Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:16

ҚАЗАҚСТАН

Әблязов кезекті жолдауында Құлыбаевты 20 миллиард доллар ұрлады деп айыптайды

«БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов тағы да интернет арқылы ашық хат жолдап, Құлыбаевқа қарсы ақпараттық шабуылын ұлғайта түсті. Бұл жолы ол халықты президенттің ортаншы күйеу баласы Құлыбаевқа қарсы айыптауларға «үнсіз қалмауға» шақырады

Мәтін көлемі - +
КҮЙЕУ БАЛАНЫҢ ҚАЛТАСЫНДАҒЫ МИЛЛИАРДТАР

Ашық хатта автор «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың «соңғы бірнеше жыл көлемінде елден ұрлаған қаржысы 20 миллиард доллардан асады» деп жазды.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев алғаш рет 2007 жылы “Forbs” журналының әлемдегі ең бай кісілерінің тізіміне енген болатын. Әлемдік журнал сол кезде Тимур Құлыбаев пен оның зайыбы Динара Құлыбаеваның әрқайсысының дәулетін 2,1 миллиард долларға бағалаған болатын.

Алайда Әблязов «шын мәніндегі ұрлық көлемі одан да көп» және ол Қазақстанның «Ұлттық қорының активімен пара-пар» деп келтіреді өзінің дүйсенбі күні жолдаған ашық хатында.

Президент Назарбаев, 2010 жылы 29 қаңтардағы халыққа Жолдауында Қазақстанның «халықаралық валюта резерві және Ұлттық қордың активтері 50 миллиард доллардан асты» деп мәлімдеген еді.

Әблязов өз жолдауында Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының және ірі ұлттық компаниялардың директорлар кеңесінің басшылығында екендігін айта келе, «оның бұл қызметтерде болуы мемлекетке, мемлекеттік бюджетке және елдің ұлттық мүддесіне» қайшы деп атап көрсетеді.

ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАР ТЕКСЕРІП ЖАТЫР

Құлыбаевтың іс-әрекеттерін әшкерелейтін бұған дейінгі компроматтарын Қазақстанның, сондай-ақ Қытай билігіне жолдаған Әблязов бұл жолы Қазақстанның мемлекеттік органдарын «әділет орнату үшін, кінәлілерді жауапқа тарту үшін ешқандай іс-әрекет жасамады» деп сынап өтті.

«Менің мәлімдемелерімнің жалғыз жауабы – маған және менің серіктестеріме қарсы шылғи өтірік және лас жала, қолдан ұйымдастырылған айыптаулардың жаңа лебі болды» деп жазады Әблязов.

Қазақстанның қаржы полициясы Әблязовтың осыған дейінгі мәлімдемелері негізінде тексерулерін бастағандығын хабарлаған болатын. Бұл процестің барысы туралы қаржы полициясының баспасөз хатшысы Дәмежан Есімбекова сейсенбі күні Азаттық радиосына былай деп баяндады:

«Әзірге тексеру жүріп жатыр. Өйткені көптеген материалдар алынды. Бұл құжаттар қазір эксперттердің тексеруінде жатыр. Олар қаржы полициясына қарамайды – тәуелсіз сарапшылар. Жалпы сотқа дейінгі тексерулер бойынша біз ақпарат бермейміз».

Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Мәми, 27 ақпанда Астанада кәсіпкерлердің форумында, қаржы полициясы «Қазмұнайгаздың» және басқа да құрылымдардың көптеген құжаттарын тексеруге алды деп мәлімдеген еді.

Әблязов болса кезекті жолдауында «Құлыбаевты айыптауды жалғастырамын» деп ескертіп өтті.
«Егер тиісті мемлекеттік органдар менің мәлімдемелерімді тексеру және қарау нәтижесінде Құлыбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғаса, мен оның қолындағы активтерді іздестіруге, олардың меншік иесін анықтауға және мүлікті тұтқындауға көмектесемін» деп жазды Әблязов.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АРНАУ


Ашық хаттың соңында автор Қазақстан халқын өз мүдделерін қорғауға шақырды. «Мен барлықтарыңызды біздің қоғамның белсенді мүшесі – Азаматы атануға шақырамын, өйткені қолынан ештеме келмейтін мылқау құлдықтан құтылудың және еңсені тіктеудің бұдан басқа жолы жоқ.

Мен сіздерді үн қосуға шақырамын, өйткені үнсіздік Құлыбаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобы Қазақстанды, яғни біздің барлығымызды тонауға жол береді» деп жазады Әблязов.
Мұхтар Әблязовтың дүйсенбі күні таратқан ашық хатына байланысты ресми Астана әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Ал Тимур Құлыбаев, 9 ақпанда Астана қаласында Азаттық радиосына берген сұхбатында, Мұхтар Әблязовтың "әшкерелеу ақпараттарына" қатысты мәселемен шұғылдануды құқық қорғау органдарына тапсырғандығын айтқан еді.

- Біз бұл мәселеге қатысты пікір білдірмей-ақ қоялық, өйткені біз құқық қорғау органдарына тапсырдық, сол жерде оның мәлімдемесін қараймыз, нәтижесін біз кейін айтамыз, - деді Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан темір жолы», «Самұрық Энерго», сондай-ақ KazEnergy коммерциялық емес ұйымының басшысы қызметін атқарады.

Өткен жылы ақпан айының басында «БТА Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен алынғаннан кейін Мұхтар Әблязовке қылмыстық іс қозғалды. Артынша-ақ, Қазақстаннан кетіп қалған Әблязовқа Қазақстанның өтініші бойынша іздеу жарияланды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сабыржан Қайдан: Алматы
02.03.2010 23:01
+0 / -0
Менің есімім Сабыржан. Әкем сабырлы болсын деп қойған шығар. Бірақ, мына президенттің бұрын жалаңаяқ жүрген күйеуі сіз бен біздің көзімізді байлап қойып, үлесімізді сорып жатырған кезде, үнсіз отыруымызды ешкім кешпейді. МҰҚТАРДЫ қолдаңдвр. Биліктің кө-н қалй ашып отыр! Назарбаев неге күнде жиналыс жасағыш болып кетті. Себебі, артынан Мұқтар Әбләзов шам алып түсті. Мұқтар бәрінің артын ашып отыр. Қаңқу сөзге қосылмай, осындай ашынған, елім деген АЗАМАТТАРДЫҢ артынан еріңдер, болмаса, артынан бармақ тістеп отырасыңдар. Бірақ, ол кезде, бармақ тістегеніңнің де керегі жоқ. Өйткені,СЕНІҢ ұрпағың бармағыңды жемейді, тек көзіңді шұқып айтады, жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап деп. Жау деп отырғанымыз, бүгінгі НӘННІҢ қасында жүргендер. Жан жағыңда толып жүрген, бүгін бәрі жақсы ғой деп көз байлап жүргендерді тізімге алып жүріңдер! Ертеңгі жауымыз осындай бұғып, жұртты алдаусыратып жүргендер болмақ! Жалпы, кім, бүгінгі өмір жақсы, деген әңгіме айтса, соларды байқап жүріңдер. Бүгінгі өмірге ризалардың барлығы дерлік НӘНнің жалдамалы құйыршықтары!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
03.03.2010 11:05
+0 / -0
Cенің айтқаныңа толық келісем Сабыржан бауырым. бірақта әр қайсымыз әр жерде отырып пікір жазғанмен еш нәрсе өзгермейді дурысы сол бірігіп күш қосып қарсы шыққанда ғана нәтйже шығады.сізге айтарым бізге қабарласыңыз.жолығып сөйлесіүміз керек!!!
тел: 226-06-89, 8 701 777 34 10
Пікір алмасу

Кімнен: үш әріп Қайдан: Шапыраштыстан
03.03.2010 18:56
+0 / -0
әй, сенің телефоныңды батыл жазуыңа қарағанда үш әріптің қызметкерісің ау деймін. Әлде ақымақсың. Интернет арқылы халықтың бысын қосқың келсе, басқа да амалдары бар ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
05.03.2010 15:11
+0 / -0
Бұл кісі үш әріптің адамы емес екен, мен жаңа тексеріп көрдім қалалық телефон номері бойынша. Номер Ермек Нарымбаевтың атында. Өткенде Сарыарқадағы митингте адамдарды жинап, көше бойымен шерулетіп қарсылық білдірмекші болған кісі ғой. Ешкілер ұстап алып кетіп еді ғой. Әрине мен ол кісіні кээнбешник емес екеніне кепілдік бер алмаймын. Өйткені ол кісіні жақсы білмеймін ғой. Интернетте ол туралы әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Біреулер ол осының бәрін шын көңілімен істеп жатыр десе, біреулер провокатор, арнайы қызметтің адамы деп жатыр. Кім білсін...
Бәсе мен де "Қалайша бұл номерін жаза салды?" деген едім, мен де ойлап қалдым кээнбешник қой деп. Сөйтсем...
Бірақ та ол кісінікі дұрыс. Қорықпау керек ештеңеден. Олар бір адамды қорқытуы мүмкін, екі адамды қорқытуы мүмкін, бірақ көпті қорқыта алмайды. Бірігейік бауырлар!

Кімнен: ТОР
02.03.2010 23:12
+0 / -0
Ашық хатта автор «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың «соңғы бірнеше жыл көлемінде елден ұрлаған қаржысы 20 миллиард доллардан асады» деп жазды.

20 млрд доллар деген өте көп ақша, оның барлығын қайтеді? Бұл ақшаны әлеуметтік салаға жұмсағанда Қандай ел болып отырар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: қадыр Қайдан: алматы
03.03.2010 15:15
+0 / -0
СССР кезінде Қазақ елінде өндірілген өнімнің 93% Мәскеуге кетсе, ал қалған 7% Қазақ елі халқының бүкіл керегіне жарап тұрыпты. оның ішінде емделу, оқу, әлеуметік қорғаудың барлық түрі тегін болған еді. Ал қазір сол өнімдер 100 пайызы өзімізде қалса да сол СССР кезеңіне жетпеппіз әлі. Мен өз басым Құл-в және сол секілділердің бәрі халқыты, елді тонауда. Халықтың қарғысы жібермес! Нағылет жеті ұрпаққа тарайды! Әрбір жүрегімен, тілімен, ділімен, дінімен Қазақ жасасын!!!

Кімнен: Мұрат Қайдан: Қарағанды
02.03.2010 23:40
+0 / -0
Несіне жаза береміз. Бүкіл билікке сатылған соттар Құлыбаев таза , әрмен жүріңдер дейді. Әрмен жүріңдер дегені, әй күшіктер үрмеңдер дегені!!!!!!! Олай болмаса, әкесі ұлыма сөйлегнді атамын дейді.!!!!!!!! Назарбаевтың арқасында өздеріне түк болмайтынын біліп солай айтып отыр. Жалпы, бүгінгі билікті құртпай жврық жрқ. Енді ештеңе жазбаймын, құр нервні құртқанша, басшылар мен байлардың кейбір дүниелерін ақырындап бүлдіре беруге көшемін. Ьасқа қолдан келер ештене жоқ. Дұщпаннан түк тартсаң да пайда деген. Қолдарңнан келсе, бай мен бастықтардың дүниелерін есептеп жүріңдер, және бүлдіре беріңдер. Өйткені, олардың менікі деп жүрегндерінің бәрі СЕНІК! І!!!!!!!! СЕНІҢ арқаңда, бастық әкелерін пайдаланып байып алды. Мына, бүгінгі аяқ астына байығандардардың МЕНІКІ деп жүрген дүниялары, банкалары мен коттедждері, машиналары мен қатын-қалаштары, бәрі БІЗДІКІ!!!!!!!! Бір кезде СЕНІҢ ақшаң болмағасын қағып кеткен!!!!!!!! Шынында, ақшаң болса, онымен тең болсаң, сен оған небірсұлуларды бермес едің ғой, ей БЕЙШАРА!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: қаңғыбас Қайдан: көшеден
03.03.2010 12:15
+0 / -0
ойпырмай! келімсек кердең басып,қазақ тоңқаңдайтын заман тұып келеме не?

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
03.03.2010 02:49
+0 / -0
Құлыбаев бұл қаржының барлығын бюджетке қайтарсын! Тек қана ол емес, қалған жемқорлар да бір тиын қалдырмай халықтың ақшасын құюы керек! Қазақстан халқының алдындағы басты міндет - желінген ақшаның барлығын қайтару! Осы үшін күресуіміз керек, халайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Мәулен Қайдан: Алматы
03.03.2010 11:39
+0 / -0
Әлбетте!
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
03.03.2010 13:56
+0 / -0
Атаңның басы қайтады халықтың ақшасы. Көтерілейік, топтасайық дейтін қазақтардан жиіркенетін болдым.

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
03.03.2010 13:53
+0 / -0
Мен Қазақстанның қарапайым азаматы едім. Қызметімдегі ең үлкен жетістік, аудандық газеттің бас редакторы болдым. Одаң барлық совет азаматтары секілді зейнетке шықтым. Қазір қалада тұрып жатырмын. Осы сөздерімді немереме жаздыртып отыр едім, айтайын дегенім, жақында ауылға барғанымда, ауыл адамдары менен елдегі соңғы жаңалықтар туралы сұрады. Сөйтсем., олар да күн сайын Нұр Отанды үгіттейтін орталық каналдарға сенбейді екен. Отыз жыл сауыншы болып жұмыс істеген Қатира деген құрдасым, интернетте жарияланған телефон әңгімелері туралы айтқанда, шалқамнан түсе жаздадым. Оған қаладағы баласы әкеліп тыңдатыпты. Телефондағы адамдарды дауыстары арқылы таныдым дейді. Алмабай деген ақсақал НӘН-нің алжи бастағанын айтты, президенттің айналасындағылар мен оның туған туыстары халықтың байлығын аямай тонап жатқандығына іштей күйініп жүргенін әңгіме қылды. Сонымен, біздің ауылдың адамдары Дулат Исабеков деген жазушы сымақтың кітабындағы кейіпкерлер секілді ақымақ еемес екеніні көзім жетті. Олар президенттің сөзіне баяғыдан сенбейді екен. Тимур Құлыбаевтың Қытай компанияларымен жасаған келісім шарттары, Жәкішовтың түрмеге қамалуы, Әблязовтың шетелде жүріп президенттің ортаншы күйеу баласына қатысты компроматтық материалдарды, және ортаншы күйеудің мұншама көп ақшаны жымқырғанын талдап, айтып отырғанда, таңғалғаным шындық. Олар күйреп қалған колхоздарын айтып отырып, халықты айнылып кетіп жатқан ақшаны сөз еткенде кәдімгідей НӘН ге өкпесін ғана емес, ашуын да білдіріп отырды. Бар айтқым келгені, біздің қазақтар үнсіз отырған жоқ. Олар, НӘН мен оның командасына және туған туыстарына лағнет айтып отыр. Оның кетуін құдайдан тілеп отыр.Осыған да Құдайға шүкір деп, қалаға қайттым. Көптің тілегі аяқ асты қалмайды, бәрібір орындалады.
Пікір алмасу

Кімнен: Сексенбай
03.03.2010 16:25
+0 / -0
Немереңіз де сауатты журналист болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: ахан Қайдан: алматы
03.03.2010 16:40
+0 / -0
Сен совет үкіметінің тұсында пенисяға шықсаң, өзіңде біраз жасқа келіп қалған екенісің. Сағанда кәрілік жетіп, алжи бастаған шығарсың. Жалпы, біздің елдің президенті ең мықты басшылардың бірі. Қазір сайрап жүрген осырақ оппозиция билікке келетін болса, нағыз ұрылар мен бандиттерді сол кезде жолықтырасыңдар. Үйде наның бар ма, бар, шәй ішіп отырсың ба, отырсың. Онда атаңның басына немереңе комент жаздырып отырсың? өз басшысын құрметтей алатын ел ғана, ұлы жетістіктерге жетеді. Ал өзің айтып отырған ауылдың сасықтарына менен сәлем айт, олар саясатты әңгіме қылмай, бір жерін қысып, қорадағы боқтарын тазалап алсын. Қазақ халқы әлемдегі ең сорлы халық деушілерге баяғыда жынып келіп, кейде солармен жаға жыртысып қалатынмын. Сөйтсем, олар да бірдемені біліп айтады екен ғой. Мықты болса, малын көбейтіп, жерін жыртып, шаруылығын кеңейтіп бай болмай ма? Қолдарын түк келмеген соң, НӘН, ПӘН былжырап отыр. Мен Қазақстанның президентін құрметтеймін. Және соның жүргізіп отырған саясатына сенемін. Біздің президент ақылды кісі. Өткенде басшымыздың қолын Әбіш Кекілбаев сүйгенде, аздап түсінбей қалғаным бар еді, сөйтсем, жазушы ағам бірдемені білген соң солай істеген екен. Ол қазақ халқына тәуелсіздік алып берген, қазақ халқының бостандығын жасап берген және қазақ халқының өмірін жақсартқан адамның қолын сүйіпті. Менде мұндай басшының қолын ғана емес, аяғын да сүйер едім. Ауылдың сасықтары далбасалайбермесін.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: алматы
03.03.2010 17:29
+0 / -0
алда байқұс ай ә
Пікір алмасу

Кімнен: калмак
03.03.2010 19:06
+0 / -0
Башпайларын сүйуге қалайсың?Өзіңнің қадіріңді білмейді екенсің,бауырым.
Пікір алмасу

Кімнен: Мүмкіншілік жасушы
07.03.2010 14:47
+0 / -0
ахан сен НӘН-нің 21-ші саусағын да сүйесің бе? Егер сүйгің келсе, сүюге мүмкіншілік жасап берейін. Міндетті түрде хабарыңды бер!!!

Кімнен: ахан Қайдан: алматы
03.03.2010 18:43
+0 / -0
Осы жерде барлықтарың президентімізді жамандап отырсыңдар. Жарайды, сендердің айтқандарың болып, ол кісі зейнетке шықсын дейік, дәл қазіргі уақытта оның орнына келетін адам бар ма? Оның орнын кім баса алады айтыңдаршы? Мен ондай адамды көріп тұрған жоқпын. Әлде біздің президенттің қазаққа жаны ашымайды дейсіңдер ме? Нұрсұлтан Назарбаев өте ақылды адам, ол өзінің көреген саясатының арқасында, жерміздің тұтастығын сақтап қалып, еліміздегі жүзден аса ұлттардың тату тәтті өмір сүруіне ұйытқы болып отыр. Дәл қазіргідей уақытта, осы басшымызға рахмет айтып, ол ертең биліктен кетемін десе де, Ақорданы айнала қоршап жібермеуіміз керек. Өйткені, біздің Нұрсұлтансыз қазақтың өмірі қараң болады. Неге осыны әлі күнге дейін түсінбей келесіңдер? Ауылдағы әріп танымайтын сорлы қазақтың саясатта не жұмысы бар. Оларға мемлекет салық төле деп жағасынан алып жатқан жоқ. Малын көбейтсін де, соның сүтін ішіп етін жесін, осыған билік басындағы басшыларымыз кедергі жасап отыр ма? Жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ өмір тілеймін. Денсаулығы мықты болып, біздің елемізді әлі де талай жыл басқарсын. Құрметті, Нұреке сіздің арқаңызда біз талай нәрсеге жетіп, талай жақсылықты көріп отырмыз. Біреулердің сыпсын сөзіне құлақ аспай ақ қойыныз. Олар өздерінің мұрындарынан ары көре алмайтындар ғой. Біз сіз үшін дауыс бергенбіз, және сізді қолдай береміз.
Пікір алмасу

Кімнен: аханнан күштімін Қайдан: ахан ең төмен
03.03.2010 22:18
+0 / -0
ахан шіріген аузыңды жап,иттің баласы.Сен голощекиннің к...не кірген,ұлтын сатқан мәңгүрттердің біреуісің.Сен адам емессің,жалмауыз,қойтан,жұтыр.Сен сияқтылардың бетіне түкіру керек халық жауы.
Пікір алмасу

Кімнен: Қатты қорқушы
07.03.2010 14:58
+0 / -0
ахан!
Егер Нұрекең бірдеңеге ұшырап, одан айырылып қалсақ не істейміз?

Елді кімге басқаруға береміз?

Ел басқаратын адам болмаса не істейміз?

Мен кейінгі кезде, "Нұрекеңнен айырылып қалсақ, екеуміздің күніміз не болады"-деп, қатты қорқып жүрмін.

Соны айтшы!

Кімнен: Басир Қайдан: Аырау
03.03.2010 23:26
+0 / -0
Мен Кәрішал Асановтың Қазақ елін, қашан Қазақ басқарады, сонда жағдаймыз дұрысталады деген сөзіне толықтай қосыламын !!!

Кімнен: нур Қайдан: отан
04.03.2010 14:33
+0 / -0
ахан дурыс айтады
Пікір алмасу

Кімнен: Жумабек Қайдан: Мангыстау
06.03.2010 14:24
+0 / -0
Тимурдын 20 миллиардын айта бергенше,Әбилиязов БТА
Банкіден қанша миллиард алып шетелге қашып кетті, соны неге
жазбайсындар
Пікір алмасу

Кімнен: Ақша санаушы
07.03.2010 15:15
+0 / -0
Жұмабек!
Ең бірінші, шет елге қашып кетпей, жақын жерде жүрген Құлбаевтвғы 20 миллиардты алып алайық та. Одан кейін Абилиазовты алдап-сулап, елге шақырып алып, оны да құйрығын бұрап, құлындай шыңғыртып, БТА-дан қанша миллиард ұрлағанын айтқызып, оны да алып аламыз ғой. Сүйтіп, жәймен-жәймен басқалардан да ұрлаған миллиондар мен миллиардтарды туғызып, мұрындарынан шығарып, түскен ақшаларды түгендеп, санап, екеуміз тең бөлісіп аламыз. Әрине, бізге көмектескендер болса, оларға да ренжітпей 3-4 миллион доллардан бере салармыз.

Кімнен: Қалабай Қайдан: жезқазған
09.03.2010 15:16
+0 / -0
билік ең соңында, шеттен келген қазақтардың ұрпағына көшуі керек. Президент шетел қазағынан сайлану керек. өйткені жерлік қазақтардан Президент шықпайды. олардың тұқымы өте нашар.