Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:20

САЯСАТ

Ақтөбеде «Нұр Отанның» жарнамасы басым» дейді бәсекелесі

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының үгіт-насихаты басқалардан басым сипатқа ие дейді оппозициялық партияның жергілікті белсенділері. Аумақтық сайлау комиссиясы одан бейхабар екендігін айтса, президенттік партия өкілдері «заңды бұзбағанын» алға тартады.

Қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобус салонындағы суреттер. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
Мәтін көлемі - +

Биылғы кезектен тыс парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде Ақтөбе қаласында саяси партиялар мен үміткерлердің жарнамасы үшін арнайы 30 шақты орын бөлінген. Ал, одан өзге жерлерге үгіт-насихат құралдарын жапсырмас бұрын нысан қожайынының рұқсаты қажет.

«АЙНАЛА ТОЛЫ «НҰР ОТАН»

Бірақ Ақтөбеде қазір «Нұр Отан» партиясына басымдық берілген» деген «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақтөбе филиалының төрағасы Мирамбек Камалов сөзіне дәлел келтіреді.

– Қазір қай көшемен жүріп көрсеңіз де әр 5-10 метр сайын «Нұр Отанның» қағаздарын
Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы дүкендер мен бағандарда «Нұр Отан» партиясына мүше үміткерлердің үгіт-насихат жарнамалары жапсырылған. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
x
Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы дүкендер мен бағандарда «Нұр Отан» партиясына мүше үміткерлердің үгіт-насихат жарнамалары жапсырылған. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
​​байқауға болады. Мысалы, Әбілқайыр хан даңғылында 100 дүкен бар. «Нұр Отан» соның бәрінен рұқсат алды деп айта алмаймын. Бұл жердегі сөз біреу: «Нұр Отан» қай жерге жарнама жапсырамын десе, сол жерге жапсырып жатыр. Олардың жарнамасы жапсырылмағаны – тек тарихи ескеркіштер ғана. Қалған жердің бәрінде бар, – дейді Мирамбек Камалов.

Бұл сөзге көз жеткізу үшін қаңтардың 12-і күні Азаттықтың тілшісі Әбілқайыр хан даңғылымен жүріп өткен еді. Ұзындығы 3,5 шақырымнан асатын осы даңғыл бойындағы №8 үйдің жанында сайлау парақшаларын ілуге арнайы орын бар. Ал одан басқа жерлерге – аялдама, дүкен, ғимараттар қабырғасы, бағана, т.с.с. – ілу үшін арнайы рұқсат керек.

Әйткенмен, даңғыл бойында орналасқан үлкенді-кішілі сауда орындары мен бағандарда «Нұр Отан» партиясынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың жарнамалары жиі көзге шалынды. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Төреғұлова «барлығы заңға сәйкес» деп отыр.

– Үгіт-насихат парақшаларының барлығы алдын ала жасалған келісім-шарт негізінде ілінген. Облыстық филиалдың бірнеше заңгері бар. Жарнама мәселесі солардың жіті
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева. 12 қаңтар 2012 ж.
x
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева. 12 қаңтар 2012 ж.
​​қадағалауында. Оның үстіне қалада бақылаушылар жұмыс істеп жатыр. Бізге басы артық проблема қажет емес, – дейді Дина Төреғұлова.

Осы мәселе бойынша Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаеваға сауал қойған едік. Ол кісі бұдан хабарсыз болып шықты.

– Енді оны білмеймін. Давайте сұрайық оны... Ондай нәрсе болатын болса, ана кімдерден сұрайық біздер. Олардың қандай нелері бар, келісімдері бар ма? Шынымды айтсам, мен білмеймін, – деп жауап берді аумақтық сайлау комиссиясының жетекшісі.

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР МЕН КАНДИДАТТАР

Соңғы кездері Ақтөбедегі жолаушылар тасымалымен айналысатын «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустарының салонында жұртшылыққа есімі танымал тұлғалардың (жалпы саны - 21 адам) суреттері мен қанатты сөздері жазылып ілініп қойылды.

Жолаушылар көлігінің салонында Жүсіп Баласағұн, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Расул Ғамзатов, Қадыр Мырзалиев, Шерхан Мұртаза сынды адамдардың суреттерімен бірге
«Автопарктің» қожайыны «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
x
«Автопарктің» қожайыны «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов. Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
​​Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығынан үміткер «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің суреттері де жапсырылған.

«Автопарктің» қожайыны «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов қаңтардың 15-і күні сайлауға түсетін бұл кандидаттар өздерін жарнамалау үшін бірлестіктен алған рұқсаты бар дейді. Ол автобустарға жарнама ілуге ықылас білдірген саяси партиялар мен үміткерлерді бөліп-жармайтынын айтады.

– Маған қай партия болса да бәрібір. Мейлі, Коммунистік партия келсін, мейлі ЖСДП, әйтпесе «Ақ жол» келсін – қоғамдық көлік дайын. Тіпті қажет деп тапса, жарнамаларын автобустардың сыртына дейін іліп тастасын. Тек ақшасын төлесе болғаны, - дейді бірлестік президенті.

Компания басшысы Мейіржан Өндіргеновтің өзі де «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

–- Автобус салонына жарнама ілу – тегін. Ал автобустың сыртына жапсырылатын жарнама бәріне, тіпті «Нұр Отан» партиясына да, ақылы, – дейді ол.

«БҰЛ – КЕЗЕКТІ АРАНДАТУ»

Бұған дейін Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақтөбе филиалының үстінен прокуратураға шағым түсірді. Оған облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер ақтөбелік азаматтың шағымы негіз болған.

– Үміткер Мәжит Бекмеев ЖСДП Ақтөбе филиалының жарнама парақшасы өз суретін жауып тастағанына қатты ашуланды. Осыдан кейін біз прокуратураға шағымдануға мәжбүр болдық, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жетекшісі Гүлнәр Күнбаева.

«Азат» ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов оны оппозициялық партияға қарсы әдейі жасалып отырған шара деп түсіндіреді.

– Мұны билік тарапынан жасалып жатқан кезекті арандатушылық, болмаса бізге сес көрсету деп бағалаймын, – деді ол.

Қаңтардың 12-і күні Қазақстанның орталық телеарналары «Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе филиалына қатысты тағы бір ақпарат таратты. Телеарналардың хабарлауынша, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы «Достық» үйінің жанында аталғаныш партияның 8 мүшесі баспасөз мәслихатын өткізген. Олар «ЖСДП басшылары жергілікті жердегі мүшелерінің жағдайын елеп-ескермейді, ауылдарда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбеді, ақтөбелік оппозиционер Айдос Садықовқа араша бола алмады» деп кінәлап, партия қатарынан шығатындарын мәлімдеген.

Баспасөз мәслихатын өткізуші топтың белсендісі Геннадий Липперт Азаттық тілшісіне телефон арқылы берген сұқбатында, осы кезге дейін Мәртөк ауданы бойынша «Азат» ЖСДП-ға 400 адам мүше болып келгенін, енді солардың тең жартысы, яғни 200 адам партия мүшелігінен бір кісідей бас тартып отырғанын айтты.

«Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов бұны да
«Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов, Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
x
«Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов, Ақтөбе, 12 қаңтар 2012 ж.
​​биліктің оппозиция партиясына қарсы жасап отырған шарасы деп атады.

– 200 адам емес, Мәртөкте 8 адам ЖСДП қатарынан осыдан екі жыл бұрын шығып кеткен. Енді солар тағы да әдейі шу көтеріп, партиядан «шығып жатқаны» туралы айтып жатыр. Қазір бәр жерде билік ЖСДП-ға қарсы осындай шаралар өткізіп жатыр ғой, Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда, Астанада осы әдісті қолданды, – деді Мирамбек Камалов.

Қаңтардың 13-і күні Алматыда сайлаушылармен кездесуде Жалпыұлттық социал-демократиялыққ парияның төрағасы Жармахан Тұяқбай «егер кезектен тыс парламент сайлауы әділ өтпей, халықтың дауысын ұрлайтын болса, біз алаңға шығамыз» деп мәлімдеді.

Қазақстанда алдағы жексенбі, қаңтардың 15-і күні кезектен тыс парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпекші.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Амантай Нұрбеков
13.01.2012 17:10
+0 / -0
несі бар, Нұр Отан үміт артып отырған азаматтар да Қонаев, Мағжанов, Ауэзов сияқты құрметке лайықты тұлғалар ғой, жоқ жерден дау айтпау керек қой. Одан да ана ЖСДП неге халықтың жағдайын жасамай отыр, соны ашып жазу керек сіздерге аззатык радиосы
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрбековке
13.01.2012 18:18
+0 / -0
Бауырым! ЖСДП-ның қолында ешқандай билік болмаса, бар билік Нүротанда болса, тағы нені жасау керек еді? жасайын деседе Нұротаның жасатқызса соны, осындай бір сәби баладай түк білмегенсіп, өтірік сиқырсымаңдаршы!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Кокшетау
13.01.2012 19:01
+0 / -0
Амантай. Нуротан емес, олар килен урыотандар. Олардын истеген жаксылыктары, жанаозеннин халкын кырып тастаганы ма и Жанаозенди 2 аи турме кылып койды. Былыктарын жасырайын деп.
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Мангистау.
13.01.2012 22:48
+0 / -0
Биздер карапайым халык тек кана Нур отанды колдаймыз ойтекени Тауелсиздигимизди алганнан кейн елдин ишиндеги елдин экономикасын дамытып жаксарткан осы казакстанымыздын дамуына гуденуине улкен улестерин косып кележаткан Ел басымызга мында мын шукиршилик етуимиз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Кокшетау
14.01.2012 03:32
+0 / -0
Азамат саган супер приз 25000 тенге.

Кімнен: мысқылбек
13.01.2012 17:18
+0 / -0
Жолаушылар көлігінің салонында Жүсіп Баласағұн, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Расул Ғамзатов, Қадыр Мырзалиев, Шерхан Мұртаза сынды адамдардың суреттерімен бірге ​​Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығынан үміткер «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің суреттері де жапсырылған.

–- Автобус салонына жарнама ілу – тегін. Ал автобустың сыртына жапсырылатын жарнама бәріне, тіпті «Нұр Отан» партиясына да, ақылы.


апырай, мынау өзі не деген әділ басшы, "Нұр Отан" да төлейді дейді, неткен батылдық, нағыз мәрттік! :)

Кімнен: Мұрат Қайдан: Қызылорда
13.01.2012 17:21
+0 / -0
Жоқ жерден дау айтқаны несі? Сосын Мағжанов емес, Мағжан шығар. Мақала – жақсы! Жағдайды анық-қанық жазған.

Кімнен: қонақ
13.01.2012 21:27
+0 / -0
Ақтөбе былай қарағанда қазақылығы мол жер сияқты еді,соңғы уақыттары жалбақтап қосыла шабатын ауруды, білмеймін қайдан жұқтырғанын,осылардан көп бәле шығып жатыр,осы ана келген қытайлардан үйреніп жатқан сияқты,көздері сығырайып, ыржиюды.Осылар емеспе елбасыға ғасыр ғұламасы,халық батыры,мәңгілік президент деген бәлені шығарып алдарына жан салмаған.

Кімнен: Aladin
13.01.2012 21:36
+0 / -0
НұрОтанның жұмыс жасап жатқанын анық көруге болады!! Сайлауда өз дауысымды НҰРОТАНҒА беремін!!

Кімнен: жылнамашы
13.01.2012 21:47
+0 / -0
Бауыржан Халиолла

ЖАУАБЫ ЖОҚ САУАЛ

Ей, зымиян, "Нуротандық" сатқындар,
Жазығы жоқ елді неге аттыңдар.
Жеті ай бойы жетім елге қайрылмай,
Неге сонша зор күнәға баттыңдар?

Кім соншама бұйрық берген төменге,
Автоматтан оқ жаудырған өр елге.
Мен сенбеймін бас изегіш сорлылар,
Сұм-сұлтанның қатысы жоқ дегенге.

Халық енді ұмыта ма бұл күнді,
Шындық деді, шамырқанды, шыңғырды.
Мәсімов жүр мұртын майлап мұнаймен,
Құлыбаев елді неге құл қылды?

Алты алаштың не болады тағдыры,
Басыла ма өксігі мен зар-мұңы.
Зиялылар "зияндыға" айналды,
Сұм-сұлтанның артын жалап барлығы.

Қашан қазақ жетер екен ақ таңға,
Ақикөздер Ардың жібін аттауда.
Сайқал билік, Сайлау сенің не теңің,
Ер Адайым қайғыдан қан жұтып жатқанда...

Беу, Жаңаөзен, даңқтысың, дарасың,
Болашаққа пәк күйіңде барасың.
Сен ҚАСҚЫРСЫҢ, ҚАНСЫРАҒАН, ҰЛЫҒАН,
Өз тілімен жазып алар жарасын!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 22:13
+0 / -0
Нур Отан накты истер партиясы сендер мында ойынызга келгенин жазып отырсындар тек адамдарды жамандаудан баска бокта келмейди колынан

Кімнен: Era Қайдан: Krg
13.01.2012 22:23
+0 / -0
Яғни жұмыс істеп жатыр дегн соз!!! Енді плокат ілуге болмайды ма?))))))) Егер халық рұқсат берсе халық сенеді деген сөз!!!

Кімнен: Азамат Қайдан: Мангистау.
13.01.2012 22:59
+0 / -0
Биздер карапайым халык тек кана Нур отанды колдаймыз ойтекени Тауелсиздигимизди алганнан кейн елдин ишиндеги елдин экономикасын дамытып жаксарткан осы казакстанымыздын дамуына гуденуине улкен улестерин косып кележаткан Ел басымызга мында мын шукиршилик етуимиз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Кокшетау
14.01.2012 03:31
+0 / -0
Азамат. Ма саган 25000 тенге. унинди оширши

Кімнен: маржан Қайдан: алматы
13.01.2012 23:57
+0 / -0
Елимиздин гулдениуи осуи тек Ел басымыздын аркасында Жасасын Казакстан алга Нур Отан.