Сейсенбі, 23 желтоқсан 2014, Алматы 10:21


ҚАЗАҚСТАН

«Жас Алаш» газеті редакциясына сойқан салған шетелдіктің келтірген шығынын отандасы қалтасынан төлеген

Сейсенбі күні түнде «Жас Алаш» газеті ғимаратының есік-терезесін шағып кеткен жігіттің Қытай азаматы екендігі белгілі болған. Редакция ұжымы мұны өздеріне «сес көрсету» деп бағалайды, бірақ екінші тарап бұл пікірмен келіспейді. Қазір бұл іс тергеліп жатыр.

Редакция ғимаратының сынған терезесі. «Жас Алаш» газетінің суреті.Редакция ғимаратының сынған терезесі. «Жас Алаш» газетінің суреті.
x
Редакция ғимаратының сынған терезесі. «Жас Алаш» газетінің суреті.
Редакция ғимаратының сынған терезесі. «Жас Алаш» газетінің суреті.

ЕСКЕРТУ МЕ, ӘДЕТТЕГІ БҰЗАҚЫЛЫҚ ПА? 

Наурыздың 30-на қараған түні сағат 22:30 шамасында белгісіз адам Алматыдағы Мақатаев көшесінің бойындағы газет редакциясының ауласына кіріп, ғимараттың терезесін шағып, есікті сындырмақ болған.

– Күзетші басқа жаққа кеткен кезде, аулаға кіріп екі терезені сындырған, одан өзге есікті сындырмақ болған. Арақ ішіп алғандығы көрініп тұрды, дегенмен есін білмейтіндей мас емес. Өз сөзіне қарағанда, Қытай азаматы, жасы жиырмада, аты – Ян Шаолян екен. Осыдан 4-5
Қытай азаматы Ян Шаолян өзінің мас болғанын айтып, жасаған қылығы үшін кешірім сұраған. «Жас Алаш» газетінің суреті.
ай бұрын Қазақстанға келген. Алғашында «мен тігін бұйымдарын сатумен айналысамын» деген еді, одан кейін тергеу органдарына берген жауабында ол Алматыдағы қытай асханаларының бірінде аспазшының көмекшісі болып қызмет ететіндігі жайында айтты, – дейді оқиға орнына жедел жеткен басылымның бас редакторы Рысбек Сәрсенбай.

Оның айтуынша, оқыс оқиға болған күннің ертесінде редакцияға өзін «Алматыдағы Қытай мәдени орталығы төрағасының орынбасарымын» деп таныстырған бір кісі келіпті. Ол бұл істі насырға шаптырмай, құқық органдарын араластырмай-ақ «бейбіт жолмен шешуді» ұсынған.

– Бізбен келісуге келген азамат редакцияның шығынын, яғни 90700 теңгені (617 АҚШ долларындай болады) өз қалтасынан төлеп кетті. Бірақ мен бәрібір бұл істің сот арқылы шешілгенін қалаймын. Бізге келген азаматтың айтуынша, ол әлгі ойран салған бұзақыны мүлдем танымайтын көрінеді. «Онда неліктен ол үшін ақша төлеп жатырсыз?» деген менің сұрағыма: «ол қытай ғой» деп жауап берді, – дейді басылымның бас редакторы.

Рысбек Сәрсенбай бұл оқиға кездейсоқ жайт дегенге сенбейтіндігін айтады.

– «Жас алаш» газетінде Қытайдың жүргізіп отырған саясатына қатысты, Қытайдың өз ішінде болған қанды оқиғаларға, ұйғырлармен қақтығыс туралы, сондай-ақ Қазақстандағы шикізатты игерудегі қытайлардың астамшылдығы, Қытайдағы қазақтардың жағдайының ауырлап бара жатқандығы, сондай-ақ жақында Ақтөбедегі Қытайдың мұнай өндірушілерінің озбырлығы туралы мақалалар жарияланды. Одан өзге Қытайдың Қазақстаннан жер сұрауына қатысты наразылық шарасын өткізгеніміз де бар. Осының барлығын естіп-білген Қытай билігі «Жас Алашты» зерттегені анық. Дегенмен бұл дәл олардың тарапынан жасалған әрекет деуге де дәлел жоқ. Бірақ бұның өзі бізді секем алдырады... бәлкім ескерту ретінде жасаған шығар, – дейді Рысбек Сәрсенбай.

«ІСТЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰРАМ ТАБЫЛМАДЫ»

Осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатқан Алматының Медеу аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі Нұрлан Рысдәулетов тергеу аяқталып қалғандығын жеткізді.

– Бұл істің материалдарын бүгін-ертең қалалық әкімшілік сотқа дайындап жатырмыз. Тергеудің құпиясы деген бар бізде, сондықтан өзге мәліметтерді айта алмаймын. Қытай азаматы Ян Шаолянның әрекетінен қылмыстық құрам табылмағанан кейін, бұл істі әкімшілік сот қарайтын болады. Қазір ол азамат бізде қамауда отыр, – деді тергеуші Азаттық радиосына.

«БІР ҚАРЫН МАЙДЫ БІР ҚҰМАЛАҚ ШІРІТЕ МЕ ДЕП ҚОРҚАМ»

Азаттық радиосы осы істі «бейбіт жолмен шешпек» болған Алматыдағы Қытай мәдени орталығы төрағасының орынбасары Джанг Джиан Чао мырзамен хабарласқан еді. Азаттыққа берген түсініктемесінде ол бұл істің астарынан ешқандай саясат іздеудің қажеті жоқ дегенді айтты.

– Маған оқиға болғаннан кейін қытай ұлтының келіншегі келді. Ол бұзақылық жасаған Ян Шаолянның танысы екен. Ол кісі маған бұл істі бейбіт жолмен шешуге көмектесуімді сұрап өтініш айтты, себебі өзі орысша білмейді екен. Ол келіншектің айтуынша, қаланың мүлдем басқа жағында достарымен мейрамханада болған, сосын Көк базар маңында тұратын үйіне дейін такси ұстаған. Алайда редакцияға қалай барып, неліктен бұзақылық жасағанын білмейді, есінде жоқ көрінеді, – деді Чао мырза Азаттық радиосына. 

Оның пікірінше, бұл іс «кәдімгі бұзақылық, сондықтан оны дабыра қылудың қажеті жоқ».

– Мен редакцияға барып келіскім келді. Бірақ, мен ойлағандай болмады. Басылым редакторына тақырып қажет, сәті түсіп ақымақ, былайша айтқанда, мәдениетсіз жерлесімнің осындай әрекеті оған жақсы болды. Егер ол кешірмей, іс сотқа жетсе, онда мен ешнәрсе істей алмаймын. Менің қорқатыным – осындағы бір қытайдың мәдениетсіздігінен ара-қатынасымыз бұзылып кетпесе болғаны, – деп қынжылады Джанг Джиан Чао.

Мәншүк АСАУТАЙ

1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Шура Қайдан: Ура
01.04.2010 17:46
+0 / -0
http://www.zhasalash.kz/kukyk-zan/1422.html - осы жерде толығырақ
Пікір алмасу

Кімнен: Өзгеріс,революция керек! Қайдан: Қазақия
02.04.2010 04:30
+0 / -0
қытай мәдени орталығы ашып үлгеріпті жалмауыздар!Бізде қазақтың рухы,Кенесары Ханның,Махамбеттің,Алаш Орданың өршіл,биік,қасиетті,ұлы рухы болуы керек.Сол рухтан кезінде орыстар бізді күштеп айырды.4 000 000 қазақты әдейі қырды.6 миллионнан 2 миллион қазақ қалды.орыстар 4 миллион қазақты қырмағанда кәзір қазақтың саны 50 миллион болатын еді.Қазақтың санын зұлым,жан түршігерлік әдістермен азайтқан.түркмендердің казіргі саны 5 миллион.Біздердің тікелей аталарымыз қорлық көрген,соғысқан,сол аталардың немелері,шөберелері,шөпшектері біздер аталардың қалай өмір сүргені туралы білмейміз,мән бермейміз.орыстар,сталиндер,орыстың патшалары мақсаттарына жетті өкінішке орай.Казір орыстанған өз ұлтын білмейтін,тіпті жек көретіндер қазақ емес мәңгүрттер көбейіп кетті.Осы сайтқа кіретін қазақтардың бәріне біге болайық деймін! Күш - бірлікте!Қазақия жасасын!Қазақтар жасасын!Көк түркілер,Көк бөрілер жасасын!Сіздер мен біздер жасайық айналайындар!Кемал Ататүрік туралы оқыңыз нағыз ұлты үшін өлуге дайын президент.Ол өз ұлтын бәрінен жоғары қойған.Тек қана түрікше сөйлеген.Түркияда тұрған барлық халықтарға түрікше сөйлеткен.Басқа тілде сөйлеуге рұқсат жоқ.Ататүріктің фразасы: Мен бақыттымын,мен түрікпін!
http://ru.wikipedia.org/wiki/Кемаль_Ататюрк

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.04.2010 17:46
+0 / -0
бұл қазақтырды басынғандық қой, бұзақы болса да, жоқ алде басқа да астары болсада әкесін танытып. сазайын беру керек.
Пікір алмасу

Кімнен: ??
02.04.2010 11:41
+0 / -0
Сазайын не деп береміз?? кімге сүйеніп береміз?? Қорқау басшыларға арқа сүйейміз бе , әлде қауқарсыз, үй- күйсіз қаңғып жүрген қазақтарғама? Саналып бітпеген жан санымызға ма,әлде сатылып жатқан жерімізге ме? Кім бізді түсінеді ??Кім?? Елім дегендер халық жауы болды. Сонда бізде кімдер қалды? Мына мен сыяқты отырып алып жылайтындар қалды.Қайтейін қолымнан келер ештеңе жоқ болып отыр . Еркек тоқты құрбандық деген . Мен өзімді еркек болмасамда құрбандыққа шалуға дайынмн...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
01.04.2010 17:53
+0 / -0
Ия! Бұл үлкен саяси сойқан....

Кімнен: орион Қайдан: галактика
01.04.2010 18:52
+0 / -0
Бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Бар болғаны әсіре жуңғошыл бір желөкпе Жас Алашқа өзінше тістеніп жүрді де реті келгенде "өшін қайтарды".
Қытайға қарсы пікір ондағы қандастарымызға кесірін тигізуі мүмкін, сондықтан дабыра қылмаған жөн.

Кімнен: Ричат Қайдан: Керей
01.04.2010 19:59
+0 / -0
Біз қазақтар кешірімшіл, кеңшілміз. Бір қытайды кешіріп, мың қытайды басқа шығарып алмайық. Қалайда абай болған жөн. Бұл жерде бұлай тартсаң арба, олай тартсаң өгіз өліп кетуіде мүмкін.

Кімнен: Ричат Қайдан: Керей
01.04.2010 19:59
+0 / -0
Біз қазақтар кешірімшіл, кеңшілміз. Бір қытайды кешіріп, мың қытайды басқа шығарып алмайық. Қалайда абай болған жөн. Бұл жерде бұлай тартсаң арба, олай тартсаң өгіз өліп кетуіде мүмкін.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
01.04.2010 23:12
+0 / -0
Көрдіңіздер ме, бұлар биліктің барлық сатысына пара беріп үйреніп қалғандар ғой.... Келісе салайық дегенін айтамын....

Кімнен: Атырау Қайдан: Атырау
01.04.2010 23:29
+0 / -0
Бұл жас алаш бұрынғы жас алаш емес! Қазіргі материалдарының бәрі солғын. Мен осылар құн алды ма деп қорқамын. Атыраудан осы газетке 10 млн доллар бөлініп тұрады дегенді жұрт айтып жүр. Неге осы газет Атырауды сынамайды? Себебі пара алып отыр. Басқа барлық облысты сынайды, жерден алып жерге салады, атырауды сынамайды, неге? Ал, Атырау қазір қылмыс жөнінен бірінші орынға шықты. Тіпті Шымкенттен де озып кетті!

Кімнен: Арнұр Қайдан: Алматы
02.04.2010 00:00
+0 / -0
Бұл расында бізді басынғандық!!!! яғыни бұл іс жайдан-жай туылған емес, астарында мән бар, ЖАС АЛАШ қазақстан дағы бірден-бір шындықты айтатын газет,,,қытайлар дың ол туралы зерттеуіде әбден мүмкін, олар өте ұйымшыл қалық, қазақстанды бөлшектеу, өздеріне қарату,олардың қолынан келеді, шекараны жабу , мұнай шыикы заттарды өзіміз пайдалану,олар мен болған өзара жақын қарым-қатынасты алыстату керек, Айғыр мен ойнаған арқасын алдырады деген!!! бабаларымыз,,,,,олайболмаса кұндердың кұнінде солардың құлына айналамыз!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Саян Қайдан: Алматы
02.04.2010 08:38
+0 / -0
міне орион сияқты қатындар да белгілі болып қалды. баяғы ұлы жүз шығарсың, Қытай десе ұлы жүз ғана бұтына толытырп береді, Біз сен сияқиты қатындарды қуумен әлек болып жүргенде, біздің Түркия сяиқтя әскерін қайда жіберерін білмей отырған бауырымыз 1000000 әскері болса да Қыайды қырады

Кімнен: Саян Қайдан: Алматы
02.04.2010 08:39
+0 / -0
Орион сол қыиайлар кесірін тигізсе біріншіболып елін сатып кеткен саған тигізсін

Кімнен: Көпкөрген Қайдан: Ащысай
02.04.2010 08:39
+0 / -0
Қалай есінде жоқ... Мен қанша мас болып көрдім, бұзақылық жасасам да не үшін, қайда және қашан екенін білемін. Арақтың тек батылдық беретіні белгілі,ал ниетке еш әсері жоқ, жаман ой сол күйі қалады. сондықтан есімде жоқ деп сайқалсымасын! Жас Алаш сенің бағытың дұрыс деген сөз.

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
02.04.2010 09:42
+0 / -0
Орыстың ойранына еті үйренген қазақ енді қытайға да жол бере бастапты. Қазаққа керегі "кедендік одақ" емес, Түркілік одақ.

Кімнен: ??
02.04.2010 10:36
+0 / -0
Қазақтар тас санаса, қытай құм санайтын халық. Сіздер осы жағдайдан нені түйіндейсіздер? ОЛардың ұлттық идеологиясы мықты. Олар бір бірін ешқашан сатпайды, ал егер ұлттық намыстарын сақтап қалу керек болса , жеке адамды құрбандыққа шалудан таймайды . Оған жеке адамдар да қарсылық жасамайды . Себебі, оларға мына дамыған ғасырда ҰЛТ болып қалу керек.
АЛ, біздің қазекеңдерші ? тек өз бастарының қамын ойлайды . Оларға ҰЛТ, МЕМЛЕКЕТ ,ОТАН ойыншық, сатып кете береді.

Кімнен: kim Қайдан: қытайстан
02.04.2010 10:52
+0 / -0
Бұл арнайы істелген жұмыс. Қытайлар саяатқа қатысы жоқ деп, көшеде жүрген бір қытайды алады да оған арақ беріп, күнәсі жеңіл болу үшін , осындай әрекетке барады. оның астарында көп нәрсе жатр. мен сенің кез келген есігіңді теуіп кіре аламын деген ой бар. оны тек қана жай іс деп қарасаңыздар, кешіріңіздер, онда осыдан бастап Қытайша үйрене беріңіздер..........

Кімнен: ??
02.04.2010 11:00
+0 / -0
Мен қытайды жақтамаймын. Бірақ біздің олардан үйренетін нарселеріміз көп. ҰЛТШЫЛДЫҚ оларға мектептен бастап миларына "құйылады" . Біз олардан абай болғанымыз жөн.Бізді сатып,өзімізге ақшаны санатып қойатындар солар. "Кәпірмен жолдас болсаң қалтаңда балтаң болсын" деп атам қазақ бекер айтпаған. Біздің биліктің ақшақұмар екенін олар тәмсіл қып айтып жүр .Ұялғаннан жерге кірердей боласың. Бұларға жан жақты тосқауыл қоймаса, олар бізді ешқандай қарусыз жаулап алары сөзсіз, біздің ақшақұмар қара көз, ұлтсыз,имансыз,ұждансыз қыздарымыз оларға жол ашып берері айқын.ОЯНЫҢДАР АҒАЙЫН.ҰЛТТЫ САҚТАП ҚАЛУ ҮШІН КҮРЕСЕЙІК!!!

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
02.04.2010 12:14
+0 / -0
" Жас Алаш " газеті бұрын лениншіл комсомол болса енді түрікшіл болып жүрмесін . Ататүрк ұлтшыл болам деп дінге түптен өш болып кетті . Сонда бір талай Оспандық түркияның билігінің қарауында болған ұлыстардан жұрдай қалмады ма ? Өйткенше , басқа шарттастармен келісе қадам басса еді . Битке өкиелеп тонын отқа салған осы болар . Ал Қытай болса , баяғыда , атам әнес сахабадан , Араб жарты аралынан осы өлкеге көшіп келгенде қатты тойтарыс көріп артына қарамастай болған еді . Бүгінгі ұрпақ уахабшыл арабтан да , орманды орыстан да , аждаһарлы қытайдан да , тіпті өз ағасы өзбектен де не көрмей жүр десеңізші . Қала берді Адаматамен Һауаана да
тек қана құдай тағаланың айтқанынын қылмай , нені қолымен қылса өз мойнымен көтеруге бар екендей ерлікті қай жаралған көрсете алыпты ? Айтпақшы , қазіргі көресіндер бүгінгі қазақтардың қылығының салдары деп мойындау керек . Әңгіме тақырыбы туралы айтарым Қытай мемлекеті ресми түрді "Жас Алаштан " кешірім сұрауы тиіс . Қытайдың азаматы ол мемлекетінің ұрықсатынсыз су ішпесі айдай анық .
Пікір алмасу

Кімнен: Бейбіт Қайдан: Ақтау
02.04.2010 20:11
+0 / -0
Түркияның керек жерін алып, керек емес жерін алмайсың.Ұлштыл Мұсылман болу керек бізге.Бәрі биліктің,НӘН-дердің кесірі ұлтынан безген,қазақтың жазығы жоқ!

Кімнен: исатай Қайдан: Қазақ елі
03.04.2010 02:51
+0 / -0
Бұл арамза қытайлардың "тамыр басау" айласы ғой. Намысты бермеңдер, заңға тартылсын, қытай кешірім сұрасын.

Кімнен: намысшыл Қайдан: алматы
04.04.2010 17:38
+0 / -0
Қытайлар енді өтірік мас болып ойындағысын жасауға айналған ба? Басынғандық қой бұл, елден шығаырп жіберу керек.

Кімнен: қазақтың бір баласы Қайдан: қоғалыдан
04.04.2010 17:39
+0 / -0
Бізідің билік ұлтараздығын тудырасыңдар деп, тағы да қазаққа басу айтып шыға келетін болар.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Azattyq TV

Сіздің JavaScript сөніп қалды, немесе сізде Adobe's Flash Player-дің ескі нұсқасы. Flash player-дің соңғы нұсқасын жүктеңіз.
Жаһан жаңалықтары 22.12.2014i
|| 0:00:00
...  
🔇
X
22.12.2014
Тунис президентін сайлады, Джеки Чанның ұлына Қытай нашақорлық бойынша ресми айып тақты, жапон шаштараз "жынды шаш үлгісін" ұсынады.