Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 18:48


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Мақсат пен Нұрматтың айтысы

Айтыс ақыны Мақсат Ақанов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Айтыс ақыны Мақсат Ақанов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыста қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Нұрмат Мансұров сөз қағыстырды. Сол күнгі айтыста дін тақырыбын ең аз айтқан ақын осы екі айтыскер болды.

Біраздан бері айтыс сахнасынан көрінбей кеткен Мақсат Ақанов қарсыласына бірден шабуыл жасап: «Нұрмат енді «Нұр Отан емес» шығар, Қандай дода болса да жеңілмейтін» деп, билік партиясын да түйреп өткен болатын.

Бірақ Мақсат Ақанов сәуір айында өткен президент сайлауын сөз ете отырып, президент Назарбаевты «Алаштың абаданы» деп атады. Ал өзге үш үміткерді «мемлекет түгілі мектеп басқаруға жарамайды» деп кемсітті.

Айтысқа келген жұрт Мақсаттың жемқорлыққа қатысты мына сөзін жылы қабылдады:

– Ішімде бір кек қайнап барады ащы,
Ақынға жалған сөйлеу жарамас-ты.
Жемқорлықтың дертінен арыла алмай,
Денесін бұл қоғамның жара басты.
Солардың қаншамасы ел байлығын,
Етекке сап шет елге ала қашты.
Ұшты-күйлі таптырмай кетті бәрі,
Сонда оған кімдер кеп араласты.
Жегендерін шығарса желкесінен,
Жарылқауға жетер еді бар алашты.
Астындағы «жылқысын» алты ай іздеп,
Қазақты қаншама рет қара басты.

Мақсаттың қарсыласы Нұрмат Мансұров айтыс болардан бір күн бұрын
Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Алматы маңында жер сілкінгенін де айтысқа өзек етті:

– Ақындар зілзала деп айтып жатыр,
Бүтін елге болмаса ол жарты қайғы.
Күні кеше Алматыда болған шатақ,
Демессің барша елді шарпымайды.
Жер дағы жетіскеннен қозғалмайды,
Алды – өкініш нәрсенің, арты – қайғы.
Адамдардың күнәсі көбейгенде,
Қалай ғана жер-ана толқымайды.
Алладан азап келіп қала ма деп,
Қара жер де шыдамай қалтырайды.



Мақсат пен Нұрматтың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: жанаозен Қайдан: Абай
17.05.2011 15:58
+0 / -0
Нурмат жарайсын

Кімнен: Абай Қайдан: Жанаозен
17.05.2011 16:01
+0 / -0
Нурлан Айтысы кашан шыгат

Кімнен: Maksat Қайдан: Astana
19.05.2011 19:21
+0 / -0
Нурматтын создері жүйелі болмады, Максат женді деп ойлайм!

Кімнен: Аман Қайдан: Атырау
20.05.2011 14:26
+0 / -0
Құрметті редакция! Айтыстың қалған жұптарын сайтқа қашан жүктейсіздер? Тоқтап қалды ғой.

Кімнен: ???? Қайдан: Атырау
27.05.2011 17:49
+0 / -0
Жандарбек пен Төреғалидің айтысын жазсаңыздар

Кімнен: тілеккабыл Қайдан: опорный
28.05.2011 15:01
+0 / -0
жарайсын Нурмат!!!

Кімнен: Аглан Қайдан: Астана
01.06.2011 14:40
+0 / -0
Агайын айтыс токтап калды гой...

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?