Accessibility links

Қазақстандағы оппозиция жеке басын қорғаудың қарапайым мүмкіндігінен де айрылып қалған


Туғандары мен жақындары оппозиции жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салуда. Алматы, 15 ақпан, 2006 жыл.

Туғандары мен жақындары оппозиции жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салуда. Алматы, 15 ақпан, 2006 жыл.

Ұлыбритания, Қазақстан, Украина – үшеуі үш бөлек мемлекет. Бірақ, саяси қайраткерлердің жеке басына қол сұғылуынан қорғайтын дербес құқықтылық туралы әңгіме қозғалған кезде бұл проблемалардың мейлінше ұқсастығын байқауға болады.

Саясиланған әлемде салыстыра қарағанда тыныштау көрінетін Лондонда, бірнеше аптадан бері британ парламенті лордтар палатасының заңды белден басқан мүшелеріне қатысты гу-гу әңгіме тиылмай отыр.

«Санди Таймс» газетінің журналистері ұйымдастырған арандату торына алдымен төрт лорд түсіп қалды. Журналистер өздерін бірнеше шетелдік фирмалардың делдалдары ретінде таныстырып, кейбір мәселелерде көмектесіп жіберсе, лордтарға сыйақы беретіндігін айтты. Сыйақы мөлшері 120 мың фунтқа дейін көтерілді.

Лордтар шетелдік тапсырыс берушілерге қажетті өзгерістерді ел заңнамаларына енгізуге тырысып көруге келісімдерін берді. Көп ұзамай, бұл келісімдер баспасөз бен теледидарға шығып кетті. Елде үлкен жанжал туды. Бірақ, оның барлығы айналып келіп британ заңдарына тірелді.

Міне, осы жерде лордтар палатасы мүшелерінің жеке басына қол сұғуға болмайтын дербес құқықтылығы туралы проблеманың шеті шықты. Заңға сәйкес, оларды қызметінен уақытша да шеттетуге болмайды екен.

Міне осы арада Украинамен, Қазақстанмен анық болмаса да бір байланыс байқалатындай, дегенмен әрі қарай бұл айқындала түседі және тым күтпеген жерден шығатынын көресіз.

Ұлыбританияның саяси партиялары өре түрегеліп, жедел түрде заңға өзгерту енгізуді, айыпты болғандардан дербес қорғалу мәртебесін алуды ұсынды. Тергеу-тексерудің нәтижесінде алғашқы төртеудің қатарына тағы жеті адам қосылды. Кейбір фактілер британдықтардың жағасын ұстатты. Мәселен, лорд Маккензи бірнеше жылдан бері аты аталмаған Ресей олигархының мүддесіне қызмет етіп келген. Осы арқылы 600 мыңнан астам фунт стерлинг тапқан.

Парламенттің тағы бір мүшесі, лорд Траскот анау-мынау олигарх емес, ресейдің «Газпром» сияқты алып корпорациясына қызмет еткендігімен елді таңдандырды. «Газпром» Траскоттың көмегімен Ұлыбританиядағы бизнесін монополиялы түрде жүргізуге әрекеттенді. Бұл жерде тағы бір қызықты дерек бар. Лорд Траскоттың әйелі Светлана орыс қызы екен. Ол үш бірдей кітаптың авторы. Оның біреуі – «Путиннің өмірбаяны» деп аталады.

Британиядағы бұл саяси оқиға Лондон өлшемімен алғанда кәдімгідей болғанымен, соншалықты үлкен саяси жанжал деп айтуға келмейді. Қалай болғанда да, өзге екі елдегі жағдайлармен салыстырар болсақ, керемет алып-жұлып бара жатқан оқиға болмай қалады. Бұндай мәселе Украинада дерамалық тұрғыда өрбіп, ал Қазақстанда нағыз трагедияға айналып келеді.

Лондон оқиғасының қалай аяқталатындығын болжау соншалықты қиын емес. Тергеу бітеді, сөйтіп, кінәлі лордтар дербес құқықты қорғалу мәртебесінен айрылады. Әрине, олар лордтар палатасының мүшелігінен де шығып қалады.

Дербес құқықты-қорғалу мәселесі Британиядан алыста жатқан Украинада нағыз революциялық проблемаға айналуда. Бірақ, Киевтегі бұл мәселенің өзіне тән ерекшелігі бар. Әрине, ол ерекшелік британ парламентіндегі көзден таса түлкібұлаңы көп жайттардай болмас немесе Қазақстандағыдай тым қатаң емес шығар. Әйткенмен, қоғамда ахуалды қатты ширықтырып жібере алатыны күмән туғызбайды.

Саясаткерлердің дербес құқықтылығы туралы тақырып украин жерінде тек сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде қатты қызады. Биліктегілер де, оппозициядағылар да, барлығы тұс-тұстан, дербес құқықты-қорғалу мәтебесін осымен тоқтатуға уәде береді.

Украинада, тек қана сайлау алдындағы кезеңде, парламентке өзін депутаттық дербес құқықтылығы мәртебесімен қорғап, сот қуғындауынан қашып құтылмақ болғандар барады деп есептеледі. Сайлау бітісімен ол тақырып та ұмтылады. Бұл тақырыпты қайта көтеру мүмкін болмай қалады. Және де, ең таңданарлығы, осыған дейін өңеші жыртылғанша айғайлап, биліктегілердің дербес құқықты қорғалу мәретебесін жоюды ұсынып жатқандар қой аузынан шөп алмас моп-момақан бола қалады. Украин жұртшылығы аң-таң. Сөйтсе, оларды тағы да алдап соққан екен. Бұл жағдай бір сайлаудан келесі сайлауға, уәдеден уәдеге жалғаса береді.

Осы бір жұмбақтау дербес құқықты қорғалу тақырыбы тағы қай қырынан танылуы мүмкін деп ойларсыз? Қазақстан жағдайы оны басқа жағынан, мүлде қарама-қарсы - трагедиялық қырынан ашып отыр.

Мұнда биліктің дербес құқықты қорғалуы деген мәселе атымен жоқ. Оның, демек, биліктің қамалы барлық мүмкін және мүмкін емес мемлекеттік ресурстармен қорғалған. Елдің барлық мүмкіндігі – қаржылық-өнеркәсіптік күштерден бастап, насихаттық-саяси аппаратқа дейін – қазіргі билікті күшейтуге жұмыс істейді.

Мұнда дербес құқықты қорғалу мәселесі негізінен оппозицияға қатысты десе болады. Қазақстанда тап сол оппозиция қандай да бір дербес құқықты қорғалу мәртебесінен мүлдем мақұрым қалған. Жағдай, тіпті, қоғамдық апат алдында деуге болады. Оппозицияда қарапайым ғана жеке басын қорғау мүмкіндігі жоқ, болса да одан айырылған.

Қара тізімге іліккен жекелеген оппозиционерлерге жасырын түрде кебін кигізіледі десе болғандай. Қазақстандағы қайғылы екі оқиға елдің жаңа тарихында айрықша нышанға ие болды. Жақында ғана, ақпанның 11-інде, белсенді оппозиционер, саясаткер, Ресейдегі бұрынғы елші Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілгеніне үш жыл толды. Қанішерлер саясаткермен бірге көмекшілері – Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевты мерт еткен.

Тергеу де, сот та, үкім де бұл қылмысқа биліктің ең жоғары жағының қатысы барлығын байқатып тұрды. Демек, дербес құқықты қорғалу мәртебесі биліктегілерге керек емес еді, өйткені кісі қолынан өлгендер – басқалар, сол билікке қарсы шыққандар болатын. Айтулы қазақстандық оппозиционер, Алматының бұрынғы әкімі Заманбек Нұрқаділевтің өліміне қатысты да осындай жағдай болған еді.

Сонда, дербес құқықты-қорғалу мәртебесі кімге керек? Кісі өлтірушілерге ме, әлде олардың құрбандарына ма?

Мінеки, дербес құқықты қорғалу мәртебесі тақырыбын қозғағанда, бұл әңгіме әр жерде әртүрлі сипат алады. Лондонның жемқорлық айла-шарғыларынан бастау алып, Киевте революциялық көзбайлау түрінде қолданылса, ақыр соңында Қазақстанда қанды оқиғалармен астасады. Әлем қаншалықты үлкен болса, соншалықты тар, сонымен бірге, қайталанбас өзгешеліктерге ие. Ұлыбританиядағы айла-шарғы, Украинадағы саяси көз байлаушылық және Қазақстандағы қантөгістердің қайталанбайтындығы сияқты.

(Мақалада журналист Александр Народецкийдің білдірген жеке көзқарас-пікірі берілген, ол Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG