Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:15

ҚАЗАҚСТАН

Баспаханалар «Республика» атауы бар қос газетті басып шығаруға жүрексінеді

«Голос республики» және «Моя республика» басылымдарын елдегі баспаханалардың ешқайсысы басып шығарғысы келмейді. Бұл үшін Қазақстанның жоғары билік орындарын кінәлаған газет редакциялары үкімет пен бірқатар мемлекеттік мекемелерді сотқа берді.

«Республика» газеттер жобасы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина (сол жақта) және «Голос республики» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева. Алматы, 17 наурыз 2010 жыл.
x
«Республика» газеттер жобасы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина (сол жақта) және «Голос республики» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева. Алматы, 17 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

БИЛІК ПЕН БАСПАХАНАЛАРДЫ СОТҚА БЕРУ

Жарты жылдан бері «Голос республики» және «Моя республика» басылымдары қарапайым кеңсе құрылғыларының көмегімен қағазға басып шығарылып, онан кейін қолмен түптеліп, сол күйінде өз оқырмандарына жетіп отыр. Ал Қазақстанда ешбір баспахана, тіпті қаржылық қиындықтар көріп отырғанына қарамастан, бұл екі газетті басудан үзілді-кесілді бас тартумен келеді дейді аталған басылымдардың редакциясындағылар.

Олар өздері кезігіп отырған бұл проблемаға биліктің қатысы бар деген күдік айтады. Наурыздың 17-сі күні Алматыда баспасөз-мәслихатын жинаған екі басылымның редакция өкілдері бірқатар мемлекеттік органдардың үстінен сотқа шағым бергендерін мәлімдеді.

«Үкіметтен бөлек, мемлекеттік органдардан жауапкер ретіндеҚазақстан президентінің әкімшілігін, бәсекелестікті қорғау жөніндегі
«Голос республики» газетінің заңгері Сергей Уткин. Алматы, 17 наурыз 2010 жыл.
агенттікті, бас прокуратураны сотқа бердік. Бұлар біздегі заңның орындалуын қадағалауы тиіс органдар. Айталық, біз аталмыш агенттікті не үшін жауапкер ретінде алып отырмыз? Республикадағы барлық баспалардың бір газетті алалауы – бұл отандық ақпарат құралдарының бірін жасанды жағдай тудырту арқылы нарықтан ығыстырып шығарып тастау. Бұл жерде әрине, ақпарат және мәдениет министрлігі жетіспейді. Қазір ол тарап кетті. Ал қызметіне енді кіріскен жаңа министрліктің үстінен шағым тастауды жөн көрмедік», – деді «Голос республики» газетінің заңгері Сергей Уткин.

«Республика» жобасы жетекшілерінің айтуынша, олар сондай-ақ, газетті басудан бас тартқан Алматыдағы ондаған баспаханалардың үстінен де шағым түсіріп отыр. Сергей Уткин басылымның шағым берудегі мақсаты – «Республика» атауы бар газеттерді басуға баспаханаларды мәжбүр ету емес, тек оларды басып шығару үшін қандай шарт қойып отырғанын білу екенін айтады.

«Біз негізі барлық баспаханаларды жауапкерлер қатарына кіргізгіміз келген. Бірақ шағымда тек Алматыдағы баспаханалардың тізімі ғана бар. Шағымда оларға біз жеңіл талап қойып отырмыз: баспахана иелеріне газетті А2 немесе А3 форматында апта сайын 20 мыңдық тиражбен басып шығарудың шарттарын шағымданушыға жазбаша нұсқада жіберуді міндеттеу. Біз іс жүзінде барлық шарттарға келісіп жүрміз. Өкінішке қарай, бізге ешбір баспахана ондай мүмкіндікті ұсынбай отыр. Біздің болжамымыз бойынша, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың осыған қатысы бар болуы мүмкін», – деді заңгер Сергей Уткин.

БҰЙРЫҚ БЕРГЕН КІМ?

Осыған дейін аталмыш басылымдардың өкілдері бірқатар мемлекеттік органдардан, атап айтқанда Ішкі істер министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан президентінің әкімшілігінен және т.б. ресми орындарға газетті баспау жөнінде бұйрыққа ол мекемелердің қатысы бар-жоқтығын сұраған кезде әлгілердің барлығы бір ауыздан «жоқ» деп жауап беріпті.

Әйткенмен, кейбір баспахана өкілдері биліктің бұл сөзін жоққа шығаратынын айтады «Голос республики» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева.

«Кейбір баспаханалар бізді саяси себеппен баспай отырғанын ашық айтып отыр. Атап айтқанда, Тараздағы баспаханалардың бірімен сөйлестім. Сынақ ретінде өзімді басқа басылымнан екенімді айттым. Олардың маған қойған ең әуелгі сұрағы газеттің форматы, тиражы жайында емес, «оппозициялық басылым емессіздер ме?» деген сауал болды. Ол тіпті, оппозициялық басылымдарды санамалап берді. Олардың арасында «Голос республики» де бар. Сонан соң оппозициялық басылымдарды баспайтынын айтты. Мен одан себебін сұрадым. Ол «республикада баспаханалардың жағдайын өзіңіз де біліп тұрған шығарсыз» деп жауап қатты. Біздің болжамымыз бойынша, газетті баспау жөнінде бұйрық тікелей президент әкімшілігінен немесе тікелей үкіметтен беріліп отыр. Естеріңізде ме, президенттің қазіргі кеңесшісі Ермұхаммет Ертісбаев мырзаның өзі кезінде «ешқандай баспахана газетті басып, сау басына сақина тілегісі келмейді» деп дәл айтқан болатын», – дейді Татьяна Трубачева.

«Республика» газеттер жобасы бас редакторының орынбасары Оксана Макушина басылымның сапасыз күйде шығуының зардабы оның оқырмандарына да әсер етіп отырғанын айтады.

«Газет оқырмандар қолына тиіп отырғанымен оны басып шығару өте мехнатты іс болып отыр. Іс жүзінде оны қолмен шығарып отырмыз десек те болады. Газет беттерін реттеу аз болғандай, оларды қолмен қысқышпен қысамыз. Оның үстіне біз іскерлік басылымбыз. Біз оқырмандар арасында арнайы сауалнама жүргізген кезде, бұл газеттің беделіне нұқсан келтіретінін де байқадық. Бұл жай ғана сөз болмас үшін біз сұралған адамдардың барлығын видеоға жазып алдық. Соны үкіметтің үстінен беретін шағымға қосымша материал ретінде ұсынып отырмыз», – дейді Оксана Макушина.

Дәл осы мәселеге қатысты шағымда көрсетілген баспаханаларға хабарласқанымызбен олардың ешқайсысы түсінік беруге құлық танытпады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жолаушы
18.03.2010 02:33
+0 / -0
Обал жоқ. Қазаққа қарсы саясат жүргізіп, орыстың империалисттік идеалогиясын тыққылаған басылымдарды тегіс жабу керек. Қазақ елінде орыс тілді газеттердің шығуына мен өз басым қарсымын. Осындай ақпараттарды оқысам қуанамын. Кетсінші әрі жаман немелер...

Кімнен: медгат
18.03.2010 09:22
+0 / -0
мен сенімен келісе алмаймын, демократия болғаннан кейін қоғамда плюралистік бағытта сөз бостандығы болуы керек. Әйтпесе, "хабарды", "қазақстанды" көріп, "егеменді" оқып, бәріміз разы болып отырамыз...

Кімнен: Жолаушы
19.03.2010 02:48
+0 / -0
Қазақ тілді опазициялық басылымдардың жоқтың қасында екені рас. Деседе "Жас Алаш", "Азаттық" дегендер бар ғой. Демократия деген осы екен деп сонда орыстың мүддесін сөйлейтіндерді оқуымыз керек пе? Осы басылымдардың көздегенін, мақсатын жазған мақалаларының астарын байқасаңшы бауырым. Айтатындары орыс тілді Қазақ"стан", Жовтис пен Мовтис тағысы тағы. Қайсысы қазақтың жоғын жоқтады? Әдрәм қалсы ол демократияң... Бұлардың шәшпуін көтрегенше өзіміздің БАҚ-тың дамуына үлес қосқанымыз жөн. Көңіліңе қонған қазақ тілді басылымды оқы деп дос жаран, туған туыстарыңа айт. Сонда олардың жағдайы түзеледі басқалары да соларға қарап бой түзейді. Ал, мыналарың "шынықтарын" Ресейге барып жазссын. Көрейік кімге тістері бататынын...

Кімнен: Саур
19.03.2010 09:41
+0 / -0
Осы жаңағана шай ішіп отырып, орыстармен тіл жөнінде келісе алмай қалдым, біреуі шамалап қазақша сөйлей беріп еді, екіншісі Қазақ тілінің керегі не? ағылшынша үйрен деп сайрай жөнелді. менің намыстанғанда бар айытқаным Бір ҚҰДАЙ біледі ердең басқа пірездент келеді, сонда ол бірден қазақша сөйледеп талап етеді дедім? ұйаты бар біреуі ырас кімбіледі деп ертеңінен өрейленді??? жөн болған осы оңбағандардың үнін өшіру керек?????

Кімнен: медгат
19.03.2010 12:18
+0 / -0
қазір ұлт, дін деп бөлетін жағдай жоқ. оны әлемдегі болып жатқан жағдайлар дәлелдеп жатыр. "бос белбеу, босаңсыған бозбала көп, киіздей шала басып, қарпылмаған" демекші, ең бастысы өзіміз босаңсық танытпай, мықты болуымыз керекпіз. сонда бұл мәселелердің барлығы өзінен өзі жоғалады

Кімнен: Саур Қайдан: Алматы
24.03.2010 21:25
+0 / -0
Мен байқамай қалыппын. Республика деген газетті оқымай, шндықты білу мүмкін емес. Өзімше қазақшалап отырып байқамай қалыппын.