Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:00

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Рүстем мен Иранғайып

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл айтыста үшінші жұп болып астаналық Иранғайып Күзембаев пен алматылық Рүстем Қайыртайұлы шықты

Айтысты бастаған Рүстем Қайыртайұлы – алғаш 2002 жылы республикалық айтысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алған айтыскер ақын.

Рүстем қарсыласы Иранғайыпқа қарата былай деді:

– ...Иранжан, келбетіңе көз тастасам,
Сан ұлттың кестелерін жиған екен.
Семейге сен келгенде көрген халық,
Деп қапты Иран емес Иван екен.
Көп ұлтты мемлекет болғаннан соң,
Мен сені сынамаймын, сыйлап өтем.
Елбасы сүйетұғын ассамблея
Бір сенің бет-бейнеңе сыйған екен.

Рүстемнің қарсыласы Иранғайып Күзембаев – айтысқұмар қауымның жылы ықыласына бөленіп жүрген ақын. Ол Қазақстандағы баспана мәселесін көп сөз етті:

– Шыдамды болғаннан соң өр Алашым,
Иранғайып Күзембаев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Басқа түскен тағдырға көне аласың.
Үйді, жерді сен маған айт дедің ғой,
Және сен оның бағасын бере аласың.
Үй алу дегеніңіз бір қиямет,
Бұйырып жатса ғана жер аласың.
Жер алу да бірақ та оңай емес,
Ол үшін мақтау керек ел ағасын.
Ал, біз болсақ мақтамай, жамандаймыз,
Сонан кейін басшыдан нені аласың.
Жер аламын деп жүргенде, жер сені алып,
Сонан соң мәңгіге дем аласың.

Бұл екі ақынның сөз сайысында Қарауылда өткен белгілі тұлғалар да айтылды.

Рүстем Қайыртайұлы мен Иранғайып Күзембаевтың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Шынгыс Қайдан: Астана
12.10.2011 16:49
+0 / -0
Жарайсын Иранғайып! Жараспайды қазаққа екі жүздік. Қалды емес пе тарихта тура айтқан бабалар, билер, батырлар! Мадақ айтқан көп жүрмес тарихта! Білсе шіркін соны кейбір мадақшы намыссыз қазақ жігіттері! Бағаны беретін сіздер мен біздер емес тарих екен!

Кімнен: Асхат Ахметов Қайдан: Караганды
18.10.2011 02:05
+0 / -0
Ирангайып акын гой ол жыртатын айтыстагы атышулы кырт акын

Кімнен: Camry Қайдан: Tokio
18.10.2011 17:53
+0 / -0
Нурмат бизнесмен

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: Жанаозен
25.10.2011 14:10
+0 / -0
негiзi Рустем мыкты акын

Кімнен: Bek Қайдан: astana
25.10.2011 17:14
+0 / -0
Рүстем Қайыртайүлы осы жолғы айтыста өзіндік қырынан таныла біліпті. бұрыңғы айтыстары мұндай сәтті шыға қоймаушы еді.мақамында жақсы өзгерткен екен.Мен үшін осы айтыстың басты жаңалығы Рүстем болды. Осы беттен қайтпа!