір алладан ақ ниетпен ақ жарқын қурбан болғандардың аруығы риза болатын күнгеде жетеміз әлі .