Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 23:13


ҚАЗАҚСТАН

Азаттық радиосы «Абайдың қара сөздері» үнтабағы мен «Блогстан» жинағын шығарды

Жексенбі күні Алматыда «Абайдың қара сөздері» жазылған үнтабақ пен 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбалар жинағының тұсаукесер кеші өтті. Қос жинақты Азаттық радиосы шығарып ұсынып отыр.

Азаттық шығарған «Абайдың қара сөздері» үнтабағы мен «Блогстан» жинағы. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.Азаттық шығарған «Абайдың қара сөздері» үнтабағы мен «Блогстан» жинағы. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
x
Азаттық шығарған «Абайдың қара сөздері» үнтабағы мен «Блогстан» жинағы. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
Азаттық шығарған «Абайдың қара сөздері» үнтабағы мен «Блогстан» жинағы. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +

Желтоқсанның 5-і күні Алматыда Азаттық радиосы компакт-дискіге жазылған, кезінде Гүлжамал Қазақбаеваның оқуымен радиодан таратылған «Абайдың қара сөздері» мен қазақстандық блогшылардың «Блогстан» жинағын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл тұсаукесер кешіне қазақстандық журналистер, блогшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиналған қонақтар алдында алдымен сөйлеген «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының президенті Джеффри Гедмин сөз еркіндігі мен адам құқығын қорғауды дамытуға атсалысып жүрген қазақстандық тәуелсіз журналистердің еңбегін құрметпен атап өтті.

– Сіздер - игі кәсіптің иесіздер. Біз өмір сүріп отырған қоғамның адам өмірі
«АзатЕуропа/Азаттық» радиосының президенті Джефри Гедмин. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
үшін өте қажетті әртүрлі сұраныстары бар: мықты денсаулық, таза су, ауа, азық-түлік, баспана, т.б. Сол сияқты кез-келген қоғам шынайы, объективті ақпаратты еркін алуға, сөз бостандығына да өте мұқтаж. Радиомыздың қазақ қызметіндегі әріптестер міне осындай мұқтаждықты өтеу үшін үлес қосып келеді, – деді Джеффри Гедмин.

Ол сонымен бірге осы жолы Қазақстанға сапары кезінде Қазақстан үкімет жетекшісімен кездесіп, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының бұл елде ресми және қоғамдық ұйымдармен әріптестік тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендігін жеткізгенінен де хабардар етті.

Гедмин мырза журналистиканың қоғамға ақпарат жеткізетін, үйрететін және ынталандыратын қызметтерімен бірге еркін түрде ой-пікір тарататын платформа екенін айта кетті. Ол Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметі бұл бағытта атқарған жұмысында нақты нәтижеге жетіп отырғанын атап өтті.

Азаттық радиосының директоры Едіге Мағауиннің айтуынша, блог жазу – Қазақстан қоғамында интернетті пайдаланушылар арасында соңғы жылдары ғана таралып, дами бастаған азаматтық журналистканың тың бағыты болғандықтан, Азаттық радиосы бұл іске үлес қосуды жөн деп тапқан.

– Оның үстіне, livejournal.com, blogspot.com сияқты танымал
«АзатЕуропа/Азаттық» радиосы Қазақ қызметінің директоры Едіге Мағауин. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
блог-платоформалардың Қазақстанда белгілі бір дәрежеде кедергіге тап болуы блогшылар тарапынан наразылық туғызып жатты.

Біз қоғамда осы салада сұраныстың бар екендігін ескеріп өзіміздің azattyq.org вебсайтынан арнайы шағын бет ашып қойдық және өз ой-пікірін жазғысы келген адамдарды сол жерге жазуға шақырдық.

Алғашында екі-үш адам әртүрлі тақырыпқа қысқа сауалдарға жауап беруге қатысса, кейіннен өз жазбаларын жіберетіндердің қатары көбейіп, тұрақты жазатын авторлар қалыптасты, сол сияқты ара-тұра жазып тұратындар да бар.

Осылайша, бүгінде ол парақаша біздің сайтымыздың негізгі құрамдас бөлігіне айналып отыр. Біз биыл сол жерде қазақ және орыс тілдерінде жарияланған тәуір деген жазбаларды осы жыл соңында жеке жинақ түрінде басып шығаруды ұйғардық. Қазақстанда әзірге интернетке қол жеткізе алмаған аймақтағы оқырмандар бұл жазбаларды осы жинақтан оқитын болады деп үміттенеміз, – деді Едіге Мағауин.

Сонымен бірге ол Азаттық радиосы 2003 жылдан бастап эфирден Абайдың қара сөздерін тұрақты беріп тұру дәстүрге айналдырып, Абай пәлсапасы
Блогшы Қанағат Әбілқайыр. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
содан бері Азаттықтың әуе толқынына шыққан бірнеше бағдарламаның мазмұнын байытып, үндесіп келе жатқанын атап өтті.

Азаттық директоры жиналған жұртқа Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаеваның орындауындағы сол қарасөздердің толық жинағы жазылған компакт-дискті таныстырды. Едіге Мағауиннің айтуынша, енді Азаттық радиосының веб-сайтындағы пікірталас – форумда ұшқыр ой-пікір жазған оқырмандарға редакция атынан жүлде ретінде Абайдың қара сөздері жазылған осы үнтабақтар беріліп отырмақ.

Азаттық сайтының оқырмандарына «Блогстан» айдарындағы жазбаларымен танымал блогшы Қанағат Әбілқайыр:

– Егер біз халқымызды жақсы көрсек және сол халқымыз бұрынғыдан да жақсы бола түссін десек, оның кем-кетігін, осы қоғамдағы келеңсіздіктерді, аяқтан шалар, сүріндірер, қазаққа кедергі болар кемшіліктерді жазу, көрсету керек деп ойлаймын. Біздің негізгі мүддеміз сол болатын. Осы тұрғыдан алғанда Азаттықтағы блог парақшасы бізге таптырмайтын ашық майдан алаңы сияқты болған еді. Сондықтан Азаттықтың бұл парақашасы блогқа жасалған жақсы бір мүмкіндік деп қарадық және соны мүмкін болғанынша жақсы жағынан пайдаландық деп есептеймін, – деді.

Жиында сөз алған Қазақстан Жоғары кеңесінің бұрынғы төрағасы,
Солдан оңға: қазақ диссиденті Кәрішал Асан-Ата және Қазақстан парламентінің бұрынғы төрағасы, оппозиция қайраткері Серікболсын Әбділдин. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.
оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин Азаттық радиосының жұмысына қатысты пікір білдірді:

– Азаттық радиосының қазақ қызметі қоғамда құрметтеуге тұрарлық жұмыс істеп келе жатқанын атап айтқан жөн. Екіншіден, менің өзім де осы ұжымның мүшесі сияқты болып кеттім. Азаттық радиосының тілшілері маған хабарласқан кезде, барлық жұмысымды ысырып қойып, журналистердің сұрағына жауап беруге тырысамын. Осыдан екі жыл бұрын осы жерде Азаттық сайтының тұсаукесерінде болған едік, енді міне бүгінгі кездесуден мен ең үлкен, бағалы жаңалық естіп тұрмын – «Абайдың қара сөздерін» таратуды жобаға енгізген екенсіздер.

Абай өзінің 38-ші сөзінде әділеттіліктің бәрінен жоғары екені туралы айтады, сайып келгенде, көп адам әділеттілік үшін жанын да берген. Ал мен Азаттық ұжымына осы әділеттілік жолында күресе білуді жұртқа үйретіңіздер деп тілек айтқым келеді, – деді Серікболсын Әбділдин.


Қос жинақтың тұсаукесер кеші туралы видеоны қараңыз:

Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Нағашыбай Есмырзаев Қайдан: Алматы
06.12.2010 10:41
+0 / -0
Осындай шараларды ұйымдастырып отыратын азаттықтарға мың да бір рахмет. Шақырылғандардың кейбіреуінің келмей қалуларын, олардың азаттықта жарияланатын материалдардан именетіні деп білемін. Оларды сондай сайттың шарасына неге барасыңдар деп түртпектеуі де мүмкін... Тәуелсіздігі, Сөз бостандығы, демократиясы сөз жүзінде ғана елде бұған таң қалуға да болмайды...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.12.2010 10:41
+0 / -0
"Азаттықтың" кітабы құтты болсын! Соңғы кезде Кендіғұл мен Қиясбай деген блогшылар неге жазбай кетті? Жазғандары жақсы еді

Кімнен: саясаткер Қайдан: Алматы
06.12.2010 14:01
+0 / -0
Бұл шараға шақырылсам да бармадым.Бармаған себебім шақыруды қарасам жексенбі күні кешкі сағат 5 те деп жазылыпты.Бұл азаттық радиосындағылардың елмен санаспайтындықтарын білдіреді.Басқа күндері өткізсе болмай ма екен? Естуімше шақырылған 200 дей адамнан 20 шақтысы ғана барған.Бұл сонда кімге керек? Осындай іс шара өткіздік деп американдық басшыларын алдау үшін жасалғаны ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Нағашыбай Есмырзаев Қайдан: Алматы
06.12.2010 14:32
+0 / -0
Саясаткермін деп қояды өзін, саясаткер болмай кеткір... Шақырылған кезде айтпайсың ба бірден: мен бармаймын, өйткені шақырып отырған уақыттарың қолайсыз, - деп. Енді келіп тасада отырып алып күңкілдейсің. Осындай өмір бойы бұғып жүретін "саясаткерлер" тоып жүрген кезде, қайдан ҰЛТ боламыз...

Кімнен: Айжан
06.12.2010 14:51
+0 / -0
Менің естуімше, 200 емес, 100-ге тарта адам шақырылған. Түймедей нәрсені түйедей етіп көрсететін қазағым-ай, я.

Кімнен: Көпкөрген
06.12.2010 17:33
+0 / -0
Мен "саясаткермін" деген саясаткер емес. Мен өзімді саясаткермін деп айтпауға тырысамын. Көп жерде өзімді тарихшымын деп таныстырып жүремін. Себебі баяғыда мен институтта оқып жүргенімде Әкем: "балам, саясаткер болу үшін тарихшы болып өтуін керек, кейін жұрт сені саясаткер десе, сол дұрыс болар" дегені бар. Ал, шақырған жерден қалмауға тырысу керек. Қоғамдық ұйымдар немесе саяси партиялар ұйымдастырған шараларға шақырмасада баруға тырысамын. Әттен, Астанадан "Азаттық радиосы" ұйымдастырған жақсы шараға бара алмадым. Жалпы, Абай атамыздың аты жүрген жердегі шаралардан қалмауға тырысу керек қой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.12.2010 20:23
+0 / -0
жалпы менін түсінгенім, азаттық ралиосы демалыс күні өткізген себебі бәрінің де келуіне қолайлы болсын деегні болса керек. өйткні басқа яни жұмыс күні болса, онда жұмыстан шыға алмадым деп көбісі тағы да сылтауратар еді. әрі дострамен, пікірлестермен бірге бас қосып көптен бері көрмеген ағаларды көріп, арқа-жарқа болып әңгіме құрудың өзі де демалыстың бір түрі емес пе деп ойладым. демелыс деген сөз мен үшін жақсы адамдармен әңгіме дүкен құру, дидарласу. ал енді кейбір ағалар үшін таң атқаннан кешке дейін төсектен тұрмай жату сияқты. бірақ ондай демалатын кезең өтіп кетті емес пе. қысқасы демалыс күні ұйымдастырылған жиынға өз басым қуана барамын. уақытым да бар әрі жұмыста жоқсың деп ешкім де ұрыспайды. тиісінше ешкімнің алдында қайда болғаныңды айтып бас қатырмайсың. меніңше дақс идея және жақсы ой! мен толығымен бұндай бас қосуларды қолдаймын. заманның ағымына сай болайық. қай бастамада болмасын белсенділік танымайық дегім келеді.

Кімнен: Болат Қайдан: Алматы
06.12.2010 20:38
+0 / -0
Қазақ деген шынында да тоғышар ел екенбіз ғой. Демалыс күні шақырған соң бармай қалдым деген сөз бола ма екен??? Өз басым Азаттықтай әйгілі радионың мұндай құрметіне ие болып шақырту алсам атам өліп жатса да қалмай барар едім.
Істеріңе жеміс тілеймін, Азаттықтағы жігіттер!!! Мына НӘН заманда қалың қазақтың үміт артып, бір есі дұрыс сөз осыдан шығар деп сенім етіп отырғаны сендерсіңдер ғой. Осындай демократияға пайдалы, одан да керегі қазаққа тиімді істерің молая берсін. Бір сұрақ, бұл кітап пен күйтабақты қайдан алуға болады?

Кімнен: қонақ
06.12.2010 22:47
+0 / -0
Мен бардым қонақ болып, біраз адамдармен дидарластым, сөздерін тыңдадым, Азаттықтың журналистерімен танысып, білістік, суретке бірге түстік. Шыныменде кісі аз болды, залдағы ұзыннан қойылған үстел мен орындықтардың есебін қарап бұл жерге кемінде 150, әйтпесе 200 адам еркін сиатындай орын барын аңғардым. Азаттық қыз жігіттері сыпайы қарсы алды, мені таң қалдырғаны анау американдық президентінен бастап директор Едіге, бюродағы редакторлар өздерін қарапайым ұстайды екен. Осы жерге біздегі госканал, радио, тіпті қалалық газет басшысы келсе мыналарды менсінбей мұрын шүйіре қарайтынына ойланбастан бәс тігер едім. Сөз арасында байқағаным барлық газет, телевидение, радио басшыларын шақырғанға ұқсайды, бірақ аналар келмеген. Жоғарыда айтқа адамға қосыламын, күн демалыс деген сылтау болмайды, мен үшін ойыңды бүкпесіз ашық айтатын ортаға барып, емін еркін пікір алмасқаннан артық қандай демалыс керек адамға?! Сонда демалу деген жексенбі күні үш төрт еркек моншаға тығылып алып сыра сіміру ме, әлде темекіні будақтатып карта соғу ма? Өз басым жігіттермен әсерлі әңгіме шертісіп қайттым. Мықты білімді жас қыз жігіттер бізде де бар, қазақтар да дүниедегі ешкімнен кем емес деп сөйледі Әміржан Қосанов, онымен Нағашыбай біраз дауласты сен де, мен де күні өткен заманның белсендісіміз, кезінде комсомолды желеулеткен, енді біз кетуіміз керек деп. Бірақ Әміржан алдымен Назарбаевты кетіріп одан соң біз де кетейік деп еді, бұл сөзді естіп қарадай шошып кеткен егделеу үш төрт тәтелеріміз төрді тастай есікке қашты. Төмен жақта отырған жастар бұны көріп ал кеп күлейік. Әміржан мен Нағашыбай оны байқамады ау деймін, екеуі де бір біріне сөзден есе жібергісі келмей қағытып жатты. Кәрішал Асанов шықты, как всегда жұрттың бәріне сын айтып, тіпті осы кешке шақырып отырған Азаттықты да аяған жоқ, бас көз демей боратты шалың Жовтис, Есіргеповті неге жырлай бересіңдер, Аронды неге ауызға алмайсыңдар деп. Бұл ақсақал сайт оқымайтын болуы керек деп ойланып қалдым, әйтпесе Арон туралы үнемі осы азаттықтан оқып жүрміз. Компартияның құрметті ақсақалы Серікболсын Әбділдин қазақ журналистикасына ғана емес бүкіл қоғамға қажет ең басты нәрсе әділеттілік үшін күресу деген орынды сөз айтты. Блоггерлерден Қанағаттан бөлек тағы үш төрт адам сөйледі, анау Дима деген тіпті қағазын оқып тұрып алды, әзер тоқтатты ғой сабазыңды. Жалпы қызықты өтті, әркімге бір диск пен бір кітаптан үлестіріп беріп жатыр екен, өзіме тағы бір бір данасын сұрап алдым. Одан да көп алғым келді, бірақ ұялдым. Айтпақшы ішімдік атаулы болған жоқ, тіпті сыра да жоқ. Онысы құптарлық, барлық шаралар арақсыз, шарапсыз өткені жөн ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Көпкөрген
07.12.2010 12:15
+0 / -0
Ол жерде Астаналық жігіттер болғанда шындықтың қақпасын айқара ашар еді, шашыңыз тік тұрып, үйге жаланбас кетер едіңіз.

Кімнен: Азатбек Қайдан: Өскемен
06.12.2010 23:09
+0 / -0
менің білуімше азаттық радиосының мақсаты компакт-диск немесе кітапша шығару емес жақсы хабарлар дайындау,соны жұртшылыққа ұсыну. сондағы жігіттердің бұл мақсаттан неге айнып жүргенін түсінбеймін. қайран марқұм болып кеткен Хасен Оралтай ағамыз басқарған сол кездегі хабарлар қандай еді. қәзіргілер мыжып кетті. радио радио емес бірдеме. хабарлары тыңдалмайды.тыңдасаң қызықсыз. сонсоң қайтсын байғұстар жанталасып жатқандары болар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.12.2010 23:30
+0 / -0
Кейінгі кезде Азаттық шынымен ұлттық мүддені қорғайтын ақпарат құралына айналып бара жатыр. Кейде отырып ойлаймын - ана қара шал Прагаға кеткен соң қазақтың құты да, намысы да Батысқа ауып кеткен сияқты ма?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.12.2010 15:44
+0 / -0
менің естіп білуімше хабардың жақсы тыңдалмайтын себебі, жақын жиілікте азаттық радиосы хабар тарата алмайдығ яғни мынау тұрған Қызғызда FM жиілігінде таратылса, Қазақстанда SW2 таратылады. әрине тыңдалу сапасы сын көтермейді және оған азаттықтардың ешбір кінәсі жоқ қой деп ойлаймын. техникалық мәселелерді осы хабарды 28 тілде тарататын Прагадағы орталық реттеу керек. Олар бұл жайында не істеп жатыр ол жағы әрине белгісіз. мүмкін оларда қазаққа айт айтпа бәрібір деп ойлайтын болар кім білсін.....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.12.2010 15:52
+0 / -0
өскемендік жігітке айтарым, біздің елде азаттық неге жақсы тыңдалмайды деген сұрақты бірінші анықтап алайық сосын оларға сын тағайық дегім келеді. Себебі біздің ел кімге қандай жиілікте хабар таратуға рұқсат беруді толығымен қадағалайды. нешар тыңдалса фм жиілігінде таратылмайтындығы. бұл үшін бұл кісілерді қардыландыратын кісілер мықтап тер төгуі қажет.

Кімнен: қонақ Қайдан: Қарағанды
08.12.2010 15:15
+0 / -0
Менің ойымша бәрі де ұйымдастырушыға байланысты. Жексенбі немесе басқа күнде өткізгенінде тұрған түк те жоқ. Ана жылы Азаттық сайты тұсаукесерін өткізгенде журналистердің бәрі келген. Адам қаптап кеткен болатын. Өйткені ол кезде Азаттықтың басшысы Амангелді Кеңшілік деген жұрт танитын үлкен азамат еді. Оны бүкіл қазақ халқы таниды, сыйлайды десем артық айтқандық емес. Ол мықты жігіт те Азаттықтан кетіп қалды. Қазіргі Қари дейтін кім өзі? Кім алып келген оны Азаттыққа? Қандай еңбегі үшін? Вообщем қазір Азаттықта ел танитын бірде-бір адам қалмады. Қателер өріп жүреді. Адам оқитын ештеңе қалмай, күннен-күнге құлдырап барасыңдар жігіттер. Өткір айтылып жатқан ештеңе жоқ. Обаманың ақшасын босқа жемей, ол қаржыны Дат немесе Свобода слова секілді газеттерге берсеңдерші жігіттер.
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан Қайдан: Алматы
09.12.2010 13:59
+0 / -0
Азаттықтың стилін Дат пен Свобода слова-дан айыра алмайтын мына пікірші өзінше сынап қояды. Сендейлер кухняда сапырып әңгіме айтып, сыртқа шыққанда моп-момақан жүруді ғана білетін шығарсыңдар

Кімнен: Жанашыр Қайдан: Алматы
08.12.2010 19:11
+0 / -0
Соңғы қонақтың пікірімен келісемін. Расында да бұрын Азаттықта оқылатын жақсы-жақсы тақырыптар көп еді. Қазір қыртымбай-сыртымбай болып кетті. Бастаған қарқындарың жақсы еді. Қазір мүлде төмендеп, күннен-күнге құлдырап барасыңдар. Айызың қанып оқитын мақалалар жоқтың қасы. Естуімше қазір Азаттықта жібі түзу дұрыс жорналшы да қалмаған көрінеді. Прагада жүргендердің ішінде әйтеуір Сұлтанхан ғана анда санда оқылатын бір мақала немесе дөңгелек үстел өткізіп қояды. Қалғандары не бітіріп жүр о жақтағы қыздар мен жігіттердің. Прагадағылардың айлықтары да жақсы екенін естиміз. Сондай айлық беріп сол жаққа басқа қазақтың ұлтшыл, ойлы жігіттерін алуға болмай ма? Әлде сол жақтағылар Праганы жекешелендіріп алған ба? Ана жылы үлкен сыйлық алған едіңдер, енді б..қа батып жүрмесеңдер болғаны. Бұрын Азаттықты күнде оқитын едім. Қазір анда-санда ғана бір қараймын.Таязданып кетті. Скоро мүлде сендерді оқуымды қоятын шығармын. Жазған мақалаларыңды кейде тіпті адам түсінбейді. Жөні түзу бір редактор табуға Азаттықтың ақшасы жоқ па? Пікіріме өкпелемеңдер, бірақ шындық осы.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.12.2010 20:38
+0 / -0
сонда жаңағы елдің бәрі танитын азамат қайда кетіп қалды екен? азат ой айтудан шаршағандықтан ба әлде ит тойған жеріне демекші.... шын азатшыл болса, қалып соңына дейін жүру керек еді ғой. әлде танымал болудан шаршады ма екен? біз адамдарға танымал болғаны немесе танымал еместігіне қарап емес, адамшылығы мен болашақта не істей алатындығына қарап баға беруіміз керек. ешкім де танымал болып туылмайды және тек танымал адам ғана жақсы жұмыс істейді, сол ғана адам қалғанының бәрі адам емес десек онда мына мені мен сіз де адам емеспіз және азаттың сайтында не істеп үрміз егер азат ойлай" алмасақ. бірақ мойындайықшы сіз де мен де ел үшін тер төгіп жүрген адамдар емеспіз бе?! бізді біреу көшеде танып, ескеріп бізге мұз кәмпит беруі керек пе? қазақ қоғамының ең басты ауыруы танымал болуға жұмыс істеу, сол үшін өмір сүру. сіз де танымал адам емессіз, сізді мысалы үшін кім таниды? сіз қазақ қоғамы үшін не істеп жүрген адамсыз, танымайтын әлі аты-жөнін де жақсы білмейтін адамды сынайтындай? сіздің де атыңызды осы жерге бадырайтып жазып, суретіңізді қойып қойса, өзгелер яғни мыңдаған адам мынауың кім-ей деуі айдан анық. сонда не істемекпіз. отыра қалып неге мені танымайды, неге мен танымал емеспін деп жылайсыз ба? мен білетін азаттық радиосы ешуақытта тек танымал адамдарды жұмысқа алуды көздемейді. бірақ танымал адамдардың өзі осы жерде істегенді қалап жататын кездері де кездеседі. десек те мысалы өзге тілдердегі радиоларындағы адамдар аса танымал адамдар емес. бәлкім оның қажеті де жоқ. бастысы бейтарап пікір білдіретін адам болуы қажет. сапасы жағына келетін болсақ, ең басты жаңалықтарды осы жерден оқып келемін және кім келсе сол келе берсін, кететіндер кете берсін мені ол жағы мүлдем қызықтырмайды. ең маңызды жаңалықты осы беттен оқығанмын және оқитын болатын деп ойлаймын. азаттықтың парағын рушыл, іші тар, қазғаншақ, өз қазағын өзегіне теуіп күндейтін адамдардан таза болғанын қалаймын!!!! және сізден сұрайтыным ешуақытта жеке басқа тиісуші болмаңыз, оның аты көргенсіздік! одан басқа, әрбір жақсы іс пен жақсы сөз және жаман іс пен жаман сөз өз иесін табады. қазір бізге бір-бірімізге тапсақ жақсы сөз айтатын кез, таппасақ тыныш отырып, өзім кіммін және халқым үшін мен не істей алдым деген сұраққа жауап іздегені дұрыс болар. қысқасы "болар елдің ұлдары бірін-бірі батыр дер, болмас елдің ұлдары бірі-бірі қатын дер" деген халық даналығы тек сізге емес, осы бетті оқитын барлық оқырмандарға арналады. десек те ішімізде қандай адамдар бар екенін білдірткеніңіз үшін сіз ге рахмет! алла разы болсын! мен білсеңіз тек доспын, ал дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. сіз жаман болсаңыз да сізді жақсы көріп кеттім! шынымен!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?