Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Әлем

Ұланбатырда Моңғолия қазақтары кіші құрылтайға жиналды

Ұланбатырдың сыртындағы дала. Шілде, 2006 ж.

27.06.2009
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Маусымның 27-і күні Ұланбатырда басталған Моңғолиядағы қазақтардың кіші құрылтайына, ұйымдастырушылардың айтуынша, сол елдің қазақтар тұратын аймақтарымен бірге Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінен қонақтар шақырылған екен.

ҚҰРЫЛТАЙ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ІШКІ ӨЛКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛАДЫ

Ресми есеп бойынша, Моңғолияда 140 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр екен. Соның 40 мыңға жуығы ондағы қазақ ұлттық аймағы Баян-Өлгийден тыс, Моңғолияның ішкі өлкелерінде шоғырланған.

Түркі халықтарының көне дәуірдегі мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші, Моңғолия.
Бұл алқалы жиынға Моңғолияның қазақтар тұратын аймақтарынан 400-дей, Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінен 50-ге жуық қонақ шақырылыпты.

«Ару жұлдыздар» қоғамдық ұйымының жетекшісі және «Арулар» журналының бас редакторы Айнагүл Сарайқызы Моңғолияда тұңғыш
Құрылтайдың басты мақсаты – қазақтың тілін салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалудың амалдарын қарастыру, келешек ұрпаққа ұмыттырмау...
рет өткізіліп отырған бұл кіші құрылтайдың басты мақсаты – қазақтың тілін салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалудың амалдарын қарастыру, келешек ұрпаққа ұмыттырмау екендігін айтады.

Ал, құрылтайды ұйымдастыруға мұрындық болып отырған Қазақстанның Моңғолиядағы елшісінің көмекшісі Данияр Қадыров, Азаттық радиосына, жиынның ғылыми-практикалық конференция негізінде өтетіндігін жеткізді.

– Шеттегі қазақ диаспорасының ішінде Моңғолиядағы қазақтар тілін, дінін сақтап келе жатқан аз ғана топтың бірі. Бұл үрдістің ары қарай да өз жалғасын тауып, қаймағын бұзбай отыра беруіне септігін тигізу үшін, біз мұндағы қазақтарға серпін беруді жөн санап отырмыз. Баян-Өлгий аймағындағы тұрғындардың 97%-ы қазақтар. Олардың өз мектептері, театры және ақпарат құралдары бар. Ал, Ұланбатырда 20 мың, сондай-ақ Дархан, Эрдэнэт, Хэнтий, Налайх және Түнхэл сияқты өндірісті аймақтарда да қазақтың біраз бөлігі тұрады. Құрылтайдың негізгі мақсаты да, осы өлкелерде шашылып жүрген қазақтардың басын қосып, проблемаларын сөз ету, – дейді Данияр Қадыров.

Құрылтайда «Моңғолия қазақтарының саяси-әлеуметтік жағдайы және тілінің мәселелері» атты баяндама тыңдалып, 4 секция бойынша «Тіл, мәдениет, өнер», «Білім, ғылым», «Сауда, экономика» және «Жастардың көзқарасы» секілді тақырыптар қозғалады.

ҰЛАНБАТЫРДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ АШЫЛАДЫ

Құрылтай қарсаңында Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісінің көмекшісі Данияр Қадыров ондағы қазақтардың ұлттық болмысын сақтап қалу мақсатында Моңғолия Мемлекеттік университетінің жанынан Қазақ филологиясы факультетін ашуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
Екі ел басшылары Моңғолияның жоғары оқу орындарының бірінен қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ашу туралы келісім жасаған...


«Былтырғы жылдың тамыз айында, Ұланбатырға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары кезінде, екі елдің президенттері бірқатар іс-шаралар жөнінде келісімге келген болатын. Солардың бірі және бірегейі – Моңғолияның жоғары оқу орындарының бірінен қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ашу туралы келісім.

Соған байланысты, былтырғы жылдың соңында, биылғы жылдың басында Шығыс Қазақстан университетінен бірнеше дүркін делегация келіп, осы мәселені шешуді жолға қойды. Аталған факультет Моңғолияның ең ірі университетінде ашылады деп жоспарланған. Қазір тараптар бірлескен оқу бағдарламасын жасау үстінде», – дейді Данияр Рамазанұлы.

Сондай-ақ, құрылтай қонақтарының ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет көрсету департаментінің лауазымды қызметкерлері де бар. Олар екі ел арасындағы азаматтық істері жөніндегі келісімдер мен көші-қон мәселесі жөніндегі сауалдарға да жауап бермек.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: көксеңгір Қайдан: синиюха
27.06.2009 14:41
Дұрыс. қазақ болып қалу - қазіргі заманда актуальді мәселеге айналып отыр емес пе? Атамекен тарапынан осындай рухани көмектің болғаны дұрыс. Моңғолияның ішкі өлкелерінде тұратын қазақтардың санының өзі Еуропа қазақтарын қосқандағыдан көп. және бұлар біраз жылдан соң моңғолданып кетуі әбден мүмкін.

Кімнен: Асқар Қайдан: Байбесік
27.06.2009 16:26
Моңғолияда өтіп жатқан қазақтардың бұл кіші құрылтайы алғашқы емес бұл осымен екінші құрылтай.Бірінші кіші құрылтай 1997 жылы Баян-Өлгей аймағында өткен.Құрылтай жұмысына сәттілік тілейік!

Кімнен: maqsat Қайдан: ulaanbaatar
28.06.2009 07:47
ulaanbaatar quryltaiy qazaqtardyng maselesi emes nur otan partiyasynyng ugit nasikhatyna ainaldy, bul joninde sultanali balgabaevtan surap bilingder

Кімнен: dinara Қайдан: bayan-olgii
28.06.2009 17:08
maksat ote durus pikir aitti. dyniejyzilik kazaktar kayimdastiging isine elshilikting aralaskani durus emes, kazakting kynin nyr otan paqrtyasi men MHRP PARTYASI joktai almaidi, janede mongolyada tyratin biznes jasap jyrgen eleyli katardagi kazaktardi tolik kamti almagani okinishti ak , elshilikting jildik esebi otshet bayandamasi ispetti bop otkeni okinishti jinaliska katisyshilar ylken ymit kytip kelip edi, birak mongolyadagi kommynisterding jilpildagan kyr sozinen baska esh natije shikpadi, byl jayinda SYLTANALI AGA jagdaydi tolik adiletti jektizedi degen ymittemiz.

Кімнен: Ерқанат
29.06.2009 09:16
Мақсат, Динара, сіздер есімін атаған Сұлтанәлі Уланбатордағы құрылтайда көптің көзінше осы жайында сөз алып, айта алды ма? Жоқ әлде үндемей бұғып отырды ма? Егер сол жерде тілін тістеп қалған болса, атам қазақ: "жау кеткен соң қылышыңды б...қа шап" демекші, оның ендігі айтқанынан не қайыр? Сөз - өз уақытында айтуымен құнды емес пе? Сіздер айтып отырған, партсобрание-жиындағы сандыраққа сенбесе де бас шұлғып тыңдап, дөкейлермен бірге ет жеп, қымыз ішіп, ал тарқаған соң: "ой, ол алай болды, былай болды" деген оттауски әңгіме кімге керек? Сонда сол жиында жұрт алдына шығып, "ау, қалқаларым, мына партияларыңды насихаттауды қойыңдар, алтын уақытты партияның шүрім-бұрымына кетірмейік, онсыз да "Нұротанды" Қазақстандағы газет-жорнал, теледидар күнде қақсап құлақты сасытып жатыр. Одан да бұл жерде шеттегі қазақтың жай-күйін саралайық, сол жөнінде айтып қалайық" деген еркек атаулы болмағаны ма? Жәрәйды, Қазақстаннан биліктің жасаған тізімі бойынша барған сорлыларды айтпай-ақ қояйық, олар сол жиында Нұрсұлтанды,Нұротанды мақтаңдар деген тапсырмамен барған бейшаралар, тегін барғанына малданып, мәз болып қайтып кетеді. Ал сонда шеттегі қазаққа не жорық? Бірде бір адам болмады ма көкейкесті мәселелерді көтерген? Жоқ әлде шеттегі қазақтардан да сол жерге тек кілең "шалбар киген әйелдер" ғана жиналды ма? осыны білгіміз келеді.

Кімнен: dinara Қайдан: bayan-olgii
29.06.2009 12:28
erkanatka ya kyriltaiding tysten keyingi bolgan bir bolimning jyininda Cyltanali aga ashik aitti birak arine sen aitkandai kopting aldinda emes bizde sol jinalis ayaktalarda aitar degen oida edik, degenmen SYLTANALI agai kongili tolmahgani belgili edi jyrmalist bolsang osi masele tongireginde masele kozgasang mingda bir algiz aitamiz alistagi mongolyadagi kandas agayindaring

Кімнен: Асқар Қайдан: Павлодар
29.06.2009 22:19
Азаттық сайтына мақала жазған тілшінің дабырайтып жазғанындай, Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы жөнінде моңғол баспасөзі бірдеме жазды ма деп интернеттен іздеген едім. Алайда ешнәрсе таппадым.Соған қарағанда аты дардай бұл құрылтайды Моңғолиядағы қазақстан елшілігі тарапынан Нұр-Отан партиясының тапсырмасымен жүргізген кезекті бір "пиар" акциясы ма деп қалдым.Өйткені кіші құрылтайға Нұр-Отан партиясының басшылары барып қатысқаны белгілі.
Ондайды алдын ала біліп,хабарлай алмауы, сайттағы мақалада бұл туралы ешбір сөз болмауы бұл "азаттық" радиосына үлкен сын болмақ.

Кімнен: Карамер Қайдан: Алматы
30.06.2009 18:08
Аскарға:
Сонда, не "Нұр Отанның" пиары аз боп жатқандай, "Азаттық" тілшісі де оның Ұлапнбатырдағы құрылатйға қатысқанын жарнамалауы керек пе еді? Меніңше, тілші шеттегі қазақтардың бас қосуы және олардың проблемаы жайында сөз қощғап жатыр, ал "Нұр Отан" қайда олса, біз сонда" дейтін басылымдар "Нұр отанды" жарнамалай берсін.
     
Мәтін көлемі - +