Жұма, 18 сәуір 2014, Алматы 03:22


Спорт

«Чиншанло Қытайға кетіп қалды» деген хабар тарады

Қытайлық sohu.com веб сайтына шыққан Зүлфия Чиншанло туралы мақаланың скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.
Қытайлық sohu.com веб сайтына шыққан Зүлфия Чиншанло туралы мақаланың скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
2012 жылы қазанның 23-і күні Қытайдағы sohu.com сайты Зүлфия Чиншанлоның 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтетін олимпиада ойындарына Қытайдың атынан қатысатынын хабарлады.

Чиншанло туралы sohu.com-ға шыққан мақала «Қазақстанға кеткен Қытай қызы қайтып оралды және 2016 жылғы олимпиадаға Қытай атынан қатысады» деп аталады. 

Сайт ақпаратында Лондон олимпиадасының алтын медалін алған Зүлфия Чиншанлоның «Хунань провинциясында туғаны» және «шын аты - Чжао Чаньлин екені» жазылған.

- [Спортшы] Қазақстанның төлқұжатын алғанымен, 2012 жылы қазанның 22-сі күні Хунань провинциясы Чанша қаласының полиция басқармасына барып, жеке куәлік жасатты. Ол сол өлкелік спортшылар тізіміне тіркеліп қойды. Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқан 19 жастағы қыз елге оралды, - деп жазды қытайлық sohu.com сайты.
Қытайлық sohu.com веб сайтындағы Чиншанлоның қытайлық жаңа құжатының скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.Қытайлық sohu.com веб сайтындағы Чиншанлоның қытайлық жаңа құжатының скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.
x
Қытайлық sohu.com веб сайтындағы Чиншанлоның қытайлық жаңа құжатының скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.
Қытайлық sohu.com веб сайтындағы Чиншанлоның қытайлық жаңа құжатының скриншоты. 23 қазан 2012 жыл.

Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері бұл ақпаратқа «таңырқап отырғандарын» айтты. Федерацияда қазанның 23-і күні осы ақпаратқа қатысты кеңес өткен.  

Федерация басшылары Чиншанлоның қазір Қытайда жүргенін растады. Бірақ айтуларынша, Чиншанло мен Манеза ол жаққа «қыдыруға ғана кеткен».

- Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанло Қытайға туысқандарына кеткен еді. Манеза қазір елге қайтып келді. Ал Чиншанло 27 қазан күні оралуы тиіс. Ұшаққа билеті сол күнге белгіленген. Қытайлық басылымдағы ақпарат - өтірік, - деді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов Азаттық тілшісіне.

Алайда Чиншанлоның Қытайға қайтып оралғаны туралы ақпарат қазанның 23-і күні Қытайдың Хinhua ("Синьхуа") агенттігінде де пайда болды. Агенттік Зүлфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын алғаны туралы жазған.  

Хinhua "Қазақстан чемпионға олимпиада кезінде уәде еткен сыйақысын да бермеген" деп жазады. Агенттік Чиншанлоның өзімен тілдесіп, оның Қытай атынан чемпион болғысы келетінін де хабарлаған. 

Ал Чиншанло жайлы ағылшынша Уикипедиядағы ақпараттар да өзгерді. Мұнда чемпионның «2012 жылы қазан айында Қытай азаматтығын алғаны» жазылған.

Руслан МЕДЕЛБЕК

russport.kz+gmail.com

1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті.

"Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған.

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.10.2012 12:54
+1 / -0
"Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас" деген...

Келді, көрді, тойынды... Қазақты қайтсін?

Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
24.10.2012 08:05
+0 / -0
жоооооооқ. біздің өтірікші үкімет Чинчалоны алдап соқты. оған берілер 250 000$ әлі берілген жоқ. Зульфияны біздің шенеуніктер "арендаға" алған, өткен айда сол "аренданың" уақыты бітіп қалған, ал қытай жағы оны созудан бас тартқан, сосын біздің үкімет әліптің артын бағып, оған тиесілі 250 000$ әлі берген жоқ,.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 13:00
+0 / -0
Жат жұрттық спортшы қол болмайды! Ол қызбен бәсекеге шығатын қазақ(стандық) қызды бүгіннен бастап дайындау керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Әй ділмарсымақтар!
24.10.2012 17:06
+0 / -1
"Қазақтан неге шықпайды, өзіміздікін неге дайындамайды" деп шулағаннан басқа не білесіңдер сендер? Осы отырғандардың қайсысының нағашысының нағашысы немесе құдасының құдасы штанга көтеріп дайындалады екен? Ол қыздың кеткені туралы ақпарат әлі дәлелденбеген оған неге шулап отырсыңдар? Пай пай "өзіңнен тумай ұл болмас".... деп тұрып небір сөздерді жібергенде кереметсіңдер өздерің жалпы спорттың маңына жолап көрдіңдер ме өзі? Спортта кім қай елдің туының астында өнер көрсетіп келіп кету деген әп сәтте емес пе. Әлде сендер ол қызды ауылдың шетіне қазыққа байлап ұстаймыз деп ойладыңдар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Спортшы
24.10.2012 21:23
+0 / -0
Нағыз қыртубас екенсің! Егер билік қазақтың қаражатын шетелдің шөпжелкелерін сатып алуға емес, ауыл спортын дұрыстап дамытуға жұмсаса, қазақтан талай саңлақтар шығады. Мемлекет ауыл спортын дамыту керек, түсіндің ба, қырт? Сонда қазақ баллары өздері ақ барады секцияларға. Ал секциялар ауылда болмаса олар қайда барады, милау?

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Астана
23.10.2012 13:09
+0 / -0
http://sports.qq.com/a/20121023/000153.htm?pgv_ref=aio2012&ptlang=2052 Зүлфияның кеткенін айғақтайтын сайыт. ол қытай азаматтығын алып үлгірген. қалғандарына да сеніп бекер ақша шашудың керегі жоқ. ондай қыздар біздің елді мекендерден көптеп табылады.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық Қайдан: Маңғыстау облысы
23.10.2012 13:10
+1 / -0
"Қасқырды қанша бақсаң да, орманға қарап ұлиды".

Кімнен: Маразым Крепшайытов Қайдан: ыЗаКО
23.10.2012 13:19
+0 / -0
Қытайларда "қайтып келген қыз" туралы мақал жоқ па, әлде бар болса да темірден алтын жасайтындар ол мақалдың аясынан тыс па? Чиншанла иншалла қайтып келер777
Пікір алмасу

Кімнен: Жанкүйер
24.10.2012 03:23
+0 / -0
Оның қайтып келуіне соншама "иншалла" деп қиылатындай кім еді ол соншама? Кетсе одан әрмен. Ни сияқты айдаладағы Қытайдан іздегенше, өзіміздің ел арасынан іздеп тауып, дұрыстап баулыса, чиншанлоларға шашылатын ақшаны соларға жұмсап, өзіміздің қазақ қыздарынан артық ешкім жоқ. "Легионер" дегеннің тамырына балта шабу керек.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.10.2012 13:32
+0 / -0
Негізі бізде мейлі ол қылмыскер болсын, мейлі басқалай болсын, шет ел ауып кеткен соң ғана "қап" деп сандарын соғады да жатады. Барлығы да алдын-ала ойластырылған.
Бұл да сол жол!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 13:35
+1 / -0
"Бұралқы итті асырасаң, түбі өзіңді қабады", оның алған 250 000 қайтармай пропискадан шығармау керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық Қайдан: Маңғыстау облысы
23.10.2012 15:20
+0 / -0
Біздің "прописканы" ұрсын ба, оған тіпті басын да ауыртпайды. Ол алтын алғанда бүкіл қазақ болып қуанғанымыз оған тіпті де әсер етпеген екен ғой, ең болмағанда "ұят болар" деп бірер жыл да күтпеген екен. Қазақты пайдаланып, 1,5 млрд-тың ішінен атағын шығарып алды, енді оған қазақ неге керек шындығында да. Тек, келесі келетін тағы сондайлардан сақ болсақ болар. Подобедованың орны бөлек, ол Ресейге қайтпайтынын кесіп айтты, ал Зүлфия олай деген жоқ қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2012 03:47
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген, сол "250 мың доллардың бәрін өздері алды"-деп, ойлаймысың? Сенде аңқау біреу екенсің.

Кімнен: Jaskazakh-Akmaral Қайдан: Astana
23.10.2012 14:32
+0 / -0
Kalai kalai soileisnder.... Jaksi jaman bolsada Kazakhstan ushin kanshama altin alip berip elimizdin kok bairagin jelbireti emespa? Nagiz jaman bizbiz.... kishkene jaman narse bolsa sodan jaman jok, jaksi bolsa sodan keremeti jok.... Biz Kazakh eli arkashan Zulfyani kurmetteuimiz kerek... Sender, bizder osilai sirt elden kelgenderge minezimizdi korsetsek, kim kalgisi keledi.... Jaksisin asirip, jamanin jasirip otiratin el bolmaimiz ba? Men oz basim karsimin... jamandaularinizga... Mikti bolsandar senderde Zulfia siakti jeniske jetip elimizdin bairagin jelbiretinder, sodan kein barip soilender auizdarina kelgenderin... uiat koi mundai soz aitu... Kazakhtin atin shigarip jurgen en jas sportshini jamandap, bolu degen... maskara...Olai dei bersek bir kuni sportwida kalmai kalip jurer....Kaida jursede aman jurse boldi...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 14:51
+0 / -0
қумашы намысың қайда?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 15:46
+0 / -0
Нағыз оңбаған екен ол қыз. Ақшаны қалтасына басып алды да кетті. Өзіңнен тумай ұл болмас деген мақалыңыз дұрыс. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
Пікір алмасу

Кімнен: Үміттенуші
24.10.2012 03:37
+1 / -0
"Іштен шыққан жау жаман"-деген, ойбай-ау, "сендердің жамандықтарыңнан бәрі кетіп жатыр"-деп, қытайды жақтап, сөзін сөйлейтін, намыссыздар, ұлтсыздар, қазақстанецтер әлден-ақ көбейіп жатыр ғой.
Мына, ақмарал деген намыссыз қыз, бетімізден алып, жерден алып, жерге салып, "сөйлеме"-деп, ауызымызға қақпақ болып, "Ата-жауымыздың" астына салып берді-ау.
Ұлы Шыңғысхан, кім болса-ол болсын, өз еліне опасыздық жасағандарға ең ауыр жаза қолданып отырған екен.
Ал, мына, біздің еліміз не болып кетті? Ешқандай идеология жоқ. Қазақтың жасы да, кәрісі де, кемпірі де, шалы да ашық-шашық, ұялатын нәрседен ұялуды қойды. "Балаларын тәрбиелейді"-деген ата-ана керісінше, көшеден үйреніп келген қылықтарын қайталап, тәрбиесіз балаларына еліктейді. Қазақша сөйлеуден, өз ұлтының жыртысын жыртудан ұялатын, қорқатын қалге жетті. Патриотизм жоқ. Ұлттық сезім жоғалып барады. Өз ұлтын өзегіне теуіп, өзгенің аяғының астына таптатып қойды. Қазақтың ішінде бір ғана адам-адам, ұлы, оныкінің бәрі дұрыс, халықты тонап, ұрлап байығандар ғана жақсы, басқасының бәрі жаман, екінші сортты адам. Тек ақша ғана құндылық болып есептеледі. Қазіргі банда, сараң биліктің тәрбиелеген , тек ақшаны ғана жақсы көретін, өлейін деп жатсаң да аузыңа су тамызбай кете беретін, қазіргі жастар өсіп, билік басына келгенде қазақ аштан қырылатын шығар.
Маған десең, мына қытайдан келген дүнген ба, басқа ма, мейлі, елімізге ат басындай алтын әкеп берсе де, туымызды олимпиадада емес, марста желбіретсе де, ондай ақшаға сатып алған, жалған жеңістің, өтірік атақтың бір тиындық құны жоқ. Шетелдерден келгендер қытайға кете ме, әлде оның арғы жағындағы корияға кете ме, маған бәрі бір, қайта қуанамын.
Қазіргі топас, намыссыз биліктің кесірінен қазақ экзотикалық халыққа айналды.
Бұрын, Кеңес Одағында чукча ұлты туралы, оларды мазақ қылған анекдоттарды көп айтылушы еді, қазір Кеңес Одағы емес, күллі әлем қазақ ұлтын масқаралаған кино түсіріп, қазақ ұлтының намысына тиетін мақалалар жазатын болды. Бұл деген еліміз үшін, ұлтымыз үшін масқара, ұят.
Шексіз, шетсіз бұлай болып тұра бермейді, ертең, есі түзу, білімді, жаман мен жақсыны айыра алатын, іскер, ар-ұяты, намысы бар, өзінің ұрпағы алдында жауапкершілігі бар адам билікке келсе, қазіргі бетімен кетіп, аюға, басқада экзотикалық аңдарға ұқсап бара жатқандардың естерін жиғызып, тәрбиелеп, адам қатарына қосар деп үміттенеміз.

Кімнен: ishkibulkhinis Қайдан: astana
23.10.2012 15:23
+0 / -0
Недеген басынғандық,қазақстанның руқсатын алмай жатып өз бетінше қытай азаматтығына кіре салу деген. Болмағанда ескерту керек еді ғой......
Кеше ғана елім деп еңіреп келген қандасымыз қанат сіләм ұлын олымпиядаға қатынасуға қарсы шыққанда араша бола алмаған қазақ үкіметі, қайдағы бір қытайларға неге сонша құмар бола қалды? Мұнда бір гап бар, "қара қытай қаптағанда орыс әкеңдей көрінет" деп бекер айтпаған.олар жумсақ пышақпен бауыздайды бізді. Солардың ішінен шпйондарда шығуы мүмкін.мен таза қытайларды айтып отырмын .бұл қытайдың сұрқия саясаты сол оралмандардың қазақстандағы үлесі мен орны жоғарлап кетпесін ,басқа ұлыттарда қазақ үшін өрден алып бере алады деген. Олар қайдан білсін өрден алмасада олимпияда қазақтың қарадомалақ балары жүргеннің асқақ аброй екенін.қытайда 99-100 пайызға өз қытай спортшыларын қатыстырады.мына өзбек,,тәжік,қырғыз,түркімендердеде солай өз ұлтының туын биік қояды.ал бізде ғана жалғын атаққа ,жасанды құмартып ұлыт намысын шынайы аяққа таптап жатқан.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 16:12
+0 / -0
Бул-адеии таратлыган жалган акпарат.Онын кетуге еш кулкы жок деп ойлаймын. Ен болмаса женис аперген елин сыйлар. ол-дунген кызы. Кытайлар дунгенлдерди ешкашан бастарына шыгармайды
Пікір алмасу

Кімнен: ishkibulkhinis Қайдан: astana
23.10.2012 23:11
+0 / -0
尽管此前网 上曾有资料称"祖尔菲娅属于东干族,早在清代辗转北迁,但仍然保留了很多传统,中文就是其中一项",但事实却并非如此,因为她原本就是一个土生土长的湖南 姑娘,普通话比很多湖南人还要好,与东干族根本都没有任何关系。只不过,出于某些原因,赵常宁只能假装自己是哈萨克斯坦人,也必须假装自己跟很多朋友不 熟.....
аударсақ: будан бұрын кейбір ғаламтор материялдарында ''зулфия ұлты доңған,чиң патшалығы кезінде солтнстікке жер аударған ,сөйтседе көптеген дәстүрлерін сақтап қалған,соның бірі қытай тілі ''-деп жазылған.Әсілі мүлде бұлай емес ,ата бабасынан Ху нандық бойжеткен ,қытй тілін көптеген диялекітті жерлестерінен де жақсы сөйлейді,доңған ұлтымен еш қатысы жоқ. Тек қана белгілі себептермен Джау Шаң Ниң( Зулфия ) жалғын қазақстандық болуына ,көптегн достарында отірік танымайтын кейіпке кіруге тура келген.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2012 03:25
+0 / -0
Дүнген емес қытай екенін айтып отыр емес пе «шын аты - Чжао Чаньлин" деп. Дұрыстап оқысай.

Кімнен: Alpturk
23.10.2012 16:14
+0 / -0
Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері бұл ақпаратқа «таңырқап отырғандарын» айтты.
------------------
Айналдырған екі-үш қызға ие бола алмай жүріп бұлардың жоқтан өзгеге таңырқағыштарына не берерсің.
Не керек бұл қыз қазақтың лох екенін тағы бір дәлелдеді. Әкелсін тағы шетелден қаптатып пиғылын ақша тескен жартылай спортсмен - жартылай шпиондарды. Қазақтың туын желбіретті екен деп есі шығып, қырылып қала жаздап еді бұл халық , лапылдаған көңілдерін су сепкендей қылды -ау. Бұлардың бас-басына үлестірген 250 мың долларға ауылдың шымыр қара балаларын тәрбиелесе болмай ма

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
23.10.2012 16:16
+0 / -0
Қай ай...а оны тез қазақтың бір жігітімен үйлендіре салу керек еді.. немесе Шымкенттің жігіттеріне алыпқаштыра салу керек еді сонымен жүретін еді Шым қалада шеш...ді деп ... қап....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2012 16:43
+0 / -0
жігіттер қызбалыққа салынбайық. 27 қазаннан кейін көрелік. Мүмкін қытай жақтікі "Іші күйгеннен муз жалап жатқан" жағдай шығар. Мая қыз келсе, Шанло қайда кетер дейсің?Қытайлар басқа да талантты, бірақ жолы болмай жүрген спортшылары қазақ асып кете ме деген қорқынышпен елді елеңдетіп жатқан шығар.

Кімнен: мен Қайдан: Германия
23.10.2012 17:55
+0 / -0
ол қыз қайтып келмейди, кеткени кеткен, ойткени бастабында қытайлар одан улкен натиже кутпеген, миллиардан талдану оте қйын қытайда. қазақстанға келди, натиже шыгарды, қытайлар қап деди. қытайга барган сон қытайлар оган коп акша силаганы созсиз. ол кыздын куткени де осы.

Кімнен: сары дала
23.10.2012 20:14
+0 / -0
Өзі қытай болса, қойны қоншы ақшаға толса, енді еліне бармағанда не істейді. Ақша алып алғанша жүре тұрды, әйтпесе, нақ сол алтын медалды жеңіп алған түні қытайдағы туыстарына телефон шалып, шіркін қытай үшін осылай көтерсем қандай жақсы болар еді ә" деп айтқанын жазды ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: қытайың Қайдан: елге зытайын
24.10.2012 00:04
+0 / -0
бұл о бастан қазақ ауыратлетика мамандарымен келісіп жасалған болуы мүмкін егер мен алтын алсам маған ұрықсат бересіңдер сосын қалғанын өзім білем ол жайында біздерге мамандарымыз ауыз ашпайды өтірік білмеген болады қазақ елінде бәрі осылай жасалады бұған бас қатырудың қажеті жоқ.сатып алмай құл болмас өзіңнен тумаай ұл болмас деген осы қазақлар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2012 01:43
+0 / -0
Қазақ спортының маңында жүрген балықбастарға сауап болды. Кеткені дұрыс. Соншама қаражатты сырттан келген уақытша спортшыға шашқанша өз қазақ балаларымызды баулитын кез жетті. Ондай жалдамалы жеңістің керегі не? Қазақтың дарақылығына не дауа.

Кімнен: Бахытжан
23.10.2012 21:16
+0 / -0
оның несіне күйіп пісесіңдер оданда бетер масқара болып жатқанда ештеңе болған жоқ бұл Қазақ ,келді кеті бәрі бір емеспа ,кім келіп кетпей жатыр біз Қазақ ақ көңіл халықпыз ғо ,ақ көңілдің орысшасы не дейітін еді
Пікір алмасу

Кімнен: Кистаубаев Дилмуханбет Қайдан: Маскеу
24.10.2012 11:05
+0 / -0
радушный

Кімнен: Жылқы
23.10.2012 23:33
+1 / -0
Қытай кей елдерге саяси мақсатта спортшы жібереді. Мысалы қытайдың бір спортшысы канадада, бір спортшысы катарда жүр және басқа дамымаған елдерде бірлі, екілі спортшысы бар. Олар қосымша тыңшылықпен де айналысатын болуы керек. Ақша да табады, қытай үшін өзге елдің тәжірибесін де үйреніп келеді. қытай ұтылып отырған жоқ. ұтылған сол өздері ізденбейтін, өз халқына ақша бөлмейтін, сырттан жалдап алып алтын алдық деп марсиятын мемлекеттер. Бейшаралар бұдан басқаша болса, бейшара болмас еді ғой!

Кімнен: білмеймін Қайдан: белгісіз
24.10.2012 00:12
+0 / -0
енді қайдан споршы стып алсақ екен ә? қайдан алсақта жылдам қашып кетпейтін табу керек негр келсе тоңады орыс келсе ыссылайды қытай келсе қашады айтпақшы қазақтар бар екен ғой

Кімнен: Иброһім Әль Һошімий Қайдан: АҚШ
24.10.2012 00:27
+0 / -0
Ассаламу алайкум баурлар!
Бол жерде басқа ангіме бар сийақты.
Қытай окіметіне жақпағанғой бір мусілман қызы Зулфия
Қазақстан атынан қатысыб чемпион болғаны.
Ассаламу алайкум ва роһматллаһи ва бракатуһ!
Пікір алмасу

Кімнен: Көріпкел
24.10.2012 16:31
+0 / -0
Эй, алжыған! Сен оның намаз оқығанын, допинг қабылдап алып, штанганы көтерер алдында биссимилла дегенін естіп пе едің?
Сен неге көзіңді ашып оқымайсың, аты- Зүлфия Чиншанло емес, мұсылман дүнгендер тұрмайтын «Хунань провинциясында туғаны» және шын аты, таза қытай тілінде Чжао Чаньлин екені жазылғанын. Негізі, анау, өтірік қуанып, маймылша секіретін, бас тренер таза, дұрыс адам емес. Оның шетелдерден әкеген адамдарының 100 пайызы олимпиада шемпионы ма, әлде шпиионы ма, бола қалады. Шамасы, сол тренер, қазақтың ертегісіндегі және "көшпенділер" фильміндегідей, адамды да тумай жатып, туатынын, жылқыны да, бәрін бірден тани кететін әулие ғой деймін.
Мен де, әулиелік жасайын: бұл қытайдың қызы келсе де, Қазақстанда түбі қалмайды, ерте ме, кеш пе, бәрі-бір кетеді. Кетпесе, мен мұрнымды кесіп берейін. Ол аз десеңдер, сұраған басқа да мүшелерімді кесіп берейін.

Кімнен: РинатАлғадан Қайдан: Атырау облысы
24.10.2012 00:31
+0 / -0
Қаншама қуаныш, атақ, даңқ әкеле тұрып, бәрін жоққа шығарды. Қазақтың кеудесінде өкініш болар,
Мейлі, Оян қазақ, оян!!!!!!!!!!!!!!!!
Біздің қарулы қыздарымыз қайда!?

Кімнен: Табалаушы
24.10.2012 03:43
+0 / -0
ол кеткеннен келмей қалса жақсы болар еді. Міне, сонда, жемқор, намыссыз билік табаға қалар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Кыстаубаев Дилмуханбет Қайдан: Маскеу
24.10.2012 11:16
+0 / -0
Казах кыздары штанга котермейак койсын. Ал ол кызга туынды котерген, отаннын ауенин ойнатканы ушин рахмет . аман сау болып журсин . Жас бала гой, онын омири алда, бакытты болсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2012 21:03
+0 / -0
ешкім оның өз басына тискен жоқ, оларды шақыматша ойнап отырған екі мемілекеттің заңына қарны ашады. терең ойлансаңдаршы осы....
Пікір алмасу

Кімнен: Садыр
24.10.2012 21:35
+0 / -0
Осындай мисыз ақымақтар қайдан шығады? Көтеріп жатқан жоқ па қазақ қыздары штанганы? Анау Жазира Жаппарқұл жастар арасында Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, енді ересектер қатарына өтеді. Анна Нұрмұхамбетова Азия чемпионы, Лондонда 5-ші орын алды. Төрешілердің қараулығы болмағанда медаль алатын еді. Бұл екеуінен басқа да өсіп келе жатқан қазақ қыздары - штангашылар бар. Ендігі жерде соларға қамқорлықты күшейту керек.
Ал мынадай шеттен келген түрлі шаншанлолардың алып берген медальдарының құны бес тыйын.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Сұрақтың фотосы

Украинадағы сепаратизм, АҚШ наразылығы және жүргізушілер ереуілі