Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Саясат

Серікболсын Әбділдин: Кезінде Қонаевтан жапа шеккен Назарбаевтың өзі одан да өтіп кетті

Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Компартиясының төрағасы. Алматы, 19 қаңтар 2009 ж.

25.06.2009
Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ

Нұрсұлтан Назарбаев пен оппозицияның бүгінгі жетекшісі Серікболсын Әбділдин 30 жылдан астам уақыттан бері таныс. Азаттық радиосына сұхбат берген Әбділдин Назарбаев «мемлекеттік билікті толығымен иемденіп алды» дейді.


НАЗАРБАЕВТЫҢ ТҰЛҒАСЫНА ТАБЫНУШЫЛЫҚ


– Серікболсын мырза, шамасы, сіз 80-інші жылдардан бастап, ширек ғасырдан астам уақыт Нұрсұлтан Назарбаевпен «иық тіресе» жұмыс істедіңіз, сондықтан оны бүгінгі іс басындағы саясаткерлердің бәрінен де жақсырақ білесіз. Назарбаев елді үзіліссіз 20 жыл басқарып отыр, соның 18 жылы тәуелсіздік кезеңі. Осы мерзім ішінде елде демократиялық қоғам мен мемлекеттің барлық қажетті институттары пайда болды. Олай болса, сіздің пікіріңізше, осы өткен 20 жылдың ішінде президент Назарбаев елде демократия орната алды ма?

- Назарбаевтың билігі іс жүзінде Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалған кезінде-ақ басталған. Ал, кейіннен, сіз дұрыс айтасыз, оның басқарғанына 20 жыл өтті. Қазақстан Компартиясын басқарды, сосын бір мезгілде республика парламентінің төрағасы болды. Сәл кейінірек президент болып сайланды.

Қазақстан Компартиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин тәуелсіздік ескерткіші алдындағы жиында сөйлеп тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2006 ж.
Конституциялық та, қоғамдық та институттарды құру... Егер өз кезегімен және Конституцияда жазылғандар бойынша қарайтын болсақ, онда демократиялық азаматтық қоғамның барлық институттары бар.

Бірақ, үлкен өкінішке қарай, бізде Конституция жұмыс істемейді, республика заңдары жұмыс істемейді. Әуелі, мемлекеттік, конституциялық органдарда, үлкен өкінішке қарай, дербестік жоқ.

Бізде Конституцияны алмастырып отырған бір ғана адам бар. Ол мемлекеттік билікті толығымен тамаша иемденіп алды, қалғандары оның ауызына қарап отыр. Мәселен, қазір кез-келген әкім, министр, тіпті, премьер-министрдің
Бізде Конституцияны алмастырып отырған бір ғана адам бар. Ол мемлекеттік билікті толығыменен тап-тамаша иемденіп алды, қалғандары оның ауызына қарап отыр.
өзі теледидардан сөйлей қалса, әңгімені «мемлекет басшысы айтты», «президент тапсырма берді», «Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығының арқасында» дегеннен бастайды, тыңдай алмайтын болдық, ұят тіпті.

Бір сөзбен айтқанда, ол өзіндік бір табынушылық дәстүрін қалыптастырды. Ал, негізінде, ондай табынушылық дәстүрі азаматтық қоғамның іргетасы бола алмайды. Сол себепті, менің айтарым — бізде қағаз бетінде және сөз жүзінде бәрі бар, ал, іс жүзінде бізде өте ауыр қоғам пайда болған.

Біріншіден, егер біз қоғам және билік деп бөлетін болсақ, онда билік құрылымдарын башпайынан басына дейін жемқорлық шырмаған. Бұл — менің сөзім емес. Мұның ұлттық мәселеге айналғанын, әуелі, президенттің өзі мойындайды.

Қоғам мүлдем басқаша болып өзгерді. Өзгергенде де өте жаман жаққа қарай өзгерді. Қоғам адамшылық жағынан да, рухани жағынан да қатты құлдырап барады.

Тәуелсіз қоғамдық институттар, оның ішінде америкалық зерттеушілер сұрау жүргізгенде де сұралғандардың 86-88 пайызының өз пікірін ашық айтуға қорқатыны анықталған. Бұл ерікті қоғам құратын емес, керісінше, адамның еркі мен бостандығын жаншитын саяси режимнің барын білдіреді. Ал, адамдардың, былайша айтқанда, құлға айналғанын көрсетеді.

Сондықтан, меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін, халық үшін ешқандай да игілікті, пайдалы, озық іс жасаған жоқ.

«ОЛ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ БАСТЫ ЗИЯНКЕСКЕ АЙНАЛЫП ОТЫР»

- Серікболсын мырза, кешегі 80-інші жылдары жер-жаһанға жар салған мәлімдемелері, үндеулері мен уәделеріне қарай Назарбаев бір адамның билікте ұзақ отыруына қарсы демократ ретінде, авторитаризмнің қарсыласы, реформатор, жемқорлық пен қолпаштық және ағайынгершілік секілді өзге де келеңсіздік көріністеріне қарсы ымырасыз да аяусыз күрескер ретінде билікке келді. Сөйткен адамның өзі 20 жыл бойы билікте отыр, мұны қалай түсіндірер едіңіз?

- Сіз маған өзім де көп ойлап, көп толғанатын сұрақты қойдыңыз. Өйткені, Назарбаев карьерасының бастапқы кезінде мен де биік қызметтерде болдым. Және де біз өте тығыз араластық. Мен Мәскеуде қызмет еткен кезде де ол апта сайын дерлік келіп тұрды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Борис Ельцин. Мәскеу, 1990 ж.
Біз жиі бірге болатынбыз, республикалық деңгейдегі ғана емес, көптеген одақтық мәселелерді де бірге талқылайтынбыз. Бірде, тіпті, Сталиннің қызметіне баға беруге дейін бардық... Жалпы алғанда, көп қасірет Сталиннің өзінен емес, сталиндік саясаттан келгенін ол сол кезде мойындаған еді.

Бірде, тіпті, Сталиннің қызметіне баға беруге дейін бардық... Жалпы алғанда, көп қасірет Сталиннің өзінен емес, сталиндік саясаттан келгенін ол сол кезде мойындаған еді.
Сосын, ол Қонаевтың өзіне тізе батырғанын, оны [Назарбаевты] жер бетінен жоқ қылып жібергісі келгенін, одан өзін қайта құру мен Горбачевтың қолдауы құтқарғанын, яғни, сол төңіректе көп айтатын.

Мен мұндай бағаларын, оның қысымнан, режимінен, жоғары тұрған адамның режимінен зардап шеккенін естіген соң, бұл оларды, олардың дағдыларын қайталамайтын шығар деп ойладым.

Бірақ, үлкен өкінішке қарай, уақыт өте келе оның сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Демек, сол кездері ол бір нәрсені айтқанмен, ойы екінші нәрседе болған. Жалпы, ол президент болып сайланғанға дейін-ақ көсемшілдікке бой алдырып, саяси билікті толығымен иемденуге ниеттенді.

Колбин Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен кетіп, бұл орын екі-үш ай бос тұрған кезде мен оның көптеген мансаптық істеріне септестім.

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметіне кім лайық деген тақырыпта өте көп әңгіме болатын. Көп адамның аты-жөні аталатын, соның ішінде, әрине, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі де, Еркін Әуелбеков, Мақтай Сағдиев секілді адамдардың және басқалардың есімдері айтылатын.

Бірақ, мен үнемі Назарбаевтың Мәскеудің көзіне түсуіне қолайлы желі ұстап отырдым. Ол кезде мен Мәскеудегі Компартия ОК-нің көп адамымен таныс едім, араласатынмын. Ол — түрлі шағым, домалақ арыз дегендер «дөңгелеп» келіп жататын уақыт, бәрінің үстінен арыз түсетін, Назарбаевтың да үстінен Мәскеуге арыз көп түсетін. Жаңағы қызыл дәліздегілер менен сондай арыз-шағым құжаттары бойынша сұрайтын.

Мен ылғи да оны сондай бәле-жаладан қайсыбір деңгейде қорғап отырдым. Мен Алматыға оралғанда алдымен Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары, ал, бір жыл өткенде төрағасы болдым.

Мен жасымның үлкендігіне қарай (мен одан екі-үш жас үлкенмін) үнемі оған қамқор болып, оны інім секілді жақсы көрдім. Бірақ, менің үлкен өкінішіме қарай, оның жүзінде басқа нәрсе, тіліндегісі басқа, ал, оның ішкі әлемі өте күрделі боп шықты...

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Грузия президенті Эдуард Шеварднадзе. 1995 ж.
Көп адам оның сырын біледі, тіпті, білмегеннің өзінде, оның бір де бір сөзіне сенбейді. Және көбісі ол туралы жаман сөйлеуге қорқады. Сөйте тұра, естуімше, оны жек көретіні сондай, ол теледидардан көріне бастаса болды, телевизорын сөндіріп тастайтын адамдар бар.

Ал, басында жағдай мүлдем басқа еді — жұрт оған сенетін және үміт артатын. Бірақ, уақыт өте келе, оның билікте отырғанына ширек ғасыр өткенде жұрт оның ішкі әлемін таныды. Бүгінде жұрт 80-інші жылдардың соңы мен 90-ыншы жылдардың басында көрген адамын жоғалтып алған.

Мен оның қарау тәсілдері мен айла-шарғыларын басқалай жоритынмын. Аңғал басым, мен оның қулық-сұмдығын, шиеленісі мен айла-шарғысын билік басына жету жолында қарсыластарын жеңу үшін істейтін шығар деп ойлайтынмын.

Бірақ, ол елдің іс жүзіндегі жеке дара «бастығына» айналғанда да әлгі көпе-көрінеу лас та қарау тәсілдерін тастамады. Қазір де сол Қазақстанның анағұрлым озық азаматтарын, дарынды басқарушыларды, топ-менеджерлерді және айтарлықтай алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерді жаппай қырып-жою науқаны жүріп жатыр.

Бұл мені қатты мазалайды. Өте қатты қобалжытады. Осылайша ұлт өзінің озық ойлы ұландарын жоятын болса, болашағымыз не болады? Ел не болады, халық не болады? Бұл – бір.

Екіншіден, әу баста оның билікке келуі өз аузымен бір ғана адам биік лауазымда ұзақ отыруға тиіс емес, бұл зиянды деп айтуынан басталған болатын. Ал, іс жүзінде ол өзі елдегі ең негізгі зиянкеске айналды.

Қазақстандағы бәле-кесапаттың бәрі оның саясатынан туындап отыр. Сондықтан, ол баяғыда өз еркімен биліктен кетуге тиіс еді.

«СӘРСЕНБАЕВТЫҢ, НҰРҚАДІЛОВТЫҢ ӨЛІМІ – ОНЫҢ САЯСАТЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ»

- Серікболсын мырза, сіздің сөздеріңізге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевты танығаныңызға 30 жылдан астам уақыт болыпты ғой. Назарбаевтың қай қасиетін баса айтар едіңіз?

- Жақсы қасиеттерінен айтсам, - мұны жоққа шығарудың қажеті жоқ – ол сүйкімді адам. Кез-келген ортада, кез-келген кездесуде ол әңгіменің басын да, ортасын және соңын да таба біледі. Оның қарапайым еңбеккердің де, мемлекет қайраткерінің және басқаның да тілін таба білуі таңғалдырады. Мұны мойындамасқа болмайды.

Дей тұрғанмен, оның сөзі мен ісі ешқашан бір жерден шықпайды. Ол жалған саясатқа, өтірікшілікке беріліп кеткен. Жалпылай келгенде, ол ешкімді аямайды.

Ол әуелі өзінің ең жақын адамдарын былыққа «батырады» да, өзіне тәуелді етіп қояды. Бұл өте зұлым айла. Ал, байып алып, Назарбаевтан жырақ кете алмайтын адам — нағыз құл.

Әлдекім одан айнып, Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге болмайды, онымен бірге істеу қауіпті деп ашық айтқан болса,
Қастандық құрбаны болған оппозиция лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салу. 15 ақпан 2006 ж.
оны не отырғызады, не қудалайды... Ал, мен тағы бір деректі ашық айтқым келеді.

Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтың өлімі – бұл оның кері саясатының айқын көрсеткіші. Олардың өлімі айнадай жарқырап, бәрін көрсетті. Олар оның серіктестері еді, не айтса, соны орындады, оған қызмет етті. Қызмет етті!

Мен өз көзіммен көргенмін. Кездескенмін. Кезінде Назарбаевтың өз ұсынысы бойынша олардың өсуіне көмектескенмін. Алғаш рет ол маған: «Секе, бұл жігіт «біздің адам» деп маған Алтынбекті таныстырған да өзі еді.

Ал, олар сеніммен және шындықпен қызмет етті. Бірақ, олар оның қылығына төзбеді, оның лас саясатынан, диктаторлығынан, мемлекетті отбасылық-әулеттік басқару әдісінен бастарын аулақ салды.
Кез-келген ортада, кез келген кездесуде ол әңгіменің басын да, ортасын және соңын да таба біледі. Оның қарапайым еңбеккердің де, мемлекет қайраткерінің және басқаның да тілін таба білуі таңғалдырады.


Және де олар тек аулақ кетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге әрекет етуге көшті, демократияға қоңсы қонбайтын дүниелерді жарыққа шығарды. Бұл нағыз монархия. Бұл Қазақстанның болашағына зиянды. Біріншіден, Қазақстанда сатылмаған нәрсе қалмады. Екіншіден, жұрттың күні қараң. Үшіншіден, халық жаншылған.

Олар сол күрестері үшін жазаланып кетті.

Менің, мәселен, жаныма бататыны — 1937 жыл қайталануда. Айтпақшы, мен сол 1937 жылдың соңында дүниеге келдім. Ол заманда үш адам қол қойса, жетіп жатыр, адамды кінәлі қылып шығаратын. Ал, мұнда адамды омондықтар [анығында: ҰҚК-нің «Арыстан» арнаулы бөлімшесі - Азаттық радиосы] алып шыққан. Ұрлап алып шығады, қаланың сыртына алып барады.

Бір Алтынбекті ғана емес, оның екі көмекшісін де. Өлтірген. Сотсыз және тергеусіз...

«КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІ ҚОПСЫТҚАН КІМ?»

- Шын мәнінде ол жаза еді. Өйткені, олардың бәрін НКВД-ның әдісімен шүйдеден атқан...

- Иә! Сол бәле боп тұр ғой, бір адам ұзақ жыл тұтқаны ұстап отырғанда солай болады, ондай ауытқушылықтардың шын себебін ешкім аша алмайды.

Әлі күнге жұрт айтады, шулайды... Бірақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебі мен салдарына кім кінәлі екенін ешкім айта алмайды. Түсінесіз бе!

Наразылық акциясына шыққандардың қолындағы сөз бостандығына қысым жасамау туралы талап айтылған жазуларды полицейлер күштеп жұлып алып жатыр. Алматы, 24 маусым 2009 ж.
Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай мен ненің не екенін ашық жаздым: кімнің не үшін күресіп, неге барып арандағанын. Бірақ, қалай болғанда да бұның бәрі сол адамнан шығып тұр ғой...

Басқасын былай қойғанда, жұрт жер мәселесінен жапа шегуде. Олардың жерлерін, жер телімдерін тартып алуда... Осы мәселелердің бәрін тудырған кім? Кім осы келеңсіздіктерді қопсытқан?

Мен депутат болғанмын, мен жерді сатуға мүмкіндік беретін бабы бар Жер кодексін қабылдауға қарсы шықтым. Сол кезде ол парламентсіз өзі-ақ даулы кодекске қол қойды. Жалпы, сол бапты енгізген де өзі еді.

Бүгінде енді жерді саудалау-сату төңірегінде жұрт бірін бірі бір жапырақ жер үшін, жер телімі үшін өлтіріп жатыр. Қуаттысы - әлсіздің, батылы – қорғансыздың жерін тартып алып жатыр.

Әлемдік дағдарыс анау... Бірақ, не дегенмен Еуропадағы дағдарыс пен Қазақстандағы дағдарыс — мүлдем екі бөлек дүние. Біздің өз өндірісіміз жоқ қой. Тауардың, оның ішінде азық-түліктің 60 пайызын біз сырттан тасимыз.
Жалғыз өзі мемлекетті басқарған 20 жыл ішінде ішкі нарыққа қолайлы экономика қалыптастырудың орнына ол – президент Назарбаев ештеңе істеген жоқ.


Жалғыз өзі мемлекетті басқарған 20 жыл ішінде ішкі нарыққа қолайлы экономика қалыптастырудың орнына ол – президент Назарбаев ештеңе істеген жоқ. Әлі күнге дейін қайталағаны бір нәрсе: «қане, біз мұнайдан түскен долларға, анаған, мынаған тәуелділіктен құтылайықшы» деп тұрғаны қашан көрсең.

Мұнайдан түскен доллардың ағыны біраз бәсеңдеп қалып еді, қазір қайта күшейді. Енді қорқып отырғаным — ол өзінің ұлттық экономика құру жөніндегі сөздерін ұмытып кететін шығар. Сол себепті, одан пайда жоқ.

«НАЗАРБАЕВ БҮКІЛ ЭКОНОМИКАНЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП АЛДЫ»

- Сіз Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» деген кітабын оқыдыңыз ба?

- Иә, оқыдым.

- Ендеше, президенттің бұрынғы күйеу баласының жобалауынша, «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттің барлық құнды активтерін жинап алып, Сингапур, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларына сату үшін құрылған. Оның тұжырымы бойынша, сол инвесторлардың артында Назарбаевтың өзі тұр. Яғни, президенттің экс-күйеу баласының пікірінше, Назарбаев біржола бүкіл елді жекешелендіруге кіріскен. Бұлай болуы мүмкін деп ойлайсыз ба?

- Жалпы, Рахат Әлиевтің жазғандары бізге былай-ақ белгілі еді. Ол, бәлкім, кішкене әсершілдікпен, ызамен жазған болар.

Тәуелсіздік таңы атқан күні-ақ Назарбаевтың барлық пайдалы кәсіпорындарды сатып жібергенін жұрт онсыз да біледі. Бүгінгі жүріп жатқан меншікті қайта бөлісу науқаны да көзге ұрып тұр. Қазір ол «кімге байлық көп, ал, кімге аз бұйырды» және сол активтерді қалай басқару керек деген мағынада «қайта сорттауды» бастады.

Рахаттың жазғандары дұрыс болар деп топшылаймын. «Самұрық-Қазынаны» халық әл-ауқатының қоры деп атауын атады. Ал, әрине, шын мәнінде бұл қор Назарбаевтың өз әл-ауқаты үшін құрылған. Оны жасыруға болмайды.

Шындығында ол саяси билікті ғана басып алып қойған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстан экономикасын жекешелендіріп алды. Және де ол экономиканың ақша өздігінен құйылып жататын салаларын иеленді. Ондай салалар тек бір ғана мұнай мен газ емес, сонымен бірге ол — металл, әсіресе түсті металдар.
Шындығында ол саяси билікті ғана басып алып қойған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстан экономикасын жекешелендіріп алды.


Ол бұдан әрі қарай да сата берсе, мен оған таңданбас едім. Міне, қазір «Қазатомпром» ұлттық компаниясы жөнінде өте үлкен әңгімелер айтылуда. Ал, уран деген нағыз таза, қыруар ақша.

«Қазатомпромды» Мұхтар Жәкішевтен тартып алды. Нақтырақ айтқанда, Жәкішевтен емес, оның ықпалынан тартып алды. Ал, Жәкішев және басқалары — озық топ-менеджерлер — олар қандай да бір мөлшерде қарсылық көрсетеді немесе өз пікірлерін айтады.

Ал, бұл оның [Нұрсұлтан Назарбаевтың] жақындарына, соның ішінде өзіне де ылғи ұнай бермейді. Тікелей айтқанда, ол қазір ірі табысты салаларды екінші рет қайта құраумен айналысуда деуге болады.

- Серікболсын мырза, сұхбатыңызға рахмет.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Кусайын
25.06.2009 12:41
Мына шал барынша ашык айтыпты. Өзін билікке жіберсе өзі де соны істейдіау. Мен өзім ешкімге сенбеймін, сенуден калдық. Шет елден бір қазақты әкеп тағайындамаса қазіргі билікте Президенттікке лайык ешкім жок.

Кімнен: f
25.06.2009 15:02
Қанша кісі айтып жатса да түсінбейсіз ә, ана Сұлтан-Хан деген сорақылықты түземесеңіз америкалық егелеріңізге хат жазып қазақ тілінің әмілесін қорлағаныңызды дәлелдеп, әркім паспорттағы әкесі қойған аты жөнін жазсын деп талап қоямын.

Кімнен: Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ
25.06.2009 15:02
Құрметті оқырман, сіздің ескертуіңізге де, қойған талабыңызға да рахмет! Әйтсе де, менің аты-жөніме алаңдамай-ақ, жазылған мақаланың мазмұнына көбірек көңіл аударғаныңыз дұрыс-ау деп ойлаймын.

Кімнен: Жаны ашыған қазақ Қайдан: Астана
25.06.2009 15:59
Назарбаевтың Ескендір Зұлхарнай жөнінде айтқан бір сөзін телевизордан естеген едім . Онда ол кісі Ескендір хан мен өлгенде екі алақанымды ашып елмен алып жүріңдер деген дейді, Себебі ,дүние жүзінің жартысын иемденсемде арғы дүниеге ештеңе алып бара жатқан жоқпын деп көрсеткісі келген мыс.Сол сияқты ақшасы бар жігіттер арғы дүниеге ештеңе алып кетпейсіңдер жарлы жақыбайларға көмектесіңдер деген мағанада әңге айтып еді. Енді өзі Қазақстанның бар байлығын иемденіп арғы дүниеге алып кетер мекен.Ол тақтан кеткеннен кейін барлық байлығын Мемлекетке қайтарып алады халық оған әуре болмайақ қойсын.Оданда тірісінде көрсетіп халыққа бар байлығын таратып берсе аты тариқта қалады. Қазіргі ең тиімді жол байлығын, отырған тағын босатып берсе бұрынғы абыройы сақталар еді.

Кімнен: Нұр Отанның мүшесі
25.06.2009 17:33
Әй, менің мәңгілік Президентіме тіл тигізбеңдер. Қолдарыңнан келсе қонышынан басыңдар.Тісің барда ысқырып қалған дұрыс. Келмейді екен, тыныш жүріңдер.Әйтпнсн НӘН көкеме айтып жандарыңды шығарамын.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
25.06.2009 18:37
Назарбаевты айта берген де түзеліп, халыққа жаны ашымас. Оның (Назарбаевты айтып жатқан жоқпын, сондықтан менің пікірімді қорықпай жариялай беріңіздер)зымиян, арам, өтірікші, бәлеқор, сатқын, дүниеқоңыз екенін бүгінде бесікте жатқан балаға дейін біледі. Сондықтан оны орнынан жәй ғана ауыстырмай, жұлып алып, Ә әрпінен келетін әкесін көзіне көрсетіп, жанын шығару керек

Кімнен: Қытайдағы ҚАЗАҚ Қайдан: ҚХР
25.06.2009 18:44
Қазақ айтқаннан кенде емес,сөзді қойып,іске көшер кез әлдеқашан келді,осылай кете берсек,Қазақ болып қалуымыздың өзі қауіпті,ауылдағы сорлы қазаақ,үйсіз- күйсіз жүрген жастар,шетелде ұлт ретінде жоғалудың шақ алдында тұрған қазақ,,,,,осыларды кім ескереді? Батыр бір оқтык деуші еді, жанын жалдаған бір еркек шықпағаны ма?

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
25.06.2009 19:08
Жасым отызға келген жігітпін. кезінде Алматыда тұрдым, одан соң, тұрмыс тіршілігіме байланысты астанаға көшуге тура келді. Айтайын дегенім, мемлекеттік қызметте істемейтін адамдардың арасында жолдастарым мен достарым өте көп. Ал билікке қызмет ететіндердің арасында араласып тұратын жолдастарым да аз емес. Қазмұнайгаз, Самұрық Қазына, секілді ұлттық компаниялар мен президент әкімшілігі, ҰҚК, Ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау саласында және тағы басқа мекемелерде қызмет істейтін таныстарымның барлығы дерлік Назарбаев деген атты естігісі келмейтінін айтады. Солардың кейбіреуі баспана алу үшін мемлекеттік қызметке бардық, үлкен шенеуніктер секілді халықтың байлығын тонаған жоқпыз, тек мемлекет белгілеген 60000 мың теңге жалақыға күн көрсек те, балаларымыз өскенде олардың бетіне қалай қараймыз деп қорқатын болдық, өйткені, олар ертең бізден әке 91пайыз секілді оңбаған адамның жүйесіне қалай ғана қызмет еттің деп сұрақтың астына алса, не деп жауап береміз. 91пайыздың оңбағандығын, арам адам екенін білмедік деп айта алмаймыз. Сонда оларға не деп жауап береміз дейді таныстарым. Оларға қарағанда мен бақытты екенмін. Баспанам болмаса да ұйқым тыңыш, ертең әлгі оңбаған бишараға (туғанын түк көрмей, бишара болып өсіп, бишара болып қалыптасқан және бишара болып өлетін 91 пайыз) неге қызмет еттің деп менен ешкім сұрамайды.

Кімнен: Шаянбай Қайдан: Астана
25.06.2009 19:42
Назарбаевты жамандайтындар ат төбеліндей ғана, өздерін "оппозиция" атайтын топ ғана. және олардың өздері де кезінде сол билікте қызмет істеп, жарытқан ештеңелері жоқ адамдар. енді келіп өздері ғана жақсы, Назарбаев жаман дейді. Назарбаевты олар жек көргенімен қалың халық жақсы көреді. сыйлайды. Оны сайлау болған кезде барлығы өз көздерімен көрді. Бірақ, оппозицияға не істесең де жапайсың. Батыстан демеу іздеп, батысқа қарай шабушы еді. қазір онысын қойды. Қазақстан ОБСЕ-ға төраға болатын болғаннан кейін оппозицияның батыстан көңілі қатты қалды. Солай сырттағы жұрт сені жарықамайтындығы осы жолы көрінді.Е-Е, осындайда қазақтың "ит үреді, керуен көшеді" деген мақалы ойға түседі.
Нұраға! Оппозиция еске салып "тойлап" жатқан мерекемен өзіңізді шын көңілден құттықтаймын. Ел тынышытығы, елдің қарнының тоқтығы Сіздің саясаттағы ең үлкен табысыңыз. Аман-есен болыңыз. Адам кемшіліксіз болмайды. Мені сынап жатыр деп мойымаңыз. Сізді сынайтын сол он шақты ғана "шуылдақтар" ғой. Ал Сізді қолдайтындар миллионнан астам адам екенін ұмытпаңыз. Сізге мол денсаулық, зор бақыт тілеймін! Елді тағы да жиырма жыл басқаруыңызға тілектеспін!

Кімнен: Итбай
26.06.2009 17:41
Шаянбайға "Халық қаһарманың" беруге ұсынамын. Өй азамат екен. Оң жақ, сол жақтың бәрін санап шығыпты.

Кімнен: керемет
26.06.2009 22:42
ҰЗАҚ ЕЛ БАСҚАРУ БҰЛ ЖАҚСЫЛЫҚҚ АЛЫП БАРМАЙДЫ. БҰЛ БЕЛГІЛІБОЛЫП ОТЫР.НӘННІН НЕГЕ КЕТКІСІ КЕТПЕЙ ОТЫРҒАНЫ ДА БЕЛГІЛІ.ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ БАСЫ БІРІГІП РЕФОРМАҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ, ЕЛБАСҚАРУДЫ 4-8 ЖЫЛДЫҚ ЕТУ ҚАЖЕТ.

Кімнен: azatkhan Қайдан: Aktobe
27.06.2009 19:14
ар мемелекеттин,ел басылары 4жыл немесе 8жыл болаган сон орнын босата.бизде сол шындык омирге карата бет алуымыз керек себеби Абылайханды динмухаметти омирге акелген аналарда осындай азаматтардыда омирге акеле алады !!!!!!!

Кімнен: жанай
28.06.2009 14:29
ЕЛБАСҚАРУДЫ 3-6 ЖЫЛДЫҚ ЕТУ ҚАЖЕТ.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Ақтау
01.07.2009 19:00
Назарбаевты жақтайтын адамдардың бәріне айтарым: Мен қазақпын деп айтпаңдар,сендер қазақ емессіңдер,сендер мәңгүртсіңдер уф шаршадым сендерден! Ал Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ нағыз қазақ,жарайсың бауырым жасай бер!

Кімнен: МҮМИН Қайдан: Ақтау
01.07.2009 22:07
Шаянбай қатты қателесесің,қатенің нағыз өзісің!Сенің үстіңнен надандықтың иісі мүңкіп түр.Сен опозицияға тіл тигізбе,сен опозицияның тышып тастаған боғынан жамансың!Батырлар көп өмір сүрмейді,сен сиақтылар тығылып жүріп,жағымпазданып өмірін сақтап қалады!Басқа не айтам Караңғылықта жүре бер.
     
Мәтін көлемі - +

Мультимедиа