Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:05

ӘЛЕМ

Грузиядағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы алудың үміті пайда болды

Еуропалық сот, Грузияны, ата-аналары сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды деп табылған ағайындыларға өтемақы төлеуге міндеттеді. Грузия заңдағы олқылықтарды жойып, советтік қылмыстың мыңдаған құрбандарына өтемақы төлеуі керек.

Мәтін көлемі - +

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҮШІН ЖАУАП БЕРУ

Сталиндік диктатура кезінде олардың отбасылары бастарынан өткерген қуғын-сүргінге байланысты әділеттің салтанат құруын көру үшін ағайынды Клаус және Юрий Киладзелерге 70 жылдан аса күтуге тура келді.

Ақпанның басында Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Грузияны ағайынды Киладзелерге өтемақы беруден бас тартқан істі қайта қарап, олардың әрқайсысына 4 мың еуродан төлеуге міндеттеді.

Еуропалық соттың осы шешіміне байланысты аймақта советтік режимнің қылмыстары туралы және осы қылмыстар үшін кім жауап беруі керек деген мәселе қайта көтерілді. Өзін СССР-дің мұрагерімін деп жариялаған Ресей ме, әлде кезінде Мәскеудің нұсқауымен жұмыс істеген жергілікті үкіметтің мұрагерлері ме?

АТА-АНАСЫН ГУЛАГҚА

Клаус Киладзе оның заңдық жеңісі Грузиядағы өзге де қуғын-сүргін құрбандарына өз үкіметінен өтемақы талап етуге қозғау салады деген үмітте. Атап айтқанда Киладзе былай деді: «Арамызда тірі жүрген қуғын-сүргін құрбандары жоқ шығар. Олардың балалары тірі, әне солар алу керек өтемақыны».

Клаус Киладзе қазір 83 жаста. Оның әкесі сталиндік террор қызып тұрған кезеңде атылып, ал анасы ГУЛАГ-қа тасталған. Олардың Тбилисидегі пәтерін өзге мүліктерімен бірге тәркілеген. Ағайынды Киладзелер еркіндікте қалған туыстарынан ажыратылып, Ресейдегі жетімдер үйіне жіберілген.

Әжелерінің қажымай-талмай ізденуінің арқасында ағайындыларды екі жылдан соң жетімдер үйінен шығарып алуға мүмкіндік туады. Олардың аналары ГУЛАГ-та тірі қалып, Грузияға қайтып келеді. 1950 жылдары, Сталин өлгеннен соң, ол да, марқұм күйеуі де ақталады.

СОТТАРДЫҢ БАС ТАРТУ СЕБЕПТЕРІ

Грузия тәуелсіздік алғаннан кейін сегіз жыл өткен соң, 1998 жылы ағайынды Киладзелердің ата-анасы ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандары деп мойындалды.

2005 жылы Клаус пен Юрий Киладзелер, 1997 жылы Грузияда қабылданған, қуғындалған азаматтарды қорғау туралы заң негізінде моральдық және қаржылық өтемақы талап етіп, сотқа шағым түсірді.

СССР тарқаған соң аймақтағы көптеген елдер коммунистік кезеңмен байланысты проблемаларды шешу мақсатында мұндай заңдарды
Сталинді дәріптеушілер совет көсемінің туған күні қаланың орталық алаңында оның суретін ұстап тұр. Грузия, Гори қаласы, 21 желтоқсан 2009 жыл.
қолдады. Алайда, Грузия соттары өтемақы мөлшерін анықтау үшін қосымша заңдар керек деген себеппен ағайынды Киладзелердің өтінішін қанағаттандырмады.

Бұдан кейін ағайынды Киладзелер француздың Страсбург қаласында орналасқан Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданды.

Еуропалық соттың шешімі Клаус және Юрий Киладзелердің моральдық және қаржылық талап бойынша көптен күткен көңілдерін орнына түсірді.

КӨЗІ ТІРІ КЕЗДЕГІ ӨТЕМАҚЫ

Бұл шешімнің кеңірек мәні бар. Страсбург соты грузин үкіметін жедел түрде заңнамадағы кемшілікті жойып, арнайы заң қабылдауға міндеттеді.

Осылайша, режимнің қарт құрбандарына көзі тірісінде өтемақы алуға мүмкіндік туады. Үкіметтің есептеулері бойынша, мұндай жағдайда
Гори қаласының тұрғыны Сталиннің туған күні оның ескерткіші алдында, совет көсемінің айтып кеткен сөзін еске алып, ұрандатып тұр. Грузия, 21 желтоқсан 2009 жыл.
советтік қылмыстардың құрбандары ретінде бұған құқы бар 16 мың азаматқа Грузияның өтемақы төлеуіне тура келеді.

Грузия әділет министрінің бірінші орынбасары Тина Буржалиани үкімет Страсбург сотының шешімін мойындайды және бұл тек Киладзелер ісіне ғана қатысты болмайды деп мәлімдеді.

МӘСКЕУДІҢ НҰСҚАУЫМЕН

Бұған қоса Тина Буржалиани өтемақы туралы сот шешімінде, Киладзелер отбасын қудалауда Ресейдің рөлінің есепке алынбағандығына қынжылыс білдірді.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімі Грузияда ашу-ыза толқынын тудыруы да мүмкін. Елде Грузия күшпен басып алынған және Ресей советтік қылмыстардың қатысушысы деген пікір кең тараған.

Президент Михаил Саакашвилидің үкіметі Тбилисиде советтік оккупацияның мемлекеттік мұражайын ашып, бұл көзқарастың тереңдей түсуіне өз үлесін қосты. Елде советтік кезеңнің символдары барлық жерден алынуда.

Алайда, Грузияда коммунизм идеясы жолында жасалған жауыздықтар үшін грузиндер де жауапкершілікті бөлісулері керек деп есептейтін көптеген адамдар бар.

Ағайынды Киладзелерге Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымдануларына көмектескен Грузия жас адвокаттар ассоциациясының басшысы Тамар Хидашели де осындай көзқараста.

Тамар Хидашели Грузия – Совет Одағының бір бөлігі болғанын еске салады. Бұйрықтар көбінесе Мәскеуден келгенімен, саяси жазалауларды грузиннің билеуші ортасы іске асырғанын ұмытпау керек деп атап өтеді ол.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
10.02.2010 11:57
+0 / -0
Онда бізде Сәкен Сейпулин сиақты қызылдардың сайасатын ұгіттей жүрып,оларға алданып, құрбан болған жандарда кетеме, жарым қалқы қырылған қазақтардан осындай талмай шағымданатын бір-екі бас қарт шықпағаны, ұкіметтың бұл турасында, болмағанда бір-екі рет мыңқ етып қоймағаны қандай окінішті, қазақстанның тәуелсіздікты ең артынан жариялағаны секілді, қазақтарда бұл жолі ең артынан, басқалар жолды аршып бергесын барып,ойбай,бізде бар болатынбыз деп шыға келмекші ме, ұйат емес пе ?!

Кімнен: Оралган Қайдан: Акмола
10.02.2010 16:50
+0 / -0
Кугын-сургiн курбанарына отемакы толеу керек-ак.алайда сол отемакыны канды саясат жургiзген Кремль оетмей,кан каксап боздактарынан айырылган- бодан халык оздерi толесiн деген кандай адiлдiкке саяды? 50де 50 етiп барлыгын оп-онай шешiп койган бiздiн окiмет курлы миы жок-ау мына соттын.

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Астана қаласы
10.02.2010 17:05
+0 / -0
Өтемақыны төлейтін, сұм саясат жүргізген империя "мұрагерсымақтары "емес пе? Әділдік іздеп барған соттары, сірә Ресейден қорқатын болар. Әйтсе де, Сталиннің өзі грузин емес па еді?

Жалпы, біз қазақтар. Өлі разы болмай, тірі байымас. өтемақыны өндіріп алмасақ та, ресми түрде шындықты шығарып алуымыз керек.

Кімнен: аааааааа Қайдан: тозаққа айналған жерұйық
10.02.2010 18:45
+0 / -0
Егер жазықсыз жапа шеккендердің ұрпағы болсаңдар, немесе аштық құрбандарының ұрапағы болсаңдар құрғақ сөзді қойып, халықаралық сотқа шағым түсірсеңдерші. Ол үшін қатысты мәселелерді айғқтайтын құжат жинаудан бастау керек. біраз жыл кетсе де мейлі. Мәселе ақша өндіріп алуда емес, әділдіктің жеңістік алуында. сотта жеңіп алсаңдар ұрпағым азамат екен деп аруақтар бір қуанып қалады ғой.