Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:41

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Саяси портреттер

Берия және "мемлекетшіл тұлға" бейнесін қатар жасаған саясаткер

Желтоқсанның 16-сы күнгі Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атуға бұйрық беруі мүмкін делінген жоғары лауазымды шенеуніктер арасында оппозициялық БАҚ Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің де атын атады. Соңғы бірнеше жылдың ішінде президент төңірегіндегі ықпалды шенеуніктердің біріне айналған оны сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын «тап-тұйнақтай» жүзеге асыратын команданың «басты ойыншысы» деп санайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин. Астана, 1 маусым 2010 жыл
Мәтін көлемі - +

1995 жылдың күзінде Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалғаннан бастап «тасы өрге домалаған» Аслан Мусинді «сөзден гөрі іске бейім шаруақор басшы, өз қызметіне лайықты мемлекетшіл тұлға» деушілер де, «террорлық жарылысты ұйымдастырушы, оппозицияны, еркін ойды тұншықтырушы» дейтіндер де табылады.

Әсіресе, оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары оны «баспасөзден аулақ жүретін, сұраққа жауап беруді қаламайтын шенеунік» ретінде көбірек сипаттайтыны байқалады. Соңғы айларда өзіне қарата айтылған айыптау сарынындағы пікірлерге қоғамдық-саяси фигура ретінде ақ пен қараның жігін ашып жауап қайтармауы оның баспасөзден бойын аулақ салатынын көрсетті.

«ӘДІЛДІГІМЕ, ТАЗАЛЫҒЫМА СЕНЕМІН»

Дегенмен ақпарат құралдарында ара-кідік көзге шалынатын сұқбаттарында Аслан Мусин «ақпарат құралдарында өзі туралы жазылғандардың бәрін оқып, ой елегінен өткізіп отыратынын» айтады.   

«Бірақ байбалам салу, оларды қудалау, қысым жасау маған жат қылық. Әділ сынды мойындаймын. Өзімнің әділдігіме, тазалығыма сенемін» дейді ол 2003 жылы «Парасат» журналындағы «сыр-сұқбатында».
Аслан Мусин, Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі
x
Аслан Мусин, Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі
​​​
«Басты мақсатым – қарапайымдылық пен имандылықты, қайырымдылықты ту етіп ұстау» депті Атырау облысының әкімі болған кезінде.  

Ол «журналистерге есігі әр кез ашық екенін», «бұқаралық ақпарат құралдары тәуелсіз еркін болғаны жөн» екенін де осы сұқбатында айтып өткен еді.

«МУСИН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМАНДАСЫ»

Қазақстан билік орындарындағы командалық тәсілді алға тартатын сарапшылар Аслан Мусинді «командасы» бар шенеуніктер қатарына жатқызады. Кейбір деректерде 2002 жылдың көктемінде Ақтөбе облысының әкімі қызметінен Атырау облысының әкімі болып ауысқанда «200 адам ерте келгені» туралы айтылады.  

«200 адамның әрқайсысы 5-6 өз адамын тағайындады десек, аз дегенде 1000-1200 адамнан құралатын «қалың қол» болып шығады. ...Атырау облысында өздерін «билікпен біте қайнасып жатырмыз» дейтін адамдар пайда болды. Тендерлер де, мемлекеттік органдардағы лауазымдарды бөлу де солардың билігінде. Бюджет ақшасы мен қаржыландыру мәселелерін шешетін белгісіз тұлға да бар. Жемқорлықтың бұлай етек алуы Атырауда бұрын-соңды болып көрген емес» деп жазады «Ақ жол Қазақстан» газетіндегі «Асекең кетуге асықпайды» деген мақаланың авторы.

Алайда Аслан Мусиннің өзі «біздің елімізде бір ғана мақсат, жалғыз ғана идеология біріктіретін бір ғана команда – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың командасы жұмыс істеп жатыр» деп санайды.

« ...Мен сол команданың мүшесімін. ...біреулер даңғаза жасамақ болғанымен, «жаппай өз адамдарын отырғызу» немесе «өз командасын ертіп келу» еместігін дәлелдеуге тырысып ақталатындай жайым жоқ. Ақтөбеден бар болғаны жеті-ақ кісі Атырауға жұмысқа ауысты» деген еді ол қазақтілді газеттерге берген сұқбаттарының бірінде.

«СҮТТЕН АҚ, СУДАН ТАЗА БОЛСА...»

Аслан Мусин Атырау облысына әкім болып кеткен соң көп ұзамай Ақтөбе облысының прокуроры Әсет Әділхан облыс әкімінің екі орынбасары - Серікжан Мұқашев пен Амангелді Есіргеповтің, тағы да бірнеше басқарма бастықтарының «мемлекеттік тапсырыс, жекешелендіру ісінде өрескел заңсыздықтарға жол бергенін» мәлімдеді.

Облыс прокурорының мәліметіне сүйенген «Жас Алаш» газеті «Мусин 
Прорва кенішіндегі мұнай сорабы. Атырау облысы, 18 сәуір 2010 жыл.
x
Прорва кенішіндегі мұнай сорабы. Атырау облысы, 18 сәуір 2010 жыл.
​​командасының бас «тендерщигі» Серікжан Мұқашев отбасымен бірге шетелге қоныс аударып, жауаптан құтылып кеткенін айтады.

«Орынбасары бастап, басқарма бастықтары қостап, жалған фирмалар арқылы бюджет ақшасын жымқырудың ең алаяқтық тәсілдерін ойлап тапқан. Сүттен ақ, судан таза болса, Мусин қарамағындағылардың қылмыстық әрекеттерін қалай байқамады?» дейді «Мусин көлеңкесіндегі «тендерщиктер» ісі мәлім болды» деген мақала авторы.

«МЕМЛЕКЕТКЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»

Ақтөбе облысы прокурорының мәлімдемесінде баспахана өнімердеріне қатысты тендерлерді жеңіп алып жүрген «үш фирма, бір қожайын» иесі Ерген Дошаев та аталды. 

Дошаевтың аты-жөні бұл оқиғадан үш жыл бұрын, яғни 1999 жылы «жемқорлықпен күресте аяушылық болмайды» деп бірқатар «жемқорлардың» аты-жөнін жариялаған президент Назарбаевтың баяндамасына да іліккен еді. Ізінше-ақ Ақтөбе облысының әкімі Аслан Мусиннің орынбасары Ерген Дошаевты «қызмет бабын бас пайдасына пайдаланғаны» үшін орнынан босатқаны, оның ісімен құқық қорғау органдары шұғылданатыны хабарланды. 

Бірақ арада бес жарым жыл өткенде, яғни 2005 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан халқы Ерген Дошаевтың «мемлекетке сіңірген еңбегі үшін» президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталғанына куә болды.

Бұл кезде Ерген Дошаев Аслан Мусин әкімдікке барған Атырау облысында  «Атырау-ақпарат» мемлекеттік медиа холдингін басқарып, Атырау облыстық мәслихатының депутаты болып жүрген болатын.

Айта кетерлік жайт, Аслан Мусин 2007 жылы қыркүйекте Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып сайланғанда, Ерген Дошаев та сонымен бір мезгілде мәжіліс аппаратының жетекшісі болып тағайындалды. 
  
Ол биыл, 2012 жылы 15 қаңтарда өткен сайлауда депутаттыққа өтіп, мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы төрағасының, яғни Нұрлан Нығматуллиннің орынбасары болып сайланды.

«50 ПАЙЫЗЫНДА МУСИННІҢ ҮЛЕСІ БАР»

 Аслан Мусиннің Ақтөбе және Атырау облыстарын басқарған жылдары оппозиция өкілдерін қуғын-сүргінге салғаны жайында баспасөз бетінде аз айтылмаған еді. Сол ақпараттардың арасында ақтөбелік журналист, құқық қорғаушы Дулат Төлегеновтің қастандықпен өлтірілуіне орай түрліше жорамалдар да кездеседі.

Атыраудағы белгілі оппозиционер, «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы Жұмабай Доспанов «үстінен ұзын-ырғасы 44 рет іс қозғалып, 41 миллион теңге айып салынғанын» айтады және «соның 50 пайызында Аслан Мусиннің үлесі бар» деп санайды.

«Кезінде президент оны Атырауға оппозицияны ауыздықтау үшін отырғызып еді.  Сонда өзінің жекеменшік «идеологы» Ерген Дошаевтың қолымен біраз қысым жасаған. Бұл жерде Ерген Дошаевтың рөлі үлкен болды. Мусин істің бәрін  
ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов пен партияның Атырау филиалының жетекшісі Жұмабай Доспанов журналистермен кездесуде. Атырау, 23 қаңтар, 2009 жыл.
x
ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов пен партияның Атырау филиалының жетекшісі Жұмабай Доспанов журналистермен кездесуде. Атырау, 23 қаңтар, 2009 жыл.
​​Дошаев арқылы сұрап біліп, іске асырып отырды» деп мәлімдеген еді Доспанов. «Мусин Атырауда отырғанда БАҚ-тарға басшылық ететін ішкі саясат басқармасы бастықтары бірінен соң бірі алмасып, бәріне «Алтын ғасыр» газетін жаптырту, оппозицияны жою тапсырылды» -деген еді  2008 жылы Азаттық тілшісімен әңгімесінде. 

«МЕМЛЕКЕТШІЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІРІ»

Азаттық тілшісі әуелі Ақтөбеде, кейін Атырауда жарық көрген, Ерген Дошаев пен Аслан Мусиннің ықпалындағы ақпарат құралы саналған республикалық «Алтын орда» газетінің бұрынғы бас редакторы, ақын Мейірхан Ақдәулетұлынан «Мусиннің тәуелсіз ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы» жөнінде сұраған еді.

- Оның (Аслан Мусиннің – ред.) газетке шыға қояйын, ықпалымды жүргізейін» деген әрекеті болған жоқ. Сыни пікірлерді де жазып тұрдық, оған да қысым жасамады. Мен өтірік айта алмайтын адаммын. Ол кісі көп әңгімесі жоқ, мемлекетшіл қызметкерлердің бірі, - деді 
12 облыстық және аудандық газеттерді біріктіретін «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлы.
x
12 облыстық және аудандық газеттерді біріктіретін «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлы.
​​Азаттық тілшісіне.

Қазір «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің меншік иесі «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлы «Алтын Орда» газетінің Ақтөбеден Атырауға көшуіне Аслан Мусиннің тікелей ықпалы болмағанын айтады.

2004 жылы қазақстандық электрондық БАҚ-тың бірі Ерген Дошаев пен Аслан Мусин «Алтын орда» газетін Атырауға апарып, мемлекеттік тапсырыс беру арқылы қомақты қаржыны өз «айналымдарына» түсірді» деген мазмұнда мақала жазған болатын. 

«МЕН БЕРГЕЙДІ ЖАҚСЫ БІЛЕМІН»

Ресми ақпарат құралдары Аслан Мусинді «екі облыстың әл-ауқатын көтерген іскер әкім» деп жазса, тәуелсіз ақпарат құралдары әкім «екі облысты өзіне пайдалы бизнес көзі ретінде пайдаланды, тіпті қылмыстық әлеммен де байланыс орнатты»  деген ақпараттар таратып жатты.

Бірқатар тәуелсіз басылымдар «Аслан Мусин өзі өсірген Атырау облысының қазіргі әкімі 
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев.
x
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев.
​​​арқылы Қазақстанның батысындағы барша пайдалы бизнесті уысында ұстап, қарсыластарын астыртын топтар арқылы ықтырып отыр» дегенді айтады.

Дегенмен Бергей Рысқалиевті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындағанда президент Нұрсұлтан Назарбав «Мен, жалпы, Бергейді жақсы білемін» деген еді. 

«ЖАРЫЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН - МУСИН»

Саясаттанушылар 2006 жылы Астанаға ауысып, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, вице-премьер, мәжіліс спикері сияқты жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Аслан Мусин Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалғаннан кейін республикадағы кланаралық тартыста басым ықпалға ие бола бастады деген пікірлер айтады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін референдум арқылы ұзарту, президентке «елбасы» мәртебесін беру секілді республикада әрқилы пікір туғызған бастамалар, 2011 жылғы мерзімінен ерте өткен президент сайлауы Аслан Мусин президент әкімшілігіне жетекшілік еткенде жасалған шаралар еді. 

2011 жылдың күзінде Ақтөбеде болған екі жарылысты билік «террористік акт» деп мәлімдегенімен, кейбір оппозициялық саясаткерлер оны «арнайы қызметтің ұйымдастырған әрекеті» деп бағалады.

Соның ішінде қуғындағы банкир Мұхтар Аблязов «бұл істі ұйымдастырып отырған президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин. ... ал бүгін Атырау облысын 
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
x
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
​​басқарып отырған әкім - Аслан Мусиннің адамы. Ол әкім қылмыстық топтармен жақсы қарым-қатынаста және белгілі бір беделге ие екені ешкімге құпия емес» деп мәлімдеді.

«МУСИННІҢ ИДЕАЛЫ - БЕРИЯ»

Желтоқсанның 16-сындағы Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі баспасөз-мәслихаттарының бірінде оппозициялық қайраткер, Терещенко үкіметінде вице-премьер қызметін атқарған Төлеген Жүкеев Қазақстан президенті аппаратының жетекшісі Аслан Мусинді «алаңдағыларды атуға бұйрық беруі мүмкін» деп айыптай сөйлеген еді.

- Мусиннің саяси және қылмыстық жауапкершілігін тіке айту керек, - деді ол. Бұл адамның өмірбаяны өте лас, президент әкімшілігі жетекшілерінің көпшілігін көрдім, бірақ дәл осындай үн-түнсіз шаруасын бітіретін, екіжүзді, қатігез адамды көрген емеспін. Назарбаевтың тарихи және саяси жауапкершілігінен бұрын жауапкершілікті ең әуелі осы адамнан сұрау керек, - деген болатын ол былтырғы желтоқсанның 28-і өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның алдында, яғни 2011 жылғы тамыздың 26-сы «АйтPARK-те» өткен кездесуінде Төлеген Жүкеев «Аслан Мусиннің идеалы - Лаврентий Берия» деген болатын. Бірақ, өзі туралы мұндай мәлімдемелерге қатысты Аслан Мусин соңғы қызметіне кіріскелі бері жауап берген жоқ.

Бір кездері оппозициялық қайраткер Заманбек Нұрқаділов «ұстанымдары мен демократиялық көзқарастары тұрғысынан алғанда Қазақстан президенті болуға лайықты адамдар» қатарында атаған Аслан Мусин осылайша мемлекетшіл тұлға мен Лаврентий Берия образының аралығындағы жұмбақ кейіпкер, жан-жақты шенеунікке айналды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ерқанай Қайназаров Қайдан: Ақтау
06.02.2012 09:38
+1 / -0
Бізге екінші Сталин керек емес! Бізге екінші Берия керек емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Әли Қайдан: Алматы
06.02.2012 11:05
+1 / -0
Ерқанай мырза, Сталин мен Берияның кім болғандарын шын білгіңіз келсе, онда: С. Рыбастың "Сталин", Ю. Жуковтың "Иной Сталин" және А. Сухомлиновтың "Кто вы, Лаврентий Берия?", Е. Прудникованың "Берия - последний рыцарь Сталина" деген кітаптарын оқып шығыңыз. Ес-ақылы орнындағы адамдармыз ғой, ақиқатты білейік және сол білген ақиқатымызды ғана айтайық, Н. Хрущев қалың қылып сеуіп кеткен өтірік-өсекті ұрпағымызға "өсиет" етпейік. Иә, Ереке, мынау кітаптарды оқыңыз, содан кейін маған пікіріңізді айтыңыз, осы АР сайты арқылы, "Алматылық Әлиге" деңіз, мен тұрақты оқушысымын, ерте-кеш бәрібір жауаптасқайсыз. Ең болмаса, А. Рыбас пен Е. Прудникова кітаптрын оқыңыз. Интернетте бар шығар, білмеймін, Аман-сау болыңыз! Бұл ұсынысты басқа ағайындарға да айтып отырмын, Көзіміз де, көкірегіміз де ашық болғай деймін ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
06.02.2012 20:20
+0 / -0
Али тарихты женгендер жазады, болмаса касындагы акынсымактары. Китап кагаз, ол баринде котереди.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
07.02.2012 02:02
+0 / -0
дұрыс айтасыз Абдулхамит мырза. Тарихқа көзді жұмып қойып сенуге болмайды. Аллаһтың Таурат, Забур, Інжілдерін бұрмалап өзгертіп жіберген бұл адам баласы қазір көзімізді бақырайтып қойып, көз алдымызда көріп отырған шындықтардың өзін бұрмалап беріп жатырған жоқ па Хабар мен Қазақстан арналарынан.
Пікір алмасу

Кімнен: Сенгіш
07.02.2012 18:22
+0 / -0
Мен zheltocsan-ға ғана сенемін.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
07.02.2012 21:13
+0 / -0
Кімнен: Сенгіш
07.02.2012 18:22
+0-0
Мен zheltocsan-ға ғана сенемін.
__________

қазақ "астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген, бірақ бұл сезіктеніп жүр дегенді білдірмейді :))
Пікір алмасу

Кімнен: Бірегей
08.02.2012 01:07
+0 / -0
Сталин Гитлерден өткен қандықол қарақшы, қарабет арсыз сүмелек қой! Қаншама адамның қаны сталиттің мойнында. Арасында 3 000 000 қазақтың қызыл қаны бар. сталиннің артын жалауға әзір отырғандар, қайдағы бір сталиннің құлақкесті құлдары жазған кітапсымақты тықпалап отырғандар әкесін өлтіргенге шешесін ұзататын арсыздар ғой. Ал берия сталиннің көп жаналғыштарының бірі ғана. адам өлтірушіге қарағанда, адам өлтіруге бұйырғанның жазасы ауыр болуы керек еді, егер жершарында әділет болса!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 09:42
+0 / -0
Жүкеев Т. Сен сияқты президнттің адвокаты болуға жарап тұрған жалған оппозишндар жетерлік. Аслан оның бұйрығын орындаушы ғана. Ал берия дегенге келісем!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қаршыға Байділдаев Қайдан: Ақтау
06.02.2012 11:24
+0 / -0
Мусин президенттің адамы ғой. Жүкеев екеуіне бірдей соққы беріп тұр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 18:20
+0 / -0
Алжымашы, өтініш қой!
Пікір алмасу

Кімнен: Әли Қайдан: Алматы
07.02.2012 19:15
+0 / -0
Сізге де, анау Абдулхамит пен Желтоқсанға да айтарым: мен атаған кітаптарды оқып шығып, тарихты кімнің қалай жазатынын білу керек. Өйтпейінше "тарихқа сене беруге болмайды" деп өсиет айта салу оңай. Шындықты керек етпеу осындай немқұрайдылықтан шығады.

Кімнен: Маңғыстаулық
06.02.2012 09:56
+0 / -0
Төлеген Жүкеев босқа айыптап отырған жоқ шығар, әрбір қате сөзі үшін жауап беретінін біледі, сондықтан ешбір дәлелсіз тым ықпалды адамды сынай алмайды деп ойлаймын. Екінші жағынан, Көшербаевты Назарбаевтың қабылдауына кіргізбеген осы Мусин деген де әңгіме бар.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
07.02.2012 02:07
+0 / -0
Екінші жағынан, Көшербаевты Назарбаевтың қабылдауына кіргізбеген осы Мусин деген де әңгіме бар.
__________-

бұл да біреулердің шығарып жүрген ертегісі ғой "мені алдап Жаңаөзенге жібермеді ғой мыналар" деген сияқты. Президенттің өзі тікелей тағайындайтын облыс әкімі президентке тікелей шыға алмайды деген бос сандырақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Сенуші
07.02.2012 18:25
+0 / -0
zheltocsan қышыған жерінен дәл тигізді. Мен zheltocsan-ға сенемін.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.02.2012 16:47
+0 / -0
Мусин Маңғыстаудың мұнайын қолына түсірсем деп армандайды. Сосын адайдларды көздерін бажырайтып қойып, өкіртер, ол!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
06.02.2012 10:40
+0 / -0
Президент пен оның айналасындағылардың оңған бірде-біреуін көрмей келе жатқан жоқпыз ба? Ана ит тұрғанда дұрысын таңдайды деймісіңдер еліне адал қызмет ететін, әй қайдам?

Кімнен: атырау баласы Қайдан: атырау
06.02.2012 10:49
+0 / -0
Мен жоғарыдағыларға қосыламын. Атырауда қазір макалада айтылғандай жағдайлар орын алған. Онын жауап жасыратын ештенесі жоқ. қазір ештенеге тан калмаймыз. бандит те, адам өлтірген кылмыскер де ел басқарып, депутат болып журе береді бізде.
Пікір алмасу

Кімнен: Қостаушы
07.02.2012 18:29
+0 / -0
Иә, қылмыс жасамаған бірде бір депутат, басшы қалмады.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
06.02.2012 10:50
+0 / -0
Калиматун тайбатун сайтанға да сай қатын демекші, Бас Ұры мен оның айналасындағы жемқорлары өзіне сай, олардың араларынан періште іздеудің өзі зор күнаһарлық болар еді...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 11:40
+1 / -0
Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасында оқ атуға жол бергендері үшін Мусин мен Қасымовты қылмыстық жауапкершілікке тарту керек! Сот әділдігін қамтамасыз ету үшін (егер біздегі тапсырыс орындаушы соттарға сенер болсақ) бұл екі шенеунікті қызметтерінен дереу кетіруді талап етеміз! Назарбаев мемлекет басында отырған қылмескерлерден құтылмайынша ел ішінде тыныштық орнамайтынын түсінгені абзал.
Тұтас халықты қарумен, өтірікпен басқару мүмкін емес!
Пікір алмасу

Кімнен: қазақшыл Қайдан: алматы
06.02.2012 12:11
+1 / -0
Көбіне Шымкентік АРЫСТЫҢ ПІКІРІ ҚОНЫМДЫ ШЫҒЫП ЖАТАДЫ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 18:32
+0 / -0
Иә, бырақ ол да екіжүзді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 12:15
+0 / -0
Билiктiн айналасындагы аддамдарга каоап ак, елдiн болашагы жок екенiн коруге болады. Кiлен уры мысык сыкылды турлерi.
Пікір алмасу

Кімнен: Нүрымтегеі Қайдан: Алматы
06.02.2012 12:33
+0 / -0
Қазақстандағы Рахаттан да қауіпті, жүрген жерін былықтырып жүретін бір "тұлға" Ө.ШӨКЕЕВ. "Самұрыққа"келген соң, "ТАУ КЕН САМЫРЫҚА", "КАЗМУНАЙГАЗ МАРКЕТИНГ И ПЕРЕРАБОТКА"да бұрын Шымкентте жүргенде істі болған адамдарды қойды. Жүрген жері,бұдан көрі Құлыбаевта , Р. Алиевте к-і-ш-кентай болсада ұяты бар еді
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 15:38
+0 / -0
AЗАТТЫК КЕЛЕСИ МАТЕРИАЛДАРЫНДА ШОКЕЕВ ТУРАЛЫ ЖАЗСА ЖАКСЫ БОЛАТЫН ЕДИ. ОНЫН АДАМДАРЫ МУСИННЕН 30 ЕСЕДЕИ КОП КОИ.
Пікір алмасу

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
06.02.2012 20:50
+0 / -0
Шукеев мырза самурыкка баргансон, барин тазалап орнына койып жаткан сиякты.Оган илинетин арине Астанадан бастап томенге карай шыкавайт етип журген конторский составтар (болашак бастыктар). Олда дурыс барин орнына кою керек. Мунайдын турин билмейтиндер келеди комиссия болып.Олар кара жумысшынын жагдайын кайдан билсин, куннин астында аптап та, ал кыс келсе суыкка тонып журмесе.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Актобе
11.02.2012 21:10
+0 / -0
қателеспе, көзі алқтаған ит сияқты,

Кімнен: Ел-Нұр
06.02.2012 12:41
+0 / -0
мақалада анық факті, айғақ, дәлел жоқ! сондықтан отбасындағы әйелдердің әңгімесі сияқты. Ол қызметте кім отырса да сондай ықпал етер еді! Өз басым біреуді осылай негізсіз қаралауға қарсымын!

Кімнен: Мерген Қайдан: Жаңаөзен
06.02.2012 13:13
+0 / -0
Республика газетінде Мұхамеджан Әділовтің мақаласы шығыпты. Шындыққа жанасып тұр.

Кімнен: мен
06.02.2012 13:45
+1 / -0
Аслан Муса орындаушы емес, бұл кісі Елбасының көзі мен құлағы. Елбасы қалта телефонында sms жаза білмейтін, интернетте әліпті таяқ деп білмейтін адам. Ақордадан шыға қалса алдына әдейі қойған қойылым мен көріністі ғана көретін адам. Басқа уақытта Асландардың ауызына қараған адам. Бір де біреумен соңғы он-жиырма жылда бетпердесіз тура сөйлесіп көрмеген адам. Бұндайда бұл Асландар көзі мен құлағы емей немене. Жасы келіп қалған қарт адамды бөстіріп-бөстіріп таққа жіпсіз байлап қойып сол кісі арқылы елді армансыз басқарып жүргендер осы Асландар ғой. Өзі де айтыпты ғой, БАҚдардағы өзіме қатысты дүниелерді оқып тұрамын деп. Ендеше, Асеке, оқи беріңіз...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 15:39
+1 / -0
Түсінбедім. Сонда ЕБ уже алжып кеткен қария демексің бе?
Әлде есі дұрыс емес деген сөз бе?
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
06.02.2012 16:04
+0 / -0
алдымыс бір түрлі булдыр, қараңгы болып баратган сиякды агайындар, мына балдарымыс,немере,шөберемісге сол булдыр, мен караңгыга түсбейтиндей жарык, әділетді жолга түсіріп жіберүіміз керек агайындар.,бул бізің әкелік борышымыз.

Кімнен: қазақ Қайдан: ақтобе
06.02.2012 15:17
+1 / -0
Аслан мырзанын арты ашылайын деген екен ап, бәрекелді!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 16:02
+0 / -0
Мусиннің "мемлекетшіл", "ақ, адал" адам екенін анықтайтын мезгілді өткізіп алмаған дұрыс. Бұл анықтауыштар халыққа емес, өзіне '95 жылдан бері сүйек тастап келе жатқан қожасына ғана қатысты айтылған сияқты.

Кімнен: казак кызы Қайдан: атыраудан
06.02.2012 18:00
+0 / -0
атырау облысы акиминде нелери бар халыктын жагдайын жасап отыр,атыраудын барлык халкы дан риза оган.Елдин камын ойлайтын адам Бергей
Пікір алмасу

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
06.02.2012 20:36
+0 / -0
Жалпы казирги акимдерин жайлы ештене айта алмаймын. Бирак Имангалидай аким сендер де болмаган. Имангали тезирек патша болу керек сиякты, сонда коп нарсе орнына келеди деп сенемин. Имангалига дауыс беремиз Имангалига буйыртса...
Пікір алмасу

Кімнен: Балағұлтегі Қайдан: Алматы
06.02.2012 22:09
+0 / -0
абдулхамит , сенің Иманғалиға ақылыңның кемдігінен көп зиян тиуі мүмкін.1,Марат Оспанов2003 ,әлде 2004 жылы бірнеше адамға президент болу ойын айтып қойыпү, белгісіз жағдайда комға түсіп, кейін отбасында2-3 күн кіргізбей өлген болатын.2.Сайлау 2016 жылы ғой,ойыңды сол кезде айтарсың. Сен тарихта Иманғалиға көп жаулық жасаған адам болып қаласың.Артыңды қыс. Ішіңе симай бара жатса, әйеліңе т.б өзіңнен ақылы сәл көптеу бірнеше адамға айтып көр. Әр нерсенің айтар уақыты келеді.Ең бастысы АЛЛАға тәубе қыл. Орынсыз ойларыңмен Имекеңді орға жықпа.Махамбетті сатып берген аңқау жиен туыстары екенін білмеуші ме едің? Абайды таяққа жықан да өзің сияқты "ақкөңіл" туыстары. Рахатта "монархия"туралы көп айтатын, қазір қайда?Президенткетпей орнына біреуді ұсыну тек қана орға жығу.2016 жылға дейін сабыр сақта. Аузың қышып тұрса,аямасаң қатыныңды ұсын қызметтерге.Ең бастысы ер жігіттерді оққа байлама.Олсызда қанша жігіт түрмеде отыр. Ішіңе симай бара жатса теңізге секір. Еңбастысы кісі баласына зияныңды тигізбе
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: мангыстау
07.02.2012 01:00
+0 / -0
Kойшы сен Имангалиынды, сонан баска казах жоктай, табынба 1 адамга, тек аллана табын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 09:22
+0 / -0
Абдулхамит, Иманғали патша болсын дейсің, патша болатын адам халықты жусатып салғанда үндемей артын бағып жата ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 18:41
+0 / -0
Ай,Балағұлтегі, сен де қызықсың, ақымаққа ақыл айтқан!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 00:14
+0 / -0
Ха ха ха ха ха ха!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.02.2012 01:50
+0 / -0
Ей Маңғыстау өзің сол бір адамға, ірі адамға табынып жүрсің ғой. Бір адамға, сол - Нұр адамға. Енді не бетіңмен Алланы аузыңа аласың.

Кімнен: Нұр Қайдан: Нұрлы қала
06.02.2012 18:30
+0 / -0
Мейірхан Мусинді "мемлекетшіл" деп отыр ғой. Өзі де сол "мемлекеттің" мүшесі болғасын шығар? Ал, шын мәнінде Асекеңнің мемлекетшілдігіне күмәнім көп. Бірақ, есігіндегі қар құлдың өзін (егер өзіне адал екенін білсе) жауға қалдырмайтын жігіт екендігі туралы аңыз көп. Шапағаты тигендер оны өзара "босс" деп атайды.Және құдайдай табынады.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.02.2012 16:46
+0 / -0
Аслан Мусиннің көздегені ө Нанның орнын алу. Сосын көрсетер ол көресіні бізге. Қанышер, неме! Беті жылтырап, нағыз сімер ол өзі! Адам емес!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 19:13
+0 / -0
Асылан мырза.Сіз Атырау облысының Әкмі болып тұрған кезңізде. Құұрманғазы ауданының,Котяевка-Шортанбай тас жолына 319,5мил ақша жұмысалып,жөнделді депсіз.Сол жолыңызда Егеменді еліміздің,бір қиыршық тасы жоқ.Кеңес үкіметі кезіндегі күйімен қарап түр.Осыны қалай түсіндірер едіңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Ашулы қазақ Қайдан: Алыстан
06.02.2012 21:11
+0 / -0

Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов "қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынды" деп хабарлады бүгін экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
"Серік Баймағамбетов бұған дейін президент әкімшілігінде басшылық қызметтерді атқарды."
Жарайды ұсталған екен! Бірақ неге мұндай тұлға көп жылдар Президент әкімшілігінде тап-таза болып жүрген.... Ендеше!
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
06.02.2012 22:59
+0 / -0
..Бір нәрсе берсе макдайсың,бермесе тіпті жакбайсың,деген макал бар түсінгенге,тагыда бір макал айтайын түсінгенге, тәтті,тәтті жеүдің-ащы,ащы кекірмесі бар деген.
Пікір алмасу

Кімнен: Кәпөк
06.02.2012 23:09
+0 / -0
Бауырым!
Егер осы заман осылай тұра берсе, Серік Баймағамбет енді 3-4 жылда не Құрмет орденін алады, не Ерен еңбегі үшін орденін алады.
Біздің елде осылай ғой.
Сотталып кетіп, екі-үш жылдан соң жылтиып бір креслоға жарбиып жатқанын көресің. Онымен қоймай, құдды бір кезекті демалыста болып, қайтадан жұмысқа кіріскен адамдай талтаң-талтаң ететінін қайтерсің! Сотталып келдім-ау деген ой миларына кіріп шықсайшы бейшаралардың.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 00:12
+0 / -0
Қандай адам болса сондай болсын! әйтеуір билкте оңғаны болса, қазіргідей жағдайлар боларма еді? әлаулайы таусылса, халаулайі шығады, өз уағында бәрі де шығады!
АСЛАН МУСИН өзің шығып қандай адам екеніңді айтып берсей.
Пікір алмасу

Кімнен: Тасайтегі Қайдан: Алматы
07.02.2012 08:30
+0 / -0
Абылай Мырзаахметов 2002 жылы Транспорт министрі қызметінен алынып, ҚТЖ-ДА ЖҮРГЕН КЕЗІНДЕ , басқа да жегендері бар,бір үннің ішінде 4 миллард "обналичить"етіп алға ныбар , сөйтіп 5 жылға "условный" сотталып , соттан шыға салып "бизнеспен айналысам"деп шығып кеткен болатын. Бізде соттар қызық, ұстаған күннің өзінде былығың көп болса шығарып жібереді. Кейін үлкен қызметке қояды. Жақсылық Досқалиев сияқты 1 квартира алғанды 6-7 жылға соттайды. Естеріңізде болса 2002жылы Жақияновты Павлодардағы қайдағы бір склад үшін,7 жылға соттаған еді. Оны жекешелендіру үшін Ғалымжан қолда қоймаған. СОДАН СОҢ БІЗДІҢ СОТТАРДЫ ТҮСІНІП КӨР. Біздің қазіргі жүие ертең Баймағамбетоаты түрмеден шығарып Масимовтың орнына қоя қалса да таңдаңбаңыз, мысалға айтып отырмын. Біздің жоғарыдағы дүние жүзінде жоқ жаңылтпаштары үшін "нобель"сыйлығын беру керек. Мемлекет басқарудағы "алдараспандары үшін"
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.02.2012 16:43
+0 / -0
Кезінде Серік Баймағамбетов Рашид Тусупбековтің (қазіргі Республикалық финполицияның бастығы ө Қожамжаровтың орнына отырған) інісін түрмеге жапқан екен. Сол үшін есеп айырысу ғой бұл.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
10.02.2012 22:41
+0 / -0
Ол ақша Асланның тоқалына Ақтөбеден коттедж салуға кетті ғой, соны да білмейсің ба? Несін сұрап отырсың??? Аслан саған жауап береді деп ойлама! Ол не істесе де үн-түнсіз жасайды. Бірақ, халық біліп отырады оның не істегенін.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
06.02.2012 23:40
+0 / -0
осылардын түрлерін көргім келмейді гой кіл шетінен елін халкын суйетін адамдар емес елін жерін халкын жалмау үшін туган жандаргой бул жексұрындар бәрәнін колдары канга баткан адамдар бүлар тек Құдай жазаларын беріп қарғыс атсын тұқымдарымен олардың амин!амин!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 09:43
+0 / -0
Бұл факт! Бұндай адамдармен Қазақ елі құзға құлайды. Құлап бара жатыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 18:16
+0 / -0
Бір кездері оппозициялық қайраткер Заманбек Нұрқаділов «ұстанымдары мен демократиялық көзқарастары тұрғысынан алғанда Қазақстан президенті болуға лайықты адамдар» қатарында атаған Аслан Мусин осылайша мемлекетшіл тұлға мен Лаврентий Берия образының аралығындағы жұмбақ кейіпкер, жан-жақты шенеунікке айналды.
---------------------------------------
Иә, қазір қазақта есі дұрыс қоғам, саяси қайраткерлер жоқ.
Заманбектің қателігі(жер айтып бармасын) көп болған екен.
Негізі, әртістерді ұнататын адамнан ештеңке сұраудың қажеті жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 12:33
+0 / -0
Аслан Мусин- негизи биликтеги ен ыкпалды адамдардын бири. Негизи онтустиктин адамдары оган жыны туседи. Ол искер басшы. Карсы келгендерин аямайтыны акикат болуы мумкин, Батыстын бар мунайы мен газын,мысы мен хромын шетелге жиберип, букил казахстанды асырап, енди батыстагы жигиттер билликке бармау керек пе?!Адилдик пен тепе-тендик ушин Батыстын жигиттери отырганы орынды.

Кімнен: атырау кызы Қайдан: атыраудан
08.02.2012 12:32
+0 / -0
жанаозенде казактарга ок атуга буйрык берген биликтеги канишерлер жазалансын,кудай жазаласын олдарды!!!!!!!!!кыршын кеткен жастардын жандары жаннатта болсын!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 12:57
+0 / -0
Алла ар нарсени оз орнына кояды. Олардын азаттык пен адилдик ушин олгендери акикат кой. Жанымыз ашыганмен,не шара ?!Азирге шыдаймыз да.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
11.02.2012 21:34
+0 / -0
Бергейден сұра, кім арандатқанын ол біледі
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі