Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:08

ҚАЗАҚСТАН

Халық қаһарманына айналған Қайрат Рысқұлбековтың өлімінің сыры ашылмады

Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана. Алматыда сотталған соң Семей түрмесіне әкелінген Қайрат осында қаза болды. Семейде оның атында мектеп пен мұражай бар.

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың зиратының басындағы ескерткіш. Семей, желтоқсан, 2009 жыл.
x
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың зиратының басындағы ескерткіш. Семей, желтоқсан, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
ТҮРМЕДЕГІ ҚАЗА ЖАЙЛЫ ЖОРАМАЛ

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазір тарих қойнауына енді, оған қатысқандар тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне алғашқы болып қолтаңбаларын қалдырды. Ату жазасына кесіліп, артынан үкімі 20 жыл бойы түрмеде отыруға өзгертілген, бірақ Семей түрмесінде бар болғаны 21 жасында қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың өлімі Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпиялардың бірі болып қалды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сот Қайратты ату жазасына кесуге үкім шығарған соң ол Семей түрмесіне жеткізілген.
Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов, Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. Советтік ҚазТАГ тілшісі Юрий Беккер түсірген сурет.
Қайраттың түрмеде қалайша қаза болғаны туралы әлі күнге шейін ешкім түсіндіріп айтып бере алмайды. Кейбіреулер ол өз-өзіне қол салған десе, енді біреулер ол тапсырыс бойынша өлтірілген дегенді айтады. Советтік Қазақстан билігі Қайрат Рысқұлбеков өзін-өзі өлтірді деп хабар таратты. Ондай хабарға кейбір саясаткерлер күні бүгінге дейін күмәнмен қарайды, бірақ бұл оқиғаға жаңадан тергеу жүргізу туралы талап қойған емес.

Батыс қауымдастығының қысымынан соң Советтер одағының басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековке шығарылған ату жазасын 20 жыл түрме жазасымен ауыстырғаны мәлім. Совет тергеушілерінің болжамы бойынша, Қайрат үшін 20 жыл түрмеде отыру деген ату жазасымен пара-пар боп көрініп, ол өзімен камералас кәнігі қылмыскердің жейдесіне асылып өлген. Бірақ кейін Қайраттың заттарының арасынан оның таза жейдесі табылған. Бұл туралы көптеген зерттеулерде жеткілікті суреттелген.

Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайнигүл Ерахметова, Азаттық тілшісіне берген сұхбатында, оқушы балаларға Қайраттың қазасы туралы сабақта қалай түсіндірілетіндігін айтып берді:

– Біз балаларға Қайрат Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресіп, ел үшін опат болды деп оқытамыз. Ол кезде елдегі билеуші жүйемен күресу өте қиын болғандығын, Қайрат бастаған студенттер басын тәуекелге байлап халқы үшін күресуден тайынбады, өз мақсаттарынан бас тартқан жоқ. Біз оны түрмеде қаза тапты деп санаймыз, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП

Семейдегі мектеп жанынан Қайрат Рысқұлбеков атындағы мұражайдың ашылғанына үш жыл болды. Содан бері мұнда жиналған заттар да көп емес. Негізінен онда Қайраттың түрмеден анасына жазған хаттары мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектепте оқыған кезіндегі дәптерлері бар. Қайнигүл Ерахметова бұл мұражайдың қашан ашылғаны және мектепке Қайраттың есімінің қалай берілгендігі туралы әңгімелеп берді.

– Ол Жамбыл облысында мектепті тәмамдап, онан соң Алматыдағы құрылыс техникумына оқуға түскен. Әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін оны тұтқындап осында, Семейге әкелді. Ал түрмеде қаза болғаннан кейін оны осында жерледі, оның зираты біздің мектептен онша алыс емес, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

Содан бері мұғалімдер мен оқушылар Қайраттың зиратын өз қамқорлығына алып, оның маңайын таза ұстап, гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырған.

– Уақыт өте келе оның анасымен және бауырларымен байланыс орнаттық. Онан кейін, біздің өтінішіміз бойынша, 2003 жылы мектепке Қайрат Рысқұлбековтың есімін беру туралы үкімет қаулысы шықты. Оның есімі мектепке ресми түрде 2006 жылы берілді. Сол жылы мектепте оның мұражайын ашу туралы идея пайда болды, – дейді Қайнигүл Ерахметова.

Кейінірек Семей қаласының билік орындары Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішін орнатты.

ҚАЙРАТТЫҢ МҰРАЖАЙЫ

Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, мұражай ашу туралы идеяға мұғалімдер ғана емес, Қайрат Рысқұлбековтың туысқандары да қолдау білдірген. Олар мұражайға Қайраттың хаттары мен кейбір жеке заттарын сыйлаған. Қайрат оқыған мектептің директоры да мұражайға экспонаттар берген.

– Қайраттың әкесі өмірден озған, ал анасы әлі тірі. Ол кісі бізге Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығында, 2006 жылы Қайраттың
Қайнигүл Ерахметова, Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековтың атындағы мектеп директорының орынбасары, мектеп мұражайындағы Қайраттың галстугін көрсетіп тұр. Семей, желтоқсан, 2009 жыл.
бауыры Алтаймен бірге келіп кетті. Мұражайға Қайраттың оқушы кезінде таққан пионер галстугін әкеліп берді. Сондай-ақ, Қайрат оқыған мектептің директоры да келіп, біздің мұражайға оның дәптерлерін сыйға тартты, – дейді Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Мұражайымыз шағын, «бірақ ол маңызы үлкен адамға арналған», дейді Қайнигүл Ерахметова. Жоба бойынша, мұражайда Қайраттың мүсінін орнату да жоспарланғанымен әзірге оны іске асыруға қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр екен.

Қайрат Рысқұлбеков атындағы мектептің дирекциясы жыл сайын желтоқсан айында концерттер ұйымдастырады. Ондағы көптеген қойылымдардың кейіпкері – балғын Қайрат. Бұл күндері сондай-ақ волейболдан Қайрат Рысқұлбеков атындағы ауыспалы кубок жарысы өтеді.

Онан соң мектептегі «Жас Қайрат» тобының қатарына оқушы балаларды қабылдау рәсімі өткізіледі. Бұл топтың ұраны ретінде Қайрат Рысқұлбековтың сотта сөйлеген: «Мен қазақпын, менің арым таза, менің мақсатым – еркін Қазақстан» деген сөздері алынған. Зерттеушілер ол сотта дәл осылай айтқан дейді.

Осылайша, қазасының шынайы себептеріне қатысты жекелеген күмәнді сауалдарға нақты жауап табылмаған Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі бүгінде қаһарман тұлғаға айналып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: mambo
16.12.2009 10:35
+0 / -0
Аллаһ Қайрат ағаны рахметіне бөлесін

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.12.2009 12:24
+0 / -0
86-Желтоқсанның аязды бір күндері,
Мәскеу жақтан бір үкім кеп төндірді,
Біз білмеппіз, өңшең қазақ қас екен,
Бір-біріне неге мұнша, бұл белгі??....

Арыз көпті, болмас былай басқалай,
Колбин барар, көтеріңдер тастамай,
Сен мәңгүртке билік қайда, болмасты,
Деген сөзбен ызалы ойын тастады-ай....

Мұны есітіп бар қазақтың бозымы,
Атқа мінді, шал-шауқаны тозығы,
Арулары шашын түйіп арқаға,
Алаң келіп, ұзына бой созылды....

-Әй қойыңдар болмас былай, тарқаңдар,
Саясатқа қарсы келме, жай таңдар,
Емессіңдер, қане қайтқын бәрің де,
Біз білеміз, кімді қойып, кім таңдар??!!!....

Осы кезде жентектелген қар басы,
Ұшып жатты трибунаға, араласып,
Тасы да бар, іштен шыққан ызамен,
-Қазақ болсын, қазақ болсын Елбасы....

Осы кезде Мәскеу жақтан бір хабар,
Келді-дағы бәрі қалды, қарайлай,
-Жергілікті басшы шешсін тірлікті,
Күш қолдану керек пе екен орайлай???....

Осы күнгі жүрген анау, қолды ұрып,
Кезінде елу еңсермеген сол тұрып;-,
-Сіздер үшін мен-ақ алдым мойынға,
Атып-асып құртып жібер, сол дұрыс....

Әр жер келген милиция бар солдат бар,
Бәрі бірдей жабылғанда аппақ қар,
Қан боялып, суша ақты сарылдап,
Қарды ерітіп, ағып жатты аққан қан....

Қырып беріп төрт мыңдайын қазақтың,
Басқасын да түрме тығып, азаптың,
Неше түрін ойластырған заман да,
Өтіп барар тіліндей боп сағаттың....

Міне халқым мейрам емес мына күн,
Жоқтау айтып, іштен ғана тынатын,
Күн де емес, сол заманды еске алып,
Құран оқып, еске алып тұрар кім??....

Ол мына сен, асқақтатқын үніңді,
Сол залымды табу керек бүгінгі,
-Қырсын деген, оны алған мойынға,
Ортаға алып, көрсет оның түрін де!!!....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.12.2009 15:01
+0 / -0
Арыс дұрыс айтады.Қазақ үшін бұл қаралы күн.Қазақтың дұшпандарға есесі кеткен күн.Жүздеген қазақ жастары қыршынынан қиылды.Оған бұйрық бергендер де белгілі.Москвадан Горбачев;Крючковтар екені белгілі.Олар кіналы сөзсіз.Бірақ өзіміздің Алматыдағы қазақ басшыларымыздың бұйрық беруі нағыз сатқындық,азғындық ,адам алдында да,құдай алдында да кешірілмейтін күнә.Желтоқсаншылардың,жалпы қазақтың сол желтоқсанда кеткен есесі ақшамен де;пәтермен де қайтпайды.Ол әділдік орнына келгенде ғана,жастарды қыруға бұйрық бергендер мен оны орындағандар жазаланғанда ғана қайтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат
17.12.2009 10:23
+0 / -0
16, 17, 18 желтоқсан қазақтың қырылған азалы күні. Ал атақты әртістеріміз сол азалы күнмен бізді құттықтап, сахананы бермей ән айтып, ақша тауып жүр. Бұрын "күйеуің шопыр болмасын, әйелің әртіс болмасын"- деп, естуші едім. Әртіс деген атақ үшін, байлық үшін, роль үшін халқын да, күйеуін де, әйел, бала-шағасын да сатып кете беретін, ойсыз, опасыз халық екен ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
19.12.2009 01:33
+0 / -0
Осы ағаларымыз бақытты ғой! ИншаАлла ұрпақ Қайраттай ерлерімізді ұмытпайды. Ал ертең билік өзгерсе Назарбаев сияқты иттерді өлген соң бәрі артын ашып береді. Тіпті өлмей жатып Астананың қақ ортасын жалғыз өзін сорайтып қойыпты!!! Әлде сол ескерткішпен келесі ұрпаққа жақсы көрінбекші ме! Ертең өлім жеткенде, жаның тәніңді тастағанда, билік те, дүние де сені сақтай алмайды!! сен қазақты алдағаныңдай АЛЛА-ны алдай алмайсың! АЛЛА ТАҒАЛА алдына мен президентпін деп бармайсың!!! ӨӨӨӨӨӨӨЙЙЙЙЙ қайдам, саған және қасыңдағыларға сөз өтуден қалғансыңдар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
19.12.2009 01:44
+0 / -0
Азаматпен толықтай келісем! Өкініштіі билікте сол ерлерімізді өлтіртіп, соттатуға қатысқандар али отыр емес пе? Басқасын койып бел ортасы НАН!! олар осы күндерді ұмыттырмақшы! 16-сын тәуелсіздік күні деп ана маймылдарына тойлатып кояды!!! Әуреленбей -ақ қойсын ИншаАЛЛА ұрпақ оларды осы өмірде естерінде сақтап, үлгі тұтатын болады. Оның бір белгісі сол кішкентай Қайраттар кеше ғана 16,17желтоқсанда (2009жылы) әнұран мен туды алып шыққандары үшін қамалып, таяқ жепті! Ақиқатты ұстанған рухты жастарымызға АЛЛА қуат берсін!!

Кімнен: Жадыра Қайдан: Алматы
21.12.2009 10:23
+0 / -0
Қаншама жасты қыршынынан қиған бұл Желтоқсан - қазақ үшін мереке емес. Елім деп еңіреп жазықсыздан -жазықсыз тар қапаста күндерін өткізген аға-әпкелеріміз қаншама!!! Сонда олар жүректері қазақ деп соққаны үшін кінәлі ме?!!! Желтоқсан оқиғасы жайында шындықты білген сайын қолында билігі бола тұра, көмек қолын созбай, керісінше, өз қарындас-інілерін құрдымға жіберген жандарға айтар соз таппайсың. Адам соншалықты төмендей ме?!Бірақ бір Алла бар, ол барін біледі, әркімге тиісті өз жазасын береді, оған күман жоқ. Ең бастысы, біз, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жастар, Қайрат, Ерболат, Ләззат сынды аға-әпкелеріміздің ерлігін бағалай білейік.

Кімнен: Бекжан Қайдан: Атырау облысы
23.12.2009 02:18
+0 / -0
Арыспен, Азаматпен, Жадырамен, пікірін жасырмай айткан бауырларыма қосыламын. Осы өмір - жалған өмір. Ал Біздін мекен қылған Отанымыз нағыз өтірікке, алданышка, мейрімсіздікке, кішіпейілділіксізге, зинақорлыққа бет бұрған жер. Қай теледидардан бағдарламаны қарайын десем "инфраструктура дамып жатыр, Астана ен коркем кала!, Атыраудан завод ашамыз, Жерлерімізді шетелдік компанияларға инвестиция жасатып жатырмыз, Қытайдан Ақтөбеге дейін жол салудамыз" деген хабарлар жүріп жатады. Инфраструктуранын дамыганы кайсысы мысалға Атырауды алыңыз. Ештене дамымаған қала( адамдар өтірікке сеніп оны мунайдың астанасы, икранын Отаны) дейды. Астана ен коркем кала дейды, онын несі коркем миллиард тенгеге шығынға, шетел қонақтарды шақырып мақтанганнынан басқа!!! күлкілі))(10 жылға өзбектердін қаны төгіліп демалусыз салған асем ғимараттары ма?) Атыраудын экологиядан қатты зардап шегіп жатканын көре тұра зауыт салганы БҰЛ СҰМДЫҚ жетістік деп АЙТА АЛМАЙМЫ(одан гөрі қайта өндейтін зауыт салса қуанар едік)!!! Осыны естігенде жылагым келеді, кай ел кай ел озинин жерін сатады??? Ол сұмдықтан жаман ғой(ондай инвестиция кімге керек, кімнін қалтасына?)!!! Қытайдан Ақтөбеге дейін жол саламыз дейді, неге!!! Жауаптары: жол қатынастарын жақсартуға Н.Ә.Назарбаевтын берген бұйрығы. Ондай жол салганша АРАЛды неге құтқармасқа(сірә, ол коп шығынға түседі ғой. бірақ адамдар соған мәз мейрам)??? Жеріміз кең-байтақ, өте бай, шетелдіктердің жаман кызығуына ие!!! Неге неге неге десініздер! Осы журектері Қазақ үшін, Қара топырағы үшін сүйсінген жас қазақтан шыққан ер-журек Кайратымыздай қол ұшын тигізіген Қазақстанға деген махаббаты таусылмас жастардын аркасы!!! Кайрат оз замандастарынын алды, қазіргі жастарға үлгі Болып мәнгі қалады. Осы 16 желтоқсан күні? теледидардан тек сол оқиға туралы түсірілу тиіс! Себебі олар осындай құрмет корсетуге лайықты отансүйгіштер. Ал Астананы корсетіп онын тамаша фейрверктерін коріп біз шаршадық. Одан да Қайраткерлеріміздің еңбегі туралы корсетсе жақсы болар еді. Бірақ осы сөздерім басшылықтын құлағына кіреріне сенімсібін... Осындай саясатты, жалган саясатты қазіргі жастар жек кореді, жексенеді. Свобода слова жок жерде, ешкашан шындық орнамайды, бәрі жалғанға сеніп сонымен кетеді. Неткен қалдырған мұраны қастерлемейтін халықпыз. Аллах қуат берсін... Өкінішті