Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:00

САЯСАТ

«Маңқа қазақ» деген сөз тіркесі үшін журналист сотқа тартылды

Қарашаның 21-і күні Алматының Медеу аудандық сотында журналист Гүлжанат Шонабайға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Ол ұлтаралық дүрдараздықты өршітіп, қазақ халқының ар-намысына тиген деген айыпқа қалып отыр.

Журналист Гүлжанат Шонабай Медеу аудандық сотында. Алматы, 21 қараша 2008 ж.
x
Журналист Гүлжанат Шонабай Медеу аудандық сотында. Алматы, 21 қараша 2008 ж.
Мәтін көлемі - +
Қылмыстық істің қозғалуына журналистің биылғы жылы «Тасжарған» газетінде жарияланған қос мақаласы түрткі болған. Газеттің шілденің 9-ындағы санында «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» және 16-шы шілдеде «Малыбайдағы маңқа қазақ бейшаралығына күйінеді» деген екі мақалада Гүлжанат Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылында болған кісі өлтіру оқиғасы жайында жазған еді.

 

Негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тұрып жатқан ауылдағы азаматтардың арасында болған жанжалдан қаза тапқан Айдын Халықұлына қатысты жазылған сол екі мақала шыққан соң арада екі ай өткенде құқық қорғау органдары Гүлжанат Шонабайға ҚР Қылмыстық кодексінің 164 бабының 2 тармағы бойынша «ұлттық және әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруға алғышарт болатын шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратты» деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған. Журналистің өз айтуынша, бұл істі Астанадан арнайы келген Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу комитетінің бас тергеушісі Ержан Артықбаев жүргізіпті.

 

Сонымен бірге, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптау орталығының жүргізген психологиялық-филологиялық сараптама қортындысында журналист Шонабай мақаласындағы «маңқа қазақ» деген сөз тіркесі «қазақ ұлтының өкілдеріне теріс баға беріп, қазақтардың ұлттық ар-намысына тиеді» деген баға берілген.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі Алтай Досұмбаев "маңқа қазақ" деген сөздің аудандағы барша жұрттың намысына тигенін айтты. Алматы, 21 қараша 2008 ж.
Әлгіндей теңеу сөз шымбайына қатты батып, жан-дүниесі қорланғандардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі Алтай Досұмбаев екен.

 

- Бүкіл Еңбекшіқазақ ауданының азаматтары «бейшара, маңқа қазақ» боп кеткендей болды осы мақаладан кейін. «Маңқа қазақ» деген сөз сол жердегі тұрғындардың намысына тиді. Содан кейінгі негізгі әңгіме – ұлттың арасында кішкене алауыздық тудырды ол мақала. Кей кезде өзіміздің таныс жолдастарымыз да «ей, Алтеке, маңқа қазақ боп кеткенсің бе?» дегендей сөздер айтты, азамат ретінде, сол ауданның тұрғыны ретінде, қазақ ретінде ондай сөзді ауыр қабылдадым. Содан кейін, мен жеке басымның және сол аудандағы тұрғындардың ар-намысын қорғау үшін ішкі істер бөліміне арыздандым, - деді осы сотта жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сөйлеген А.Досұмбаев.

 

Бұдан кейін ол ауыл ақсақалдарының атынан аудан әкіміне жазылған, Малыбай ауылына кейінгі сайланған әкімді мақтап-мадақтаған алғыс хатты оқып бермек боп еді, сот ісін жүргізіп отырған судья Мұрат Шолпанқұлов егер басқа азаматтардың жәбірленуші ретінде сотқа жазғандары болмаса өзге құжаттың бұл іске қажеті жоғын айтып тоқтатып тастады.

 

Гүлжанат Шонабайдың қоғамдық қорғаушысы, «Аллажар» қолдау қорының төрағасы Марат Бөтеев «Тұрақты теңеулер сөздігі» деген кітаптың ішіндегі мыңға жуық кең қолданыста жүрген сөз тіркестерінің ішінде «айым», «күнім» дегенмен қатар «маңқа», «биліктің итаяғынан су ішіп жүрген» дегендердің барын алға тартты. Сонымен бірге ол биылғы жылы елдегі бірқатар басылымдарда жарық көрген публицист, сыншы Амангелді Кеңшілікұлының, жазушы Әбіш Кекілбайдың мақалаларынан үзінді оқып, аталған авторлардың да «маңқа қазақ» деген сөз тіркестерін қолданғанын даулы тіркестің ғайбат сөз еместігіне дәлел ретінде келтірді.

 

Марат Бөтеев жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сотқа қатысып тұрған Алтай Досұмбаевқа:

 

- Сіз Малыбай ауылының тұрғыны емес екеніңізді айттыңыз, ендеше осы сотта бүкіл ауыл тұрғындары атынан сөз сөйлеуге сізге кім өкілеттік берді? Қолыңызда оны куәландыратын құжат бар ма? – деген сұрақ қойды.

 

Ондай құжат көрсете алмаған Досұмбаев аудан азаматы ретінде сотқа жүгінгенін айтып жауап берді. Бұдан кейін судья Мұрат Шолпанқұлов сот ісінде қарашаның 27-і сағат 15-ке дейін үзіліс жарияланатындығын хабарлады.

 

Гүлжанат Шонабай: Мен бар болғаны - шындықты жаздым. Алматы, 21 қараша 2008 ж.
- Мен түсінбеймін маған қандай кінә тағылып жатқанын. Мен бар болғаны шындықты жаздым, ақиқатты бұрмалаған жоқпын. Ал енді содан сылтау тауып мені сотқа тартып жатқаны ақылыма симай тұр, - дейді қазірде «Қазақстан-Заман» газетінде жұмыс істейтін журналист Гүлжанат Шонабай Азаттық тілшісіне.

 

Сотқа бақылаушы ретінде қатысқандардың бірі, «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы бұл істің астарында тәуелсіз журналистер мен баспасөз еркіндігіне қарсы бағытталған саясат бар деп санайды:

 

- Сот тапсырыспен берілген арыз негізінде өтіп жатқаны байқалады. Қанды оқиғадан кейін ашу-ызаға булыққан ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың айтқан сөзін қаз-қалпында қағазға түсіріп, газет бетінде жариялаған журналистің бұл жерде ешқандай кінәсі жоқ. Және де, сол оқиға ауылда ұлтаралық ахуалдың ушығуына әсер еткені де рас,

Рысбек Сәрсенбайұлы: "Бұл істің негізгі мақсаты - тәуелсіз сөзді тұншықтыру". Алматы, 21 қараша 2008 ж.
оны жұрт естіп-білді. Ал сол болған оқиға қалай, неден шықты, полиция неге әрекетсіз отыр, оған ауыл тұрғындарының көзқарасы қандай – міне сондағы көзімен көрген жағдайдың барлығы көрсетілген журналистің мақаласында. Бұл істегі негізгі, түпкі мақсат – «Тасжарған» газетін тұншықтыру, мүмкіндік болса жауып тастау. Сол үшін тәуелсіз газетке мақала жазатын журналистерді қорқытып-үркіту, оларды жазығы жоқ болса да жазалау әдісін қолданып жатыр. Бүгінгі процесте менің көңіліме қонбағаны – сот төрешісі әркімнің айтқан сөздеріне түсініктеме беріп, кейде өзінің жақтырмағандығын, өз көзқарасын білдіріп отырды, ол – дұрыс емес. Егер судья екі жаққа бірдей қарамаса, дәлел-дәйектерді бейтарап тұрғыдан бағаламаса оның шығарған шешімі әділ болмайды, шындықты іздейтін сот олай істемейді.

 

Гүлжанат Шонабай 2002 жылы «Бағыс пен Түркістан ауылдарын қорғау жөніндегі қоғамдық комитеті» төрағасының орынбасары ретінде, Қазақстанның жерін Өзбекстанға беру туралы үкімет шешіміне наразылық білдіріп Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің алдына наразылыққа шыққаны үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: hezeljebe Қайдан: hetay
22.11.2008 01:33
+0 / -0
men jurnalysterdeng ahyhatte aythanena bola ayepte bolatenena senbeymin. ahparat mureneneng bogen jeya almay jurgen bylek basendage xenewekterde oyatam dep jurep jorgegende tunxegwga jol da bermeymin. ...til kespek joh...guljanatte holdaymin hazahteng minen betke aytar hoyew hande hezdar aman bolsen..eylayem...

Кімнен: Жолаушы Қайдан: Атырау
22.11.2008 05:17
+0 / -0
Маңқа екеніміз рас қой. Маңқа болмасақ, басқа проблема жоқтай, басқа да қазақтың намысына тиіп жатқан сөз бен әрекет таусылғандай, қарай гөр бұл жандайшаптарды. Сотқа бере қалыпты базібір кеңесші sorly-eke! Рысбек әділін айтқан екен, қосыламын. Ал Гүлжанат ондай- мұндай күлкілі сот,отсымақтарды көріп жүрген азамат қой. ...үреді, көшеді дегендей, мойымаңыз. Басымызды көтеріп, мұңымызды, пікірімізді билікке айта алмай отырмыз, маңқа емей кімбіз? Жаһанторда да (интернет) ашық мәліметімізді(аты-жөні) көрсете алмай отырғанымыз, маңқалық емес пе? Мына Досумбай деген истец өзі маңқа, өз қазағын сотқа беріп, жалған намыспен тапсырысты бүркемелеп тұрған!
Гүлеке, өкіртіп жаза беріңіз, деніңізге саулық тілеймін!
Атыраудан сіңліңіз.

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Алматы қаласы
22.11.2008 12:27
+0 / -0
Шелек пен Ұйғыр ауданында (ауданның аты да ерсі) ұлтараздығы қозып тұр.Оны билік қанша жерден жасырып-жабам десе де, бұзылған қыздың етегіндей жиі-жиі ашылып қап жатыр. Оған еліміздегі жемқорлықтың да тигізіп жатқан әсері мол. Не қылмыс істесе де, қаржы құйып құтылатынына әбден сеніп алған. Аудан басшылары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері алған азын-аулақ тиін-тебенге мәз. Ал жоғарғы билік мұны көрмеген, білмеген болады. Әйтеуір, осының арты жақсылыққа апармайды.

Кімнен: Ұлтшыл Қайдан: Аспан асты
22.11.2008 13:20
+0 / -0
Гүлеке бізде сіздің әріптесіңізбіз. Өкінішке орай ондай материалдарды бізде айтқызбайды. Қазақстанда барі "керемет" деген кеңістікті жазғаннан басқа білеріміз жоқ. Бірақ қазір қай ақпарат құралын алсаңызда, ондағы журналистердің барі іштей бүгінгі қоғамға наразы. Бірақ бастарын салбыратып жоғарының айтқанын істей береді, нанынан айырылмас үшін. Сондықтан еш мойымаңыз, ана өтірік намысшыл тоң мойын екен. Ит үреді,керуен көшеді.

Кімнен: kokarlan
23.11.2008 15:50
+0 / -0
tusynyw qyiyn jaghdai eken!!!

Кімнен: names Қайдан: ketay
23.11.2008 20:21
+0 / -0
guljanatteng xendekte jazganenda ne jazek? ne kina? {balaktage biyt baska xegepte} degendey xangerakka karamagan tawbasen esine tusireyin degen erjurek arew kalamgerdi jelkelegende ne markadam tappakxe kazak sote? ana awdannan kelgen jalgan namasxel kengesxige awzenga kelgendi ottamay awlak jur dew kerek. baska jerde{mangka kazak} dep kandastarde kan kaksatep jurgeni azday,kazak jerinde kazakteng basena xegep tayrangdasa, jetisken ekenbiz kandastar.....

Кімнен: Жұмахмет Қайдан: Талдықорған
24.11.2008 10:37
+0 / -0
Шындықты айта алмай көп жерде мұрнымыздың астынан міңгірлеп жүрміз.Маңқа деген сол емес пе?

Кімнен: Журналист Қайдан: Қазақ жері
24.11.2008 10:49
+0 / -0
Жалпы Ұйғыр ауданы деген атауды мүлде өзгерту керек! Қазақтар мен ұйғырлардың арасы қатты ушығып кеткенін билік те біліп оытр. Ашық айтайын десе, "Ұлт татулығы" деген жалаң ұранына көлеңке түсіп қалмақ. Негізгі қазақ ұлты болғандықтан, басқа ұлттар оны сыйлауы керек! Қашанда қазақты тұқырта бергеннен, басқа ұлттардың басбұзарлары осыны біліп алып, әдейі шоқ тастауға көшті. Әсіресе ұйғырлар осы облыстан өздеріне автономия құрып алуды көздеуге кірісті. Онысын ашық та айтып жүр. Сондықтан билік қазақты төмпештей бермей, болашақты ойлап, сақтыққа көшуі керек!

Кімнен: Бауыржан
24.11.2008 11:12
+0 / -0
Kazahstanda kazahtan baska sorly xalyk zhok!... kim kinali? arine ozimiz!!!

Кімнен: Арнұр Қайдан: Қарағанды
24.11.2008 11:35
+0 / -0
Шындығына келгенде бұл енді тіптен аяққа тұсамыс салу.Бұндай тек Қазақстанда ғана болады.Мынау масқара емеспе..?Әйтеуір халық ашынбаса болыпты.....егер осылай бола берсе арты насырға шауып жүрмесін...қашанға шыдауға болад...өз жерімізде тіпті өзгеге тиісуге қорқатын болдыққой...меніңше билік кету керек қой..сонау бірінші адамнан бастап...әйтпесе өзгенің көңілін аулау біздің халықтың дәстүріне айналмасына кім кепіл...50-100 жылдан кейін біздің қара көз ұрпақтарымыз не істемек? Олар бізге аталарымыз ешкімді ұрма соқпа деп айтты деп сол бөтендердің ko..enderi болып кетпесе болды ғой...осыны ойлайтын біреу бар ма? Ағалар-ау...не істеп жатырсыңдар...

Кімнен: Тамерлан
24.11.2008 15:28
+0 / -0
Мынадай қисынсыз жайтты бірінші рет естіп отырмын.Бір қазақ екінші қазақты "маңқа" дегенге ұлтараздық туады деу айдың күнде адасушылық. Ұлт араздығы деген бір ұлтты екінші бір ұлттың кемсітушлігі.Бір ұлттың ішіндегі жанжал ұлт араздығы бола алмайды.Мұндай ақымақшылықты қарап жатқан соттың да деңгейі туралы бірдеңе деп айтудың өзі артық.

Кімнен: Журналист Қайдан: Астана
24.11.2008 17:41
+0 / -0
Мен журналист ретінде Гулжанаттын манка казак дегенімен келіспеймін.Журналистін олай казактарды мазак кылатын соз айтатын жони де кукы да жок. Казактар бірін-бірі манка, мал деп журсе ултты ким сыйлайды.
Журналистік этика сакталмай отырганын мойындау керек. Жане бул журналистин ози таза казак болса,елге жаны ашыса осылай жазады деп ойламаймын.

Кімнен: Yerzhan Қайдан: Almaty
25.11.2008 02:17
+0 / -0
Менде көпшілік пікірімен келісемін. Гүлжанат Шонабайдың ешқандай кінәсі жоқ!

Кімнен: Айдын Олжаев Қайдан: Алматы
25.11.2008 15:40
+0 / -0
"маңқа қазақ" деген сөзде турған ештеме жок. "ұлтараздық" дегенді желеу етіп басқа ұлттардан бұғып отырған биліктің мұнша сорлы екеніне көзім әлдеқашан жеткен.

Кімнен: aidynskyi
25.11.2008 15:45
+0 / -0
маңқа болдық, мінеки....
мұндайда елдегі қисық заңдарды, не тұратын еліңді ауыстыру керек. айтпакшы соңғысы оңайырақ.

Кімнен: aidynskyi
25.11.2008 15:58
+0 / -0
тасжарғанды білмеймін. ол да барлык газет сиякты "әйтеуір біреудін" газеті гой. ал Гүлжанат Шонабайға мундай усак-туйекке мойымау керек.
"Сотка тартылган журналист - жаксы журналист". Жаман журналисті гана ешкім соттамайды. :)

Кімнен: Арыстан Қайдан: Қарағанды
25.11.2008 16:25
+0 / -0
Бұл әдеттегідей БАҚ қысымшылық көрсету.Орыстар айтады "бей своих что бы чужие боялись" деп.Осы журналисті қысу арқылы барлық журналистерге қорқыныш ұялатқылары келеді де.Онсызда біздің Қазақстанда оңған БАҚ жоқ қой.Бұның барлығы сонауууу жоғарыдан емес пе? Біздің Қазақстан бұрынғы КСРО-ғой.(КСРО-Қазақ Сорлыға Рахат Орнамаған)Мүмкін бізге Рахат керек шығар?

Кімнен: ManghanengBirimin Қайдан: Xetel
26.11.2008 10:50
+0 / -0
Men Гүлжанат te holdaymen. "Dos jelatep aytade, duxpan kuldirip aytade" degendey, "mangha" degen sozge namestanewdeng hajeti joh. Hayta oz elingde ozge ultha kelimsekterge hor bolganemezga namestanewemez kerek. Olar hazahha jahseleh isteydi degen'ge oz basem senbeymin. Hazah egemendi bolganen kore almay jurgenderin soz areketterinen-ah bayhawga bolade. Jogardage jornalisting aythanenday, mumkin bolsa Aptomomya hurew aram oylareda joh emes. Sahtangande Sahtayde degen ate sozi ardayim esimizde bolgay...

Кімнен: Гүлжанат Шонабай Қайдан: Алматы
26.11.2008 15:38
+0 / -0
Маған тілектестік білдіріп, қолдаған барша қазаққа мың рахмет! Бірақ, бір нәрсені білсеңіздер екен, "Тасжарғанға" 16 шілде 2008 жылы жарияланған "Малыбайдағы "маңқа қазақ" бейшаралығына күйінеді" атты мақалада қазақты "маңқа" деп мен емес, ұйғырлар айтқан еді. Мен тек соны жаздым. Ұйғырлардың қазақты кемсітіп, басынып айтқан сөзін айналдырып әкеліп маған таңып, "қазақтың ар-намысын қорлады" дегені мүлде ақылға сыймайды. Бұл - жаңылыстыру, қазаққа қарсы жұмыс істейтін билік жандайшаптарының құйтырқы ісі. "Қойға қасқыр шапса, ит семіреді" дегендей, ортада айтақтап жүрген Алтай Досымбаев сияқтылар "маңқа" деген сөздің мағынасын да білмейтін болып шықты. Мақаланы да оқымаған. Оны жіберіп отырған - Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілігі, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, полиция бөлімі осы өңірде талай жылдан бері орын алып келген қылмыстарды жауып-жасырған заңға қайшы әрекеттерін жасыру үшін, Айдын Халықовты өлтіргендерді іздестіру, тергеу амалдарын адастыру үшін ойлап тапқан айласы.

Кімнен: Гүли Қайдан: Шымкент
26.11.2008 18:19
+0 / -0
Ең алдымен осы "маңқа" сөзінің қалай жазылғанына, қандай ойда жазылғанына мән беру керек қой. Тілші тырнақшаға алып жазып отыр. Қазақ тілінің ережесі бойынша тырнақша ішіндегі сөз өзгенің немесе мәні өзгерген сөзді білдірмей ме? Не болып барамыз өзі, өз қазағын ұйғырдан арашалаған қызға сонша шүйлігіп? Елді қорғауда ерлерден бұрін қыздар намыс жыртатынын тарих әлдеқашан дәлелдеп қойса да, ерлер шіркін мойындар емес. Кешегі ала дорба арқалаған кезде де ауылдапрдағы кез-келген қазақ отбасын қазақ қыздары-әйелдері аштықтан алып қалғанын қалайша ұмытамыз?! Қазіргі саудада дірдектеп жүрген де сол қыздар. Енді әділдік айтқан да сол қызды тағы дүрселеп жатырмыз. Намыс қайда, қазақ? Жалпы өз-өзімізді қорғауды білмей, өзгеге қор болып жүрген де қазақтың осы мінезі ғой. Ұлт болып қашан ұйыр екенбіз? Мына жақта орыс, мына жақта қытай, тағы бір жағыңда өзбек өңмеңдеп жеріңді мысықтабандап басып келе жатқанда, жас қызды дүрселемей, жеріңді, еліңнің тұтастығын қорға, ҚАЗАҚ!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі