Сенбі, 4 ақпан 2012, Алматы 21:02

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанда Құран сүрелері «экстремистік» сипаттан толықтай арылды

Астана сотының шешімімен, жалпы саны 53 материал экстремистік әдебиеттер тізімінен шығарылды. Олардың арасында Құран сүрелерінің аудиотаспалары да бар. Осыдан бес ай бұрын дәл осы сот елде пайдалануға тыйым салынғандар тізіміне Құран сүрелерін қосып қойғаны қоғамда наразылық тудырған еді.

Мәтін көлемі - +

ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІ ҚАУІПТІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНЕН АЛЫНДЫ

Астана қаласының соты, Бас прокуратураның бастамасымен, ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы сот шешімін қайта қарады. Сот шешімі осыдан екі апта бұрын шығарылған. Бірақ ол туралы ақпаратты Қазақстанның бас прокуратурасы ресми
Алматының орталық мешіті жанындағы жайма базарда сатылып жатқан діни әдебиеттер мен аудиотаспалар. 2 қазан, 2009 жыл.
сайтында желтоқсанның 14-күні жариялады.

«2 желтоқсанда сот істі қайта қарауының нәтижесі бойынша, бұған дейін экстремистік деп танылған 53 материалды, соның ішінде белгісіз кісілердің Құран сүресіне берген түсініктемелерінің дыбыс таспаларын, ол тізімнен алып тастау туралы жаңа шешім шығарылды» делінген ресми сайтта орналастырылған мәліметте.

Осылайша Құранның «Ахкаф», «Мухаммад», «Фатх», «Хужрат», «Каф», «Табарак», «Қалам», «Хакка», «Маариж», «Нух», «Музаммиль», «Муддасир», «Қияма», «Инсан», «Мурсалат», «Аль-Бақара» сияқты бірқатар сүрелері «экстремистік» деген сипаттамадан толық арылды.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ БОЙЫНША АЙЫПТАУ

Астана қаласы сотының биылғы жылғы 3 шілдедегі шешімі бойынша экстремистік деп танылып, тыйым салынған діни әдбиеттер мен парақшалар тізіміне Құран сүрелерін қосып қойғаны туралы хабар Қазақстан қоғамында әжептәуір наразылық тудырған еді.

Астана соты тыйым салған жалпы саны 207 ақпараттық материалдар тізімінде Ислам тақырыбындағы парақшалар мен үнпарақтар, бірқатар кітаптар мен аудиожазбалар бар.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының мамандары, сот тыйым салған кітаптарды экстремистік деп тану барысында жүргізген
Алматының орталық мешітінде жұма намазға жығылған жамағат. 2 қазан 2009 жыл.
сараптама жұмыстарына өздерінің қатыспағандығын айтқан-ды.

Содан кейін барып Әділет министрлігі өзінің интернет сайтына орналастырған ресми ақпаратында жаңсақтық кеткен деп ақталып шықты. Министрліктің өкілі қателік кеткен жердегі әңгіме Құран сүрелері емес, сол сүрелерге белгісіз біреулердің берген түсіндірмесінің дыбыс таспалары туралы деп мәлімдеді.

Құран сүрелерінің «қара тізімге» түсіп кетуіне, яғни оларды экстремистік топқа жатқызу туралы сотқа өтінішті берген Қазақстанның бас прокуратурасы бұл материалдардың тізімін Қазақстанда экстремистік айыптаулар бойынша жүргізілген сот істеріне қатысты заттай айғақтардан құрастырғаны айтылды.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда халықтың шамамен 65 пайызы немесе 10,5 миллион тұрғын өздерін мұсылман үмбетіміз деп санайды.

Қазақстанда қызметіне сот шешімімен тыйым салынғандардың тізімінде барлығы 14 ұйым бар. Олардың біреуі экстремистік, қалғандары террорлық ұйымдар деп танылған.

Бұл тізімге «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халық конгресі», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Асбат-әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» қозғалысы, «Боз Гурд», «Орталық Азия моджахедтері жамағаты», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қауымы», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Аум Сенрике» және «Хизб ут-Тахрир-әл-Ислами» ұйымдары енгізілген.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
20.12.2009 10:48
+0 / -0
Діни басқарма өлілерге құран оқып, садақа алудан басқа тірлік бітіріпжақан жоқ. 1998 жы ҰҚК - мен ұсталып заң бұзғаны үшін айыпталып жауапқа тартылғандар(газете материалы жарияланды) қазір бір облыстың ислам дінінің тұтқасын ұстап отыр. Оны қойып отырған Әбсаттар қажы, және біреуі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызлорда облысы бойынша өкілі қызметінде отырып аудан имамынан пара алу үстінде ұсталып сотталды. Қазір Есік қаасындағы мешітке найб имам қызметіне Әбсаттар қажы Дербісалиев тағайыдап қойыпты. Осыдан діни жүйеге баға беруіңізге болады. Құдайдан қорықпайды, Ата заңымызды мойындайды. Құдай ақырн берсін.

Назарға көп іліккен