Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:14

ӘЛЕУМЕТ

Леңгірде жерленген жапон азаматтарының сүйектерін Отанына қайтару өтемақыға тіреліп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір қаласындағы Мамед Алиевтің отбасы жарты ғасырдан бері жапон әскери тұтқындары зиратының үстінде салынған үйде тұрып жатыр. Марқұмдардың сүйектерін Отанына қайтару өтемақыға тіреліп тұр.

Сталиндік саясат пәрменімен 1944 жылы Грузиядан Қазақстанға жер аударылған түрік ұлтының өкілі Мамед Алиев. Леңгір қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, маусым, 2010 жыл.
x
Сталиндік саясат пәрменімен 1944 жылы Грузиядан Қазақстанға жер аударылған түрік ұлтының өкілі Мамед Алиев. Леңгір қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, маусым, 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

ЕКЕУАРА КЕЗДЕСУ


Екінші дүниежүзілік соғыстан соң совет елінде тұтқында ұсталып, осында көз жұмған жапон азаматтарының сүйегі жатқан жердің үстінде тұрған үй егесі Мамед Алиев өз отбасына Жапон үкіметінің өтемақы төлеуіне қол жеткізбек ниетте.

Жақында Қазақстандағы Жапония елшілігінің өкілі Катамато Масахиро Леңгірдегі Алиевтер отбасына арнайы келіп қайтты. Отағасымен екеуара жеке сөйлесіп шыққан шетелдік дипломат Азаттық радиосының тілшісіне өзінің сапары туралы қысқа ғана айтты.

– Мен мұнда өз отандастарымның әруағын құрметтеп, зиратты сақтап келгені үшін Алиев мырзаға алғысымды айту үшін келдім.
Мамед Алиев (сол жақта) Жапон елшілігінің өкілі Катамото Масахиромен сөйлесіп отыр. Леңгір қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, маусым, 2010 жыл.
Мен Алиев мырзамен кездесіп, Жапония министрлігімен арадағы ынтымақтастық келіссөздер жайлы сөйлестім. Мақсатым осы. Алиев мырзамен келісімге келеміз деген үміттеміз. Бұл жайттың бүге-шігесін айта алмаймын, – деді Жапония елшілігінің өкілі Катамато Масахиро.

Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Мамед Алиев өзіне жапон дипломаты қалдырған хатты көрсетті. Қазақстандағы Жапония елшілігінің кеңесшісі Хироюки Имасахи мырзаның қолы қойылған құжатта Жапон елі Леңгірде жерленген сарбаздардың сүйегін алып кетуге әзір екені, бірақ жер иесіне өтемақы төленбейтіндігі жайлы жазылыпты.

Егер Алиевтер отбасы өз келісімін берсе, жапондар үй аумағын адам сүйектерінен арылтуға әзір. Жапон ғалымдары сараптама жұмыстары жүргізіп, бұл жерде жерленгендер шынымен жапон әскерилері екендігі дәлелденсе, олардың сүйектерін Отандарына қайтарып алмақ.

Алайда Мамед Алиев жапондардың бұндай шартына үзілді-кесілді қарсы. Қария жапондар осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын өзіне берген уәдесінде тұрмаса, оқыс қадамға барамын деп ескертеді.

ҚОРАПТАҒЫ СҮЙЕКТЕР

Алиевтер отбасы 1944 жылы репрессияға ұшырап Грузиядан Қазақстанға жер аударылған кезде Мамед 13 жаста болған екен. Олар
Жапон тұтқындарының сүйегі салынған қорап 1960 жылдары Леңгірдегі Алиевтер үйіндегі жерқойманы қазған кезде шыққан.
мұнда Леңгір қаласына қоныстанады. Ал Мамед ер жетіп, шаңырақ көтерген соң 1959 жылы жергілікті биліктің көмегімен қазіргі Төле би ауданынан жер алып, үй тұрғызады.

Сол үйінің астынан жерқойма қазбақ болған кезде ойламаған жерден белгісіз ағаш қорапқа тап болады.

– Өзім түсінбей қалдым. Күрегім қатты бір затқа тиді. Ағаш жәшікті ашып қарасам іші тола адамның сүйегі. Төбе шашым тік тұрды. Қорыққанымнан қайтадан көміп, сыртын бетондап тастадым. Үйдегілерге айтуға батылым бармады. Жер аударылып келген түрікті кім тыңдайды деп, ешкімге айтпадым. Содан 28 жыл тіс жармадым, – дейді Мамед Алиев.

ЛЕҢГІРДЕГІ ЖАПОН ТҰТҚЫНДАРЫ

Үй астынан табылған белгісіз сүйектердің сыры Алиевтерге тек 1987 жылы бір-ақ ашылады. Сол жылы ойламаған жерден алыстағы Жапония елінен келген бір топ қонақ осы үй мен бақшаның орнында кезінде совет тұтқынында болған жапон әскерилерінің зираты болғанын жеткізеді.

Қонақтардың айтуынша, соғыс тұтқындары 1946 жылы осы аумақта зауыт соғып, көмір өндіріпті. Леңгір лагерінде нақты қанша жапон тұтқыны болғаны белгісіз. Тарихи жазбаларға жүгінген шетелдіктер қара жұмысқа салынып, аштық пен азаптан көз жұмған 24 жапон азаматы осы жерде жерленген дейді.

Бұл жаңалықты естігенде Алиевтер отбасы төбелерінен жай түскендей сезімде болыпты.

– Жапон делегациясының құрамында кезінде осы жерде тұтқында отырғандар мен үйімнің астында жерленген сарбаздың ұлы болды. Олар бұл жерде сүйектер жатқандықтан, ешқандай құрылыс салмауымды қолқалап сұрады. Жерімді толық сатып алып, адам сүйектерінің қалдықтарын алып кететіндерін, ал бұл жерге мұражай салмақ ойлары барын айтты. Содан кейін де талай рет келіп, қазба жұмыстарын жүргізіп, сүйектен сараптама жасаймыз деген, – дейді Мамед ақсақал.

ОРЫНДАЛМАҒАН УӘДЕ

Содан бері бақандай 23 жыл өтсе де Алиевтер отбасы әлі күнге сол орында отыр. Отағасы жапондарға берген уәдесінде тұрып, салып жатқан үйінің құрылысын тоқтатып, өзге ештеңе тұрғызбағанын, талай жылдар бойы мол жеміс беріп келген бақшадағы ағаштарды да түгелдей отап тастағанын айтады. Оған дейін қолда біраз түлік ұстаған қария мал қорасын да қопарып тастапты.

Бірақ осы өткен уақыт ішінде отбасының берекесі қашады, шаңырағында жеті баладан қалған үш ұл мен келін-немерелері бұл үйде тұруды қаламай жеке отау шығып кетеді. Өзгені қойып тіпті көрші-қолаңға дейін бұл шаңыраққа сирек бас сұғатынын қария қынжыла отырып әңгімеледі. Ол өз отбасындағы жайсыздықтың бәрін осында жатқан сүйектермен байланыстырады.

– Мен 23 жылдан бері құрғақ уәде мен үнсіздіктен тойдым. Кезінде осы жерде қанша адам жерленгені жайлы мұрағаттан алынған құжаттарын қалдырды. Нәтиже жоқ. Қазба жұмыстарын жүргізгенде үйдің шеті қирап қалды. Бұл өмірде шындық бар ма? Егер маған осыған дейін «үйің үшін өтемақы береміз» демесе бір жөн. Солардың сөзіне сеніп келдім ғой. Мен біреудің қателігі үшін өмір бойы азап шегіп келем. Сталиндік репрессиядан басталған азап, 50 жыл адам сүйегінің үстіндегі өмірмен жалғасты. Өтемақы бермесе, ешқандай сүйекті көрмейді. Үй де, жер де өзімдікі. Мен өз қалағанымды жасаймын. Егер маған өтемақы төлеуге келіспесе, адам жанын түршіктіретіндей іске барамын, – деген Мамед Алиев қандай іске бармақ екендігін ашып айтпады.

Жергілікті билік азамат Мамед Алиев пен оның жапондарға талабы туралы даулы мәселені екі тараптың арасындағы жеке шаруа деп
Леңгір қаласы әкімі аппаратының инспекторы Вера Покрова. Төле би ауданы, ОҚО, маусым, 2010 жыл.
қарайды.

– Жапондардың делегациясы талай рет келді. Біз оларға барынша көмек беріп келеміз. Қазба жұмыстарын жүргізгенде де жанында болдым. Бірақ Алиев жергілікті әкімшілікке көмек сұрап келген емес. Жер оның жеке иелігінде, ал жекеменшік иесіне бұйыруға биліктің құқы жоқ, – деді Төле би ауданы Леңгір қаласы әкімі аппаратының инспекторы Вера Покрова Азаттық тілшісіне.

Ал Мамед Алиев болса енді сотқа арыз дайындауға қамданып жатыр. Алайда қария кіммен соттасарын әзірге өзі де білмейді.

– Маған артық ақшаның қажеті жоқ. Алла деп жүрген адамның бірімін. Тек осы уақытқа көрген азап өмірім үшін жаным ауырады. Жасым 80-нен асты. Мен көрген азапты ешкімнің басына салмасын деймін. Мен өз дегеніме жетпей қоймаймын. Тіпті өзімнің ғұмырым жетпесе, артымдағы ұрпағыма аманат етіп кетемін, – дейді ақсақал.

Қазір Мамед Алиев жарты ғасырдан бері адам сүйегінің үстінде өмір сүрген уақытында отбасы шеккен зардап көлемін анықтау үшін сарапшыларға төленетін қаражат іздестіруге кірісті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақия Қайдан: Qazaqya
25.06.2010 16:30
+0 / -0
Ақсақал-ау,ашты болса да шындықты айтайын,бұл жер сенікі емес,жер менікі дегенің бекер сөз,бұл жер,алдымен Алланікі,сосын,Қазақтікі.Сен босқын болып,Қазақ жеріне ауып келгеніңде,жер арқалап келген емессің,орыс сені бостырды,Сталинде кегің болса,оны айт,жер қазақтікі,сен сонда,өз аштығына қарамай,сендерді барымен бөлісіп аман алып қалған қазақтың дарқандығына алғыс айт.....
Пікір алмасу

Кімнен: маниБЕК
25.06.2010 17:23
+0 / -0
Сен ол ақсақалдың шын ниетін қайдан білдің, "жер менікі, жер менікі" деп өзіңде жоқ үшін шыжыңдай бергенше, қазақ, білім алып, байып, сол жерді өзің сатып алмайсың ба!

Кімнен: Мурат Қайдан: қазақ даласы
25.06.2010 18:15
+0 / -0
бул тұрікті қап тауынан асыпыр қаидан келген болса сол жаққа қаита жер аударып жіберіү керек! себебі :сүиек бул түрік сол жерге үи салудан бурын жерленген.екіншіден жер қазақтікі,түрік сырттан жер аударылып келген.муны өзі аитып отыр,тағы шімшрікпестен арадан ақша жасамақшы,тағы иуалмастан өзін мусылманмын деиді.....

Кімнен: Ерка Қайдан: Алматы
26.06.2010 11:16
+0 / -0
Мынау туригин озин мұсылманмын деп қояды. шын мұсылман баласы байлыққа журегін байлап, отбасына аруақты таптатып, оның зардабын шеккізбейді. арине байлықтың қорлығынан аруақтын атқаны жаман емес пе? о заман да бұ заман сонша жыл моланың үстінде өмір сүрген мұсылмандығына болайын. Жапоннан мол ақша алып байлыққа батып қаламын деп отырған болар.
Пікір алмасу

Кімнен: Түйеші
26.06.2010 14:58
+0 / -0
Жапондарда ақша көп, бейшара шалға өтемақы төлесе өліп кетпейді. Шамасы ол жапондықтарды жапондар тым қадірлеп отырмаған секілді. Ал жер менікі дегені заңдық тұрғыда дұрыс қой! Қазақстанда Қазақстанның жері жоқ! Бұл ашшы шындық! Жер туралы заң Қазақстанның жерін жекелестіріп жіберді. Сондықтан кім сатып алса жер сонікі, АЛ қазақстан тек ат қана! Содан ғой, қытайлар жер сатып беріңдер деп қыңқылдап жатқаны. Біздің есуас, арсыз билігіміз жер туралы заңды жасағанда тарихи қиянатқа барды, заманауи білімнен де қабарсыз болды, еш елде жер жеке меншік емес, Жердің иесі мемлекет, ал жекелер пәлен жылға пайдалануға алады. Ал бізде керісі! Содан ғой, әлемде 9 орындағы алып територияда, 15 миллион халық жер жетпей, баспана таппай, сандалып, сенделіп жүргені. Ал жер туралы заң байларды тіпті де байытты, кедейлерді тақырға айналдырды. Қазақ жерінің қазақстанна сыртқа сатылуына дейін жол ашып берді! Кезектегі қазақ билігі Қазақ тарихындағы ең сұрқия, ең топас, ең арсыз билік болып отыр! Маған қарсы уәждерің бар ма, мәңгүрттің тұқымдары???
"Осы сөздерім өтірік пе!" (Күлтегін жазуы)

Кімнен: Тілекші Қайдан: Қазақ елі
26.06.2010 19:41
+0 / -0
Ақсақал-ау, ойлансаншы... Барінен де өлі рухқа обал ғой. Қазақ болса осыны істемес едің. Сосын сен бізге, қазақтарға жаманат әкеліп отырсың ғой, қайдан білсін жапондар сенің түрік екеніңді, шүршіт екеніңді, қасқа болған қазақтан көреді ғой Қазақстандікі деген соң. Адамның жанына тимей сүйектерді қайтар, басқа басынғандарың да жетер, келімсектер.....

Кімнен: Сары қазақ Қайдан: Сыр
27.06.2010 10:37
+0 / -0
Мына шалдыкі мұсылман баласының тірлігі емес қой.Сүйек саудалағаны қай сасқаны КӘПІРДІҢ!

Кімнен: Алтын
01.07.2010 22:47
+0 / -0
Ұлтқа бөлінбей, бұл кісіге тек қарт ақақал ретінде қарауға болмай ма? не деген қатыгездік!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.07.2010 19:24
+0 / -0
Дұрыс қанша жыл күткен еңбегі бар ғой ақшаны талап ету керек. жапондықтар нағыз жадный екенін елге көрсетті тағы да