Accessibility links

Сепаратистер: Шығыс аймақ өзін өзі басқаруды қолдады


"Референдумде" дауыс беріп жатқан ресейшіл сепаратистер. Славянск, 11 мамыр 2014 жыл.
"Референдумде" дауыс беріп жатқан ресейшіл сепаратистер. Славянск, 11 мамыр 2014 жыл.

Шығыс Украинада өткен даулы "референдумде" тұрғындар басым дауыспен аймақтың өзін өзі басқаруын қолдады деп мәлімдеді жікшілдер. Киев пен батыс елдері "референдум" заңсыз дейді.

Украинаның шығысындағы Донецк облысындағы орталық үкіметке қарсы жікшілдер 11 мамыр күні өткізген аймақтың мәртебесі туралы "референдумның" алдын-ала нәтижесін жарияланды.

Донецкідегі ресейшіл белсенділердің айтуынша, даулы "референдумда" дауыс бергендердің 89.7 пайызға жуығы аймақтың өзін-өзі басқаруын "қолдап" дауыс берген. Дауыс беруге сайлаушылардың 75 пайызға жуығы қатысқаны айтылды.

Ұйымдастырушылар бюллетень арқылы дауыс берілген "референдумның" алдын-ала қорытындысын дауыс беру аяқталған соң екі сағаттан кейін-ақ жариялап үлгерді.

Жексенбі, 11 мамыр күні дәл осындай "референдум" Луганск облысында да өткен, бірақ ондағы дауыс беру қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.
Славянскідегі "референдум" бюллетені.
Славянскідегі "референдум" бюллетені.
Қос облыстағы "референдумға" бір де бір халықаралық, я шетелдік бақылаушы қатысқан жоқ.

Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт 11 мамыр күні Twitter әлеуметтік желісінде "Жасанды референдумның нәтижелері де жалған болары белгілі. Тіпті сайлаушылардың көпшілігі қатысқан жағдайда да күмән бар" деп жазды.

Украина сыртқы істер министрлігі "референдумды" "Мәскеу ұйымдастырған қылмыстық фарс" деп мәлімдеді. Министрлік бұл шара "Кремльдің ұйымдастырып, қаржыландырып, дем беруімен өткізілді" дейді.

Донецкідегі бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин ендігі кезекте "жеке үкімет мен әскери құрылым құрылатынын" мәлімдеді.

Өзін-өзі Донецкінің "халық губернаторы" деп жариялаған Павел Губарев ресейлік телеарнаға "референдум" Украинаның шығысында "Жаңа Ресей" мемлекетін құрудың алғашқы қадамы" ғана екенін айтқан.

Донецкідегі «референдум» нәтижесі
Донецкідегі дауыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

"Референдум" өтіп жатқан тұста украин әскері арнайы операция жүргізіп жатқан Украинаның шығысындағы ахуал шиеленісе түсті. 11 мамыр күні Украина қарулы күштері - Ұлттық гвардияның ондаған сарбазы Донецкіден 30 километр қашықтықтағы Красноармейск қаласында "қалалық кеңес алдында тұрғындарға оқ атып, бір адамның қаза тапқаны" туралы хабарланды. Жергілікті бүлікшілердің айтуынша, оқиға украин әскері қалаға кіріп, дауыс беруді тоқтатқаннан кейін болған.

Донецкідегі дауыс беру кезінде сайлау учаскелерінің кейбірінде адамдардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны байқалды. Бірақ облыстың өзге аймақтарында сайлау учаскелері болмады. Сепаратистер жетекшілері облыстың батыс бөліктерінде полиция сайлаушыларды сайлау учаскелеріне "кіргізбей қойғанын" айтады.
Сайлау учаскесіндегі қарулы адам. Донецк, 11 мамыр 2014 жыл.
Сайлау учаскесіндегі қарулы адам. Донецк, 11 мамыр 2014 жыл.
Бұдан өзге "референдум" кезінде балалардың дауыс бергені, бір сайлаушының екі рет, немесе туыстарының орнына қоса дауыс бергені де айтылды.

"Референдум" өтіп жатқан тұста Донецк облысының ресейшіл сепаратистер бекінген Славянск қаласында бүлікшілердің украин әскерилер күзетіп тұрған телемұнараға шабуылдап, атыс болғаны хабарланды. Украина билігінің мәліметі бойынша, шабуылдан бір сарбаз жараланған.

Бірақ Славянскінің өзін-өзі жариялаған мэрі Вячеслав Пономарев қалада сайлаушылардың "100 пайыз дауыс беріп жатқанын" айтты.

Өткен аптада қақтығыстар болған Мариуполь қаласында билік өкілдері 500 мың тұрғынға барлығы сегіз сайлау учаскесі ғана ашылғанын айтады. Бұдан сайлау учаскелері алдында кезек пайда болып, бір учаскеге қосымша дауыс беру жәшіктері қойылған.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бұл "референдумды" "тұңғиыққа тартатын жол" деп атады. Ол Киев елдің шығысындағылармен келісім жасасуға даяр екенін, бірақ "елді жойғысы келетін бір де бір террориспен" келісімге келмейтінін айтқан.

АҚШ мемлекеттік департаменті "референдумды" Украинаны "одан ары бөлшектеп, тәртіпсіздік тудыру әрекеті" деп сипаттаған.

Еуропа Одағы да "референдумды" заңсыз деп атап, 12 мамыр күні оған қатысты бірқатар шара қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG