Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:35

ӘЛЕУМЕТ

Оңтүстік Қазақстанда тоғызқұмалақтан І Азия чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанда тоғызқұмалақтан Азияның тұңғыш чемпионаты басталды. Құрлық жарысына 9 елдің спортшылары шақырылған. Сонымен бірге, қазақтың бұл ұлттық ойынын қазірде интернет арқылы ойнауға да мүмкіндік бар.

Мәтін көлемі - +
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы стадионның шахмат ғимаратында тоғызқұмалақтан Азияның тұңғыш чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстанның спорт шебері, Тоғызқұмалақ федерациясы жетекшілерінің бірі Мақсат Шотаевтың Азаттыққа айтуынша, бұл жолғы жарысқа 9 елден 31 спортшы шақырылыпты.

Чемпионатқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түркіменстан елдерінің ең
Қазақстандық Диана Кенина (оң жақта) мен әзірбайжандық Нейля Әлиева тоғызқұмалақтан І Азия чемпионатында. Шымкент, 19 қазан 2009 жыл.
таңдаулы спорт шеберлері қатысуда. Ерлер мен қыздар арасында бөлек өткізілетін жарысқа Қазақстан құрамасының қатарында ерлерден Ғ.Темірбаев, А.Сейтжанов, С.Ақтаев, Х.Елеусінов, қыздар арасында Ә.Далиева, С.Сапарбекова, Д.Кенина, А.Такишевалар өнер көрсетуде.

Азия құрлығында алғаш рет өткізіліп отырған бұл жарысты Халықаралык тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

ЖЕКСЕНБІДЕ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫСЫ АНЫҚТАЛАДЫ

«Жарыс 7 кезеңнен Швейцар жүйесі бойынша ойналады, «Швейцар жүйесі» дегеніміз — ұпай саны бірдей адамдардың бір-бірімен ойнауы, яғни жарыстың алдыңғы кезеңіндегі ұтқан адам ұтқан ойыншымен, ұтылған ойыншы ұтылғанымен кездеседі», - деп түсіндірді Азаттыққа қауымдастықтың атқарушы директоры Мақсат Шотаев.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 25-қазан күні аяқталатын жарыстың осы кезге дейін 4 ойыны өтті, осы уақыт аралығындағы ұпай
Қазақстандық тoғызқұмалақ ойынының шеберлері Мақсат Шотаев (оң жақта) пен Серік Ақтаев Азаттық радиосында қонақта, қазан, 2008 жыл.
саны бойынша ерлер арасында астаналық Айдос Сейтжанов, ал қыздар арасында павлодарлық Диана Кенина алда келеді. Олардан кейінгі орындардан ерлер арасында қырғызстандық Қамчыбек Қасымов, өзбекстандық Нурмахан Ханадилов, қазақстандық Серік Ақтаевтар, ал қыздардан екі қазақстандық Әсел Далиева мен Салтанат Сапарбековалар көрінді.

Жарысқа он сегіз жастан асқандар ғана қатыстырылуда, сондай-ақ чемпионат ресми түрде болғандықтан қатысушыларға медаль, диплом және естелік сыйлықтар ғана беріледі.

Ал Азия мемлекеттері тоғызқұмалақшыларының ойындарына қазақстандық Жақсылық Тұрғанбаев пен ресейлік Әнуар Алабердов төрешілік етуде.

Жарыстың басы-қасында жүрген Мақсат Шотаев тоғызқұмалақтың бүгінгі жайы туралы былай деді: «Қазақтың төл зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттері жергілікті халықтарының арасында да ойыншылардың саны артуда».

ЕНДІ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТТЕ ДЕ ОЙНАЙ АЛАСЫЗ

Бұған қоса Мақсаттың ұлттық ойынның жанашырларынан сұрайтын сүйінші хабары да бар екен. Оның айтуынша, биылғы жылдың 15-қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында оның онлайн
Қазақстандық және еуропалық мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақ жарысы, Пардубице, Чехия, наурыз, 2008 жыл.
жүйесінде ойнайтын бағдарламасы жасалыныпты.

«Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға болады.

www.iggamecenter.com 2007 жылы 10 маусымда Arty Sandler есімді азаматтың бастамасымен дүниеге келген дүниежүзілік интеллектуалды ойындардың шоғырланған жері. Өзінің бұл бастамасы туралы Arty былай дейді: «Одан бері көптеген жылдар өтті. Интернет дәуірінің басталуымен әлемдегі көптеген интеллектуалды ойындарды әр жерлерде интернет арқылы ойнап жүрдім. Кейіннен маған одан да өзімнің тұрақты ойнайтын ойын алаңымды жасасам деген ой келді. Осылайша мен өзімнің хоббиімді жандандырдым».

Зияткерлікті қажет ететін мұндай жауапты істе ұлттық мұрамыз тоғызқұмалақтың басқа да шетелдік ойындардан артық болмаса кем емес екендігін дәлелдейтін ең алдымен сіз бен біз, қазақ азаматы. Олай болса аталмыш сайтқа тіркеліп, сіздер де осынау іске қолдау көрсетіп, бабаларымыздың аманатына жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз.

Біз осы ақпарат арқылы тоғызқұмалақпен шұғылданушы, қызығушы барша азаматтарды осы сайтқа - www.iggamecenter.com кіру арқылы тоғызқұмалақ ойнауға, үйренуге болатынын айтқымыз келеді», — деді Мақсат Шотаев.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Bilgekagan Қайдан: Astana
23.10.2009 16:28
+0 / -0
Tyngishtin aty tungish! Kandai intellektualdik oinimiz bar ekenin bilsek koi! Togyzkumalakyin basinda jurgen azamattar ulken is jasapti!

Кімнен: Суханберді Оразалыұлы Қайдан: Шымкент
23.10.2009 16:37
+0 / -0
Тоғызқұмалақтан Азия біріншілігінің өткізілуі, қазақтың ұлттық зияткерлік ойынының халықаралық деңгейде таралуы , оның интернет арқылы онлайндік жүейедегі бағдарламасының жасалуы--бұл өте тамаша! Осы істің басы-қасында жүрген азаматтарға рахмет. Тоғызқұмалақ--ұлттық мәдениетіміздің алтын мұрасы. Оны үйрену, ойнай білу өзін қазақпын деп есептейтін әр азамат үшін перзенттік парыз болуы тиіс.

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 19:32
+0 / -0
Осы тоғызқұмалақ дегенді ойнап көрмеппін. Үйреніп алса жақсы болар еді. Оның қорабын қайдан сатып алса болады екен? Мен оны сауда орындарынан кезіктірмеппін ешқашан.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
23.10.2009 20:37
+0 / -0
Санжар мырза, енді бұл ойынды интернеттен де үйреніп, ойнауға болады. Мақаланың ішінде сілтемесі бар. Рақмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 20:47
+0 / -0
Онысы дұрын әрине, интернеттен шахмат ойнаған секілді ойнауға болатын шығар. Бірақ ол үшін біреуден үйрену керек болатын шығар.

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
23.10.2009 20:48
+0 / -0
Біздің жас кезімізде тоғызқұмалақ деген ойын мектеп бағдарламасында болмаған еді, қазіргі жастар ойнап жүр ғой. Мен ол үшін қуанамын, нарды доминолармен бірге оны да меңгеріп алу керек.

Кімнен: Әріптес Қайдан: шымкенттен
24.10.2009 17:29
+0 / -0
Бұл Мақсат Шотаевтың жеңісі мен қанша жылдар бойы ізденген, күрескен еңбегінің жемісі деп айтар едім. Мақсат аға, құттықтаймын, өкінішке қарай біздің қолымыздан келері осы ғана.

Кімнен: Оқырман Қайдан: Астана
12.11.2009 12:40
+0 / -0
Мақсат ағай, тоғызқұмалақ ойынын әлемдік деңгейге көтеріп, Рухымызды асқақтатқаныңыз үшін шәкірттеріңіздің атынан алғысымды айтамын. Түркістан шаһарындағы үлкен Оқу ордасында ұстаздық еткен жылдарыңызда Сіз студенттердің жан-дүниесін кеңейту мақсатында көптеген сайыстар өткізген едіңіз ғой, сол жобаларыңыз да Әлемдік деңгейде көтерілсе екен деп ізгі тілегімізді білдіреміз.