Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:55

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Абаш пен Ринат

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Ринат Зайтов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ол айтыста алғашқы жұп болып өскемендік Абаш Кәкенов пен Ринат Зайытов сөз сайыстырды.

Қарауылдағы айтыста Ринат Зайытов ауылдың мүшкіл халін сөз етті:

– Тоқтай тұр, мен айтайын ауылыңды,
Ауылдың болып тұр ғой жаны мұңлы.
Қансыздар төрде отырған бұл күндері,
Ауылым, кетірді ғой қадіріңді.
Елеңдеп қарауменен қалаға құр,
Елеусіз еңіреумен дала жатыр.
Әбеке, білесің бе, ауылдарға,
Астана орнатты ғой заманақыр.
Бастарың ауылда тұр жұмыс таппай,
Жастарың ішкіш болып бара жатыр.
Дәріге мұқтаж болған науқас құсап,
Бәрі де пенсияға қарап отыр.
Шала қазақ балды жеп, қалада жүр,
Қара қазақ қасығын жалап отыр.

Ринат Зайытовтың бұл сөзіне Абаш Кәкенов мынандай уәж айтты:
Абаш Кәкенов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​

– Қанатын болашаққа қағып жатыр,
Маржанын биіктерге тағып жатыр.
Ауылдың жағдайын мен түсінемін,
Аман-есен балдарын бағып жатыр.
Ай емес, жыл емес, күн-күн сайын,
Астана мен жан-жаққа барып жатыр.
Әйтеуір Ринаттың амалы ғой,
Зарлайтын әуеніне салып жатыр.

Ал Ринат Зайытов қарсыласының айтқанына орай ауылдың қазіргі жай күйін сипаттады:

– Кеттің ғой ауылыңды мақтап тегі,
Әкімшілік осылай баптап па еді.
Әбеке, жағдайың жақсы болса,
Құлағыңа сөз айтайын, шақтап тегі.
Жағдайы жақсы біздің Семейіміз,
Қыс келгенде үш жыл бойы қатпап па еді.
Жұт келгенде осынау абайлықтар,
Малдарын көк тиынға сатпап па еді.
Сол кезде жағдайды жасағыштар,
Үндемей кеңсесінде жатпап па еді.
Сен болсаң «өтірік айтпа» деп айтасың,
Жалбаңдап, үкіметті ақтап тегі.

Айтысты Абаш Кәкенов бастады.

Абаш Кәкенов пен Ринат Зайытовтың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ербол Қайдан: Шым қала
11.10.2011 15:31
+0 / -0
Бұл Ринат "Қоңыр" тобының домбырасына құда түскен бе?..
Әй, жарайсың, қазір от тілді, орақ ауызды ақындарымыздың бірі осы Ринат болып тұр ғой. Алла қуат берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: ЕСЕН Қайдан: АКТАУ
11.10.2011 23:03
+0 / -0
РИНАТ МЫРЗА ӨТЕ ЖАРАЙСЫЗ МЕН СІЗГЕ КӨП ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІН АЛЛА КУАТ БЕРСІН

Кімнен: ара Қайдан: уя
11.10.2011 17:46
+0 / -0
Жандарбек Булгаков кайда?!

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
12.10.2011 09:08
+0 / -0
Айналайын Ринат бауырым, Алла саған ұзақ ғұмыр берсін, Халқының мүңын жоқтайтын, шындықты қасқайып тұрып жайып салатын сен сияқты рухы биік, санасы сергек сен сияқты жастар жоқтың қасы... Қай кезде болсада мына жауыз биліктің арбауына түсіп қалмағын, сені қазақ деп соққан әрбір жүрек төбесіне көтереді, мәңгі қолдайды, менде солардың ішіндемін, сен сияқты жастарды қорғауға, қолдауға қашанда дайынмын.
Айтпақшы Ринат бауырыммен қалай қабарласуға болады екен???

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.10.2011 10:55
+0 / -0
Жарайсың, Ринат!
Пікір алмасу

Кімнен: шынгыс Қайдан: астана
12.10.2011 16:29
+0 / -0
Жарайсын Ринат! Біліп жүрмейме екен әрбір қазақ ауыл мұңын. Соқса шіркін жүрегіміз әрбір қазақ үшін. Білсе шіркін әрбір қазақ туған жердің суын, тасын, шөбін, тауын қазақ иісін. Қолдасын АЛЛА, баба рухы! Жасасын жаратқан ҚАЗАҚ елі!

Кімнен: KIELI MANGISTAUDAN
13.10.2011 17:07
+0 / -0
Жандарбек,Мұхтар,Салауат Исақаев,Жансая Мусина,Айбек Ережепов жане т.б ақындар Ақтауда бұданда бір үлкен тойда Қашағанның 170жылдығында айтысты

Кімнен: Айеке Қайдан: Аралдан
13.10.2011 23:59
+0 / -0
Жарайсын Ринат Алла қолдасын

Кімнен: Саулет Игембаев Қайдан: Кызылорда
17.10.2011 00:01
+0 / -0
Ринат бауырым саган Алла Тагалам узак омир берсин,ЖАРАЙСЫҢ!

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Темиртау
17.10.2011 22:16
+0 / -0
Салем айтыс суйер кауым!!! Ринат Зайыттын логинын ким біледі?

Кімнен: казак баласы Қайдан: шым кала
18.10.2011 18:06
+0 / -0
финалга кым шыкты