Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:53

ҚАЗАҚСТАН

Алтынбектің қазасынан соң қоғамда рухани көшбасшының орны үңірейіп бос қалды

Алматыда оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің қастандық құрбаны болғанына төрт жыл толуына орай дөңгелек үстел жиыны өтті. Онда саясаткердің еліне сіңірген еңбегі мен жұмбақ өлімінің себебі, сондай-ақ бүгінгі қазақ қоғамындағы өзекті мәселелер туралы ой-пікірлер айтылды.

Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған көрмедегі сурет. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
x
Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған көрмедегі сурет. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Дөңгелек үстелдің аудиожазбасын осы арадан тыңдай аласыздар.

АЛТЫНБЕКТІҢ ІСІ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП КЕЛЕДІ


Жазушы Қабдеш Жұмаділов марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы бүкіл қазақ қоғамына ауыр соққы болғандығын айтады. Соған қарамастан, бүгінде оның ісін жалғастырушылар бірігіп, бой көтеріп келе жатқандығы қуантарлық жайт дейді қаламгер.

– Кейінгі кездегі күрестің үдей түскендігі – демократиялық ұрандар мен ұлттық ұрандар тізе қосып, басы бірікті. Бұл солай болуы тиіс те
Жазушы Қабдеш Жұмаділов. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.
еді. Біздің қазақ халқы әдетте төзімді, шыдамды, көнбіс болғанымен, жанды жеріне тигенде, пышақ кеңірдекке таянғанда атып тұрып бір-ақ оянады.

1986 жылғы секілді сын сағаттарда өзі солай болады. Сондай сын сағат өткен жылы қазақстандық ұлт деген мәселе көтерілгенде соқты. Барша жұрт болып, зиялы қауым болып өре түрегелді. Нәтижесінде, өткен жылға дейін бет қаратпай келген билік шегінді, ұлттан қорықты, сескенді.

Биліктің өз халқымен санасу керектігі туралы Алтынбек өз кезінде көп айтқан болатын. Ол көзі тірісінде билікті халық түзей алатындығын, ол үшін тек бірігу керектігін айтқан. Бүгін орын алып жатқан жайттарға қарап оның болжамдары орындалып және оның ісі әрі қарай жалғасын тауып жатыр деуге болады, – дейді жазушы Қабдеш Жұмаділов.

Өткен жылға қортынды жасап, алдағы жылдың барысында қолға алатын жайттарға тоқталуды әдетке айналдырған бұл басқосуда, өткен жылдың Қазақстан үшін өте ауыр болғандығы айтылды. Оның ішінде түрлі тұтқындаулар мен соттар, баспасөз құралдарына қатысты қабылданған заңдар мен адам құқы саласындағы олқылықтар аталды.

«Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам, былтырғы жыл республика тұрғындары үшін ес жию кезеңі болғандығын айтады.

– Өткен жылдың барысында үкімет наразылық білдірген кез келген ойға тосқауыл қоюға тырысты. Дегенмен, қазір қоғамда ұғынудың күрделі кезеңі өтуде. Республика тұрғындары билікке қатысты елестен айырылды. Олар енді билік бізге көмектеседі немесе биліктен әділдік күтеміз дегеннен аулақ.

Мүмкін сондықтан да болар, бүгінде халық бірігіп, өз наразалығын білдіре бастады. Мәселен, өткен жылы болған тұтқындаулар мен сот процестеріне қатысты қоғамдық штабтар құрылып, билікпен келіспейтіндер өз ойын білдіре бастады. Оппозицияның бірігуі де қуантарлық жайт деп айта аламын. Әрине, әркімнің жұмыс істеу ерекшелігі бар.

Дегенмен, бірігіп бір командада жұмыс істеу арқылы олар ортақ істі аяғына дейін жеткізеді деп ойлаймын. Аяғында осындай бірігулердің болатындығын Алтынбекте білген. Ол өзі кезінде бірігіп, ортақ мүдде үшін жұмыс атқару жайлы талай рет сөз еткен болатын. Сондықтан енді біз үшін ең маңыздысы – сол бірлігімізді сақтап қалуымыз керек, себебі, бірлік болмаса ешнәрсе өзгермейтіндігі тарихтан да белгілі, – деді Сейдахмет Құттықадам.

ҰЛТТЫҚ КӨШБАСШЫ ҚАЖЕТ

Ал режиссер Болат Атабаев халықтың рухани көшбасшысы болмай, жай ғана бірігуден ешқандай нәтиже шықпайды деген пікір білдірді:

– Алтынбектің қазасы – рухани көшбасшының қазасы, оның орны қазір бос қалды. Сондықтан, оның орнын толтыратын бізге рухани
Режиссер Болат Атабаев (оң жақта) пен тәуелсіз журналист Сергей Дуванов марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу жиынында. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
көшбасшы қажет. Қазір әр партия әр жақта жүріп, осындай басқосулар ұйымдастырып, бір-бірімізге ренішіміз бен кемшіліктеріміз айтқанмен ешнәрсе өнбейді. Сондықтан, қазіргі мықты саясаткерлердің арасынан рухани көшбасшы таңдап, соның артынан еруіміз қажет деп санаймын.

Алматыдағы «Алтернатива» зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев, уақыт өте келе Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуына аянбай еңбек еткен азаматтар ұмытылып бара жатқандығын айтады.

– Обьективті тұрғыда алғанда президенттің Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуында айтарлық еңбек сіңіргендігі жасырын емес. Дегенмен ол тек жалғыз өзі ғана болған жоқ қой, оның жанында басқа да азаматтар болды. Алайда, олар бүгінде ұмыт болып барады.

Бір ғана мысал, Алтынбек Сәрсенбайұлы кезінде билікте болып, мемлекет үшін жасаған еңбектерін елей отырып, бүгінгі дөңгелек үстелді мемлекеттік деңгейде өткізуге болар еді. Бірақ, жағдай мүлдем басқа, бізде президенттен басқа ұлықтайтын адам жоқ болып тұр.

Мен білетін танымал тұлғалардың арасында тек Марат Оспановқа ғана Алматы қаласында көше аты берілді, ал Заманбек Нұрқаділов немесе Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі неге мемлекеттік маңызды нысандарға берілмей отыр? – дейді саясаттанушы Андрей Чеботарев.

Ал бұл айтылғанға қатысты марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбай өз пікірін білдірген еді.

– Алтекеңнің есімін мектепке не болмаса көшеге беру туралы мәселе неге шешілмей жатыр деген сұраққа мен таяуда ғана жауап алдым. Ол жауапты төменгі – орта деңгейлі шенеуніктердің өзі айтты. «Алтекеңнің қазасына тікелей кінәлі тапсырыс берушілер билік басында отырғанда біз олардан қорқамыз» деп айтты олар, – деді Рысбек Сәрсенбай.

БІР АЙДАН АСА МЕРЗІМДЕ 40 БАСЫЛЫМДЫ ТІРКЕДІ

«Әділ сөз» қоғамдық қорының президенті Тамара Калеева, өз кезегінде саясаткердің, әсіресе соңғы рет мәдениет және ақпарат министрі
Тамара Калеева, «Әділ сөз» қорының президенті. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.
болып билікте қызмет еткен қысқа кезеңін ерекше атап өтті.

– Алтынбек екінші рет ақпарат министрі болып көп отырған жоқ. Бірақ ол бір айдан сәл асатын уақыт ішінде бірнеше жылдан бері тіркеле алмай жүрген 40-тан астам тәуелсіз басылымдардың тіркелуіне септігін тигізді. Одан өзге ол ең алғашқы болып сөз бостандығы туралы заңды көпшіліктің талқысына салды.

Әрине, оның биліктен кетуі өзінің азаматтық еркі еді, дегенмен ол біз үшін – журналистер үшін өте ауыр соққы болғандығы анық. Бүгінгі күні, өздеріңіз көріп отырғандай, елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына түрлі жақтан қысым жасалынып жатыр, ал ең сорақысы, ол қысымдар заңдастырылып жатыр.

Соған қарамастан, біз Алтынбек Сәрсенбайұлы ұсынып кеткен сөз бостандығына қатысты құжатты негізге ала отырып, елдегі сөз бостандығына қатысты заң қабылданады деп үміттенеміз, – деді Тамара Калеева.

ҚОҒАМ БҰЛ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АШЫЛУЫН КҮТУДЕ

2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – жүргізушісі Василий Журавлев пен оққағары Бауыржан Байбосын Алматыда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Ішкі істер министрлігі жүргізген ресми тергеу-тексеру қортындысында, одан кейін болған сот үкімінде Алтынбек пен оның екі көмекшісін
Алтынбек пен Заманбек. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылған көрмедегі сурет. Алматы, 10 ақпан 2010 жыл.
ұрлауды, елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнаулы бөлімшесінің көмегімен бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов ұйымдастырды делінді.

Сот оппозиция жетекшісін ұрлап, өлтіруге тапсырысты, қылмыс жасалған кезде Қазақстан парламенті сенатының аппараты жетекшісі болған Ержан Өтембаев берген деп таныды.

Құрбан болғандардың туыстары да, Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктері мен бұл кісі өліміне қатысы болғандар да, тергеу жұмысының қорытындысына да, сот шешіміне де қанағаттанған жоқ.

Керісінше, тергеу де, сот процесі де көптеген сұрақтардың тууына себепкер болды. Арада төрт жыл өтсе де бұл сұрақтардың дені азаяр емес.

– Бұл тақырып біздің күн тәртібімізден түскен емес, түспейді де. Зәкең мен Алтекеңе жасалған қылмыстар ашылмайынша, біз тыныш таппаймыз, біз оны ашқызбай қоймаймыз. Ел-жұртты мен осыған шақырамын, енжар болмай, осыны қаузай беру керектігін еске саламын, – деді Рысбек Сәрсенбай.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Анахарсис Қайдан: әіңғүұқөһ
11.02.2010 17:51
+0 / -0
Заманбек, Алтынбектерге көше беру оншалықты бір шұғыл мәселе емес, ол қашан болмасын беріледі. бәлкім 2 жылдан кейін, бәлкім, 20 жылдан кейін. Басты мәселе Қылмыстың ашылуы мен қылмыскердің әділ жазаға тартылуы. Билік үшін көше беру түк те қиын емес, Керей хан мен Жәнібек ханға бір көше бергендей орысша аталатын бір қисық көшенің атын ауыстыра салып, міне біз Заманбек пен Алтынбекті ұлықтап көше бердік деп халыққа мақтану оларға тиімді болмақ. Әділдігі айқындалмаған, әділетті жазаланбаған қылмыс тұрғанда, көше беру соншылық маңызды бола қоймас.
- Анахарсис

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
11.02.2010 18:15
+0 / -0
Негізінде осынау еске алу шарасы мемлекеттік деңгейде өтуі керек еді.
Зиялы қауым сүтке тойған мысықтай күйге түскен. Енді ұйықтайды күн-түні пырылдап... Боран соқсада ұйықтайды. Шаңырақтары шайқалып ортасына түссе де ұйықтайды. Ұйқыдан ояту үшін шөлдеп табаққа ұмтылғанда зиялылымыз деп жүргендерге сүтке бұрыш қосып жұтқызу керек сияқты. Мүмкін сонда аузы ашыған күйген мысықтардың көзі ашылар. Бұршақ пен рапстың орнына қытайдан бұрыш жеткізу керек Қазақстанға. Бұрыш пен сарымсақты езіп беру керек ез болып кеткендерге.....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.02.2010 21:44
+0 / -0
зиялыларым деген халық жоқ, халқым деген зиялы жоқ қой қазір

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
11.02.2010 18:55
+0 / -0
Алтекең туралы осы сайттан 100 мақала таптым, Алтекең мапқұм болмай тұрған кезінен бастап бар екен, қайтыс болған кұңі қабарда,қайтыс болғасынғы қабарда тұгелдей бар екен, негізі <Азаттық> Алтекеңды ерте таныған екен ғой деген ойға қалдым, Қытайда отырғасын, алай-бұлай деп пыкыр айтуға орынсыздау екен, деседе, <Азаттықтың> барлық жарандарына ұлкен рақыметымды айтамын

Кімнен: Мәншүк Асаутай Қайдан: Almaty
12.02.2010 12:21
+0 / -0
Құрметті Bokky, сізге де біздің сайттағы мақалаларға қатысты әрдайым пікір білдіріп жүргендігіңіз үшін рақмет! Алда да Азаттық көтерген мәселелерден қалыс қалмаңыз.

Кімнен: Гүл Қайдан: астана
12.02.2010 15:17
+0 / -0
Азаттықтың хабарынан қатысушылардың пікір - таласын оқудың өзі бір ғанибет , қазақ жасық - пасық дәрмен жоқ деп бекер айтады ,осы көз қарасын білдіріп жатқандардың өзі қаншалықты ұлт жанды ,кеңес заманан қалған ауру айықпай қазаққа жаңа басшы жоқ . Жаңа тәуелсіздікте жоқ, жоқ болғанды былай қойып қайтадан жаңа Ресейдің економикалық шикызат қол баласына айналудамыз.

Кімнен: Мәншүк Асаутай Қайдан: Almaty
12.02.2010 16:15
+0 / -0
Құрметты Гүл, лебізіңіз үшын үлкен рақметімді айтамын!
Пікір алмасу

Кімнен: Намысшыл Қайдан: Қазақ елі
12.02.2010 21:35
+0 / -0
Cізге де рақмет! Өзіміздің ана тіліміздің құдіретін сезініп, қатесіз жазуға тырысайық, ағайын. Үлкен рақмет - большое спасибодан шыққан сөз, ал қазақ - көп рақмет - деп алғыс білдіреді.Ренжімеңіз, Мәншүк. Еліміз, тіліміз, дініміз өркендей берсін!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
12.02.2010 20:29
+0 / -0
Алтынбектің жақсы аалдарын еске алғадары дұрыс. Бірақ көшбасшысы жоқ елге жатпаймыз. Өйткені оданда зор мақсатты азаматтарды көріп тежүрміз олардың жолдарын жауып тастаған. Алтынбектің ағасы мен оппозициялық партиялардың мақсатын толық қолдауға болмайды. Олар тобырға айналдырғысы келеді халықты. Сосын өз мақсаттарына көшеді - егерде билік басына келсе. Алтынбек тірі болса олардың көп әрекеттерін қолдайтынына күмәнім бар. Ол кісі жеке басқа емес қоғамдық дәрежеде мәселені көтереті еді. Қазіргі оппозиция өз қадірін таяз жанжалдармен бастайды, сосын жар жолда қалады істері берекесіз.

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Нарынқұм
13.02.2010 18:25
+0 / -0
Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
-----------------------------------------
Ақмешітті қарамешіткен айналдырып жүрген сұмпайы! Сонда өлген Алтынбек өлді, бәрібір келе алмайды, аздап мақтап қойсам болды деп, ал ол кісіні қазіргі оппозиция мен өзінің кегін қуып жүрген туған ағасына қарсы қою арқылы билікті болатын дауылдан қорғап қалғың келетін секілді. Сен шамасы биліктегі көп пысықай белсіздің, рухсыздың бірі боларсың, сен сондықтан арам жолмен тас атқың келеді. Қазіргі оппозицияда әлсіздік бола берсін, бірақ бәрібір олардың ниеттері де, істеп жүрге істері де дұрыс! Ал олардың арасынан шыққан ұлтшылдар қазіргі биліктен мың есе елді дұрыс басқаратынына Тәңірдің атында кепілдік беремін. Олар шынықты, олар бәрін де түсінді, ал жолдан қосылған билікке талпынушылар әлдеқашан билік құшағына ойнасының құшағына құлаған жезөкше қатын секілді табанын жалтыратқан. Көшбасшысы жоқ елге жатпаймыз деп көсемсімей-ақ қой! Назарбаев өліп кетсең де, өтің жарылып кетсең де ұлттың көшбасшысы болуға лайық тұлға еместігін, кейбір еңбектерін айтпасаң, (еңбек үлкенді-кішілі әркімде бар және оның есесін әлдеқашан қайтарып алған! Қазақ оған қарыздар емес!) ол қазақты сорлылық пен қасіретке бастап жүргенін мың-мың рет дәлелдеген! Қолдан сайлай беріңдер! Өрдендеріңді таға беріңдер! Ессіз, жындылықпен ұрандай беріңдер! Бәрібір тарихтағы осы секілді уақыттық маймұлдардың кебінін киетіні анық! Өйткені ол шын көшбасшы болса осылай ұрандаттырмас еді! Шын көшбасшы болса әлдеқашан орнын жас өркен ұлтшылға босатар еді! Шын көшбасшы болса елді басқарудан бұрын өз отбасын дұрыс басқарар, тәрбиелер еді! Шын көшбасшы болса көрінгенге жалтақ саясат ұстанбас еді! Шын көшбасшы болса Қазақ Республикасының асты-үстін байлығын тонамас еді және сатпас еді! Шын көшбасшы болса өзінің билік командасын есуастар мен сілімтіктерден жасақтамас еді! Шын көшбасшы болса ұрыларды қашпай тұрғанда құрықтар еді! ... Айта берсең шексіз. Халық іштен тынып қана жүр және қаны таситін кез де келді! Сол кезде шетелге Президентіміз де артынып-тартынып қашпаса болды. Ал сен сүмелек биліктен қайыртілеу өміріңді ақырластырып, өз адал еңбегіңмен, жарқын ар-ұжданыңмен өмір сүрудің не екенін түсінетін боласың! Анахарсис көкең қате айтып тұр дей алшы, таза ар-ұжданыңмен!

Кімнен: қолдаушы
16.02.2010 15:15
+0 / -0
Алтынбек пен Заманбектің өлімін пайдаланып олардан БАТЫР жасау кімге керек екен.Екеуі де тойынғаннан кейін билікке ұмтылды,өздерін данышпанбыз деп ойлады.Оларды өтірік қолпаштаған ажалдарына себеп болған оппозициясымақтар ғой.Енді жандары ашығансып оларды мүсіркейді.Өздерің неге сондай болмайсыңдар, жұртты айдастырып құрттыңдар, талай адамды жетім қалдырып обалына қалдыңдар оңбаған жауыздар.Елді бүлдірушілер.Седерге ерген А мен З ақыл жоқ екен.Өлді де қалды оппозицияның несі кетті өлген адамдарды қолшоқпар қылып ойнап жүр.Көрлеріне де дұрыс жатқызбады көргенсіздер.Аруақ пен ойнауды тоқтатыңдар имансыздар.

Кімнен: Ислам Алаш Қайдан: Алматы
16.02.2010 22:23
+0 / -0
Қазаққа көшбасшы керек. Ол рас. Қазаққа ғана емес бүкіл елге, орта Азияға, түркі елдерге көшбасшы керек. Ондай адам Аллаға мың шүкір айтам Қазақстанда бар. Ол - Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ. Көздеріңді ашыңдар, Иманғали Қазақ елін көркейтіп жібереді деп Назарбаев билікті қызғанып бермей отыр. Имаш бауырымызды қолдайық, оған ымдап болса да білдірейік, елді басқар деп айтайық.... Шын сөзім!