Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:17

ӘЛЕУМЕТ

Чехиядан Қазақстанға депортацияланған босқын үйіне бармаған

Атырау облысының тумасы, мұсылман босқыны Марғұлан Мұхамбетовтың ата-анасы баласының тағдырына алаңдап отыр. Чехия билігі сол елден мәжбүрлеп шығарған азамат қазанның 11-інде ұшақпен Алматыға жеткізілген соң хабарсыз кеткен.

Марғұлан Мұхамбетовтың Чехиядағы «Бела Йезова» босқындар лагерінде болған кездегі суреті. Қазан, 2009 жыл.
x
Марғұлан Мұхамбетовтың Чехиядағы «Бела Йезова» босқындар лагерінде болған кездегі суреті. Қазан, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

МАРҒҰЛАННЫҢ АЛМАТЫҒА КЕЛГЕНІН ТУЫСТАРЫ ТЕК ИНТЕРНЕТТЕН БІЛГЕН


Босқын мәртебесін алуға талпынған 26 жасар атыраулық діндар Марғұлан Мұхамбетовты Чехиядан күштеп Отанына қайтарылды. Ол қазанның 11 күні «Прага – Алматы» бағытындағы ұшақпен Алматыға келген, содан кейін хабарсыз. Қазір Марғұланның қайда екенін Қазақстандағы туыстары біле алмай отыр.

Марғұланның Алматыға келгені турасында оның үй-іші елден естіпті. Атырау облысы Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында тұратын Марғұлан Мұхамбетовтың 62 жасар анасы Қалима Кәмиева ұлының әлі үйге келмегенін айтты.

– Марғұланның Алматыға жеткізілгенін интернеттен оқығандары жайлы ауылдағы таныстарымыздан естідік. Ал өзі әлі бізге тікелей хабарласқан жоқ, – деді Қалима апа қазаннның 12-і күні Азаттық радиосына.

– Оны Алматыда бір топ адам қарсы алған көрінеді. Алматыда туыстарыңыз бар ма еді?

– Баламды кімдер қарсы алғанын дөп басып айта алмаймын. Өйткені, Алматыда біздің ет жақын туысымыз жоқ. Ал алыс ағайындар қарсы алғандай болса, біздің алаңдаулы екенімізді біледі, бізге телефон шалар еді ғой. Тағы бір айтарым, Атыраудағы қыздарымның айтуынша, осы жексенбі күні (11 қазанда – Азаттық) тағы бір ұлым Еркебұланды қала көшелерінде заң органының қызметкерлері қуалап, оны ұстауға тырысқан көрінеді. Бірақ ұлым олардың кімдер екенін білмейді. Ол да Марғұлан тәрізді діндар. Бірақ артық қылығы жоқ, тек 5 уақыт намазын оқиды. Қазір Қарабатанда жұмыс істейді. Бос уақытында бізге көмектеседі.

– Жалпы, заң қызметкерлері сіздерді жиі мазалай ма?

– Былтырғы жылдары Ұлттық кауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірнеше мәрте үйге келіп «Марғұлан қайда, қалай болды?» деп сұрастырып жүрді. Бірақ бізге күш көрсетіп, артық қылықтар танытқан жоқ. Олар бұрынырақ Марғұланмен сөйлесіп, жауап алған тәрізді. Бірақ, Марғұлан оларға «ата-анама айтпа, уайымдайды» деп өтініш еткенін балалардан естимін. Сол себепті толық жай-жапсарын білмейміз, – дейді Қалима Кәмиева.

«БАЛАМЫЗДЫ АШЫҚ ІЗДЕУГЕ, ОНЫ СОТТАП ЖІБЕРЕ МЕ ДЕП ҚОРЫҚТЫҚ»

Қалима Кәмиеваның айтуынша, оның Марғұланды көрмегеніне 7 жыл болыпты.

– Баламды соңғы рет 2002 жылы мамырдың 30-ында көрдім, – дейді анасы.

– Әрине, 7 жыл аз уақыт емес. Соншама уақыттан бері балаңызды іздедіңіздер ме?

– Баламыздың қайда жүргені туралы әртүрлі хабарлар құлағымызға жетіп отырды. Кімге айтамыз? Біз оны жоғалған адам ретінде іздеу салсақ немесе іздеп шағымдансақ, оны кінәлі қылып соттап жібере ме деп қорықтық. Сондықтан бар өшімізді қос жанардан алып келеміз. Әлі күнге дейін оны күтудеміз. Оның қазіргі жай-күйінен хабарымыз жоқ. Бірақ, қалай болғанда да, Марғұлан үйден де, түзден де біршама қорлық көрді ғой. Егер оны Алматыдан алып келуге қаражат керек болса немесе отбасынан біреу барып алып келуі тиіс болса, қайсымыз болса дайынбыз, оған мүмкіндігіміз жетеді, – деп күрсінді кейуана.

– Отбасында Марғұланнан басқа тағы қанша бала бар?

– Біздің шаңырақта алты қыз, екі ұл дүниеге келіп, ержетті. Сегіз баламның бірде-бірі бізді ел алдында жерге қаратқан жоқ. Ұлдың үлкені осы Марғұлан. Ол өте алғыр, тәрбиелі бала болды. Үйдегі әпкелеріне қолғабыс жасап, еден жуысатын, мал бағысатын, еңбекқор еді. Сабақты да жақсы оқыды. Сол үшін қаладағы ұлттық гимназияға оқуға берген едік. Сонда жүріп 9 сыныптан бастап намаз оқи бастады. Жай намаз оқыған жоқ, бізбен бірге тамақ ішпейтін дәрежеге жетті. Өзі бауыздамаса сойылған малдың етін жемейтін болды. Осының бәрін көре келе әкесі Сайфулла «мұныңды қой» деп қол да көтерді, – дейді Қалима апай.

Қалима Кәмиеваның баяндағанындай, балаларының отбасынан алыстап бара жатқанын сезе бастаған соң «көмектесіңдер» деп құқық қорғау органына хабарласқан көрінеді.

– Алайда полиция қызметкерлері Марғұланға: «сені қудалап, полицияға тапсырып отырған – өз әке-шешең» деп баламызды өзімізге қарсы арандатты. Осы оқиғалардан соң Марғұлан үйден кетіп тынды, – деді Қалима апай Азаттық тілшісіне.

ДІНДАРЛАР ҰҚСАС АЙЫПТАУЛАРМЕН СОТТАЛАДЫ

Азаттық тілшісі қазанның 12--інде Марғұлан Мұхамбетовтың інісі Еркебұланмен телефон арқылы тілдескен еді.

– Мен ағамды Қазақстанға депортациялағаны туралы ақпаратты интернеттен оқып естідім. Бірақ оның дәл қайда екендігін біле алмай отырмын. Оны әуежайдан бір таныстары күтіп алған деп айтыпты ғой, алайда, Марғұлан ұзақ уақыт Қазақстанда болған жоқ және де Алматыда оның ешқандай туыс-танысы болған емес. Оны арнаулы органның адамдары алып кеткен жоқ па екен деп біз оның тағдырына алаңдап отырмыз, – деді Еркебұлан.

Қазірде Чехия жерінде босқын мәртебесін сұрап 200-ден астам қазақстандық жүр. Олардың басым көбі Маңғыстау, Атырау облысынан барғандар. Өздерінің айтуынша, Қазақстанда олар бөлек діни көзқарасы үшін қолдан жасалған айыптар бойынша арнайы органдар тарапынан қудаланып, кейбірін түрмеге отырғызған соң шетелге кетуге мәжбүр болған.

Алайда чех билігі бұл топқа осы уақытқа дейін «босқындар» мәртебесін беруден бас тартып отыр. Оған себеп ретінде Чех өкіметі «Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді. Сондықтан мұндай қудалаудың болуы мүмкін емес. Әрі бұл діндарлар «Таза дін» деген қауымдастықты ресми тіркеуден бас тартқан» деген уәждерді алға тартады.

Ал адам құқығын қорғаушылар Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерін қудалау күшейіп бара жатқандығын айтады. Қазақстандық заң органдары дәстүрлі емес діни қауымдастық өкілдерін жазалаудың құралы ретінде жалған айғақтар ұйымдастырып, есірткі, оқ-қару тастау әрекеттерін қолданатындығы жайлы ресейлік құқық қорғаушы Виталий Пономарев Азаттыққа берген сұхбатында жан-жақты баяндап берген болатын. Ол Қазақстанның батыс аймағында діндарлардың әлгіндей әдіс-тәсілдермен түрмеге қамалғандығын мысалға келтірген еді.

Атырауда биылғы жылы 15 қыркүйекте Серікбай Латипуллаев есімді діндар ескірткі сақтаған деген айыппен сот үкімімен 3 жылға бас еркіндігінен айырылды. Маңғыстау облысында Аманжол Мәмбетов, Әділжан Мұздыбаев және атыраулық Жанболат Қызанбаев деген діндарлар «заңсыз есірткі, қару сақтады» деген айыптармен түрмеде жазаларын өтеп жатыр.

Ал қыркүйек айының басында Атырау облысы Құрманғазы ауданында тұратын діндар Дианат Ердешовтің әйелін хиджаб кигені үшін белгісіз біреулер соққыға жыққан. Осы ауданның келесі бір тұрғыны, діндар Абзал Сайфолла да өзін Құрманғазы аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жауапқа алып, ұрып-соққанын Азаттыққа баяндап берген еді.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мен Қайдан: Батыстан
13.10.2009 11:45
+0 / -0
Осының бәрі дін туралы заңымыздың солқылдақтығынан. Бұлар мұсылман болғанмен, вахабизм ұстанатындар. 4-5 жылдықта Атырауда көбейіп кетті және жас балаларды көптеп тартты. Әке-шешелерімен, отбасымен бірге тамақ ішпейді, той-садақаларға бармайды, аруаққа сенбейді - бұл істері сорақылық қой. Ата-анасын ренжіткендер қай дінде де оңбайды.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
13.10.2009 11:54
+0 / -0
Сонымен, бұл жігіт қайда жоғалып кетті, оны шын мәнінде де ҰҚК нің албастылары ұстап алып кетіп, бір жерде қинап жатыр ма екен? Обал. Жақсы жігіт екен. Түрі айтып тұр. Бірақ, қарапайым қазақтың қолынан не келеді? Өзіміздің бауырларымызға араш түсе алмай отырмыз. Бұл енді жиырма жылдан астам биліктен кетпей, елдегі барлық органдарды өзінің қол астына жинап, барлық байлықты бөліп, жекешелендіріп алған мәңгі патшамыздың жүргізіп отырған ісінің. саясатының жемісі. Сұмдықтың көкесі әлі алда. Дінге бет бұрып, өздігінше құлшылық етіп жүргендер ғана емес, еркін ойлайтын, тәуелсіз газеттерді сатып алатын қарапайым қазақтар да қудалангатын болады. Өйткені, шал қартайып бара жатыр.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
13.10.2009 12:38
+0 / -0
Менге: Сен сияқты сорлы қазақтар мұрнының аржағындағысын көре алмайды. Өйткені, бала кезінен дағдыланбаған. Мүмкін, шешеден солай туған шығарсыңдар. Десек те, аузым бар деп сөйлей бергенді қою керек қой. Олар өз бетінше құдайға құлшылық етіп жүрген жандар. Мешітке бармаса, бармай ақ қойсын. Бұл олардың жеке бастарының ісі. Ал аруаққа сенетін, сол мені қиыншылығымнан құтқарады деп ойлайтын (өзің сияқтыларды айтамын) қазақтардың ақымақтығының арқасында небірн әулиелер пайда болды. Олардың санында есеп жоқ. Көмек сұрап келген қазақтардың басын айналдырып, соңғы ақшасын тартып алып, Түркістанға лек легімен аттандырып жатыр. Олардың түсінігінде: бұл атабаба жолы, Ақ жол, "сол жерге барып қайтсаң, ренжіп жүрген аталарыңның әруағы бата береді, одан соң бақытты болып кетесің. Сен сияқты әруаққа сенгіштердің талайы соңғы ақшасынан айырылып, ата бабасынан жақсылық күтіп жүр. Бірақ, солардың керемет болып кеткенін көрген емеспін. Өйткені, әруақ та бұрын біз сияқты болған адамдар. Олар бізге ешуақытта көмектесе алмайды. Бұл Құранда да бар. Аққұс, Көкқұс және Тұтықұс секілді жалған әулиелер өзің секілді қазақтардың арқасында байып жатыр. Ең алдымен соларды құрту керек. Одан соң, сендердің бастарыңды артық қоқыстан тазарту керекг. Ал шетелден пана таба алмай, өз елінде қудалауға ұшыраған мұсылман бауырларға әр нәрсені бір айтып, бос сөзді көбейткенше, ең болмаса осы сайт арқылы қолдау көрсет.

Кімнен: қ.м.қара кедей Қайдан: Иран.Горган
13.10.2009 13:26
+0 / -0
Әркім қай дін мен ойды таңдаса еркі бар емес пе? Марғұланды Вахабист болды дегенмен оның адамдық хақын қалай жоққа шығаруға Қазақстан мен ондағы отандастары дәті барып отыр? мұсылмандары Арабыстанға ресми мәзхабы вахабисм екенін көрмей ме?Бұл мүсапірді осынша қорлағанда содырларға ұпай жинап бергеннен басқа өнбесі айдан анық.

Кімнен: Мен Қайдан: батыстан
13.10.2009 16:35
+0 / -0
Шапырашты емеске. Сен мал боламсаң, біреуге тіл тигізбей сөйле. Олар өз бетінше жүрген жоқ, біздің менталитетімізге қарсы, дәстүрлік дінімізге қарсы уағыздар таратып, жас балаларды улап жүр. Ескерту бергендерге, бізді қудалап жатыр деп, шет елге қашып кеткендер. Өздерінің діни қауымдастығын неге тіркетпейді, себебі: біздің заңға қайшы, әрі спонсорлары шет елдік миссионерлер. Ол жақта ешкім күтіп отырған жоқ оларды. Аруақты ақша табуға пайдаланып жүргендерге мен де қарсымын. Бірақ, ата-бабаларымыз сол "аруақпен аттандап" жауға шапқан, мына жерде сен былшылдап отырсын деп емес. Қазақтың сенімінде аруақ қасиетті, киелі, сен ондайды түсінбейсің, рухың арабтанып кеткен сен қайдан түсінесің. Әке-шешеңе қарсы келген адамды қайдан көрдің. Нағыз мұсылман болсаң, тәрбиелі болсаң, бүйтіп жазбас едің ғой. Сол тәрбиесіздігіңнен маған тіл тигізіп отырсың, мен саған қарсы ештеңе жазбадым. Бұл жер балағаттасатын жер емес, тек сындарлы пікір алысу, өз ойыңды бөлісу, соны түсін.

Кімнен: Алаш Қайдан: қазақия
13.10.2009 17:21
+0 / -0
шынында обал болған екен!!!

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
13.10.2009 17:33
+0 / -0
Біздер бір-біріміздің шымбайымызға тиіп сөйлемесек ішкен асымыз бойымызға сіңбей ме осы. Дәстүрлі діннен бөлек кету жақсы емес, түбінде тұтас бір ұлтты ажыратын негізгі фактор осы дінге бөлінушілік ғана болады, сондықтан біз мейлі кәпір болсақ та тек бір дінде ғана болуымыз керек. Екінші дінге (мейлі ағым болса да) ешқашан орын жоқ. Ал аруақты жоққа шығаратындыр сана жағынан шынында аздап араптанып кеткендер ғой. Бабаларымыз аруақтап жауға шаппағанда сіз бен біз осылайша дауласып отырар ма едік? Мәселе әрнені асыра сілтеуде.

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
14.10.2009 04:00
+0 / -0
Өз арамыздағы ала ауыздықғымыз аздай-ақ, Азаттық осы тақырыптың соңына түсіп, жазғанды қоймады. Және, тілші обьективті емес, субьективті түрде дінбұзарларды қорғаштап, оқырманды еріксіз түрде аяушылық сезімін оятатын пікір қалыптастыруға тырысатын секілді. Тілші, европаның "демократиясының" айтып жатқан сөзін түсінетін секілді, бырақ, олардың ойы мен іс жүзіндегі ісін түсінбейтіндей. Бұндайда, қазақтың бір данасы, "ымды тісінбеген, дымды түсінбейді"-деп, айтып кетіпті.

Кімнен: Ұрысқақ Қайдан: Қызықстаннан
14.10.2009 04:34
+0 / -0
Шапырашты емес! Сіз, 12.10.2009 жылғы осы тақырыпқа жазған тілші Ержанның мақаласына пікір білдіріп, босқындарға "үйге қайтыңдаршы, бұл жақта ата-бабаларыңның сүйегі жатыр"-деп жалынасыз, ал, 13.10.2009 жылы "менге" аруаққа сенесің деп, интернетте бұлқан-талқан болып, ұрысасыз. Сізді біз түсінбей қалдық қой.Әлде, Сіз интернетте ұрысысып, шеріңізді тарқатып, рахаттанып аласыз ба? Ондай болса, біз Сіздің қытығыңызға, жаныңызға, жыныңызға тиіп, көмектесіп жүрейік.

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
14.10.2009 06:04
+0 / -0
Сонда, бұлар кімнің жыртысын жыртып жүр.Сонша, бұл қандай дін өзін азаптататын, әке-шешесін,туған туысқанын, бала-шағасымен қоса азаптататын, халқын, жұртын сатқызып, бүкіл жер шарына масқаралататын, елін,бәрін тастатып, қаңғыудан да бас тартқызбайтын. Сүйтіп, сонша беріліп, азапқа шыдап, патриот болып, Қазақстанын елінен, жерінен кетпей, сүйсе ғой, Алла Тағыла оларды сүйер еді. Санасы төмендерге дін апиын дегені рас қой. Ислам дінінде айналаңның бәрін азапта демеген. Жәй сөзбен айтқанда, көптің ынғайына көніп, оларға маралдық азап көрсетпей, жағдайын жасауға тырыс деген. Ал, бұлар қайдағы бір төтеннен келген, қазаққа жат дінсымақ соқыр сенім үшін не істемей жатыр, бәрін құрбандыққа шалып жіберуде.Жат дінге не себепті жастар өтіп кетіп жатыр? Міне осы сұраққа жауап табылып, сол жауаптың мәселесін шешсе олай болмас еді.Олқандай мәселе? Мұнай мен газ шығып жатқан батыс облстарының ауылдарының жағдайларын көрсең, сұмдық, адам шошырлық. Мұнай мен газды шашап-төгіп, таза жер қалмаған. Экологиясының жағдайы біткен. Халықтың денсаулығы да біткен. Оған, осы Азаттық Радиосының түсірген "қария-бала" Өркешбаев Нұржан туралы видиосын көрсеңіз көзіңіз жетеді. Жол жоқ, ( үлкен жолдарды енді ғана салуда ) өркениеттен алыс жатқан халықтың жағдайы осыдан 100 жыл бұрынғыдай. Іші пысқаннан, арақ ішіп, бірін-бірі таяқтау, зорлау, өлтіру. Сырттан басқа біреу келсе, барлығының есіл-дерті сонда болады. Оны да сабайды, тонайды, егер ол қулау біреу болса, соның айтқанына өлердей сеніп, артынан еріп кетеді.

Кімнен: қазақпын Қайдан: KZ
14.10.2009 09:54
+0 / -0
Жат дінді ұстанып жүрген бұл жігіттің қылығы әрине дұрыс емес. Жоқ болып кеткені де алаңдатады. Соқыр, жабық қоғамның жемісі...

Кімнен: zhanbolat Қайдан: US
14.10.2009 10:25
+0 / -0
Маған және әке-шешеңе шүкір ет. (31:14)

Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. (29:8)

Кімнен: Шпш емес Қайдан: Астана
14.10.2009 11:05
+0 / -0
Осы маған тиісіп отырған қазақтардың барлығы шп-лар-ау деймін. Жалпы, шп-ларға ешқандай өкпем жоқ. Сондықтан жігіттер сендер ренжімеңдер. Жарай ма? Ертең үлкен шп биліктен кеткен күні осы форумда жиі жарияланатын шп емес деген атымды өзгертемін. Менім айтайын дегенім, Чехияда жүрген қазақтарға қолдау көрсету керек. Олар мұсылман ба, әлде өзге дінді ұстана ма, бұл олардың жеке бастарының істері. Көмекке зәру бауырларымызды бауырдан теппеуіміз керек. Қанша дегенмен олар өзіміздің қазақтар. Ал сендер болсаңдар, барлықтарың оларды ғайбаттап, ең соңында шибөрілер секілді маған жабылып жатырсыңдар. Сендердің қолдарыңнан түк келмейтінін білемін. Дегенмен, осы сайт арқылы қолдау білдірсеңдер, шалбарларыңның белдігі шешіліп кетпейтін шығар деп ойлаймын. Ал шп-лар мен шп еместер өзіміздің қазақтарға қолдау көрсетіңдер.

Кімнен: япыр-ай! Қайдан: алматы
14.10.2009 12:27
+0 / -0
Шапырашты емеске:
Марғұлан бауырымызға жанашырлық танытып жатқаның нағыз азаматтық іс. Алайда, аруақ сеніміне, яғни қазақы исламға қарсы сөздерің, - байқаймын, - көп адамға ұнамай отыр. Қазіргі қоғамымызда исламның қазаққа жат ағымдары кең етек алып бара жатқаны мені қатты алаңдатады. Мысалы, көшеде бет аузын тұмшалаған қыздар мен сақал-мұртын қауғадай етіп, өсіріп, шолақбалақ шалбар киген жігіттер қаптап кетті. Сөздері жаттанды. Негізгісі - ислам қазіргі қазақ қоғамын бірлікке келтіруші емес, нағыз бөлшектеуші факторға айналды. Авторитарлық билікке де осы керек сияқты. Өйтпегенде, "Асыл арна" сияқты діни уағызшы арнаға лицензия бермеген болар еді ғой.
Сонымен, Марғұлан сияқты адасушы бауырларымызды бұдан былай мемлекет қолдауымен он немесе жүз мыңдап, тәрбиелейтін болдық. Бұның арты неге апарып соғарын ішіңіз сезетін шығар?!

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
14.10.2009 16:01
+0 / -0
Айналайын редакцияның қызметкерлері. Менің бүркеншік атымды қысқартпауларыңызды өтінемін. Шапыраштыемес деген сөз Шапыраштыларға ешқандай қатысы жоқ.

Кімнен: Шынибаев Серік Қайдан: Атырау оппозиционері
19.10.2009 18:09
+0 / -0
Марғүланды ұққ қызметкерлері бір пәтерде үстап жәбірлеп жатыр. Енді оған, бір ашылмаған қылмысты іледі де, зінданның түбіне шірітіп жібереды. Қасқа бала... Сені, тек Таза Аллаһ Тағаланың тура жолын ұстанған үшін қорлап жатыр... Албасты ұрысүлтанның және oнын иттерінің орындары - Мәнгі Джаханнам!!!

Кімнен: Жуаcқазақ Қайдан: "Тәуелсіз Қазақстан"
19.10.2009 18:45
+0 / -0
Бірде Болат Атабаев ағамызбен тілдескенімде Назарбаевтың орнына Тасмағамбетов келсе сіздің "Қ-ға еңбек сіңірген әртісі" деген атағыңыз үшін бүгінгі таңда жалақыңызға қосылып отырған 900 (тоғыз жүз) теңгеңіз аз дегенде он есе өседі дегеніме - Бауырым, есіңде болсын, біз ұлы жүзденбіз, билікті басқа жүзге ешқашан да бермейміз - деп жауап берді.Не деген "данышпандық"? не деген "кемеңгерлік"? Шапырашты емес бауырымыздың да қынжылатыны да осы мәселе сияқты. Біз қашан усақ-туйек пақыршылық пен рухани ашкөз пендешіліктен арылған руға бөлінбейтін, жалтақтамайтын, боққарын байлар мен ел намысын корер көзи жоң албастыларды сағаламайтын ұрпағы бар азат та мәртебесі биік елге айналамыз екен? Әйййй, көп бар-ау әлі қазағым.

Кімнен: Ұлтшыл Қазақ Қайдан: Алматы
20.10.2009 18:30
+0 / -0
Назарбаевты 2012 жылы орнынан түсіру керек.Тіпті кәзірден бастап қимылдау керек.20 жылдың ішінде дым,ештеңе бітірген жоқ Назарбаев.Тілді мемлекет,Назарбаев дамыту керек,карапайым халық емес оларды халық сол үшін сайлады.Билікте отырғандардың бәрі өңкей қиқымдар,өздерінің көлеңкелерінен корқатын,шынын айту керек бұқпай.
Адамдар қашанғы билікке тәуелді болып отыра береміз қойлар құсап.
Бізге революция жасау керек!Қазақ тілінде сөйлейтін,қазақ тілін,әдет ғұрпын,өнерін,жерін сүйетін басшы керек бізге.Далаға шығып,жиналып полициядан қорықпай билікке, Назарбаевқа қарсы соққы беруіміз қажет жолдастар!Қарайған халық жиналса полиция түк те емес,езіп кетеміз!!!
Назарбаев Қонаев,Желтоқсан,Ашаршылық,Алаш Орда туралы ештеңе айтқысы келмейді,тіпті айтпайды да керісінше ұмыттыруға тырысады,неге дейсіз ғой,Назарбаевтың құйрығы ашылып,масқара болады жұртқа шындықты айтса.