Accessibility links

Айсұлтанның тойын талқылағандар еркіндік жайлы аз айтты


Америкалық рэпер Канье Уэст. Нью-Йорк, 12 желтоқсан 2012 жыл.
Америкалық рэпер Канье Уэст. Нью-Йорк, 12 желтоқсан 2012 жыл.

Батыс басылымдарында Қазақстан президенті немересінің үйлену тойында америкалық рэпер Канье Уэстің өнер көрсеткенін келемеждеген, сөгіп-мінеген хабарлар пайда болды. Ал қазақстандық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұрт Алматыға Канье мен Бейонсенің қайсысының келгенін анықтаумен әлек болды.

Қазақстанның авторитарлы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойында ән айтқан америкалық репер Канье Уэсті әлем жұршылығы мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары ашық жазғырған жоқ. Бірақ Батыстың кейбір сайттарында «ән айтқаны үшін үш миллион доллар алыпты» деген расталмаған хабарлар шықты.

АҚША ҚЫМБАТ ПА, РЕПУТАЦИЯ ҚЫМБАТ ПА?

Кейбір ақпарат құралдары Батыс артистерінің диктаторлық режим басшыларының жеке кештерінде өнер көрсетуіне мораль тұрғысынан қарайды. Құқық қорғаушы топтар «артистерге төленетін қыруар ақшаның шыққан көзі белгісіз» деп, оларды сөгіп жатады.

Президент Назарбаевтың «миллиардтаған байлығы» мен коррупцияға қатысты мәлімдемелеріне қатысты «қайшылыққа толы адам» деген британдық Dailymail газеті де Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаеваның Алматыда өткен үйлену тойына Канье Уэстің келуін осы мораль тұрғысынан бағалайды.

Қазақстандық интернет-қоғамдастық бұл тақырыпты басқаша қаузайды. Жұртқа үлгі-өнеге болып жүрген әншінің халықаралық құқық қорғау ұйымдарының дерегі бойынша билік ортасын жемқорлық жайлаған және адам құқығы жиі бұзылатын Қазақстанда қомақты ақша алып, президент жиені тойында қонақтардың көңілін көтергенін көпшілік сөкет көрмеген сияқты.

ВИДЕО: Канье Уэст Қазақстанда
Батыстың ақпарат құралдары Канье Уэсті мұнайшылардың құқығы бұзылғаны үшін 2011 жылы Астанада концерт қоюдан бас тартқан әнші Стингпен салыстырады. Бұл Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында мұнайшылардың ұзаққа созылған ереуілі қызып тұрған кез еді. 16 желтоқсан күні ол шерушілерді оқ атып қуып таратып, ресми дерек бойынша 17 адам өліп, жүзден аса адам жараланған.

«СҰМДЫҚ ЖАҢСАҚТЫҚ»

Қазақстанның әлеуметтік желілерінде Канье Уэст төңірегіндегі пікірталастар бұл тақырыптың саяси қырын айналып өтеді. Тек блогер Әлішер Елікбаев қана Айсұлтан Назарбаевтың тойы алдында Facebook-тегі парақшасында «Бейонсе оның (Дженнифер Лопес - ред.) қателігін қайталай қоймас. Олардың командасы толып жатқан «Амнести Интернешнлді», сөз еркіндігі мен баспасөз еркіндігі рейтингін
Әнші Бейонсе.
Әнші Бейонсе.
жіті қадағалап отырады ғой. Олардың кейбірі сұмдық қателесіп, біздің ЕлБасыны диктатор санайды. Біреулер әлгі рейтингтерге мән беріп жатады деуге сену қиын» деп жазады.

Елікбаевтың бұл постына пікір қалдырғандардың көбінің білгісі келгені – «атақты тойға әнші Бейонсе келе ме, жоқ па?» Бірақ блогердің «кейбірі сұмдық қателесіп, біздің ЕлБасыны диктатор санайды» деген сөзі ескерусіз де қалмады:

Shakhov Dmitriy «Сұмдық қателесіп» туралы сөйлем менің де күлкімді келтірді))). Бірақ бізде басқаша жазуға болмайды ғой…» дейді.

«Бейонсе Алматыға келді ме, жоқ па?» деген сұрақты талқылау 2 қыркүйекте де жалғасты. Бұған Tengrynews агенттігінің «Айсұлтан Назарбаевтың тойында Бейонсе ән шырқады» деген ақпараты себеп болды.

«Ол келген жоқ. Неге екенін білмеймін, бірақ бұған ризамын. Келмеген Бейонсе үшін де қуандым. Өзінің әп-әдемі биографиясын бұзып қайтеді? Ал Канье Орталық Азия олигархтарының ақшасын шашып, балаларының той-томалағында әнін сала берсін. Онсыз да badboy емес пе)» деп жазады Айнұр Бүркітбаева есімді адам.

ДЖЕЙ ЛО МЕН БАСҚАЛАРҒА САБАҚ

Блогер Әлішер Елікбаевтың әнші Джей Ло (Дженнифер Лопес)
«өзбек олигархтарының тойында ән салғаны үшін америка жұртынан сазайын тартып, кейін жұрт алдында ақталуға мәжбүр болған» деген ескертуін Facebook-те Серік Хамидулла «әнші Өзбекстанда емес, Түркіменстанда ән айтты» деп түзетеді.

Кезінде Джей Лоның баспасөз хатшысы «егер әнші бұл елдегі адам құқығы бұзылғаны туралы білсе, Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күніне
Америкалық поп әнші Дженнифер Лопес Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салып тұр. Аваза, Түркіменстан, 29 маусым 2013 жыл.
Америкалық поп әнші Дженнифер Лопес Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күнінде ән салып тұр. Аваза, Түркіменстан, 29 маусым 2013 жыл.
орайластырған концертке қатыспас еді» деп мәлімдеген. Бірақ британдық TheGuardian газеті келешекте «Орталық Азияның деспот әміршілерінің» алдында өнер көрсетпесін деп Дженнифер Лопеске арнап нұсқаулық жариялаған болатын. Бұл елдердің тізімінің басында Қазақстан тұр.

Мақалада Қазақстан үкіметі бұрынғы британдық премьер-министр Тони Блэрдің көмегімен өзінің беделін көтеруге және адам құқықтарына қатысты жағдайлардан назарды бұруға тырысады деп жазылған. Кейбір деректер бойынша, Тони Блэр Қазақстан үкіметімен 13 миллион доллардың келісім-шартын жасасқан.

Amnesty International ұйымы Қазақстан үкіметін тәуелсіз ақпарат құралдарын экстремист деп жапқаны үшін де сынайды.

Автор TheGuardian газетіндегі бұл мақаласын тек Дженнифер Лопеске ғана арнайды. Батыс елдеріндегі кейбіреулердің айтуынша, мақаланы Қазақстан мен аймақтың басқа елдеріндегі адам құқықтарына қатысты жайттардан хабары жоқ басқа артистердің де оқып шыққаны жөн.

Америкалық әші Канье Уэст президент Назарбаевтың жиенінің тойында Қазақстан билігінің көңілін көтеріп жатқанда Алматының екінші шетінде қазақтың танымал жас әншісі Қайрат Нұртас қатысқан концертте полиция жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жастарды қуып таратып, тұтқындады. Концерттің болмай қалу себебінің анық-қанығы әлі белгісіз. Әнші мен концертті ұйымдастырушылар бір-бірін кінәлайды. Кейбір дерек бойынша, ол оқиғадан 26 адам жараланып ауруханаға түскен. Ресми дерек бойынша 165 адам ұсталған.
XS
SM
MD
LG