Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:14

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Дінді желеу етіп тоқал алу дәстүрлі құндылықтарға теріс әсер етуде

Көп әйел алу қоғамда жаңа проблемалардың туындауына түрткі болды. Діни жоралғы бойынша молда қиятын некенің мемлекет үшін заңды күші жоқ. Қырғызстанда осындай проблемамен дағдарыс орталықтарының көмегіне жүгінетін әйелдердің қатары көбеюде.

Мәтін көлемі - +

БӘЙБІШЕ МЕН ТОҚАЛ

Неке институты негізінен ерлі-зайыптылардың жұбайлық өмірі берік және жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған деп саналады. Бірақ Орталық Азиядағы шариғатқа мойынсұнған мұсылмандар арасында көбейіп отырған көп әйел алу мәселесі ұзақ жылдардан қалыптасқан отбасылық өмірді өзгертіп жатыр. Бұл үдеріс аймақтағы көптеген әйелдерге теріс әсер етуде.

Қырғызстан астанасы Бішкекте тұратын 58 жастағы Айнагүлдің 4 баласы мен бірнеше немересі бар. Ол осыдан 34 жыл бұрын тұрмыс құрған. Совет дәуірі кезінде менеджер болып жұмыс істеген оның күйеуі өз бизнесін бастап, діндар мұсылманға айналған.

Бірақ Айнагүлдің отбасылық өмірі осыдан екі жыл бұрын күрт өзгерді. Оның күйеуі үйіне келмейтінді шығарды, кейде тіпті 10 күн бойы жоғалып кететін. Айнагүл күйеуінен қайда болдың деп сұрағанда ол үн қатпайтын. Бірақ кейінірек ол өзінің екінші әйелге үйленгенін мойындады.

«Менің күйеуім иманы бар кісі. Ол күніне бес рет намаз оқиды, шариғат заңдарына бағынады. Ол қажылыққа да барып келген. Бірақ кейін
Менен рұқсат сұрамастан өз балаларымен жасты екінші әйел алды. Оның айтуынша, олардың некесін молда қиыпты...
ол маған айтпастан, менен рұқсат сұрамастан өз балаларымен жасты екінші әйел алды. Оның айтуынша, олардың некесін молда қиыпты. Осындай нәрсені сіз діндар адамнан күтесіз бе?» - деді Айнагүл.

Ислам бойынша неке қию қазіргі кезде Орталық Азияда кеңінен таралған. Бірақ некенің бұл түрі заң жүзінде әйелдерге қорғау бола алмайтындықтан, қоғамда оның кері әсері сезілуде.

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖӘРДЕМІ

Айнагүл күйеуінің екінші әйел алғанын балалары мен достарынан және туыстарынан жасырып отыр. Себебі, бұл жаңалық оған төбесінен жай түскендей әсер етті. Айнагүлдің ұйқысы қашып, жүйке дертімен ауыра бастады.

Айнагүлдің қолдары дірілдей бастағанын көрген оның сіңлісі әпкесін Бішкектегі «Сезім» деп аталатын әйелдердің дағдарыс орталығына
Бүбүсара Рысқұлова, Бішкектегі «Сезім» әйелдер дағдарыс орталығының директоры.
алып барған.

Аталмыш орталықтың директоры Бүбүсара Рысқұлова Қырғызстандағы әйелдердің құқықтарын қорғаушы жетекші белсенділердің бірі. Оның айтуынша, Айнагүл сияқты көптеген әйелдер қазір психолог мамандардың көмегіне сүйенуде.

«Мұндай жағдайда біз былай жаса, олай жаса деп айта алмаймыз. Біз тек олармен сөйлесіп, өз өмірлерін талдауға және болашаққа ұмтылуға көмектесеміз. Айнагүл бізге келген кезінде өте ауыр жағдайда болған еді. Ол ұйықтап жатқан күйеуіне ыстық су құйып жібергісі келгендігін айтты. Ол күйеуін жек көре бастаған. Оның қолдары дірілдеп, «былай өмір сүргенше, өлгенім жақсы» деп айта беретін», - дейді Бүбүсара Рысқұлова.

Айнагүлдің Бішкектегі орталыққа келгеніне бірнеше ай болды. Эмоциялық тұрғыдан оның жағдайы сәл жақсара бастағандай. Бірақ күйеуінің әрекеттері Айнагүлдің өміріндегі басқа да өзгерістерге түрткі болды.

Әрбір айының жартысын Айнагүлмен бірге бір үйде тұрса да, оның күйеуі оған ақша беруді тоқтатты. Өмірінің басым бөлігін бала-шағасын тәрбиелеумен өткізген Айнагүл енді 60 жасқа таяп қалған кезінде жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр.

ТОҚАЛ БОЛУДЫҢ ТҮЙІТКІЛДЕРІ

Қырғызстанның зайырлы заңдары ресми түрде көп әйел алушылыққа тыйым салады. Бірақ Совет одағы ыдыраған соң бұл елде ислам дінін ұстанатындар көбейіп, қырғыз ер-азаматтары өз мүмкіндіктерінен пайдаланып көп әйел алып жатыр дейді Бүбүсара Рысқұлова. Оның айтуынша, бұл үдеріс отбасылық өмірге қатты әсер етуде.

Бұл өзгерістер тек ер адамдарға ғана қатысты емес. Елдегі жас қыз-келіншектер жағдайы жақсы ер адамдармен неке құруды қалайды себебі, олардың тоқал болудан басқа таңдауы жоқ дейді Бүбүсара Рысқұлова. Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтарға байланысты мыңдаған қырғыз ер-азаматтары шетелде жұмыс іздеуге мәжбүр. Осының нәтижесінде қыз-келіншектердің тұрмыс құру мүмкіндіктері одан сайын азайып отыр.

Мәселен, 27 жастағы Гүлнара Бішкекте білім алып, ірі компанияға жұмысқа орналасқан қыздардың бірі. Осыдан 3 жыл бұрын Гүлнара бұрынғы бастығымен некеден өтіп, оның екінші әйелі болды. Қазір Гүлнараның 2 жастағы ұлы бар.

Гүлнараның анасы Қайыргүл «Сезім» орталығына қайрылып, күйеуінің ашуынан қорқып, басқаларға өз проблемаралын айтқысы келмейтін қызына көмектесуді сұрады. Қайыргүлдің айтуынша, оның қызы жиі сарыуайымға салынады екен.

«Олардың некесі заңды түрде тіркелмеген. Егер ол күйеуінен кетіп қалса, күйеуінің түгі де кетпейді. Менің қызым ұлымен бірге күйеуі
Олардың некесі заңды түрде тіркелмеген. Егер ол күйеуінен кетіп қалса, күйеуінің түгі де кетпейді.
алып берген пәтерде тұрады. Оның күйеуі қалаған кезінде келіп-кетіп тұрады. Қызым әлгі пәтерде өзін түрмеде отырғандай сезінеді. Ол кешке еш жерге шықпайтын болған, достарымен көріспейді. Күнде кешке ол баласымен үйде отырады. Мереке күндері қызыммен хабаралассам, ол маған: «әрине, үйдемін, теледидар көріп отырмын. Басқа не істеуім керек?» деп жауап береді. Осыдан кейін менің жүрегім ауырады», - дейді Қайыргүл.

Ислам бойынша мұсылман ер азаматтарға 4 әйелге дейін алуына болады, бірақ ол үшін олар бірінші әйелінен рұқсат алуы тиіс және барлық
Молда Әбдішүкір Нарматов.
әйелдері мен балаларына бірдей жағдай жасап беруі керек. Алайда, Қырғызстанда шариғат бойынша қиылған некенің заңды негізі жоқ. Сондықтан ерлі-зайыптылар ажырасқанда немесе күйеуі қаза тапса, әлгіндей некедегі әйелі мен балалары қолдаусыз қалады.

Қырғызстандағы беделді діни тұлғалардың бірі, Мысырда оқыған молда Әбдішүкір Нарматов шариғат бойынша некеге отыру жайлы өз ойын былай айтады:

«Исламда ер азаматтар екі, үш немесе төрт әйел алуға міндетті емес. Мұсылман ер кісі тек салмақты себебі болса ғана, мәселен, оның әйелі ауырса немесе бала көтере алмаса және сол сияқты басқа да маңызды себебі болса, үйіне басқа әйелді алып келе алады. Бірақ, ер адам бірінші әйелінен рұқсат алуға міндетті емес. Қандай әйел бұған келісімін береді?»

ПОЛИГАМИЯ  ҚҰРБАНДАРЫ

«Сезім» мен басқа да дағдарыс орталықтары Қырғызстанда жедел көмек сұрап жатқан әйелдердің саны өсіп бара жатқанын айтып отыр. Өткен жылы олардың саны 40 пайызға өскен. Бұл әйелдердің жартысынан астамы көп әйел алушылар мен қыз ұрлаушылардың құрбандары.

Дағдарыс орталықтарының өкілдері наурыздың 6-да Бішкекте жиын өткізіп, 2009 жылы елде көмек сұрап келген әйелдердің саны 8 мыңнан асты деп мәлімдеді.

Бүбүсара Рысқұлова Қырғызстандағы мұсылман ұйымдары ислам бойынша әйелдерге пайдалы болатын аспектілерге көбірек назар аударады деп үміттенетінін айтып отыр.

«Құдайға сенім деген өте жақсы нәрсе. Бірақ, өкінішке қарай, молдаларымыздың білімі төмен болуы әйелдерге теріс әсер етуде», - дейді Бүбүсара Рысқұлова.

Бұл пікірге молда Әбдішүкір Нарматов та ішінара қосылып, мойындап отыр. «Өкінішке қарай, білімі төмен болған кейбір молдалар өзі некесін қиған отбасылардың алдында жауапкершіліктерін сезінбейді. Кейбір молдалар өздерінен не сұраса да орындай береді. Бірақ тек осыларға бола барлық молдалар туралы біржақты пікір қалыптаспауы керек», - дейді Әбдішүкір Нарматов.

(Бұл мақаланы әзірлеуге «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Қырғыз редакциясының тілшісі Элеонора Мамбетшакирова үлес қосты.)



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: нұрлан
11.03.2010 12:30
+0 / -0
Ешкімді де ешкім зорлап, күштеп алып жатқан жоқ қой әйтеуір. Бұл - байлардың ісі. Екінші, үшінші әйел алу, яғни нақсүйер ұстау, ойнас жасау деген барлық елдерде де, батыста да, шығыста да бар. Тоқал алу - басқа әйелмен ойнас жасағаннан гөрі дұрыстау шығар.

Кімнен: Muslim
11.03.2010 15:22
+0 / -0
"Қырғызстанда шариғат бойынша қиылған некенің заңды негізі жоқ. Сондықтан ерлі-зайыптылар ажырасқанда немесе күйеуі қаза тапса, әлгіндей некедегі әйелі мен балалары қолдаусыз қалады."

Сонда шариғат бойынша қиылған некені не үшін заңдастыруға болмайды? Зайырлы мемлекетпіз дейсіздер ме? - Мысал үшін, Үндістан Республикасында, өздеріміз сияқты зайырлы мемлекет болғанымен, хиндулар, мұсылмандар мен христиандар үшін үш бөлек неке-жанұя кодексі қатарынан жүреді. Шынымен де, ойнас қылғаннан гөрі екінші әйел алған жақсы емес пе?

Кімнен: Жаңбыр Қайдан: Аспан
11.03.2010 15:35
+0 / -0
Мен осы адамдарды түмінбеймін. Әзір күйдім, сүйдім деп үйленіп алады, сосын дәм-тұзымыз жараспады деген оп-оңай желеумен ажырасып жатады. Сонда сендердің сезімдерің сезім, дәм-тұздарың жоғары орында тұрғанда ешқандай кінәсі жоқ сәбилердің сезімдерін кім ойлайды??? Сұмырайлар !!! Соншама әйел құмар болып туған қуларды бір жәйлі ететін мекеме құрылса мен бастық болуға дайынмын!!!

Кімнен: Сәке Қайдан: Осы Алматы
11.03.2010 15:45
+0 / -0
Байшыкештер ойына келгенін істейді ерік берсең. Одан да заң керек закун керек. Рұқсат етілгенін қолдаймын, ал бірақ мұны реттеп отырмаса тағы болмас, қазақ байыса қатын алады дейді, сондықтан бұл істе ықтияр болу керек.

Кімнен: Назар
12.03.2010 02:15
+0 / -0
Менің әкем де екі әйел алған кісі. Балалары екінші әйелінен. Бірақ біз үлкен шешемізді өзімізді туған анадан да жақсы көріп өстік. Ол кісі де біз үшін шырылдап жанын беретін. Екеуі апалы-сіңлідей болды. Кіші шешеміз әкеміз бен үлкен шешемізге олар өмірден қайтқанша тек сіз деп айтты. Туған шешеміз, құдайға шүкір, қазір арамызда. Өзі әкемізден 26 жас кіші болды. Әкем 69 жасқа келгенде ең кенже баласы өмірге келді. Қазір шешесін бағып отыр. Кіші шешеміз 12 бала тапты. Үлкен шешемізді біз ешқашан ұмыта алмаймыз. Оны өгейсіну тіпті миымызға да кірген емес. Олардың соғыстан кейін ажырасқан қағазын көргенмін. (Бізге көрсетпесе де). Бірақ ол кісілер "Бұл дін бойынша" деп, оған дінді, Құдайды шатастырып күнәға батпайтын. Алла саған ақылды не үшін берген? Осы адами мәселе бойынша "өз мәселеңді өзің шеш" деп емес пе? Егер хайуан болсаң бір сәрі... Оған діннің қандай қатысы бар? Дұрыс шеше алмайсың ба, онда артты қысып тыныш жүр. Қазіргі әйелдердің осы мәселеден соншалықты трагедия жасайтынына түсінбеймін. Күйеуін жекеменшік зат деп санауға үйренген. Күйеуінде сезім, толқу деген қасиеттер мүлде жоқ болса, ғашық болудан мақұрым болса - ондай темір жүрек сізге не керек? Ер азаматтың өзі қартейсе де көңілі қартаймайтынын әйелі болып түсінуіңіз, сондай бір кездің келетінін ұғуыңыз қажет қой, егер ақылыңыз бен сабырыңыз тең келген керемет әйел болсаңыз. Ал, ондай әйелден ешқандай еркек небір жас қызды көрсе де қашпайтынын тағы ескеріңіз. Сонда мәселе қайда деп ойлайсыз. Мәселе - жүректе! Оның кеңдігінде! Сіз ақылды болсаңыз күйеуіңізді алдыңызда екінші әйелімен, олардың бала шағасымен қосып жорғалататын боласыз! Шамамен... менің үлкен шешем сияқты. Өз шешем де ол кісіге сай боп шықты, тәрбиесін алды, бір шәй дескен жоқ. Кәні кім ұтты бұдан, кім ұтылды. Меніңше Тәңірдің жіберген реті солай болғанын мойындасаңыз, мына мақалада жазылғандай ақыл-есіңіз ауысқанша ауырып күйзелмейсіз. Болмаса, алпысқа келгенде 18 дегі қыздай майыса беретін боласыз!..
Ал өзімнің болса, он әйел алуға мүмкін болған заман туғанына қарамастан, алғым келмейді. Бала шағаны өсіру деген іске жауапты қарау керек. Ал ондай тәрбиені мен үлкен шешемнен алдым.