Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:16

САЯСАТ

Мұхтар Әблязов Тимур Кұлыбаевты әшкерелейтін деректерді жария етті

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов, Азаттыққа берген сұқбатында, Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін деректерді келтірді. Ол, сонымен бірге, ресурстарын сатып жатқан Қазақстан тәуелсіздігінен айрылып қалуы мүмкін деп мәлімдеді.

Мәтін көлемі - +

ШАХАНОВҚА ҰСЫНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР

– Мұхтар мырза, белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов бастаған қазақ зиялыларының бір тобы Қазақстан билігінен «ұлт бірлігі» деп аталатын доктрина жобасын талқылаудан алып тастауын талап еткенін, олай болмаған жағдайда 17 желтоқсаннан бастап аштық жариялайтындығын айтқаны сізге белгілі.

Аштық жариялауға бірнеше күн қалғанда Шаханов күтпеген жерден қарсылық шарасынан бас тартты. Ол бұл қадамын биліктегілердің қазақ тіліне және ұлтқа қатысты барлық мәселемен шындап айналысуға уәде бергендігімен түсіндірді. Тосыннан бұл пікірталасқа сіз де араласып кеттіңіз. Сіздің Мұхтар Шахановқа үн қатуыңызға не себеп болды?

– Біз Мұхтар Шахановпен екеуіміз бір-бірімізді бұрыннан білеміз. Біз ол екеуіміз керемет қоян-қолтық араластық деп айта алмаймын. Бірақ қайсыбір мәселелерге байланысты кездескен кезеңдеріміз болды. Мен Державинск кентіндегі аса қауіпті қылмыскерлерге арналған түрмеде отырған кезімде, шамамен 2003 жылдың ақпан айында (хатта 2002 жыл деп қате жазылған) маған Мұхтар Шахановтан хат келді.

Маған оны көрсеткен жоқ, бұл менің өмірімдегі аса бір күрделі кезең болатын. Әрине, ол кезде мені толық оқшаулап тастаған болатын, маған адвокаттарды да, ешкімді де жібермейтін. Қатты қысым жасап, күш көрсетіп жатқан кез. Мен бұл жайында кейінірек айтып берермін. Әрине, осындай кезде мұндай хат үлкен рухани қолдау болары сөзсіз.

Сондықтан мен Мұхтар Шахановқа қатты разы болдым. Бұл өте маңызды. Және адам осындай үлкен іс жасап жатқан кезде түрлі әңгімелер, күдіктер айтылып, түрлі бағалар беріледі. Оған қазір психологиялық жағынан оңай болып жатпағандығын жақсы түсінемін.

Сондықтан, оған қолдау көрсетсем деген ойға келдім. Қолдау болғанда жай сөзбен ғана емес. Мен ол сияқты өлең жаза алмаймын, мен бизнесменмін. Сондықтан, мен оған қолымда бар нақты фактілер арқылы көмектеспек болып шештім. Менің Мұхтар Шахановқа үн қатуыма себеп болған жай осы.

– Мұхтар мырза, сіз «миллион гектар жер туралы сауал – жай ғана сылтау, ал шындық – жерде», дейсіз. Сіз сонда «шындық» деп нені меңзеп отырсыз?

– Қазір қытай компанияларының Қазақстанда қаптап кеткендігі жайында көп айтылады. Олардың негізінен мұнай-газ саласында жұмыс істейтіндігі белгілі. Әсіресе, мұнай-газ саласында екендігін атап айтқым келеді. Және әңгіме жер туралы болғанда, бұл жолы жер астындағы ресурстар туралы айтылады.

Сондықтан мен шындық жердің бетіне емес, жердің астына байланысты екендігін меңзедім. Бұл шындық жайында мен кейінірек жариялармын. Қытай компаниялары жоғары қызметтегілерді сатып алу арқылы мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқандығын көрсетемін.

Ашық тендер арқылы емес, ел жерасты байлығын өзіне барынша тиімді бағамен сатуы үшін өзге де мүмкін болар инвесторларды тарту арқылы емес, дәл сол айтқан жоғары қызметтегілерді сатып алу арқылы келгенін айтпақ болғанмын. Осы тұрғыдан алғанда шындық жердің бетінде емес, астында жатыр. Мен осыны меңзегенмін.

ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АЙРЫЛУ ҚАУПІ

– Мұхтар мырза, егер сіз біздің сайттағы мақалаларды қарап жүрсеңіз, бір жолғы сұхбатында белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов қытай билігінің пара берудің нәзік өнерін шебер меңгергендігін айтқан еді. Және ол Қазақстанға берілген он миллиард доллар несие де өзінше бір пара деген.

Осыдан соң іле-шала Қытайға бір миллион гектар жер беру туралы ұсыныс болды. Қазір алтын-валюта қоры мен ұлттық қорда қырық миллиард доллардан аса қаржысы бар Қазақстан үшін Қытайдан он миллиард доллар несие алудың қаншалықты қажеттілігі бар еді?

– Меніңше, сіз сұрағыңызға өзіңіз жауап беріп қойдыңыз. Шынында да, Қазақстанда өз ақшасы артығымен болса, онда осынау несие желілерінің астарында белгілі бір мағына бар. Интернетке мен шығарған ақпаратты саралап көрсеңіз, оның мағынасын түсінесіз.

Қытай миллион гектар жерді өзгелерден емес, дәл Қазақстанның өзінен сұрады. Бұл жерді Ресейден немесе өзге де бір елдерден
Қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 9 шілде 2009 жыл.
сұрауына болар еді. Үкіметаралық келісімде айтылған өнімдерді өсіруге жарамды жер өзгелерде де бар. Сондықтан да мен бұл өтініш кездейсоқ болып отырған жоқ деп айтамын.

Мұрат Әуезов шындығында да Қытай жөнінен жақсы маман. Қытай билігі қажетті адамдарды сатып алу өнерін баяғыдан-ақ жақсы меңгергені жайында ол дұрыс айтып отыр. Және қазір мен интернетке шығарған материалдар да осыны растайды.

Мұнда «Ақтөбемұнайгаз» компаниясы акцияларының жиырма бес пайызы белгілі бір тәртіппен биржаға шығарылатыны алдын ала айтылған. Оның 350 миллион долларға бағаланғандығын растайтын материалдар бізде бар. Ал қытайлар Тимур Құлыбаевпен келісе отырып, 150 миллион доллардан сәл астам қаржы төледі және шамамен 170 миллион доллардай ақша пара ретінде кетті. Бұл жаңағы айтқанымыздың шынында да солай екендігін тағы бір рет дәлелдейді.

Және қазір қытайларға миллион гектар жер беру туралы әңгіме болғанда мәселе тек бірлесіп әлдене өндіру жайында ғана болып тұрған жоқ. Елдің мұнай-газ кен орындарының жартысынан астамының қытайларға астыртын жолмен берілгенін бірінші қадам дер едім. Қазір екінші қадам – жерді беру. Ал үшінші қадам – тәуелсіздіктен айрылу. Мен бұны ұлттық мүддені сату деп ойлаймын. Бұл – ресурстарды сату емес, жерді сату емес, бұл – ұлттық мүдделерді сату.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ ӘШКЕРЕЛЕУІ

– Мұхтар мырза, сіз Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты сатып алу фактісін растайтын материалдар қолымда бар дейсіз. Бұл материалдар қаншалықты шынайы және оларды сіз не істемексіз?

– Мен бұл жерде мәселенің кейбір егжей-тегжейін түсіндіре кеткім келеді. Менің интернетке шығарғанымды оқығанда адамдардың түсінбейтін жерлері болуы мүмкін. Сондықтан Тимур Құлыбаевтың не істегендігін бірнеше ауыз сөзбен айта кеткім келеді.

Осы 2003 жылдың 29 мамырында болған оқиғалардан бір айдан астам бұрын компаниялар тіркелген. Келісімдерге нағыз сауда болғанға дейін, сәуір айында қол қойылды. Және осы келісімдерде Тимур Құлыбаевтың өкілінің не істейтіндігі нақты жазылған.

Атап айтқанда, биржадағы бағаның қандай болатындығы айтылған, ол баға 150 миллион доллардан сәл ғана асуы керек болған. Және осы үшін Құлыбаев мырзаның өкілі Арлин Киквук мырзаның не алатындығы айтылады. Атап айтқанда, осы жиырма бес пайыз акцияның жартысына жуығы аталған қызметіне төлем ретінде Тимур Құлыбаевқа тегін кетуі керек болған.

Содан аз ғана уақыт өткен соң Тимур Құлыбаев дәл осы акцияларды қытай компанияларына 170 миллион долларға сатты және арасында одан дивиденд алып та үлгерді. Қытай компанияларының мұнай-газ саласына енуі осындай жолдармен жүзеге асқанын айтқым келіп еді.

Қытайдың ұлттық компаниялары енген әрбір келісімді қарар болсаңыз, олардың барлығынан осыған ұқсас мысалдарды табуға болады. Қазір менің қолымда бары, сөз жоқ, анық, сенімді деректер. Егер Құлыбаев мырзаның күмәні болса, қазақ банкі сияқты мені Англияда сотқа беруі керек.

Және сол кезде қалай қорғанатындығын айтсын, бұл мен үшін қызықты. Біздің фактілеріміз анық, өте жан-жақты келісімдер, бұл қаржылардың қайда жіберілгендігі туралы деректер де бар. Шамамен елу миллион доллардай ақша оған «Боинг» ұшағын сатып алуға кетті. Қазір ол осы ұшақпен ұшып жүр.

Біз қалған ақшаның қайда кеткенін де білеміз. Яғни, менің қолымдағы құжаттар ақшаның қайда кеткенін және оның бұл ақшаларды қашан, қандай транштармен алғанын анық көрсетеді. Сондықтан бұл құжаттар толығымен анық.

Мен үшін не болып жатқанын елдегілердің білгені өте маңызды. Қазір жер туралы әңгіме қозғалып, біздің еліміз бұл жоспарларға қатысты
Тимур Құлыбаев, топ-менеджер, президент Назарбаевтың күйеу баласы.
дүрлігіп жатқанда, елге ескерту жасап, олардың уәделеріне құлақ аспауларын айтар едім. Өйткені, бәрібір өтірік сөйлеп, алдаусыратады. Мұнай-газ саласындағы сияқты, елге он миллиард доллар ақша түсіп жатыр деген сияқты алдау болады.

Бұның барлығы түрлі жоспарлармен, уәделермен сылап-сипалады. Шындап келгенде, біз жақын арада ақырындап тәуелсіздіктен де айрыламыз. Бұл – ең қауіптісі. Сондықтан, егер біреу сенбесе, барынша жан-жақты ақпарат беруге даярмын.

Егер прокуратура, салық қызметтері, қаржы министрлігі шындығында да кіріс, салық үшін күресіп жүрсе, егер ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің ұлттық қауіпсіздігіне алаңдайтын болса, егер ел президенті Назарбаев шындығында да елдің тәуелсіздігі үшін күресетін болса, осылардың барлығы шындық болса, онда қандай да бір әрекет болуы керек.

Ал егер олай болмаса, онда барлығы түсінікті. Олардың мақсаты осылайша дивиденд алу ғана екендігі түсінікті. Және олар үшін елдің тәуелсіздігі – жай ғана бос сөз. Мен бұл материалдарды барлық мүдделі тараптарға: прокуратура ма, ұлттық қауіпсіздік комитеті ме, ішкі істер министрлігі ме, қаржы министрлігі ме, барлығына да толық пакетімен жіберуге даярмын. Егер олардың шынымен де елге жаны ашыса.

– Мұхтар мырза, бұл материалдарды интернетке сіз салдыңыз ба, әлде сіз де интернеттен алдыңыз ба?

– Интернетке мен салдым.

– Мұхтар мырза, президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты сатып алуға байланысты сіздің қолыңыздағы материалдар жайында сұрамай кете алмаймын. Бұл материалдар Қазақстанда немесе шетелде жаңғырық тудырады деген үмітіңіз бар ма?

– Шетелде де, Қазақстанның ішінде де оның жаңғырығы болады. Өйткені, мен өте қысқа мерзімде ұлттық мүдделерді сатудың қалай жүргенін мұқият көрсетіп беремін. Тәуелсіз ел болып отыра бере ме, әлде бір күні тәуелсіздіктен қалай айрылғанын білмей қала ма, бұл – біздің азаматтарымыздың еркінде. Бұл - біріншісі.

Шетелде де мақалалар жарияланады. Және мен беретін материалдар, сөз жоқ түрлі басылымдардың мүддесіне жауап береді. Көптеген батыс компаниялары үшін олардың ашық тендерлерге қатысу мүмкіндігі болғанымен оған неге жіберілмегендігі, қытай компанияларының жоғары дәрежелі қызметкерлерге пара беру арқылы қалай еніп кеткендігі түсінікті болады.

Егер бұл билік бұған елең етпесе, онда оның кімнің билігі екендігі және оның қалай жұмыс істейтіндігі және түсінікті болады.

– Мұхтар мырза, егер біз әлденені сұрамаған болсақ немесе сіздің тағы айтарыңыз болса, әлі уақыт бар.

– Білесіз бе, ол жерде өте қызықты ұсақ-түйек мәселелер бар. Түсіну қиын болар, сондықтан ауызша тағы да айтып берейін.

Аукционға дейін қор нарығында келісім болды. 25,12 пайыз аукционға 150 миллион доллардан сәл-ақ асатындай бағамен қойылды. Біріншіден, Тимур Құлыбаевтың адамдары өздерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, қор биржасын бақылауында ұстап, айла жасаған.

Осының барлығын алдын-ала сипаттап жазып, осының барлығын жасағаны үшін сол акцияларды тегін алған. Және осы құжаттарда бұның барлығы жазылған. Олар акциялардың он екі жарым пайызын тегін алған. Яғни, қытайлықтар сатып алғандарының жартысын оларға ақы-пұлсыз, тегін берген.

Олардың өзге де көптеген кәсіпорындарда осылайша жасағанын мен өзге мысалдармен көрсетемін. Олар дәл осылай сатып алған, содан
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты.
соң дәл осылай жартысын тегін қайтарып берген. Бұл алдағы мақаланың мазмұны. Мен осы мысал арқылы Тимур Құлыбаевтың қалай әрекет ететінін барлығының түсінгенін қалаймын.

Тағы бір айтайын дегенім, ол жалғыз әрекет жасамайды. 2003 жылғы қаулыда орындалуын Кәрім Мәсімов бақылайды делінген. Яғни, бұл келісімді ол Кәрім Мәсімовпен бірігіп жасады.

Шындығында бұл акциялар «Access Industries» компаниясының басқаруында болатын. Бұл компания кезінде бұрынғы премьер Даниял Ахметовке жақын болатын. Содан соң «Access Industries» шетке ығысып, осы акцияларға байланысты айла-шарғылар болады. Даниал Ахметовтың өзі қолдаған компанияны шетке ығыстыру үшін премьер-министрден де мықты күштердің қажет болғанын түсінуіңіз керек.

Бізде премьерге қарағанда үлкен өкілеттіктерге ие бір ғана адам бар. Ол – ел президенті. Міне, сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап. Тыныш жекешелендірудің қалай және не үшін жүргізілгені. Адамдар ақшаның не үшін алынғанын түсінбейді. Ал менің айтарым, бұл акциялардың жартысы Тимур Құлыбаевқа тегін беріліп, содан соң ол сол үшін ақша алды.

– Мұхтар мырза, «Access Industries Комир» компаниясы бұрынғы совет одағынан шыққан америкалық кәсіпкер Лео Блаватниктікі емес пе еді?

– Иә, ол Лео Блаватниктікі болатын. Менің айтайын дегенім, оған Қазақстанның ішінде Даниал Ахметовтың қолдау жасап отырғандығы. Бұл құпия емес, бұны жұрттың бәрі де білді. Ірі компаниялардың барлығын «жоғарыдағы» біреулердің қолдауы керектігі белгілі.

Егер мұндай мықты компанияны «Ақтөбемұнайгаз» акцияларының 25 пайыз акцияларынан ығыстырып қойса, демек бұлардың өте ықпалды күштер болғаны. Бар болғаны осы. Әрине, ол Даниал Ахметовке тиесілі емес болатын. Ол жай ғана оларды қолдады. Бұл белгілі факт, бұл жайында көптеген мақалалар болған.

ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ

– Енді Мұхтар Шахановқа қайтып оралсақ. Кейбір саясаткерлер Мұхтар Шаханов қарсылық шараларына дем бере отырып, қайсыбір сценарий бойынша жалған рөл ойнап жүр деседі. «Ұлт бірлігі» деп аталатын доктринаның жобасы халықты шынайы қарсылықтан бұрып әкетудің құралы дейді. Демек сіз алдын ала жалған болып шыққан сценарийге үн қосқан болдыңыз ғой?

– Мен Мұхтар Шахановқа бұл хатты не үшін жазғанымды сізге бірден айттым. Өйткені, әлдебір адам әрекет жасаса, әрқашан әртүрлі пікірлер, болжамдар болатындығын білемін.

2001 жылы біз «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын құрған кезімізде біздің бұл қозғалысты биліктің бұйрығымен құрғанымыз жайында көптеген әңгімелер болды. Бұл сыбыстарды естудің өзі күлкілі болатын. Өйткені, біз осының барлығын біреудің айтуымен жасап жатыр екенбіз.

Содан соң биліктің өтінішімен бізді түрмеге жапты. Содан соң биліктің өтінішімен біздің әрқайсымыз ұзақ уақыт түрмеде болдық. Содан
Ақын Мұхтар Шаханов (ортада) Республика алаңына жиналған жұрт алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2009 жыл.
соң биліктің өтінішімен біз түрмеден шықтық. Бұл биліктің ойлап таппайтыны жоқ екен және адамдар да әлдебір қызықты киноны жасау үшін өздерін құрбан етеді екен.

Сондықтан, Мұхтар Шаханов не жасаса да, оның айналасында әрдайым түрлі әңгімелердің болатынына күмәнданбаймын. Мен оны ақын және халықтың көзі деп есептеймін. Ол біздің халқымыздың мүддесін, көкірегіндегі қыжылын айтады. Міне, сондықтан да мен оған қолдау көрсету үшін хат жаздым. Ал енді мына бір сыбыстарға, әңгімелерге келсек, кімнің дұрыстығын уақыт көрсетеді.

– Кезінде Мұхтар Шахановты қолдаған зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі қаңтардың 20-на қарай бас тартуы мүмкін деген қаупіңіз жоқ па? Азаттық радиосына берген сұхбатында белгілі зиялы Герольд Бельгер билік олардың кейбіреулерін түрлі жолдармен, атақтармен немесе пәтермен, т.с.с сатып алуға тырысады деген еді. Ақырында 20-қаңтарға қарай Мұхтар Шахановтың жалғыз қалуы мүмкін бе?

– Билік пәтер, ордендер таратады. Бұның бәрі болады. Бірақ мен бұл мәселені тоқтату мүмкін емес деп ойлаймын. Өйткені қазір әңгіме елдің тәуелсіздігі туралы болып отыр. Мен тағы да қайталап айтамын, ашықтан ашық елдің ұлттық мүддесін сатуда. Мен енді бұл жайында үндемей қалу мүмкін емес деп ойлаймын.

ЕШҚАНДАЙ МӘМІЛЕ ЖОҚ

– Көптеген адамдар Мұхтар Жәкішевтің қазіргі тағдырына сіздің досыңыз болғандығы себеп болып отыр деген пікірде. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен қазақстанша күрестің алғашқы құрбандығы Жақсыбек Күлекеев топ-менеджерлік қызметке қайтып келді. Сіз бұл жайында білетін боларсыз.

Рахат Әлиев те Назарбаевтың өкілімен жасырын кездесіп, келісім іздеп жатқаны жайында ақпарат бар. Сіз осының барлығын қалай түсіндірер едіңіз? Сіз де ашық саяси күреске шықпай, Назарбаевпен мәмілеге келудің жолын іздеп жатқан жоқсыз ба? Сіздің әрекеттеріңіз өзге де маневрлерге орын қалдырып, нысананы әр тұстан көздеп шабуыл жасап жатқандай әсер қалдырады.

– Мен мынаны айта аламын. «Қазақстанның демократиялық таңдауын» мысалға келтіргенімдей, мен белсенді ұстанымда болсам, мен не істесем де барлығы Назарбаевпен келісті деп есептейді. Ондай ұстанымда болмасам да Назарбаевпен келіскен боламын.

Мен бұған үйреніп кеткенмін. Мен не жасағым келсе, соны жасап жүрмін. Кімнің не істеп жатқанын тағы да уақыт көрсетеді. Мен әрекетсіз отырмағанымды толық айта аламын. Бұны биліктің ісінен де көруге болады.

Сіз он екі адамды соттап жібергенін білесіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып өзімнің қарсылығымды білдіргім келеді. Жай ғана адамдар жай ғана несие алып, содан соң оны жай ғана жапқан оқиғалар болған. Енді оларды ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері деп жариялады.

Егер олар алдымен несие алса, содан соң оны жапса, бұл жердегі олардың қылмыстық әрекеті неде? Банк табыс тапты, бюджетке салық түсті, барлығы жабылған, барлығы рұқсат етілген. Ал оларға бес жылдан берді. Және олардың ішінде бір әйел бар. Оның баласы және зейнеткер анасы бар. Ол баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан.

Яғни, билік қазір ешкімді аяп жатқан жоқ. Ол барлығына бірдей мейірімсіз. Бұны менің банкімнің бұрынғы қызметкерлеріне жасап жатқандарынан, менімен бірге жұмыс істеген және жұмыс істеп жатқан адамдарды қалай қудалап жатқандарынан көруге болады. Мен осының барлығы көрініп тұр деп ойлаймын. Егер біреу менімен келісімге келгісі келсе, онда мұндай жағдай болмас еді.

ЖӘКІШЕВКЕ КӨМЕК

– Мұхтар мырза, қазір Астанада Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмиланың Лондонға соңғы сапарынан соң ол сіздің Мұхтар Жәкішевке көмектесуге уәде бергеніңіз жайында айтты. Сіз сол ойыңызда қаласыз ба және Мұхтар Жәкішевке қалай көмектесе аласыз?

– Мен қазір қалай көмектесетінім жайында бүге-шігесіне дейін айтып бермеймін. Бірақ бір айтатыным, Мұхтар Жәкішев тек менімен дос болғандығы үшін ғана жапа шегіп отырған жоқ. Ол, бірінші кезекте, осы режимнің құрбаны.

Режим елдің ең мықты адамдарын: құқыққорғаушыларды, журналистерді, бизнесмендерді, саясаткерлерді қудалайды, көзін құртады. Осылай жасалғаннан кейін ғана елдің тәуелсіздігі жоғалады. Бұл елді шімірікпестен бөлшектеп сатады.

Мұхтар Жәкішев не үшін жапа шекті деп маған көптеген сұрақтар қояды. Олардың қылмыстарын емін-еркін жасауларына кедергі болмас үшін тәуелсіз адамдарды жүйенің құртып жатқанын айтқым келеді. Мен қалай көмектесе аламын, мен қолымда бар мүмкіндіктің барлығымен көмектесемін.

– Мұхтар мырза, сұқбатыңыз үшін рақмет.


P.S. Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевты әшкерелейтін деректер жайында айтқан қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовпен сұхбаттан соң Азаттық радиосы Тимур Құлыбаевтың өзімен байланысуға әрекет жасады. Алайда «Самұрық-Қазына» қоры басқармасы төрағасының орынбасары әрі «Казэнерджи» ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаевтың хатшылығындағылар Азаттық радиосының тілшілеріне ресми хат жазу керектігін айтты. Сол себепті Құлыбаевтың өзінің пікірін білу әзірге мүмкін болмады. Хатшы қыз Бота Жанаева былай деді:

– Егер сіздерге қиын болмаса, сіздер ресми хат жазып, факспен жібере аласыздар ма? Сіздер білесіздер ме, біздің уақытымыз өте шектеулі. Сіздер бүгін немесе ертең жіберуге тырысыңыздар. Хатта сіздерді қандай мәселелер қызықтыратынын, сұхбатты кім алатынын және қай уақыттың сіздерге ыңғайлы екендігін жазыңыздар. Өйткені, келесі аптада ол іссапарға кетеді, сөйтіп ол біраз уақыт болмайды. Және егер сіздерге қиын болмаса, Тимур Асқарұлы танысып шығуы үшін бұл сұхбатты қосып жіберіңіздер.

Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, ал қазірде шетелде бассауғалап жүрген Әлнұр Мұсаев, Азаттық радиосына берген түсініктемесінде, Құлыбаевтар отбасына қатысты баспасөзде жариялғандардың барлығы да Қазақстандағы жоғары биліктің пәрменімен Тимур Құлыбаевқа қарсы жасалып жатқан кезекті науқан деп сипаттады. «Президенттің әмірінсіз ештеңе болмайды. Тіпті сол Әблязовтың іс-әрекеті де президенттің мүддесімен үндесіп жасалып отыр», деді Әлнұр Мұсаев.

Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин де Тимур Құлыбаевқа қарсы баспасөз құралдарындағы шабуылдар президент Назарбаевтың мақұлдауымен жасалып жатқаны туралы пікір шындыққа жақын деп есептейді. «Президент өз маңындағылардың байлықты осылайша заңсыз басып қалуына мүмкіндік береді. Ал содан кейін кезі келгенде оларды ноқталап алады. Президент Рахат Әлиевке жасаған әдісті Тимур Құлыбаевқа қатысты қолдануы әбден мүмкін», деді Серікболсын Әбділдин Азаттық радиосына.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
20.01.2010 10:27
+0 / -0
"Тәуелсіздікке қауіп төнді" деп М.Әблязов мырза өз тарапынан көзі жеткен шындықты, көпшілік қаум сезе бермейтін жасырын жағын айтып отыр. Бұған толығымен келісуге болады. Алайда бұдан да жаман жасырын қантөгіс қазір жүріп жатыр. Ол Қазақстандық ақпарат құралдарының түгелімен ресейдің билігіне өтуі. Халықтың рухын көтеріп, жанынын оятуға жұмыс істейтін телеарналар мен баспа қызметтері бүгінгі күні түгелдей қазақ халқына қарсы оқ атып жатыр....

Кімнен: сұнқар Қайдан: астана
20.01.2010 12:17
+0 / -0
Тәуелсіздік зор байлығымыз, оны сатуға қазақ ендігі жерде жол бере қоймас.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
20.01.2010 12:19
+0 / -0
Біздер өз қадырымызды өзіміз түсінбей жүрген Елміз ! Мұның ең негізгі себебі, сонау Хандық заманнан бері Ханы - халқын қастерлемеген, өйткені олар өздернің Тегін - қоластындағы жұрттан бөлектенген. Міне осынау тарихи КАРМА бүгінге дейін жалғасып отыр. Қазіргі Назарбаев басқарған Өкіметте - Қазақ халқының қамын ойлап отырған жоқ. Бұлар да бұрынғы Хандар тәрізді - өз бастарының қамын, өз құлқындарын ойлаудан аса алмай отыр. Осы құлдық психологияның салдарынан, Үкімет басындағылар ( ауыл әкімінен бастап, мекеме басшылары мен Президент, Минстрлерге дейін ) өз халқын ҚАСҚЫРША ТАЛАП отырса, сырттан келген ЖЕМіРЛЕРДЕН пара алып, олардың Ел мен Жердің байлығын СҮЛІКТЕЙ СОРҒАНЫНА жол беріп отыр.
Қашанда халық боп қауымдаса беретін жұртты, ҰЛТ ЕТІП ҰЙЫТАТЫН тек Үкімет екенін түсіне алмай жүрген БАСШЫ сымақтар, мінеки Тәуелсіздік алған 20- жыл өтсе де, бүгінге дейін Ұлттық идеологияны әдейі жасамай отыр. Қазаққа мұндай үкіметтің қажеті қанша ? Оларды - Халық сайлады емес пе ? Тіпті, бұл оспадарсыздардың асып-тасқандығы сонша ма, бейне "Үкімет басы" болуды, Әкелері мұраға қалдырғандай сезінеді. Ендеше, иісі Қазақтың баласы ертеңіңді ойламай болмайды. Дана халқымыз айтқан; " Бас кеспек болсада, Тіл кеспек жоқ" деген ғой. Мұны анау Назарбаев тобына жаным ашығаннан да айтып отырмын. Бауырларымыздың ары, ұяты оянып азаматтық шешімге келіп, әлі де мынау соры қайнаған жұртын дұрыс басқарып, келешекте пенде пиғылдан да үлкен мақсат барына ұмтылар деген үміттемін...

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
20.01.2010 12:20
+0 / -0
Назарбаев алдағы көктемде иісі Қазақ көтерілмесін десе, төмендегі мәселелерді өзінің қателігі ретінде мойындап, дереу түзетуге кіріскені жөн. Ол - Армия мен Ішкі әскер қорғайды деп ойламасын. Өз халқына оқ ататын бірде-бір қазақ баласы болмайды. Ішінара жүрген келімсектер өкілдері де қол үшін бермейді. Ендеше, көктемге дейін екі айдың ішінде мыналарды орындауға кіріссе, өзі үшін үлкен аброй:
І. Жерді национализациялап,бұрынғы алынған жер иесіне он жылға арендаға ауыстырылып, жердің көлемі де лайықталып, іс қағазын беруді бастасын;
ІІ. Мемлекеттік тілді қорлау тоқтатылып, бүкіл мемлекет ішіндегі сөйлеу, жазу жаңа жылдан басталсын. Үкімет басындағы Төрелер орысша сөйлеуді тоқтатсын;
ІІІ. Үй ішінен үй тіккендей болған Ассамблияны жойып, Мәжіліс пен Сенат өз құқықтарымен жұмыс істейтін болсын !!!...
Осылай істеу қазақ халқының алдындағы азаматтық борышы екенін түсінген Назарбаев өзіне қажет жағдайын сұрауға қақылы болатынын ұққаны жөн. Отпен ойнаудың қажеті жоқ...

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
20.01.2010 12:21
+0 / -0
Қандай пікір таласынан болмасын - Халқымызға, оның Тәуелсіздігіне - пайдасы тимесе, желбуаз және бірін-бірі мұқатқан жексұрын сөздер болып қала береді. Осынау, Тәуелсіздіктің 18-жылы көп нәрсенің бетін ашты. Ең бастысы - Қазақ халқының Үкіметі (Президенті, Парламенті, Сенаты) жоқ екенін, бүгінгі күнге дейін Ұлттық Идеологиясын жасай алмай отырған тобыр-мариенетка екендерін дәлелдеді. Аздап қана көздеріңіздегі ТОМАҒАНЫ сыпырып, ойланыңыздар шы?. Сонда, Мемлекетіміздің қай саласында кемшілік жоқ ? Бейне. жабусыз жатқан ҚАЗАН тәрізді. Оны кім жаламай жатыр. Тіпті Атазаңымызға жат - ассамблеяны пайдаланып,Автономия құруға дайындалушылар астыртын жұмыс жасауда?! Ал мынау "Ел бірлігі" деген доктрина Қазақ халқын қорлаудың ашық түрі. Оның үстіне мұны жазған адамдардың сауатсыз тәрбиесіздігі соншама, бұлардың фамилияларын жариялап, заңды түрде Ассамблиясымен қоса сотқа беру керек. Мынау ХХІ ғасырда екі түрлі Елбасқарудың құдіретін білмейтін адам - ЕЛБАСЫ болуға қақысы жоқ!
Біріншісі - тек Халық үшін қызымет ететін - БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ;
Екіншісі - ғылыми негізде жүргізілетін - ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ;

Бұл екеуі де Назарбаевтың басқару жүйесінде жоқ ! Сонымен қоса НӘН-нің бағдар етіп ұстаған Батыста да жоқ ! Олай болса, біздің мемлекет өте ауыр жолда және қате бағдарда екенін мойындауымыз керек. Біздердің улап-шулап жүрген мәселе сымағымыздың барлығы да ұсақ екенін түсініп, иісі Қазақ болып, халқымызға жат Үкіметтен құтылмай, нағыз Тәуелсіз ел болуымыз мүмкін емес! Ендеше, екіге бөлініп алып, Әзілхан мен Мұхтарды мақтап-даттағанның өзі ұят! Елдік мәселені талқылағанда азаматтық деңгейде болғанымыз жөн. Ата-бабамыздың аруақтары қолдап, өз арамызда жүрген арсыздардың санасы оянса екен. Елі-жұртымызға бірлік, жігер, намыс келсін !!!...

Кімнен: Айна Айтжанова Қайдан: Алматы
20.01.2010 13:36
+0 / -0
Мухтардың Мухтарға жазған хатын мына жерден оқуға болады:

http://www.elrayi.kz/silteme-2010-3.html - қазақ тілінде
http://www.elrayi.kz/silteme-2010-4.html - орыс тілінде

Кімнен: Қазақтың баласы
20.01.2010 18:57
+0 / -0
Шал кетпей ел тынышталмас. Күллі қазақты ойландыратын мақала екен.

Кімнен: пәленше Қайдан: Алматы
20.01.2010 21:03
+0 / -0
Осы Кулибаевты Ресей қайта қайта ордендермен марапаттауы бекер емес шығар, Орыс елі пәле ғой, ертеңгі күнді болжап, кімнің әтеші күн шақыратынын біліп тұр ғой.

Кімнен: Шыншыл Қайдан: Шындық жасасын!
20.01.2010 22:34
+0 / -0
Мұхтар Әблязовтің жақсы адам екеніне көзім жетті !!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.01.2010 22:41
+0 / -0
Мухтар Аблязов,казакша жазып айды аспанга бырак шыгарды. Орысша шулдирлеген билик маган бирак сатте ноль болып коринди.

Кімнен: Azattyqqa Қайдан: KZ
21.01.2010 00:57
+0 / -0
bul makalany nege azattyq basty jangalyk retinde koimagan ? Keremet makala. Kazakhtar attanaiyk. Astanany basyp alaiyk. Jetedi, jetedi baskasyn kalasamda kytaidyng basyp alyp kuly etuin kalamaimyn Olsemde kursuimiz kerek.


Кімнен: радио
21.01.2010 11:43
+0 / -0
Мына макаланы окып кимге сену керектигин тусинбей калдым! Биздин биликте КАЗАККА жаны ашитын адам калмаганба? Бари саяз ойлайтын мангурттер отырма, алде оздерин акылды санайтын "типо" казактар ма? Казакта жаксы соз бар "Асудын да, алда тосуы бар"- деген. Кулибаев кашангы осылай журеди екен еки ортада делдал болып. Алиев сиякты муны да шектен шыкканда басынан багын тайдыратын шыгар. Оз котырынды озин касымасан, мына келип жаткан инвесторлардын ешкайсысы да сенин жагдайынды ойламайтыны анык. Олар "шала косемдерди" мактау аркылы казактарды корге карай итергеннен баска. Кытайлар саган комектесип жаткандай коринеди, бирак, больницадагы "врачтар" сиякты сени жазып шыгара ма жок па оз ерки. Бизге белгилиси бирде бир кытай казакстанга жаны ашыганнан комектесип отырган жок.КАЗАКТАР ЖУЗГЕ,РУГА БОЛИНГЕНДИ КОЙЫП БАРИМИЗ БИРИГЕЙИК. ТЕК КАЗАКСТАННЫН, КЕЛЕШЕК УРПАКТЫН ЖАРКЫН БОЛАШАГЫ УШИН, ЖЕКЕ БАСТЫН КАМЫ УШИН ЕМЕС!!! Будан былай биликтин былыгы ашыла береди,былыгы ашылган сайын биликтен береке кетеди, берекеси кеткен биликти орга жыгу киынга сокпайды ауыз биршилиги мыкты,ынтымагы жараскан халык ушин."Ештен кеш жаксы"- деген. Абайша айтканда "пайдасын коре тура, колымды мезгилинен кеш сермдим"-дегендей темирди кызган да согу керек сонын сати тусип тур.
Пікір алмасу

Кімнен: жАУАП Қайдан: V
21.01.2010 16:57
+0 / -0
Мына макаланы окып кимге сену керектигин тусинбей калдым! Биздин биликте КАЗАККА жаны ашитын адам калмаганба? Бари саяз ойлайтын мангурттер отырма
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мұхтар ӘблязовҚА СЕН! биликтің жаны ашЫМАҚ ТҮГІЛ ӨЛТІРІП ТАСТАЙДЫ.
Пікір алмасу

Кімнен: шолпан
30.01.2010 15:19
+0 / -0
Казаққа жани ашитын саяси лидер кашан келеді?

Кімнен: Ұрсұлтан Қайдан: Шапыраштыстан
21.01.2010 12:27
+0 / -0
Мұқтар Шаханова өзінің екіүзді адам екенін осымен бірнеше рет дәлелдеді. Жалпы, ол кісі қандай бастама көтерсе де, қолдаудың қажеті жоқ. Өйткені, ертең бір пәсте сатып кетеді. Атам қазақ айтқан ғой, екі жүзділермен жолдас болма, олар қорқақ, және сатқын деп. Жақында осы сайттан Шахановтың Әблязовтың жазған хатына байланысты пікірін тыңдадым. Ол кісі былай дейді: Мен ағылшын тілін білмеймін, кейбір құжаттарды түсінбеймін, сол себепті оны бір кісілерге тексертуге жібердім. Ойпырмай, ағылшын тілінде сөйлейтін қазақтар аз емес, соларға аудартса хаттың мәтінін түсінуге болады. Мұхаң осы сөзімен биліктен қатты қорқатынын білдіріп қойды. Әйтпесе, нағыз ержігіт болса, шетелде жүрген аттас інісіне жоқ дегенде рахмет айтса болады ғой. Өтірік мүләйімсігенді қою керек қой. Сондықтан, Мұхтар Шаханов халықты бастамай ақ, басқада ақын жазушылар сияқты бір жерін қысып, биліктің бір жерін жалап отырғаны дұрыс. Себебі, халықпен ойнауға болмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.01.2010 16:59
+0 / -0
Ұрсұлтан Қайдан: Шапыраштыстан сен өзің екіүзді адамсың мәңгүрт.
Шаханов ұлы адам!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ұрсұлтан Қайдан: Шапыраштыстан
21.01.2010 20:12
+0 / -0
Шахановты Ұлы дейдіндер біздің елде көп болса, онда Қазақстанның болашағы жоқ. Мұндай әпербақандар ешуақытта ұлы бола алмайды. Мықты болсаң мына сұраққа жауап берші, өткен жылдың соңында ол не себепті аштық жариялап, халықты соңынан ерте алмады. Халық Шаханов болмаса да билікке ашулы. Ал билік Шахановты осындай әрекет жасауға әдейі итермеледі. Соңында кө...енінен бір теуіп, бүкіл елдің алдында масқара етті. Одан соң, сен ұлы деп отырған ақынсымақ ағаң Мұхтар Әблязовтың да оны қолдап жазған хатына жауап бере алмады. Өйткені, ол өте қорқақ адам. Сондықтан, маған осындай сөздер айтып отырған адамның өзі мәңгүрт.

Кімнен: қазақ
23.01.2010 23:50
+0 / -0
Ұрқұрысұлтан, қыртпашы, сен сияқты ерігіп ел арасына іріткі салатын адам жетпей отыр еді...Мұхтар Шахановқа тіл тигізбе, ол шынымен де ұлы адам қазақ үшін! Ал сен басыңды еш ауыртпа, демалсай, Шымбұлаққа барып, жақын арада қар көшкіні болып қалар...

Кімнен: киллер
26.01.2010 18:34
+0 / -0
патшаны биреу бир жакты кылу керек ау

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: Алаш
30.01.2010 17:17
+0 / -0
Қазақстандық ақпарат құралдарының түгелімен ресейдің билігіне өтуі- дегенді бірінші рет естіп отырмын недеген сұмдық. Ендігі жерде жетпегені сол еді.

Кімнен: Болат Қайдан: Атырау
31.01.2010 11:37
+0 / -0
Ау, Ұрыотан то есть Нұротан, қолыңа жемқорлықтың тұзын ұстатты ғой, барлық дәлелімен! Енді Құлыбаевты тергемейсің бе? Иә оған әлдерің келмейтінін білеміз. Сендер тек крышасы жоқ бишараларды ғана қуғындайсыңдар ғой, міні сол бишаралардан көресіңдер көресіні. Көп қалмаған сияқты.

Кімнен: зада Қайдан: астана
31.01.2010 16:12
+0 / -0
сол кезде неге айтпады?

Кімнен: Ұлтшыл
05.02.2010 16:22
+0 / -0
Бұл не деген масқара? бұл жерде бір-біріңізді жерден алып жерге салмай, бас қосып жөн-жобасы бар іс-әрекет қылуға тырыспайсыздар ма?Осы мен сіздерден сұрағым келеді: Еліміздің басшылары қытайларға жерімізді, елімізді ұстата салып, өзіміз соя егеміз, тек қытайлар соны сатып алады деп алдағысы келеді!Түбі осы жағдайлар орындалып жатса қарсы шығатын біреу бар ма, әлде құр далбаса ма бұл? мен өзім университеттің "Мен Қазақпын, Қазақ мүддесі үшін күресем" деген жастарды ұйымдастырып, дайындап отырмын.сондықтан сіздерден де соны сұраймын, беталды айқайлай бермей іске кірісіңіздер!