Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:44

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Әйелдер барлық жерде ерлердің қастерлей білмеуінің зардабын тартуда

Әйелдерді сүндетке отырғызу, оларды өртеу, омырауларын үтіктеу тәрізді сорақылықтар әлемде әлі күнге кездеседі. Мәселе діннің не діни сенімнің қайсыбір түрінде емес. Мәселе әйел құқығының әлемнің әр түпкірінде әлі де аяқ асты боп тапталып жатқанында болып отыр.

Мәтін көлемі - +

СОҚЫР НАНЫМНЫҢ ЫССЫ «ҮТІКТЕРІ»

Камерунда кейбір шешелер өз қыздарының омырауын «үтіктеп» тастайды. Осылайша олар қыздарының жыныстық қатынасқа түспеуін көздейді немесе ондай байланыстарға мүлде бөгет қойғысы келеді деп жазады «Лос Анджелес таймс» басылымы. Мұндай кезде көбінесе қыздың кеудесін уатылып, өте қатты қыздырылған таспен жаншып, тегістеу тәсілі қолданылады. Кейде керосин не жанып жатқан банан қабығы да пайдаланылады.

Қыз балаларды көп уақыт бойы өте сұрықсыз бейнеге түсіретін мұндай нәрсе оларға әдетте жасөспірім кезінен қолданылып отырады. Себебі, нақ осы мезетте оларға бозбала атаулы көз тіге бастайды. Ал бозбалалардың мұндай істе әжетін өтеу үшін ешбіреуден ақыл сұрап жатпасы бесенеден белгілі деп атап көрсетеді газет.

«Лос Анжелес таймстағы» мақала ауторы өзінің мұндай жайттар жайлы бұрын-соңды естімегенін, алайда «Вашингтон пост» газетінде кейбір халықтарда осындай дәстүр бар екенін оқып білген соң, айран-асыр қалғанын жазыпты.

Сауд Арабиясында және Таяу Шығыстың барша түпкірінде ер адамдар әйел атаулының аяғының, тіпті сирағының сәл-пәл болсын ашылып қалғанын мүлдем қаламайды. Ондайға қадала қарауға дәті шыдамайтын олар, өз көзін өзі байлап тастай алмайтындықтан, әйелдерге пәренжені кигізіп қояды.

Бұл кең-байтақ мұсылман әлемінде ер адам үшін әйелдің өзімен тең дәрежеде болуын елестетудің өзі қиынға түсетіндіктен, ерлер әйелдерді қамап тастағанды артық көреді деп жазады «Лос Анжелес таймс».

Ауғаныстандағы «Талибан» мұндай үрдістің тамаша мысалы бола алады. Тәліптер әйелдердің «ары мен қадыр-қасиетін» «пәк те киелі» күйінде сақтамақ ниеті бар екенін тілге тиек етеді. Алайда, ақиқатында олар осынау жабайылықтан бас тартудан қорғанып, әлгіндей уәжді көлденең тартуды жөн көреді деп жазады газет.

ТЫЙЫМ ҚҰРСАУЫНДАҒЫ БЕЙБАҚТАР

«Талибан» билігі кезінде әйелдер велосипед теуіп жүре алмайтын. Оларғы биік өкшелі аяқ киюге де тыйым салынған-ды. Себебі, әйел адымының тықылы еркекке әдепсіз әсер етуі мүмкін деп есептелетін. Әйелдерге радио, теледидар не қоғамдық жиындарда көріну дегенді ұмытуға тура келді. Әйелдер өз үйлерінің балкондарына да шыға алмады.

Тәліптер биліктен кетірілген соң, олар өздерінің көзқарасынан айныды деу шындыққа жанаспас еді. 2008 жылы 10 тәліп Қандағарда мектепке бара жатқан 15 қыздың бетіне қышқыл шашамыз деп жүріп ұсталған болатын.

Әйелдердің әртүрлі зорлық-зомбылықтардан қорқуының ең сорақы мысалдары мұсылман әлемінде кездесетіндей болғанымен, аталған мәселе тек мұсылман әлеміне ғана тән деу қисынсыз болар еді деп атап көрсетеді «Лос Анжелес таймс».

Бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша, Африканың барлық түпкірінде, христиан және мұсылман елдерінде, анимизм билеп-төстеген мемлекеттерде әйел атаулы еркектің өз-өзін лайықты қастерлей білмеуінің зардабын тартуда.

Камерунда халықтың көпшілігін мұсылмандар құрамайды, яғни олар азшылық болып саналады. Осы елде болғанында «Вашингтон пост» тілшісі Джейми Рич бір гинекологтың өзіне былай дегенін айтады: «Мұнда әлі ер көрмеген бейкүнә қызды 13 жасар қыз балалардың арасынан сирек кездестіресің». Міне, сондықтан шешелері қыздарын мүгедек етіп отырады. Себебі, қыздарын бозбалалар зорлап кетпейтіндігіне ешкім кепілдік бере алмайды.

АҚШ-та «феминизм» термині небір қарама-қайшылыққа толы түсінік боп саналады. Кәсіби феминист әйелдер бұл термин мен оның мәнін өз монополиясындағы дүниедей табандылық танытуы көптеген адамдардың көбі бұл терминді әншейін бояма, сылдыр сөз деп санап, бойын аулақ салуға мәжбүр етеді.

Консерваторлар бұл сөздің шындығына нақты мысал бола алады. Алайда, көптеген жас адамдар да, соның ішінде тіпті «еркін жүріс-тұрысты» жас әйелдер де, бұл сөзден өзін аулақ ұстауға тырысады. Өйткені, олардың ойынша, бұл термин шеше болудан, қыз және ер бозбала болып отбасын құру үшін достасып бірге жүруден, т.т. осы тәрізді дәстүрлі түсініктерден бас тарту дегенді білдіреді деп атап көрсетеді «Лос Анжелес таймс».

АДАМДЫҚ ПЕН ТАҒЫЛЫҚТЫҢ АРАСЫ

Алайда, осы Батыс қоғамы жайлы дау-дамайды бір сәт шетке ысырып қоя тұрса, бір қарапайым жайттың мәні айқын түрде ұғынықты болар еді. Яғни, дамушы әлемнің басым бөлігінде әйелге қалай қарым-қатынастың жасалып отырғанына қатысты феминист әйелдердің пікірі дұрыс екендігі толған айдай анық айқындалады.

Егер әйелдер діни не нәсілдік азшылық ретінде қарастырылса, онда мәселенің анық-қанығы мен мәнісі бірден түсінікті болар еді. Ол үшін ойша мынадай бір елді елестетіп көру жеткілікті: мысалы, бір ақ нәсілділер мемлекетінде афроамерикандықтарға оқып, хат тануға, мектепке баруға немесе тіпті сыртқа шығуға рұқсат берілмейді екен делік. Арғысы, айтпаса да түсінікті.

Мен көптеген консерваторларды білем, деп жазады мақала ауторы. Дегенмен, олардың ішінен радикалдық феминист әйелдердің әйелді сүндетке отырғызу, оларды өртеу, омырауын үтіктеу іспеттес нәрселерді сорақылық деп санайтын пікіріне қосылмайтын бірде бір әлеуметтік консерваторды білмеймін дейді ол.

Әдеп пен этика мәселесінен тыс, ұлттық мүдде мәселесі де бар екенін ұмытпау керек. Әйел теңдігін әлемдегі небір ең нашар патологиялардың көбісін түзеудің сенімді жолы деп санауға болатын тәрізді.

Үшінші әлем елдерінде халық санының өсу қарқыны төмендеп келеді. Себебі онда хат танитын әйелдер саны көбейе түсуде. Шынында да, әйелдерге көбірек мүмкіндік беру лаңкестіктің «басты себептерін» жоюдың ең бір тиімді жолы бола алар еді.

Мұның себебін түсіну оңай. Әйел еркекті тәрбиелейді. Әдетте, еркек әйелдің талабы мен одан күтетін үмітіне сай дәрежеде ғана өз мәдениетілігін жетілдіріп, ой-өрісін кеңітеді.

Аталған талап пен үмітке тәуелділік қамытын еркектен сыпырып алып тастасаң болды, романист Уильям Гольдингтің сөзімен айтқанда, оның тұла бойын жын кеулеп, «шыбындар құдайы» оның болмысын біржола билеп кетеді. Яғни, мұның нәтижесінде еркектің тағыланып, жабайы түз адамына айналуы көп күттірмейді.

Ал әйелдерді аталған сорақылықтан азат етіп көріңіз – дереу ерлердің әдептілігі де өркен жая, өз-өзінен пайда бола кетеді деген сөздермен аяқталады «Лос Анжелес таймс» газетінің мақаласы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жайна
12.03.2010 22:53
+0 / -0
масқара, не деген сұмдық бар бұл өмірде. Негізі осыдан 7 жылдай бұрын бір кавказдықтан бізде қыздарды да сүндетке отырғызады дегенін естіп, жағамды ұстаған едім. бірақ сенбеген болатынмын.

Кімнен: Seyitkozha
14.03.2010 02:11
+0 / -0
Иттер, негізгі ма,саттары Исламды жек көрсету, содан соң құдайсыздыққа уағыздау, бұл жебекелердің істеп отырғаны.
Пікір алмасу

Кімнен: мерей
14.03.2010 21:48
+0 / -0
Сейтеке, сіз мақаланы шала оқыдыңыз немесе түсінбей қалғансыз ау, әйтпесе бұл мақалада мұсылманға қарсы ешқандай сөз жоқ қой, қайта бұл сорақы істерге мұсылмандықты араластырмау жйында жазған ғой Лон Анджелис казиті. Жабайы қылықтар бар екені өтірік емес, және ол әртүрлі елдерде, соның арасында мұсылман елдерінде де, Камерун секілді мұсылмандар өте аз тұратын елдерде де бар екені жазылған. Қит етсе қарадай жау іздеп, тақырыптан ауытқып дөйдалаға лағып кетпей, осында айтылған тағылық іс-әрекеттерге неге жол беріліп отыр дегенді талқылайық та, Сейтеке!
Пікір алмасу

Кімнен: Нұреке Қайдан: Қазақтың даласы
14.03.2010 22:44
+0 / -0
Мәке, сізді де түсінуге болады. Алайда батыстық баспасөзге сенудің реті болмас. Олар әлі күнге дейін крест жорығында жүр ғой: мұсылман мемлекеттерін әлем алдында масқаралауды мақсат тұтқан. Американың "сенсациялық" жаңалықтарына құлақ түргенше Аллаһтың кітабына үңілейік. Шындық сонда ғана жазылған, Мәке!

Кімнен: Тазша Қайдан: Порто
16.03.2010 01:25
+0 / -0
Нүреке,Аллахтың кітабында "Лос-Анжелес" газеті өтірік жазады деп, жазылғанба?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.03.2010 11:29
+0 / -0
Қасиетті қазағым бұндай теріс ағымдық мақалаларға сене бермеңдер. Бір елдің түкпірінде кейбір теріс түсінікті адамдар болып қалады, қай елде жоқ дейсің ондайлар. Солар үшін бүкіл мұсылманға кір жағып отыр Америка,

Кімнен: Анахарсис Қайдан: елсізя
23.03.2010 20:20
+0 / -0
Бейне құдықтағы бақа секілді, оған әлем құдықтың аузындай көрінген ғой. Біз де шындық алдында өзімізді ақтаудың мың сан желеуін құрастырып, арасына Тәңіріні куәге тартып тыраштанамыз-ай келіп. Талибандар Қазақстанда да өріп жүр, бит секілді және шыбын секілді екі түрде!