Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:14

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Қазақстанда қысым көретініне шағымданған қырғыз мигранттары Бішкекте алаңға шықты

Қазақстанда жұмыс істейтін қырғыз мигранттары Бішкекте наразылық акциясын өткізді. Қазақстанның муниципалды органдары мен полиция сақшыларынан құқай көретіндерін айтқан мигранттар өздерінің құқығын қорғауды қырғыз үкіметінен талап етті.

Мәтін көлемі - +

НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Ақпанның 1-күні Бішкектегі «Ала Тоо» алаңында наразылық ақциясын өткізген жүзге жуық қырғыз мигранттары Қазақстанда қысым көретінін айтты.

Наразылық білдірушілердің дені саудагерлер болды. Өз айтуларынша, соңғы кездері оларға көрші мемлекетте тұрып еңбек ету ауырлап кеткен: қазақ полициясы оларды ұстап алып, уақытша қамауда ұстау орнына отырғызып қояды.

Полиция тарапынан зардап шеккендердің бірі – Меліс атты жігіт Алматыда саудагерлікпен шұғылданады.

– Бізге екінші сорттағы адамдар ретінде қарайды. Қазақ полицейлері барлығына бірдей, жаман қарайды. Жүкті әйел болсын, қартайған әже болсын – барлығына жаман қарайды, – дейді Меліс Азаттык радиосына.

Наразылық білдірушілер ресми Бішкектен қырғыз еңбек мигранттарының құқығын қорғау үшін шара қабылдауды талап етіп отыр. Бұл
Қырғыз еңбек мигранттарының наразылық жиыны. Бішкек, 1 ақпан 2010 жыл.
әрекетті іске асыру үшін олар үкіметке екі апта уақыт берді.

Ал нақты шара қабылданбаған жағдайда олар елге қайта оралып, митинг өткізетіндерін ескертіп отыр. Және де, ондай митингке қатысушылардың саны да көп болады, яғни саудагерлердің қатарына өзге мигранттар да қосылмақ дейді олар.

Азаттық радиосына сұқбат берген Сағындық есімді саудагер Қазақстанда құрылысшы-мигранттардың қалғанын айтты. Бұл жолы Бішкекке тек саудагерлер келді, дейді ол.

– Ол жақта барлығына бірдей қарайды. Бұл мәселе шешілсе жақсы болар еді, себебі, бұл тек маған ғана емес, менің туыстарыма ғана емес, күллі мемлекет мүддесі үшін керек, – дейді Сағындық есімді қырғыз мигранты.

МИГРАНТТАР ЕҢБЕК ЕТУГЕ РҰҚСАТ ҚАҒАЗ АЛЫП БЕРУДІ СҰРАЙДЫ

Биресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 100 мыңға жуық мигранттар жұмыс істейді.

Олардың арасында саудагер, аспазшы, құрылысшы, дихандарды кездестіруге болады. Өз айтуыларынша, былтырдан бері олар қазақ билік өкілдері тарапынан қысымға жиі ұшырай бастаған.

– Біз екі жұма күтеміз. Егер осы уақытта мәселе шешілмесе, біз барлығымыз осында қайтып келеміз. Бізге сауда жасауға рұқсат алып берсін, біз мемлекеттен ақша сұрап отырған жоқпыз, – дейді Арстан Тұрдумаматов деген саудагер.

Бішкектің орталығындағы алаңда наразылық акция өткізгеннен кейін қырғызз еңбек мигранттары Қырғыз елінің жұмыспен қамту және көші-қон істері жөніндегі министрі Айгүл Рысқұловамен кездесті.

Соңынан бұл мекеменің баспасөз хатшысы Роза Даудова министр наразылық білдірушілердің үкіметке қойған талабын жазбаша түрде қабылдап алғанын айтты.

АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУШЫЛАР ДӘРМЕНСІЗ ҚАЛЫП ОТЫР

Қазақстанның адам құқығын қорғау бюросындағылар да елде еңбек мигранттарының құқығы бұзылатындығынан хабардар. Осы бюроның өкілі Виктория Тюленеваның айтуынша, бұрын оларға жиі шағым жасайтын мигранттар соңғы екі жылда бұл жерге келіп көмек сұрауды қойған.

– Қазір олардың жағдайы тым нашарлап кетті, сол себептен олар бізге келмейді. Өйткені, біз оларға айтарлықтай көмек бере алмаймыз. Менің пікірімше, олар бар мәселе тек мемлекет саясаты өзгергенде ғана шешілетінін түсінеді, – дейді Виктория Тюленева.

Сондай-ақ, Виктория Тюленева Қырғызстан мигранттары кешіп отырған жағдай Қазақстанда жүрген Тәжікстан мен Өзбекстан мигранттарының басында да барын айтады.

Қырғыз мигранттары негізінен Алматыда – Қазақстандағы ең үлкен қаладағы сауда орындары мен құрылыстарда еңбек етіп келді. Олар көбінесе Алматы полициясынан жапа шегетіндерін айтып, шағымдануда.

Шетелдік еңбек мигранттарының шағым-өтінішіне орай, Азаттық радиосы Алматы ішкі істер департаментіне хабарласқан еді. Алайда осы мекеменің баспасөз қызметі редакциядан ресми хат жазуды талап етіп, қойған сауалымызға қандай да бір түсінік беруден бас тартты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
02.02.2010 22:37
+0 / -0
Қырғыз ағайындарға қырын қарағанды қою керек. Біздің кей ақымақтар "қырғыз ұстаймыз" деп мақтанатын көрінеді. Біле білсеңіз бұл мақтанбақ түгіл ұяттан өлетін нәрсе ғой. "Қазақ қырғыз бір туған" дегенді сөз жүзінде айта бермей, қиын қыстау кезінде оларға шама келгенше көмектесіп іс жүзінде дәлелдеуіміз керек-ақ. Соңғы кезде, біздердің мақтаншақ, біреуді менсінбейтін, алымсынбайтын, азғантай қалпақ пен қырғыз алдында өзімізді кәдуілгі жоғары санап бәлсінетін, т.с.с. жаман мінездерімізден болып қырғыз, қалпақ ағайындардың бізге деген көңілі көп ортайған, біздер туралы пікірі онша жақсы емес, ана өзбекті қалай сыйлайды, сол дәрежеде бізді сыйлайтын болған. Расында қазақ пен қырғыз ана өзбектермен салыстыратындай өзара алыс халық емес еді ғой. Ал өзбектер болса жартылай фашист Каримовтың кесірінен өзағамыз болудан да қалып бара жатыр. Енді бізге қырғыздан жақын ел жоқ. Тап осы қырғыздарға қатал болмасақ та болар еді, алдымен басқаларды тыйып алайықшы.

Кімнен: boran Қайдан: kz
03.02.2010 00:29
+0 / -0
kirgizdardin shagimdanuga akilary jok
biz oz elimizde bilgenimizdi istaeimiz
ewkimnin aralasuga akisi jok ozbekter bolsin tajikterbolsin

Кімнен: Armandas Қайдан: Almaty
03.02.2010 08:11
+0 / -0
Jaksy bolsyn jaman bolsyn olar Kazakhsha bir taban jakyn. Olarga kyryn karamau kerek. 120 ult barmyz dep masairaimyz goi, solardy jarylkaganda Kyrgyzdy nege jarylkamaska ?


Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
03.02.2010 09:25
+0 / -0
Татқаны бөлек болса да тамыры бір қазақ пен қырғыздың еншісі ешқашан бөлінген емес. Екі ел қашанда бірге болуы керек. Елбасыларымыз осыны басты орынға қойса құба-құп еді. Арыда Күлтегін, беріде Мұстафа Шоқай атамыз айтқандай "Ынтымақ керек, бізге түркі текті халықтардан өзге дос жоқ".

Кімнен: Ара Қайдан: аршалы
03.02.2010 10:05
+0 / -0
95 пайызы моңғұл нәсілді қырғыздардың шу шығаруы орынсыз. бізге келіп напақа тауып жүргендер қырғыздар ғана емес.2 милионнан астам шетелдік, қазақстанда жұмыс жасайды.екі қолға бір еңбек таба алмай жүрген қандастарымыз жүр.жұмыс орындарының бәрінде шетелдік жұмысшылар иемденіп кетті. сонің өзінде де, біздің халқымыз шу шығарған жоқ. бәрінде, бауырына басып отыр. салық төлеуді білмейтін, заңды жұмыс жасамайтын, алаяқтықпен, шегарадан, Қытайдың арзанқол заңсыз тауарларын, кеденнен өткізіп, қазақстанға әкеліп, қыруар пайдаға кенеліп жүрген қырғыздарға сенім артуға болмайды.

Кімнен: Алаштың ұлы Қайдан: Астана
03.02.2010 12:04
+0 / -0
кезінде, Британдық бір саясаткер "Ағылшындардың ешқандай досы жоқ, ағылшындардың мүддесі ғана бар" деген. Қазір қазақстанды жан-жақтан араша талап, ту-талақайын шығарып жатыр.бізден өз мүддесін талап етпеген ел қалдыма? әрине жоқ. тіпті алақандай қырғызың да, өз кеңірдегі үшін шу шығарып, қазақстанға өз талабын қойып, Пішкекті басына көтеріп отыр.2 милионнан асатын шетелдікке, жұмыс берып отырған қазақстанға кім дос деген сұрақ туындайды. біз бәріне далбақтай берсек, мемлекеттілігіміз, заңымыз, тәртібіміз қайда қалады? біз иелік ұқықты мемлекетпіз ғой. қит етсе, Алатаудың ағын суын қызғанатын қырғыздардың қазаққа дос емес екені тарихтан мәлім. жоңғарлармен болған соғыста, қансырап жатқан қазақты, қырғынға ұшыратқан қырғыздар, жау жағадан алғанда,бөрі етектен алғанның кебін кидірген еді. кешегі Хан Кенеге істеген опасыздығы да ел есінен бір сәт кеткен емес. моңғұл нәсілді, тасбауыр халыққа біздің заңымыз ауыр тиіп жатса, өз еліне барып тұрсын.

Кімнен: АЙТБЕК Қайдан: ЖАНАОЗЕН
03.02.2010 19:32
+0 / -0
Алаштын улы дурыс айтып отыр.Олар кiм болыпты бiзге.Акша ушiн келген адамдар олар.Есiрткi тасып,кылмыс жасап талтандап журген осы мигранттар.Колдаудын кажетi жок бауырларым.Оянындар!Кыргыз болмак тугiл баскасы болсын Казакстаннын занына багынбайтындарда мигранттар.Бiз оларды колдаганмен олар ертен бiздi колдамайды.Оларга керегi акша.Казактын болашагын ойландар оданда,кайдагы мигранттардын каткан б...гын жiбiтпей.

Кімнен: Ерсін Қайдан: Қазақия
04.02.2010 00:58
+0 / -0
Алаштың ұлымен толық келісемін. Қазақстанда жүріп тайраңдап жүр, Ресейге барып жұмыс іздеп орыстың ултшыл-фашисттерінің қолынан опат болып жатқандары қаншама, ашынған болса соны айтып неге шуламайды. Оларға мумкін бір-бір уйден беріп астыларына машина беру керек шығар. Рахмет жоқ! Қазақтан момын халық жоқ, әркім келіп қып көрсететін болды ғой.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
04.02.2010 14:07
+0 / -0
Жаманшылық көріп жатса, енді қайтсін. Жалғыз қырғыздар емес, қазақтың жерінде қазақтың полицияларынан қазақтар да жапа шегіп жатыр. Сонда қазақтың жерінен нанын айырып жүргендер, шүкір етіп жүргендер бұларға неге басу айтпайды екен, а?! Әлде қазақтан нанын айырып, күндерін көріп, пайда көргендер тіс жармай пайдасын көріп жүре беріп, разы болмағандары осылай ренжи бермек пе? Болмайды ғой олай, бізге беріп қойғандары бар ма еді. Әрине, қатты айтқаныма ренжімесін қарғыз ағайындар, бұлай болмайды. Қанағат болуы керек.

Кімнен: Таулық Қайдан: Сұлу төр
04.02.2010 14:23
+0 / -0
Қазақстанда талтаңдап жүрген қырғызды көрмедім. Ал қазақтар Қырғызстанда талтаңдап жүр. Асқақтамайық ағайын, қырғыздар жетіскенінен митинг құрып жүрген жоқ, күндерүн көре алмағандықтан далбасалап өштерін өз өкіметінен алмақшы. Хан Кенеден кейін де талай уақыт өткен, ашаршылық кезінде талай қазаққа пана болып, шеттетпеген қырғыздың күні бүгін бізге қарап тұрғанда, кеудесін басқанымыз әділдік емес.

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана қаласы
04.02.2010 18:04
+0 / -0
Таулық бауырым, буынсыз жерден пышақ ұрмасын. Кімді кінәлаймыз? Қырғызды ма, қазақты ма? Қазақтың қай жері оңып тұр? Қырғыздың қай жері оңып тұр? Бұл жерде кінәлі "талтаңдағыштар" жапа шекпейді, соны біл! Жапа шегетін, сондағы қырғызға күні қарағанда, "кеудеден итеру" сонда болады. Әрине, кетесің шарасыз. Біреу үшін біреу жапа шегу заңдылық болғанымен, дұрыс па? Қырғыздарға қане қазақтар күн көрсетпей жатқаны? Жоқ, бұлай болмайды. Бұндайда қырғыздарды мүлде шекарадан аттап бастырмау керек! Әрине, міне ағат кетіп отырмын. Қатал көзбен қарап отырмын, себебі олар қазақтың жақсылығын айта алмады. Мына тақырыпты қара: "Қазақстанда қысым көретініне шағымданған қырғыз мигранттары Бішкекте алаңға шықты". Сондағысы, жалпы ұлттан жалпы ұлт жапа шегіп жатыр ма? Жоқ. Маған тақырып та ұнамайды. Ұсақ-түйекті қопарып, Хан Кене заманында ол сатты, аштықта ол көмектесті деп отырсақ, қай сасқанымыз? Өткен күн қазіргіні шеше ала ма? Кім не таппақ? Өткенді қопарғыш болсаңдар, қазаққа қасірет әкелген орыстарды неге геноцид жасағандарын мойындатпаймыз? Неге елде тайраңдап жүрген "арамтамақтарды" құртпаймыз? Хех... Тышқанға өлім керек, мысыққа ойын керек деген осы болар. Бұл - өмір. Заман солай. Халық - жалмауыз. Бірі бірінің аузынан бірі жырып тамақтанып отырған кез. Сонда, битке өкпелеймін деп, итке тондарыңды тастамасаңдар болғаны, ағайын. Қырғыздарды ағайын деп сыйлаймыз.

Кімнен: Серікболат Сапарұлы Қайдан: Екібастұз
05.02.2010 11:44
+0 / -0
Қырғыздар өздері өз жерлерінде қазақтарға тисесіңдер. Дұрыс өмір сүргілерің келсе,өтініш жазып бізге қосылыңдар Қырғыз облысы болып.Сендерге жақсы болады сонда. Давайте солай етіңдер.Әйтпесе кедейшіліктен құтылмайсыңдар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.02.2010 20:57
+0 / -0
қазақта мақал бар жаман жақнна зор деген, қазаққа қауыпкелсе озгеден келеді қрғыздан емес