Accessibility links

Қазақ жазушылары «Айқап» ұлттың жоғын жоқтаған журнал еді дейді


Қазақ жазушылары «Айқап» ұлттың жоғын жоқтаған журнал еді дейді
Қазақ жазушылары «Айқап» ұлттың жоғын жоқтаған журнал еді дейді

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Айқап» журналының шыққанына биыл бір ғасыр толды. 1911 жылы жарық көрген басылым 4 жыл ғана шыққан. Журналға ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин редакторлық еткен. Бүгінгі қазақ қаламгерлері «Айқап» қазақтың мүддесін көздеген басылым болғанын айтады.

ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» қаржының жоқтығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды.

«Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған. Оның шығарушысы, редакторы – демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин еді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарады.

«Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді.

Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды.

Баспасөз тарихын зерттеуші Зарқым Тайшыбай журналдың шығуына 1905
Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл.
жылы патша үкіметінің баспасөз еркіндігі жайлы шыққан манифесті арқау болды дейді. Оның айтуынша, сол жылдан бастап қазақтың мерзімді баспасөздері шыға бастаған.

Зерттеуші «Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды дейді.

Жазушы Дулат Исабеков «Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.

Ал ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақтың есінде қалуына оның алғашқы болып шығуы емес, қазақтың жоғын жоқтаған журнал болуы және қазаққа рухани азық бола білуі себеп болғанын айтады. «Қазіргі кезде ондай басылымдар жоқтың қасы» дейді ақын.

XS
SM
MD
LG