Тыңдау

Қазір әуеде

Кешкі бағдарлама

Келесі бағдарлама




Мультимедиа


 

Саясат

Тимур Құлыбаев туралы мақала жарияланған «Свобода слова» газеті тәркіленді

«Свобода слова» басылымының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз бостандығын қорғау акциясында. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

04.02.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

«Свобода слова» басылымының бейсенбі күнгі баспаханадан шыққан санының тең жартысын билік орындары тәркіледі деп хабарлады газет редакциясы. Басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мұны газеттің осы санындағы Тимур Құлыбаев туралы мақаламен тікелей байланыстырады.


ТАЛТҮСТЕГІ ТӘРКІЛЕУ

Ақпанның 4-күні «Свобода слова» апталық басылымының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның мәлімдемесі тарады. Онда бейсенбі күні түскі сағат бір жарымда газет редакциясына келген Алматы қаласының әкімшілік соты орындаушыларының қолында Алматының Медеу аудандық әкімшілік сотының территориалдық бөлімінің аға сот орындаушысы А.Ермековтың «басылымды тұтқынға алу туралы» жазбаша нұсқауы болғаны айтылған.

Бұдан соң сол күні редакцияға Алматыдағы газет сататын дүңгіршек сатушыларынан «Свобода слова» басылымын сатуға билік адамдары тыйым салып жатыр деген қоңыраулар түсе бастаған.

Басылым жетекшісі бұл жағдайды осы аптаның басында Тимур Құлыбаевтың абыройына нұқсан келтіреді деп тапқан ақпараттарды таратуға тыйым салған Алматының Медеу аудандық сотының шығарған анықтамасымен байланыстырып отыр.

Өйткені, «Свобода слова» апталығының бейсенбі күні баспаханадан шыққан жаңа санының алғашқы бетінде «Құлыбаев екінші президент пе?» деген тақырыппен мақала жарияланған екен.

Ол мақалада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Мұхтар Әблязовқа қарсы талап-арызын қанағаттандырған Алматының Медеу аудандық сотының анықтама шығарғаны туралы және соған байланысты түрлі саланың мамандарының пікірлері ғана жарияланған.

Осыны алға тартқан басылым басшысы, республика аймағына 85 мың данамен таратылатын басылым жартылай тәркіленген дегенді айтады.

САТУШЫЛАРҒА ҮЛЕСТІРІЛГЕН ҚАҒАЗ

«Республика» басылымы бейсенбі күні таңертең Алматы қаласында жұмыс істейтін барлық газет дүңгіршектерінің сатушыларына бір парақ қағаз үлестірілгендігі туралы ақпарат таратты.

Ол қағазда ақпанның төрті мен бесі күндері сатушыларға сот орындаушы әкімшіліктің өкілдері келіп, «Свобода слова» басылымының №5 санын тәркілеп алып кететіндігі туралы ескерту жазылған.

Қағазда көрсетілгендей, сатушылар келген адамдарға еш қарсылық көрсетпестен, аталған басылымның өздеріндегі барлық данасын өткізуі тиістігі айтылған. Ал егер сот орындаушылары келмеген болса, онда басылымның көрсетілген санын сатуды дереу доғару керектігі ескертілген.

Бұл қағаздың астында Алматы қаласының өнімді өткізу бойынша департамент директоры Новгородова С. деген адамның қолы қойылған.

ГҮЛЖАН ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Осы жайтқа қатысты «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева бейсенбі күні өзінің ресми мәлімдемесін таратып, Алматының Медеу аудандық сотының шешіміне азаматтық бағынбаушылығын танытты.

Ол сонымен бірге бұл жағдайға наразылық білдіруге басқа да әріптестерін шақырып отыр.

Осы аптаның басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов пен елдегі тәуелсіз «Голос Республики», «Взгляд» және «Курсив» басылымдарын сотқа бергені мәлім болған еді.

Сот талапкердің арызын қанағаттандырып, Құлыбаевқа қарсы Әблязовтың таққан айыптары туралы жазған БАҚ өнімдерін тәркілеуге анықтама шығарған болатын. Тәуелсіз газеттер соттың шешімін баспасөзге қарсы қысым деп бағалады.

«Свобода слова» басылымының өкілдері, бүгінгі жағдай елде Құлыбаевқа қатысты кез-келген ақпаратты жариялаған басылымның ертеңгі күні бұлыңғыр екендігін байқатады деп отыр.

«ФРИДОМ ХАУС» ҚАЗАҚСТАНДЫ СЫНАДЫ

Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық «Фридом хаус» ұйымы сөз бостандығын қорғау туралы міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан үкіметін айыптады. Бейсенбі күні аталмыш ұйым интернеттегі парақшасында мәлімемесін жариялады.

«Қазақстан үкіметінің екіжүзділігіне таң қалса болады. Ол жоғары лауазымды американдық саясаткерлерді ЕҚЫҰ-ның демократиялық ұстанымдарын қолдауға ниеттеніп отырғандығы жөнінде сендіруге тырысуда, сонымен қатар, ол ашық түрде өзіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын қудалап жатыр. Бұл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық туралы өзінің жаңа рөліне дайын еместігін көрсетеді», - деді «Фридом хаус» ұйымының өкілі Пола Шрифер.

Ұйымның мәлімдемесінде Алматыдағы Медеу аудандық сотының шешімімен бес бұқаралық ақпарат құралының - «Республика», «Голос Республики», «Взгляд», «Курсив» және «Курсив-Ньюс» басылымдарының өнімдеріне тыйым салынғандығы атап көрсетілген.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Тiлектес
05.02.2010 00:48
Айналайын Гулжан, сак бол! Абай бол! Атадан бала оза туады деген осы екен гой...

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
05.02.2010 06:52
бір-ақ жауып тастасада болушы еді, орыс тіліның жолдану айасын кеңейтп жұргендерге өзі де сол керек.шындықты қазақ тілінде жазып, жас үрпажтарды қазақ тіліндегі қабарлармен қамдап,кокірек коздерін ашып тұрған үнпарақ болса,бұкыл қазақ ара тұсер еды ғой ...
Пікір алмасу

Кімнен: Көкше көл
05.02.2010 09:06
Отыз ауыз сөзіңде он бес қате жүр. Қазақ тілінен садақа кет! "Жас үрпаждарды..." сен қорғаштамай-ақ қой. Гүлжанның тынағына да тұрмайсың, әйел болса да сен сияқты "шалбар кигендерден" мың есе артық. Гүлжаннан садақа кет! Ара түсер қазақ мен боламын.Жапондарда"хокку" деген өлең жазу тәсілі бар.Барша қазаққа осындай сандырақтарды енді"bokky" деп атауды ұсынамын.
Пікір алмасу

Кімнен: ауыл баласы
05.02.2010 09:27
боққы, Қытайға жер беру туралы алғаш айтылғанда Алматыдағы Қытай елшілігінің алдынан қаймықпай қазақтың талабын айтып шыққан санаулы адамның бірі осы Гүлжан еді ғой, оны ұмыттың ба, әлде білмейсің бе? Білмесең мына жерден оқып ал:

http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_china_land/1901871.html

Ал, адамды қазақ тілінде емес, орыс тілінде сөйлейтіні үшін ғана жазғыру - барып тұрған топастық. Ол адамның ішкі жан-дүниесін, рухын білмей жатып ауызға келгенді сөйлемеу керек. Әйтпесе, қазақтың жалындаған бір қызына тасада тұрып шәуелдеген ол ауызды қазақтың мен деген нағыз жігіттері шығып, мүлдем ырбитып жіберуі мүмкін. Солай, шырақ, байқап-байқап, басты шайқап-шайқап, ойланып сөйлегін!

Кімнен: Көкше көл
05.02.2010 09:15
"Бір қызымнан бір қызым сорақы" деген, Құлыбаев президент болса жетіскен екенбіз.Тәуелсіз БАҚ-тарға қысымның талай сорақысын көргенбіз,мынау ертеңгі күнімізге нүкте қоюмен бірдей ғой! Э.Хемингуей"Прощай оружие". Т.Құлыбаев."Прощай свобода слова"

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
05.02.2010 10:22
па,мены айамай-ақ шенеген екенсіздер, осы сөздерыңізді құлыбаевқа тыке қарап тұрып айтсаңдар жігіт дер едым, қы қы(қалжың)
Ауыл баласы ағасы, рақымет, енды кордым,Мұқтар шақан ұлы ағаларымызбен бірге ол кісының де барекенін білмеппін, асығыс пыкыр айтқанымды кешырыңыздер ! ел мұңіна еркекпен бірге кұйынып, ыстығына кұйып жүрсе,онда ол кісіні мен де сіздерден кем бағаламаймын, рақымет апайымызға, меңгерып отырған үнпарағы қазақ тілінде болса, тіпті де рақымет дер едым.
енды меның атыма келсем, ол < боққы> да,Жапондардың <хокку> да емес, ол ата-анамның мені еркелеткен атауы. ол сонымен қалсын, ал жазып жатқан сөздерімдегы емле қателігіне келсек, сіздердың тоте жазу жазғандарыңыз сиақты. сонымен қатар , қазыр коптеген қытайдағы қазақ жастары орыстан кырген кырме аріпты істетпейды, сол Ақаң жасап кеткен 28 таңба.
сонымен бірге сіздерды wwww.kzsahara.com/forum сайытына барып,біздермен , алыста жатқан қандастарыңызбен пыкырлес болып тұруға шақырам, рақымет !
Пікір алмасу

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
05.02.2010 17:05
bokky, пікіріңнің жаны бар. Ол жалпы әлеуметтік мәселе. Әйтсе де оппозицияда күрескер ретінде танылып жүрген санаулы қазақ әйелдерінің бірегейі де осы Гүлжан. Оған да шүкірлік етіп, қазақ тілін білмегенін бетіне баспай-ақ қоюға болады. Ал Пекиндегі қазақ жастарымен пікірлесуге болар еді, бірақ өзің атаған сайт ашылмай тұр..

Кімнен: marat Қайдан: aktobe
05.02.2010 11:40
: bokky hetay pekyn!!! Cенин бул жерде айтканын орынды емес! Казахстанда канша газет болганмен орысша болса да Свобода словадай жазатын басылым болмады. Бир гана Гулжаннын колонкасы не турады десенши. Ал Блог в помощь айдары мыскылдап отырып акикатты айтып, канынды басына шаптыратын керемет айдар. Ал сонгы беттеги материалдар оз алдына... Гулжан Ергалиеванын газети Улттык компаниялар туралы ЖАНА айдар ашканы белгили. Нагыз айдар деп соны айт! Казахстан кимнин колында, шынайы кожасы ким, осынын барлыгы Улттык компаниялар айдарымен ашык айтыла бастады. Бугин мен ушин каралы кунмен тен. Казах деп журегим сокса да казах газеттеринен жииркенетин денгейге жеттим. Гулжан Ергалиевага тиискендери - ен демократ журналистердин бирин курткандары. Ол улкен тауекелдерге бел буган жан! Отандык журналистикадагы жуздеген басылымнын алдын орап, копшиликке жол тарткан басылым. Не болса да, мындаган окырманына бул суыт хабар онай тимес.

Кімнен: Жақсылық Қайдан: Астанадан
05.02.2010 13:17
Көкше көл-ау, қол ішке қарай бұгіледі деушы еді ғой, дап-дардай басыңмен не ауызыңды бұзып отырсың, қорғағың келсе,абыроймен қорғамайсың ба,қаршадай балаға сонша тіл безеп алпіс ата,жетпыс жездеңның құны барма еды ода?! біреудың азан шақырып қойған атында сеның нең бар?!
жақсы кісны қорғағың келсе,жақсы сөзбен,істікте,төстікте кұймейтындей қорғашта, айтпесе ана ауыз бұзған саналы кысыге жарасар қылық па?
ол баланың айтып жатқаныда қатеме,арқандай ашты шндық,Гұлжәндай апекемыздың откір козқарастары,батыл,талаптанғыш арекеттері Қазақ тілімен үйқасып,қазақтардың рухын котерып,үйқыдағы Қазақтарға намыс силаса нұр ұстіне нұр болмас па еді?!


Кімнен: Қорғанбек Қайдан: Ақтөбе
05.02.2010 15:36
Жақсылықтыкі жөн. Осы Көкше секілді аузына келгенді көкігенді қашан қоясыңдар. Біреу пікір айтты екен деп ит терісін басына қаптау надандықтың белгісі. Ол жігіттің бар кінәсі қазақ тілінде де осындай газет болса дегені ме? Бізді құртытатын осындай Көкше секілді көк езулер. Айтпақшы, жердің атын иеленгенше өз атың қайда? Әлде атыңды айтуға қорқасың ба? Біреуді сөккенде батыр едің ғой. Табиғаттың тасасына тығылма.
Пікір алмасу

Кімнен: Көкше көл
05.02.2010 23:11
Жақсылық пен Қорғанбекке.Әй, аңқау қазағым-ай, "боққы" (мен емес, өзінің жазғаны) нағыз "провакатор", Қытай да емес, Өр-Алтай да емес өз ішімізде, таяу маңда отырып алып бәрімізді мазақ етіп, тілімізді қо-о-рла-ап отыр. Тәрізі, маньяк шығар, сіздер мен біздерді атыстырып қойып, содан ләззат алатын сияқты. Дәлел керек пе? Осы сайттағы Сұлтан Хан Аққұлыұлының 03.01.10. күнгі "Әблязов Құлыбаевқа қарсы ауқымды шабулын жалғастыра бермек" атты мақаласына 04.01.10. сағ. 01:16-да жазған пікірін оқыңыз."Мұхтар Әблязов бар мұнда!" деп сайрайды "боққы".Дейді де осы жерде "емле қателігіне келсек, сіздердің тоте жазу жазғандарыңыз сиақты..." деп мүләйімсиді. Әблязовтың фамилиясына тапқан "я" әріпі "орыстан кырген кырме арыпты" білгенде, ақын Мұхтардың фамилиясына "х" әріпін таппай шақанов деп жазуын қалай түсінеміз?! Әдейі мазақ етіп отыр. Ардақты ақынға бас әріпті де қимаған сұңғұла сұмырай. Бұған көнбесеңіз, Т.Дүйсенбектің 29.01.10. күнгі Назарбаевтың жолдауына арналған мақаласына 31.01.10. күні жазған пікіріне зер салыңыз."Нұрекеңе айта салыңдаршы, қытай тілын де қосып ұйреніп алсын" дейді суқылдақ. Өтірігі сол, "ұ" болғанда егіздің сыңары "ү" неге жоқ, әлде Ақаңның 28 таңбасына енбеген бе? Әдейі жазып отыр, Ақаңнан садаға кеткір! Емлесін қоялық,Қазақстанды елім-жерім, жерұйық деп түсінетін, Нұрекеңді тек біржақты білетін Қытайдағы бауырларымыз дәл осылай жазады дегенге сенесіз бе? Бұл жазба талай жыл осында тұрып, сан алуан оңды-солды пікірлерден үлкен хабары бар нағыз қазақстандық тоғышар, арсыздың стилі. Саясатты бес саусағындай білетін қудың ісі. Мені жердің атын иеленіп деп сөгіпсіз, көкше көл десем өзімнің Балқашым. Бұл шет жердегі қандас бауырларымыздың атын жамылып, арандатып отырған "боққыдан" тәуір шығар, қалай ойлайсыз? Бұл аз десеңіз басқа беттердегі пікірлерді ерінбей қарап шығыңыз."боққы" берлинненмін деп жүр.Осыдан кейін Гүлжан неге қазақша жазбайды деген "боққынікі" сандырақ емей немене? Көк езу мен емес, өзіңіз шығарсыз, айтарым, "боққудан" сақ болыңыз, ұнаса,әрі қарай қорғаштай беріңіз, сәттілік тілеймін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2010 16:08
Дұрыс байқапсыз Көкше көл, "боққыңыз"- нағыз қыршаңқы дегенбайдың өзі."Сау сиырдың боғы емес" деп жатады кейде қазақ.Сол сөз оған дәл келіп тұр.Құдай өзіне дені дұрыс ат та бұйыртпаған екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Көкше көл
05.02.2010 23:19
Мәссаған! осы "боққуымыз" астаналық Жақсылықтың өзі емес пе? Мұқият қараңызшы, жазу стилі, сөз саптасы айна қатесіз бірінен-бірі көшіргендей. Төрелігін айтатын жан бар ма? "боққудың" өтірігін шығарып беретін кім бар? Үн қатыңыздар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.02.2010 17:08
сөз таластырып қайтесіңдер...бауырлар...меніңше қысқасы билік кету керек..немесе кетіру керек...осы басты мәселе...содан кейін тілдіде ділдіде орнына қоятын азамат келсе шіркін...қайран қазағым-ай...

Кімнен: самат
05.02.2010 18:24
егер қудадаса ,қрыққанын.басқалай айласы болмағаны.ел,жұрт,ұлт үшін айанбай жүрсіз,сақ болңыз."батыршалар" көп.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокшетау
05.02.2010 21:50
Көкше көлді қолдаймын
Мәселе сол орыс тілді газетке тіреліп тұрмаған шығар. Құдайға шүкір Жас Алаш бар,СолДат газеті бар оқыңыздар соларды. Бұл арада әйел басымен азулылармен тірескен жан туралы сөз болып жатыр.
Ал, Боқа сіз болсаңыз "қы -қы" -ламай елге келіңіз,айтыңыз шындықты ер екеніңізді көрейік. Түркия мен Еуропада немесе Қытайда отырып алып батырсыну әркімнің -ақ қолынан келер шаруа. Біле білсеңіз Қазақстан деген мемлекет жанған өртпен тең боп тұр қазір. Жалғыз ауыз сөз үшін түрмеге қамалу, не аяқ астынан "жол апатынан қайтыс боп кету" біздің елде екі күннің бірінде боп жатады. Қорықпасаңыз келіңіз, көресіз, ал интернетте отырып ап: кері тартып, кесапат сөйлеп ешқандай "Тимурды" немесе "Свобода слованы" мұқата алмаймыз,мақсатқа да жетпейміз сол есіңізде болсын
Пікір алмасу

Кімнен: Сера
06.02.2010 12:02
Ол, Қытайда тұратын, ал жасы әрі кетсе, 13-14 жастағы бала ғой. Сондықтан, біздің елдегі жағдайды терең түсінбейді. Оған шүйліге қоятындай ештеңе жоқ. Ертең бір 6-7 жылдан кейін 20 жасқа толғасын өзі де Елге келетін шығар.

Ал Гүлжан Ерғалиева (Хамит Ерғалиевтың, яғни Хамаңның қызы) ұлтжандылық бағытында емес, ол оппозициялық бағыттаға адам. Егер адам оппозицияда болса, онда, әрине, орысша сөйлеп, орысша жазғаны тиімді. Себебі, ұлт патироттары мен оппозицияның басы ешқашан бірікпейді. Және Қазақстанда орыс тілді оқырмандардың саяси белсенділігі жоғары. Ал Қазақ тілді оқырмандардың ұлттық белсенділігі жоғары.

Әйтпесе, Хамаңның қызы - қазақшадан мақұрым емес шығар. Қазақтың Ұлы ақынының қызы қазақша білмесе - ол қасірет...

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
06.02.2010 15:23
www.kzsahara.com/forum
http://www.kzsahara.cn/convert/(Кирилшены тоте жазуға аударатын құрал )
Жоғарыдағы Ағаларға жане <Азаттықтың> оқырмандарына : мен кеше бір<W> ды артық қосып жіберіппін.ғапу етерсіздер. қазыр жаздағы оқиғалар себебінен шинжияң(шығыс тұркыстан) өлкесінде ғаламтор жұйесы ұзілген. бұл сайт біздың қытайдың астанасы мен теңіз жағалауы қалаларында оқып жатқан жастардың бірігіп құрған тор бекеты. тор бекетыне кырып корсеңыз, Кирилшены тоте жазуға аударатын құрал бар, соны істетсеңізер болды. өкінішке орай, қазыр тоте жазуды Кирилшеге аударатын құрал жасалынбай жатыр. болашақта бола жатар. сіздердың құнды, жауқар мазмұндармен қытайдағы бауырластарыңыздың ұлттық руқ жане тариқ жақтарындағы білімының өсуыне, жан дұниелерының кұн сайын жаңаруына ұлестерыңызді қосуларыңызды тілеймын.копшылікке рақымет !
жоғарыда артық-ауыс кеткен жерым болса кешырыңыздер !

Кімнен: Коломбо Қайдан: Қарағанды
09.02.2010 10:55
Ұлтжандылық та саяси белсенділіктің бір көрінісі ғой...

Кімнен: Мәншүк Асаутай Қайдан: almaty
10.02.2010 14:32
тақырыпқа қатысты пікір білдіргендеріңіз үшін рақмет.

Кімнен: қолдаушы
14.02.2010 20:27
ҰЛТЫ ҚАЗАҚ БІРАҚ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАЙТЫН Е.Г. газеті елді арандатып,жұртты адастырып болып еді, жабылғаны жақсы болған, енді ашылмасын құрып кетсін.ЕГ "АУЫРУ" АДАМ, ЖҮРЕГІ ҚАЗАҚ ДЕП СОҚПАЙДЫ.Халықтың көп бөлігі қазақша сөйлеп, қазақша оқып жатқанын көре алмайтын, орыстарды қолдаушы шәуілдеген қанден.Х-т атамыздан садаға кетсін.

Кімнен: Берік Қайдан: Атырау
18.02.2010 01:23
Менің сіздерден бір сұрайтыным - мына BOKKY-ге тиіспеңдерші. Тым жақсы ойлар айтып жүр. Және өзі басқаның пікіріне де құлақ асқыш. Сонау Қытайда жатып алып, біздің саясатқа іші ауырып жүргеніне шүкіршілік демейсіз бе?
     
Мәтін көлемі - +