Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:21

ҚАЗАҚСТАН

Назарбаев және Желтоқсан. Нұрсұлтанның ең алғашқы терең құпиясы

Желтоқсан оқиғасына байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев әр жылдарда біріне бірі қарама-қайшы пікірлер айтып жүрді. Жиырма жылдың бедерінде қарсыластары оны бірнеше мәрте сөзінен ұстап алып, опық та жегізді. Бірақ, Назарбаевтың дымы ішінде.

Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші) пен Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев (оң жақтан екінші).
x
Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші) пен Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев (оң жақтан екінші).
Мәтін көлемі - +
Желтоқсан оқиғасына байланысты Назарбаев неге өзіне-өзі қайшы келді және бұдан оның ұтары не?

Егер Назарбаев Қазақстандағы қатардағы көптің бірі болса, онда оның не айтқаны, қашан және қалай айтқаны өзінің жақындарынан басқа ешкімді алаңдатпас та еді. Бірақ, ол – ел президенті. Және оның моральдық-саяси бейнесіне 15 миллион халықтың тағдыры тәуелді болып отыр. Оның үстіне Желтоқсан оқиғасы көптеген қазақстандықтардың жандарына жазылмас жара салды, оның сан алуан құпиялары әлі күнге дейін ешкімге белгісіз күйінде қалуда. Сол себепті де тарихшылар, зерттеушілер, журналистер бұл тақырыпқа әрдайым айналып соғып отырады.

«МЕН ОЛАРМЕН БІРГЕ САПТЫҢ БАСЫНДА КЕТЕ БАРДЫМ» - ҚАЙСЫСЫНА СЕНЕМІЗ?


Сөзіміз жалаң болмас үшін алдымен оқырмандарға әр кездерде, совет баспасөзінде Желтоқсан оқиғасына байланысты жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен үзінділер келтіреміз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен үзінділер:

1. «Дружба народов» журналы. 1987 жыл, №9. Мәскеу. Назарбаев – Министрлер кеңесінің төрағасы: «Өткен жылдың желтоқсан айында экстремистік ниеттегі жастардың өмірді білмейтін, арандатушы сыбыстар мен ұрандарға иммунитеті жоқ,
Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда 1986 жылы желтоқсанда шеруге шыққан жастарды бастап жүргені туралы айтқанын мысқылдайтын сатиралық сурет. Оның жанында Михаил Горбачев пен Борис Ельцин бейнеленген. «С-Демократ» тәуелсіз газетінде 1992 жылы шыққан сурет. Басылым шығарушысы және редакторы – Андрей Свиридов.
еңбекте жүріп ысылмаған студент-жастардың әлеуметтік жағынан әлсіздеу бөлігін арттарынан ілестіріп кетуі жайдан-жай емес».

2. «Экспресс-хроника» газеті. 1990 жылдың желтоқсаны. Мәскеу. Назарбаев – Қазақ ССР-інің президенті, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы: «Қандай қайғылы оқиға? Нағыз барып тұрған басбұзарлық 18-інде болды. Милиционерлерді ұрды, таспен атқылады. Біз қазір бұл жайында айтпаймыз ғой. Жараланғандардың арасында аналарға... қарағанда милиционерлер мен солдаттар көбірек болды».

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Без правых и левых» атты кітабы. 1991 жыл. Мәскеу, «Молодая гвардия» баспасы, 180 бет. Қазақстанның тәуелсіздігіне аз ғана уақыт қалады. Енді Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысты тактикасын өзгерткісі келген секілді:

«Кез-келген адамның өмірінде аяқ астынан таңдау жасайтын маңызды сәттер болады. ...Алаңға жиналған жұрт қалаға қарай бет алған кезде мен де осындай таңдау жасау алдында тұрғанымды түсіндім: я мен нақты бір шешімге келуім керек, я болмаса ОК-нің үйіне қайтып келуім керек. Екіншісі мен үшін адамдарға жасалған кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, олардыкі дұрыс еді. Мен олармен бірге саптың басында кете бардым».

Оқырманның өзіне байлам жасауына жоғарыда Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен келтірілген үзінділер жеткілікті сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың саптың басында жүрмегендігі жайында желтоқсандықтардың өздері талай рет баспасөзде жазды. Олардың барлығы керісінше болған жайды дәлелдеумен болды. Қазақ халқы үшін ауыр болған сол күндері Назарбаевтың баррикаданың қай жағында тұрғанын да желтоқсандықтар айтқан болатын.

МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫ ДА, ПРИНЦИПТІҢ ЖОҚТЫҒЫ ДА КІНӘЛІ

Сонымен біз кейбір қоғам қайраткерлері мен Алматы көшесінде жолыққан қарапайым адамдарға екі сұрақ қойдық:

1) Қалай ойлайсыз, Желтоқсан оқиғасы туралы айтқанда Назарбаев неге өзіне-өзі қайшы келді?

2) Бұдан оған қандай пайда бар еді?


Қарапайым азаматтардың барлығы бірдей бұл сұраққа жауап бергісі келмеді. Бұған байланысты олардың әрқайсысының өз себептері болды. Бірақ, жауап бергендердің арасынан біздің ойымызша қызықтырақ болған біреуін келтіреміз.

Бұрынғы мұғалім Анастасия Семенова Нұрсұлтан Назарбаевтың бұлай сөйлеуінің себебін оған білім берген мектептегі мұғалімдерінен көреді:

– Мен 32 жыл мектепте жұмыс істедім. Сөйтіп, мынадай тоқтамға келдім. Өтірік айту, жасыру, шындықты айтпау көптеген балаларға тән екен. Бірақ, тәрбиелеу, есею процесінде балалар бұл жағымсыз қылықтан біртіндеп құтылады. Бірақ, өкінішке қарай, кейбіреулерінде ол қалып қойып, есейген кезде де бірге болады.

Иә, Назарбаевтың өзіне-өзі қайшы келетінін соңғы жылдары мен де байқадым. Желтоқсан оқиғасына байланысты білмеймін және білгім де келмейді. Өйткені бұл мен үшін жанымды ауыртатын тақырып. Ал, әлеуметтік және өзге де мәселелерге келгенде ол жүйелі, бір сөзді емес. Бұл оның мектептегі мұғалімдерінің жіберген кемшілігі. Мен солай деп ойлаймын.

Зейнеткер және Гуманистік партияның ұйымдастырушысы Мақсұт Оразай сұрағымызға сұрақпен жауап беріп, біздің тілшімізді абдыратып тастады:

– Совет кезеңіндегі өтірік айтпаған коммунистік басшының тым болмағанда біреуін атаңызшы? Горбачевті, Ельцинді және басқаларын алыңыз. Олардың барлығы алғашында бір әңгіме айтты. Содан кейін, ол тиімсіз болған соң басқа әңгімеге көшті. Біздің қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлымыз да сол ауылдан. Сізге одан өзге не керек?

Желтоқсан оқиғасы үшін түрмеге отырып шыққан бұрынғы диссидент және саяси тұтқын, ал қазір президентке ниеті түзу қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет бұның барлығына Назарбаевтың табиғи мінезі кінәлі деп есептейді.

Атап айтқанда Хасен Қожа-Ахмет былай деді:

– 1990 жылдың қаңтар айында біз, желтоқсанның бір топ белсендісі, Назарбаевпен кездескенбіз. Сол кезде ол бізге үш айдан соң Желтоқсан оқиғасына кінәлілердің талқанын шығарып, кейбіреуін тіпті жазалайтын болып уәде берген. Міне, содан бері 20 жыл өтті. Ол өзінің айтқан сөзінде тұрған жоқ. Ол жентельмен емес. Ол әрдайым өзіне-өзі қайшы келіп отырады.

Қазақтар мұндай жағдайда: «Екі сөйлеген хан – хан емес» дейді.

Қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин нақты да қатты айтты. Ол Назарбаевтың өзіне-өзі қайшы келуі бұл бір емес, оның бұрыннан қалыптасып кеткен мінезі деп есептейді:

– Бір тақырыпқа байланысты бүгін бір сөз айтып, ертесіне басқаша сөйлеу Назарбаев үшін түкке тұрмайды. Барлығы жағдайға байланысты. Егер оған тиімді болса, ол оп-оңай өтірік айта салады.

Желтоқсандықтарға ұрсу- оған тиімді болған кезде ұрысты. Қорғау тиімді болған кезде қорғап шыға келді. Ол желбаққыш сияқты. Жел қай жақтан тұрса, соған қарай бұрыла салады. Мәскеу қандай бағыт берсе, соған қарай қимылдады. Оның ешқашан өз пікірі, принципі болған емес. Осының өзі-ақ бәрін айтып тұрған жоқ па?

Кейбір талдаушылардың пікірінше, Назарбаевқа Желтоқсан оқиғасын тиімді пайдалану арқылы билікке келу мүмкін болды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
24.06.2009 10:59
+0 / -0
Кімнің шындықты айтқанын кімнің өтірік айтқанын көктегі бір құдайдың өзі бағамдап ой елегінен өткізіп,саралап-талдап, басын қатырып,мың ойланып толғанып ұйқысы қашып, тамаққа тәбеті шаппай бір шиша арағын жұтып алғаннан кейін әлгі ақ қараны ажыратқыш көздері шырадай жанып, жердегі шен шекпенге таласқан пенделердің лайықты сый-сыбағасын күндердің бір күнінде лақ еткізіп үлестіріп бере салатынына мен сенемін....!

Кімнен: Мухаммед Қайдан: 2-шаын ауд
24.06.2009 22:14
+0 / -0
мен Жасарал агама 100% косылам

Кімнен: Батыр Қайдан: Арал
25.06.2009 08:08
+0 / -0
Подлиза Нұржол көрінбейді ғой!!!=) қайдасың
ауууууу

Кімнен: Шындық Қайдан: астана
25.06.2009 08:30
+0 / -0
Желтоқсанға кім қатысты ,кім басқарды оны зерттеген Мұхтар Шахановтан сұрау керек .Ол кісі шындыққа жақындаған болу керек .

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 21:50
+0 / -0
Биссмиллаһир раһманир раһим! Бұл жерде Елбасының өз сөзін келтіргеніміз жөн болар: "Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік". Естеріңізде болар, соңғы хажылығына барар алдында, 2003-2004 жылы Ресейдің бір газетіне берген Елбасы сұхбатын біздің бір басылым көшіріп басқанын көріп, оқып едім. Онда Нұр Ағаның: Саясат деген кір нәрсе, Ел басқарып жүрген соң әртүрлі жағдайларға кезігесің, сонда бәрін бірдей түп түзу жолмен шеше сала алмайсың, сондықтан әбден тазарғанша Хажылық парызымды толықтап атқаруға шақырып отырған Сауд Королінің шақыртуына әзірге бара алмаймын, ал Хажылық парызын өтеген адам қайтіп бұрынғы әдеттерге бара алмаса керек дегенін оқып,... Осыдан соң көп ұзамай Елбасымның Хажылыққа барғанын естідім, сондағы қуанышым, сол кездердегі тебіренісім, сол кездердегі ағытылған көз жасы, Жаңатастың келіні Әтіркүлдің Мешіттен алып кетіп, теледидардан хажылықта жүрген Елбасымды үйіндегі теледидардан түнімен көрсеткені, өзі отырып, маған түні бойы кимешек тіккені есімде қалыпты...Біз сондай бақытты едік, ал кимешек Көшек қыздарының маған тігіп, кигізген алғашқы кимешегі болмаса да жүрекпен тігілген ең қымбаттысы еді...
Ал Әбіш Ата Мешітін біз Тәуелсіздік құрбандарына Құран оқылып тұрсын деп, арнайы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында,12-ші желтоқсан күні малқұдайы шалып, ақсақалдар мен аналардың, Елағаларының ақ батасын алып, Елбасымызға деген құрметпен ашып едік, ал Сіздер не жазып жатырсыздар?!
Тәуелсіздікке арналған жиналысқа барғанымда еденнің ірге тесіктерін бітегенде қолыма жұғып қалған пеноны кетіре алмай, қолымды жеңіме тығып барып едім, інісі, әрі баласы Қайрат Сатыбалды келіп, қолымды алды. Қолымды қалай ұсынарымды білмей ұялғаным есімде, себебі олардың салтанатты сарайдағы аппақ қолдарына менің күс күс, қотыр қотыр қолдарымды ұсыну ебедейсіздеу еді. Елбасым қандай қарапайым болса, ол тәрбиелеген Қайрат та сондай әдепті, инабатты, иманды бала, иншалла! Тек жамандайтын жандайшап жандарды тыңдайтын жаман әдеті бары ғана көңілге қаяу салады, Ел ұстайтын адам өсек тыңдамас болар деп ойлайтын жүрегім осыған алаңдаулы әттең...Ал өзі мұны халықтың пікірі ғой деп санасады... Айтпағым, Елбасыма тіл тигізбесеңіздер екен, замандастарым! Абылай Ханның алпыс екі айласын еске алыңыздар, сол арқылы біз ұлт болып бірікпеп пе едік?! Ал қазіргі санаңнан да, тіліңнен де, дәстүріңнен де шығара алмай арпалысып жатқан орыс ағайынмен қашанғы жамандаса береміз, олар өз алдына бір ел, біз өз алдымызға, иншалла, бір дербес елміз, ендеше көршіңмен тату тәтті болғанға не жетсін! Әрі араласып кеткен ұрпақ қанын қайда қоямыз?! Ендігі сөз дінде, исламның құндылықтарында! Басымызды қосатын да, елімізді татуластыратын да, өткенге салауат айтқызатын да - дін ислам! Қасиетті жұма мүбарак болып, дау жанжалмен, бітпейтін тергеуді қояйық, ағайын! Қандай болса да мен Елбасым Нұрсұлтан Назарбаевты сүйемін, оған мың пайыз сенемін! Мен тағдырымды Аллаһ разылығы үшін оған тапсырдым, жарға жықпасына иманымдай сенемін, себебі ол менің рухани ұстазым, жан жарым! Айыпқа бұйырмаңыздар, марқұм Әлжан Анамыз жұмада айтсаң күнаң кешіріледі деп, әйелдерге барлық құпияларын айтқызып отыратын адам болған екен... Мына Азаттық радиосы да ..жаныңа тиіп, айтпайтыныңды айтқызады тегі...

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 21:59
+0 / -0
Бисмиллаһир раһманир раһим!Ассаламуғалейкум, аса қадірлі, ұлы мәртебелі менің Елбасым! Қасиетті үш айдың биссмилласын Шамалғанға барып, бастап келдім, иншалла! Ата мен апаның қабірлерін зиярат еттім, Қарасай Архитектурасының Медресе жеріне берген жерінің үш қазығын орнынан қозғап, берген жерлерін қайта қараймыз деген уәждеріне Аллаһ разылығы үшін келісіп қайттым! Сіз қадағалап отыр ғой жоғарыда, ал көкте Аллаһ бар ғой, қайырлысын берсін деп тіледім... Жаным менің, қашан қиындықтар таусылып, Сіздің нұр жүзіңізді интернеттен, фотодан емес, жаныңызда отырып, қаараап отыратын күн болар екен, шіркін?! Сол күнге Аллах жеткізсе екен лайым! Менде иншалла, бәрі жақсы, жүрегім Сізде, көңілім құрылыста, тілім Аллаһты ұлықтауда, Құранда, шүкір! Аллаға шүкір, аяулы Елбасым!

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 22:00
+0 / -0
Ассаламуғалейкум, аса қадірлі, ұлы мәртебелі менің Елбасым! Қасиетті үш айдың биссмилласын Шамалғанға барып, бастап келдім, иншалла! Ата мен апаның қабірлерін зиярат еттім, Қарасай Архитектурасының Медресе жеріне берген жерінің үш қазығын орнынан қозғап, берген жерлерін қайта қараймыз деген уәждеріне Аллаһ разылығы үшін келісіп қайттым! Сіз қадағалап отыр ғой жоғарыда, ал көкте Аллаһ бар ғой, қайырлысын берсін деп тіледім... Жаным менің, қашан қиындықтар таусылып, Сіздің нұр жүзіңізді интернеттен, фотодан емес, жаныңызда отырып, қаараап отыратын күн болар екен, шіркін?! Сол күнге Аллах жеткізсе екен лайым! Менде иншалла, бәрі жақсы, жүрегім Сізде, көңілім құрылыста, тілім Аллаһты ұлықтауда, Құранда, шүкір! Аллаға шүкір, аяулы Елбасым!

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 22:06
+0 / -0
АҚСАРБАС
18.11.1999

Биссмилляһир раһманир раһим!

Бір Алланың атымен
Бастап сөзді сөйлесем,
Астанада ақ Мешіт,
Аңсадым сені көрмесем...
Қадір түнде ашылған,
Бақ есігі Алланың,
Күміс шашу шашылған,
Мейіріндей Қағбаның!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Қадір түннен намаз кілт,
Жүрегімді емдеген,
Сыннан өттім не түрлі,
Түсімде де көрмеген!
Айша деп атым қойылды,
Кесел біткен жойылды,
Мешіттен тауып шипаны,
Түзеттім енді бойымды!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Ақсарбасты атадым,
Құдіретті Тәңірге,
Киесі кемел батаның,
Бас идірген әмірге!
Сол аталған ақсарбас,
Шалмақпын жұма Мешітте,
Ризасы Алланың,
Келе гөр Елге, кешікпе!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Қызырлы қызыл жолбарыс,
Қызыл «Мазда» машина,
Бабалардың батасы
Берілген адам жаси ма?!
Қалдырып жолда көрмеді,
Зейнетін Алла бергені,
Қызыққа міндім жарқылдап,
Тойларды тойлап елдегі.
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Ұрласа ұры үш күнде,
Қайтарып кері әкелді,
Жеті рет қалды бұйрықпен,
Азаншы Қазбек ал енді!
Бір қойға басын баладым,
Ақсарбасым ғып шал енді!
Елбасым, Елім аман боп,
Нұрланта берсін әлемді!
Лә илаһа илаллаһ
Мұхаммад Расулаллаһ.

Кімнен: қазақ Қайдан: елден
26.06.2009 23:28
+0 / -0
Айша хажы кім

Кімнен: АДАМ Қайдан: Жер
27.06.2009 17:28
+0 / -0
Шынында ды...

Кімнен: жанай
28.06.2009 14:42
+0 / -0
сонау заманда "Жан әке шертіп сезім домбырасын..." деп әке туралы асқақ жыр жазған Мұхтар Шаханов мықты екен. Осы кезде кейбіреулер әкәсіне емес патшасымаққа табынып кетті.

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтауғой
29.06.2009 12:39
+0 / -0
Астапыралла! Жүре берсең көре бересің деген, мынау Айша хажы Әбішкеліні деген кім тағы?

Кімнен: Мусулман Қайдан: Казакстан
29.06.2009 19:15
+0 / -0
Алхамдулилла. Алла пана болсын, Сизге, Айша апа. Адал соз айткан адамга Алла жар болады, жолынызды Кудай ашсын.

Кімнен: Акбопе Қайдан: Казакстан
29.06.2009 19:29
+0 / -0
Казак, Адам, Жанай, Адай болып журген агатайларга Алла тауфик берсын. Бул айлар касиеттi мусылман кулшылык,гибадат айлары гой. Адамды сыйламасандар да Кудайдан корыккандарыныз макул болар. Айша хажы, буларды тындаманыз. Казакта ит уредi, керуен кошедi деген соз бар емес пе, ауыз оздерiнiкi, сойлей берсiн. Бiз сiздi бiлемiз, Алла жардемшiнiз болсын.Мешiтiнiз жаксы екен, намаз окыган едiк.

Кімнен: Наби Қайдан: Казакстан
29.06.2009 19:34
+0 / -0
Астапыралла. Мына жiгiттер айел адамга соктыккандары несi, оздерiмен кетсiн. Ер азаматтын барi осылардай коргенсiз деп ойламаныз, Хажы Ана! Жiгiттер, Кудай бiзге иман бергей.

Кімнен: Абылай Қайдан: Казакстан
29.06.2009 19:39
+0 / -0
Айел адам акесiн жырлайды деген тагы не, Ей, казактар Айша деген ер адамнын емес, айелзатынын есiмi емес пе. 21

Кімнен: Шындық Қайдан: Астана
30.06.2009 09:44
+0 / -0
Айша хажы Сіз Нұрағаңды сүйгендіктен кемшіліктерін көрмей отырсыз ,Сіз Нұрағаңды көрмесеңізде өз некеңізді қыйдырып ӘБІШКЕЛІНІ ДЕГЕН АТАҒЫН АЛДЫҢЫЗ.
бҰЛ ҚАНДАЙ ШАРИҒАТҚА ЖАТАДЫ. Егерде басқа Әбіштің келіні болсаңыз шариғатта өз күйеуіңізге аитатын жаным мен сені сүйемін деген сөзді байына ғана айту керек еді.Одан басқа ,шариғатта айқайлап мен сені сүейемін деп ана әжелеріміздің айтқанын естіген емеспіз.сонымен қатар өтірік өсек шариғатқа жат нәрсе ,ал Сіз оны қолдайсыз .соған қарағанда Сіз өзіңіз неболарыңызды білмей жүрген адамсыз ау деймін.

Кімнен: пернебай Қайдан: шымкент
01.07.2009 14:06
+0 / -0
мына әбішкелініні дегеннің дені сау ма өзі
осындайларға қарап отырып бүкіл мұсылмандарға тіліміз тиіп жатады кейде

Кімнен: Айтжан Қайдан: Астана. Казақстан.
08.07.2009 11:30
+0 / -0
ШЫМКЕНТТІК ПЕРНЕБАЙ ҚАЙНЫМА ЖАУАП РЕТІНДЕ АЛЛАҺУ ТАҒАЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН МҰСЫЛМАН ЖЕҢГЕЛЕРІ АТЫНАН:

Аллаһ елшісінен (с.а.с) өзгелерге салауат айту
Аллаһ елшісінен өзге пайғамбарларға, оның отбасына, жұбайларына, үмметіне немесе жеке адамға салауат айту мәселесіне келер болсақ, ғұламалар төмендегідей бөліп қарастырады.
а) Кез-келген пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдауға болады. Аллаһ елшісі (с.а.с): “Аллаһ пайғамбарлары мен елшілеріне салауат жолдаңдар. Шын мәнінде Аллаһ мені жібергені сияқты оларды да солай жіберген”,-деген. (Абдурразақ мусаннафы. Сахих хадис). Демек, қай пайғамбар есімі аталса да “Ғаләйһис салату уәс-сәләм” деп айтса болады. Кей жағдайда тек “Ғаләһис сәләм” деп, салауатты айтпай-ақ, амандық тілеп, сәлем жолдаса да болады. Бұған Саффат сүресінде пайғамбарлар есімдері аталған сайын Аллаһтың “Оларға сәлем болсын”,-деген аяттары дәлел бола алады.
ә) Егер де ол адам есімі пайғамбар есіміне ілескен болса, онда салауат айтуға болады. Мысалы: “Аллаһуммә солли ғалә Мухаммад уә ғалә әәли Мухаммәд”, яғни “Аллаһым, Мұхаммедтке салауаттар болсын және оның отбасы мен оған ерушілерге салауаттар болсын”,-дегендей. Бұл жерде “отбасы” мен “оған ерушілерге” салауат айтылған. Кей нұсқаларда “уә әзуәәжиһи уә зурриятиһи” деген қосымша да айтылған, яғни “оның жұбайлары мен ұрпақтарына” деген сөз. Қайткен күнде де пайғамбар есімімен қатар айтылса басқа жанға да салауат айтудың еш сөкеттігі жоқ.
б) Егер де адам есімі жеке айтылса, онда белгілі себептермен ғана салауат айтуға болады. Мәселен, бір адам садақа әкелетін болса, садақа әкелген адамның есімін атап: “Аллаһумма солли ғаләйһи”, яғни “Аллаһым, бұған салауат болсын”,-десе болады. Бұған Аллаһ тағаланың: “Олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға салауат (дұға) айт. Шын мәнінде сенің оларға жасаған салауатың (дұғаларың) – олар үшін бір тоқтау”,-деген сөзі дәлел. (Тәубе, 103). Осы аяттың түсіндірмесінде Абдуллаһ ибн Әбу Әуфә: “Мен садақамды алып келгенімде ол кісі: “Аллаһым, Әбу Әуфа әулетіне салауат болсын”,-деді”,-деген. (Бұхари, Муслим).
в) Сондай-ақ, бір адамға салауат айтқанда анда санда, бір-екі рет айтып қоюдың да оқасы жоқ. Мәселен: “Әбу Бәкрге салауат болсын”,-дегендей. Алайда әркез есімі аталған сайын оған салауат айту дұрыс болмайды. Себебі тыңдаушы адамдар оны пайғамбар деп ойлап қалуы ғажап емес. Бұл кейбір ғұламалардың пікірі.

Кімнен: Айтжан Қайдан: Астана. Казақстан.
08.07.2009 11:39
+0 / -0
АСТАНАНЫҢ ӨЗІН "ШЫНДЫҚ" ДЕП АТАҒАН АЗАМАТЫНА ЖАУАП РЕТІНДЕ:
Салауат айту үлгілері
Аллаһ елшісіне (с.а.с) салауат айту үлгілері әрқилы. Мәселен: “Салауатуллаһи уә сәләмуһу аләйһи”, “Аләйһис салату уәс-сәләм”, “Аләйһис сәләм” десе де болады. Бұл тіркестердің бәрі де жоғарыдағы мысалға ұқсас, дәл сол мағынаны береді.
Тағы бір үлгісі: “Саллаллаһу ғалә Мухаммәд уа ғалә әәлиһи уа сахбиһи ажмағин”. Бұл: “Мұхаммедке, оның отбасына және Оған ерушілерге Аллаһтың салауаттары болсын” деген мағына береді. Ғұламалар осы сөйлемдегі “әәлиһи” сөзінің мағынасының өзгеріп тұратынын айтып: “Егер де “әәлиһи” сөзінен кейін “сахбиһи” немесе “әтбәғиһи” деген сөз қосылса, онда “әәлиһи” сөзі тек “отбасы” деген мағына береді, ал егер тек “әәлиһи” келіп, одан кейін ешбір сөз айтылмаса, онда ол “отбасы және барлық мұсылмандар” деген мағына береді”,-деген. Осыдан қорытынды шығарып, түсініктірек болу үшін мысал келтіріп өтсек, салауаттың бұл үлгісі екі түрлі айтылады. Бірінші түрі: “Саллаллаһу ғалә Мухаммәд уа ғалә әәлиһи уа сахбиһи уат-тәбиғинә әжмағин”, яғни “Мұхаммедке, оның отбасына, оның сахабалары мен оларға ілесушілерге Аллаһтың салауаттары болсын”. Екінші түрі намаз соңында оқылатын: “Аллаһуммә солли ғалә Мухәммәд уа ғалә әәли Мухаммәд”,-дұғасы. Бұл жерде: “Аллаһым, Мұхаммедке және оның отбасы мен толық үмметіне салауат ете гөр”,-деген мағына шығады.
Сондай-ақ, “Аллаһумма солли ғалә Мухаммад” деп, дұға үлгісінде айтса да болады. Мағынасы: “Аллаһым, Мұхаммедке салауат айтып, Өзіңнің құзырыңда мадақтап, жақсы сипаттармен сипатта”,-деген сөз.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде бұл тіркесті толық мағынасын жазып жату қиындық тудыруы себепті бұл тіркесті: “Оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемі” немесе “Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын” деп аударады. Ал “салауат” пен “сәлем” сөзінің қандай мағына беретіндігін жоғарыда баяндап өттік.
Сондай-ақ, кейбір Ислам ғұламалары кітап беттеріне салауаттың араб тіліндегі (ص) әрпімен берілуіне рұқсат бермейді. Осыған орай (с.а.с) немесе (с.ғ.с) деп қысқартып жазу да сәл қисынсыз келеді. Алайда қазіргі таңдағы көп баспаларда “Салләллаһу аләйһи уә сәлләм” сөйлемінің кіші үлгіде жазылуы қиындық тудырып, еріксіз жақша ішіне (с.а.с) немесе (с.ғ.с) деп қысқартып жазуға мәжбүр болып жүр. Оған қоса сөйлем арасына “Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын” деген сөйлемді кіргізген кезде діннен хабары аз адамның оқуына қиындық тудырып, сөйлемді байланыстыра алмай қалуы мүмкін деген қауіп тағы бар. Әйтсе де кей баспаларда арабша, орысша немесе қазақша салауаттың кішкене көлемде, дөңгелене жазылған үлгісі бар әрі олар сол белгіні қолданып келеді...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі