Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:58

ҚАЗАҚСТАН

Назарбаевтың дүбірлі тойы билік әне-міне ауысуы мүмкін деген қауесетті қоздатып кетті

Жұрт бұрын-соңды көрмеген Астананың астатөк тойы талайдың жағасын ұстатты. Нұрсұлтан Назарбаев Атымтай жомарттығын бір көрсетті. Бірақ сарай маңындағылар «мұрагер кім болады?» деген мәселенің көрігін одан әрі қыздырып жатыр.

«Нурсултан. Большая игра президента» деректі фильмінен көрініс. Теледидар экранынан алынған сурет. Астана, 6 шілде 2010 жыл.
x
«Нурсултан. Большая игра президента» деректі фильмінен көрініс. Теледидар экранынан алынған сурет. Астана, 6 шілде 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

«ХАН ШАТЫРЫНЫҢ» ТӨБЕСІНЕ ТӨНГЕН БҰЛТ

Астана күнін тойлау ауқымы Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 6 шілде күні 70-ке толу мерейтойымен де байланысты болды. Ол шараның қалай өткенін қайталап айтпай-ақ қояйық – қазақстандық телеарналар бірнеше күн бойы әрбір оқиғаның бүге-шігесін қалдырмай көрсетіп бақты. Қазақстандықтардың көбі салтанатты шараның қалай өткенін теледидардан көріп отырды.

Мақала авторының жеке пікірі бойынша, тойдағы маңызды сәттің бірі – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрі Махамбеттің «Жорық» күйін орындауы мен итальяндық тенор Андреа Бочеллидің керемет өнері. Бочеллидің ақысы 900 мың доллар екен деген қауесет айтыла берсін – бәрібір чегін ешкім көрген жоқ қой.

Әнші Бочелли өзінің танымал әндерін ғана айтып қойған жоқ, сонымен бірге «әлемдегі ең ірі жабық сауда және ойын-сауық кешенінің» –
Жаңадан ашылған «Хан шатырының» төбесінен көрінген мерекелік отшашу. Астана, 6 шілде 2010 жыл.
Норманн Фостер жобалаған «Хан шатырының» ашылу салтанатында неополитан әндерін де орындады. Жаңадан салынған «Хан шатыры» сауда және ойын-сауық кешенін ғасыр жобасы десті. Тойдың соңындағы от-шашу Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатты ұқсап кетті.

Айтпақшы, «Хан шатырындағы» салтанатты шараға қарапайым жұрт кіре алмады. Шақыру билеті барлар ғана кірді! Ол билетті тізім бойынша таратқан еді. Астанада мұндай шақыру билеттерінің құны 150 мың теңгеге дейін барды.

«Хан шатырына» бет алған жұртты екі көше әріден тоқтатты. Сол маңдағы көліктен өту мүмкін емес еді. Балалар ойнайтын алаңқайда да, тұрғын үйлердің аулаларында да көліктер сіресіп тұрды. Қаптаған көлік төңіректі түтіндетіп, таңға жуық қана тарасты.

Мұндай той тылсым оқиғасыз болсын ба! Жұлдыздардың концерті қызған шақта «Хан шатырының» орталығы мен сахнаға қою қара бұлт төніп келіп қалды. Шақыру билеті бар он мыңдаған бақытты жұрт «нөсер келе жатыр» деп сыбырласты. Бірақ түнеріңкі бұлт концерт аяқталғанша көлеңкесін түсіріп, үн-түнсіз тұрып алды. Сол бұлт құрметті қонақтар үйді-үйлеріне, қонақжайларына кеткенше – түн ортасы ауғанша күтті. Таңға жуық қана жаңбырлатып, жердің шаңын басып өтті. Тегі, тазару жауыны болса керек.

АЛАСТАЛҒАН РАХАТ

Бұл күнгі саяси тұрғыда аса маңызды тележобаны да шетелдіктер көрсетті. Ресейдің «Первый канал» арнасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына арнап «Нурсултан. Большая игра президента» деген деректі фильм түсіріп, 6 шілде күні прайм-тайм кезінде көрсетті.

Бір қызығы, Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына бірнеше күн қалғанда Кремль Кедендік одақтың үшінші бір мүшесіне, яғни Александр Лукашенко мүлдем басқа пиғыл танытқан еді. НТВ арнасы көрсеткен деректі фильмнен түйгеніміз – ресейліктер Беларуссияның он шақты жылдан бері тақтан мызғымай келе жатқан президенті асау Лукашенконың Гитлерге аздап іш тартатын нағыз диктатор екенін енді ғана
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оны қолдайтын жастар бейнеленген жарнамалық сурет. Алматы, 5 шілде 2010 жыл.
кенеттен біліпті.

Ал «Нурсултан. Большая игра президента» деген деректі фильмде Қазақстан президентінің өмірбаяны егжей-тегжейлі баяндалып, ол кісі жақсы көретін гольф ойыны бірнеше мәрте көрсетілді.

Фильмде президенттің бала күнгі достары ғана емес, отбасы мүшелерінің де сұхбаттары бар. Ол сұхбаттардың ең ұзағы – үлкен қызы Дариға мен кенже қызы Әлияныкі. Тіпті, кенже қызының аузынан шыққанда «кипиш» (қазіргі жастардың тілімен айтсақ, «қатты алаңдау») деген сөздің өзі құлаққа майдай жағады екен.

Сірә, президенттің жұбайы Сара Назарбаева мен ортаншы қызы, жұрт көзіне түсуден қашқалақтайтын отбасылық дәстүрлеріне адал Динара Құлыбаева ресейлік фильмге түсуден бас тартса керек.

Фильмдегі маңызды сәт – Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан қашып кеткен, кейін қылмыстық кодекстің «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген, одан басқа тағы бірнеше бабы бойынша сырттай сотталған бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы айтқаны болды.

Фильмнен түйгеніміз – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуінен бас тартқаны президент әкесінің қысымы емес, қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейінгі өз шешімі екен.

Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты отбасылық қайғысының кейбір сәттерін жұртқа алғаш рет жайып салды. Қызы Дариғаға үзілді-кесілді шарт қоймағанын, «саған еш өкпе артпаймын» деп өз еркін өзіне бергенін айтады. Бірақ фильм авторларының айтуларынша, «бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты мәселе әлі де президенттің жанды жері болып табылады».

ИМАНҒАЛИ ҒАНА ТҮНЕРІП ОТЫРДЫ

Бұл шат-шадыман тойда астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің ғана сіркесі су көтермей жүрген сияқты. Өйткені ол салтанатты шара басталардың алдында ғана президенттік «Нұр Отан» партиясының «Астанадағы пәтерлерді әділ бөлмеген» деген қатаң сынына ұшыраған еді.

Бірақ сынның ең ащысы – партия төрағасының орынбасары Нұрлан Нығматулиннің «қазір азаматтың үй алатын конституциялық құқы
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұңғыш қазақ хандары ескерткішінің ашылуына Қазақстан президентінің келуін күтіп тұр. Астана, 1 маусым 2010 жыл.
шенеуніктің көңіл-күйіне байланысты болмауы керек» деген сөзі емес, теледидардағы бір көрініс еді. Бұл жолы Алматыдағы КТК телеарнасы барын салып бақты.

Талайдан бері мызғымай отырған тележүргізушінің шығармашылық қиялы бойынша, президенттік «Нұр Отан» партиясының пәрменді отырысынан кейін журналистер қарапайым қала тұрғындарынан пікір сұрапты. Бірнеше көріністен кейін халықтың да әділетсіз шенеуніктерді жек көретіні белгілі болды. Көріністің ең ерекше тұсы – мұндай шенеуніктердің бәрі «банда» деген сөз болды.

Осындай оқиғалар астаналық шенеуніктердің «билік ертең-бүрсігүндері ауысуы әбден мүмкін, басқаша болмайды» деген деген үйреншікті өсек-аяңын қоздата түсті. Назарбаевтың «Ұлт көшбасшысы» туралы заңды қабылдатып, сақтық қылғаны бекер емес деген болжам тағы бар. «Назарбаев кез-келген сәтте биліктен кетіп, Ли Куан Ю сияқты «ұлт көшбасшысы» болып қала беруі мүмкін» деп бал ашу сәнге айналған. Бірақ мұндай «балгерлер» Ли Куан Юдың Сингапурды дамыған елге айналдырып барып тақтан кеткенін айта бермейді.

БАЯҒЫ ИСЛАМ АКА КЕЛМЕЙ ҚАЛДЫ

Сырттан келген саяси тұлғаларды санамалағанда Астанадағы салтанатқа Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың ат басын бұрмағаны бірден байқалып қалды. Ақшалы Қазақстанға Назарбаевтың досы Исламнан гөрі Майк Тайсон мен әлемге әйгілі ақсүйектерді шақырып алған оңайға түсіпті. Он мыңдаған доллар салынған конвертті қалталарына басып, дастарханға жайғасқан ұшақ толы ресейлік жұлдыздарды айтпай-ақ қояйық. Советтік эстраданың әуенін Астананың қапырық аспанында бір тірілтіп кетпеді деп Алла Пугачева мен София Ротаруға ренжімесек, басқалары қазақтан шыққан таңдаулы көрермендерге ұнауға тырысып-ақ бақты.

Назарбаев пен Каримовтың арасында бұрынан келе жатқан қырбайлықтың қылаң беріп қалатын кездері болады. Өздері анда-санда бір жолыққанда «дос екендіктерін» көрсеткендерімен, Советтік саяси бюродан қалған ақырғы қос автократ бір-бірімен онша тату емес.

Ислам Каримов та, көршілес дос-жар мемлекет Түркіменстанның президенті Гурбангулы Бердімурадов та Назарбаевтың қазаққа тән
Қырғызстан президенті Роза Отынбаева мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 шілде 2010 жыл.
астатөк тойын елемей қойды. Өздері де келмеді, лауазымды өкілдерін де жібермеді. Қырғызстан президенті Роза Отунбаева Кедендік одақ аясындағы ресми шаралар аяқтала сала кетіп қалды, әнші-биші жиналған тойға аялдамады.

Тек Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Назарбаевтың тойы біткенше отырды. Украина президенті Виктор Януковичтің де өзімен-өзі жүргенін теледидардан анда-санда көріп қалдық. Негізі, теледидар Назарбаевтың Ресей президенті Дмитрий Медведев және Түркия президенті Абдулла Гүлмен бірге жүрген сәттерін қайта-қайта көрсетумен болды. Медведев ылғи сол жағында, Гүл оң жағында жүрді. Хаттама бойынша, ол екеуі ағалық көрсетіп жүрсе керек.

Қазақстандық ІІМ баспасөз қызметі Азаттық радиосының журналисіне «әуежайдан тоғыз елдің басшысын күтіп алдық» деді. «Иордания королі де келді» десті. Ағылшындар «Дейли Мейлде» Тони Блэрдің ақырғы сәтте Назарбаевтан кешірім сұрап, бара алмайтынын айтқанын жазады. Ресми дерек көздерінің айтуынша, «Астана күні» қазынаны 10 миллион долларға ортайтып кетіпті.

Айтпақшы, Януковичтен басқа мемлекет басшылары Назарбаевқа құрметті ордендерін тақпады. Сірә, «Назарбаев 75-ке келгенде берейік» деген болар. Мүмкін, 80 жасқа толғанда беретін шығар. Астананың жылы – айға, айы – күнге тең ғой...



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.07.2010 08:52
+0 / -0
Не де болса жарайсың Нұрсұлтан!
Пікір алмасу

Кімнен: Жамаубек Қайдан: Көлтабаннан
09.07.2010 17:40
+0 / -0
"Қолда жүзік тұрғанда Сүлейменде, Сүлеймен, қолдан жүзік кеткенсоң Сүлейменде сүмірейген" деген екен. Тойлағаның дұрыс ақ, бірақ халқыңның 75 пайызының арты жылтылдап көрініп тұр емеспе.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА
09.07.2010 11:16
+0 / -0
Қалай болғанда да тойдың осылай өткені дұрыс болды. Неге десеңіз ? Кім ұрламай.., кім тонамай жатқан қазақтың байлығы ?! Мұның бәрін ы-м-ммен болсада, мақалада көп нәрсені аңғартыпты. Жалпы қоғамда тәртіп пен әділеттің жоқтығы, халықпен санаспайтын төрелердің тым асқынып кеткен тоқтығы. Боқтыққа басы батып, Елдің ертеңі мен Ұрпақтың ұлттық тәрбиесімен шаруалары жоқ екендігі, қалың жұрттың арасында айтылып жүргелі қашан ?! Өңшең ақылдары
өкшесінен аспайтын тобырлардан халық қажып бітті. Билік басында жүргендердің бәрі "ТІЛІН" сатқан сатқындар деуге болады. Жалпы "халқының тілін сатқандар" түгелімен "Халқын сатқандар" деп сеніммен айтуға болады. Өйткені, Тілі біткен Халық - сол кезеңнен бастап өзі де бітетіні белгілі. Халқының тілін саудалаған Тәуелсіздік кімге керек ?.. Қазақ халқы кешегі отарлау кезінде 29% болсада, Кеңестік жүйе Рухын таптаған жоқ еді. Енді мынау аты бар заты жоқ Тәуелсіздік те 65% күйімен "кім-көрінге келімсектердің" езгісіне түсіп отыр. Қазақтан басқаның барлығы да ұрлап-тонап жырғап отыр. Бір мысал айтсам; -" қаңғырып келген"- армян Карапатян бүкіл бір аймақты У- лап, ұзындығы 200-шақырымға созылған Қаскелең өзені Қып-қызыл умен боялып, Тұсынан өткен адамдар тұншығып өліп кете
жаздайды. Осының барлығын Карапатян төрелердің құлқынына пара
беріп, Жер мен Судың иесі қазақтарға пысқырмайды. Нұреке, мұның
бәрін өзің жөндемесең, ертең келетін Сұрқылтайдың не істейтінін кім біле ді?! Әлде, халықты апатқа әдейі итермелеп отырған жасырын күш бар ма ? Мәселен, Карапатянді обылыс басшысы Үмбетов білмей де көрмей де отырған жоқ. Ендеше, оның не білген ойы бар, осындай ауыр жағдайлар Ел ішінде асқынып барады. Осыны, Елбасшысы ретінде нақты тексеріп, ақиқатын қарапайым жұрт көрсе дұрыс болмақ...

Кімнен: Valencia Қайдан: Almaty
09.07.2010 11:24
+0 / -0
Nureken Uly Adam goi!..
Пікір алмасу

Кімнен: ЕрҚазақ Қайдан: Шымкент
09.07.2010 13:00
+0 / -0
Нұрекең ұлысына ұлы шығар! Бірақ тіл мәселесіне келгенде ұлылығын ұлтарақтын астына салатыны несі..............
Пікір алмасу

Кімнен: Barselona Қайдан: Алматы
09.07.2010 13:36
+0 / -0
Меніңше Валенсияның жанкүйері "Улы" деп жазған секілді... дұрысы солай оқылмай ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Valencia Қайдан: Алматы
09.07.2010 20:42
+0 / -0
Біріншіден, Валенсияның жанкүйері екенімді ескергендеріңізге рахмет!.. Елбасымыздың Ұлы Адам екенін барлығымыз мойындауымыз қажет және барлығымыз мақтан тұтайық. Өзі басқарған жиырма жылдан астам уақыт ішінде ол кісінің халқымыз үшін істеген еңбегі орасан. "Тіл мәселесі" де Құдай қаласа шешіліп қалар!.. Мұндай Ұлы істер тек Ұлы адамдардың ғана қолынын келеді!..
Пікір алмасу

Кімнен: Barselona Қайдан: Алматы
12.07.2010 16:11
+0 / -0
Ұлы болса тіл мәселесін шешер еді, ендеше Ұлы емес, Сіз бірінші жазғанда Улы деп дұрыс айтқансыз :)) Яғни тілдің уы болып тұр ол :)
Пікір алмасу

Кімнен: Valencia Қайдан: Almaty
13.07.2010 13:36
+0 / -0
Бір ғана "Тіл мәселесі" үшін Елбасымызды дәл бұлай қаралау нағыз ақымақтық деп білемін, сіз өзіңіз УЛЫ сияқтысыз...

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
09.07.2010 12:38
+0 / -0
Тойдың болғаны жақсы. Құдайым қазақты тойдан айрмасын! Қазақстан деген тәуелсіз елдің Президенті 70 ке толып жатса,оны ел болып тойлағанның несі айып? Керемет! Бәріміз бір қуанып қалдық. Бірақ... осы Қазақ той жасаса болды қайдағыбір тегі бөлек орыстарды жарылқай беретіні қызық. Қызық емес ұят! Қазақтардың орыстарға сонша жарамсақтанатынына жының келеді.Қарап отырып, "осы біз орыс үшін өмір сүріп жүрмізбе" деген ойға келесің. Ондай әнші де, ондай өнерпаз да қазақта толып жүрген жоқпа! Президентіміздің тойы таза қазақы өтсе қандай тамаша болар еді десеңші!!!

Кімнен: Бату Қайдан: Алматы
09.07.2010 13:18
+0 / -0
Үндемеуге болмайды-ақ: Президент 70 жылдығын тойлауға тиым салғаны туралы айтқанын бәріміз естігенбі.Бірақ сенбедік, талай естіген екіұшты сөздері ғой.Ақырында әлемдік дәрежеде өткізді. Анау медведевтерді қисынын тауып келтірді.Есептегендер тойға 100 миллион доллар кетті деседі, ол бекер, кемінде 5 есе көп кетті. Ол - ауызсуға да жарымай отырған жүздеген мың халықтың қаржысы. Оның үстіне біздің ел шеттегілерге 100 миллиард доллар қарыз екен, олай болса, 70 жылдық тойға қуана қол соғып жатқан ағайын, мынау қарызды сенің немереңнің немересі өтеп құтыла алуы екітала екенімен құттықтаймын! Жалбақта, жарамсақтан, -жарылқанасың.
Пікір алмасу

Кімнен: Иманғали
09.07.2010 21:00
+0 / -0
Бату, айтқаның қату!
Халыққа мұндай той қажет емес, әрине. Астана 12 жасқа толып, ағыл-тегіл ысырап той өткізсе, ол анау Жаңатас-Қаратау, Текелі-Үштөбе, Риддер, Арқалық т.т. жартылай өлі, жартылай тірі қалалардың, болмаса, ұжым-ұжымға бөлініп алып, аздаған мүлкін бөлісе алмай бір бірімен соттасып, ырылдасып жатқан ауылдықтардың, немесе, жігерден жұрдай болған селсоқ халықтың есебінен де!!!

Астана астана болғалы қазаққа тигізген титтей де пайдасы болмады. Зияны болмаса... Шетелдіктің бір ауыз мақтау сөзі үшін салынған қала - бұл! Одан халыққа келіп-кетер ешқандай жақсылық жоқ.

Қарыз деп отырған жүз миллиардтың құнын сұрайтын жас бүлдіршіндердің бұғанасы бекімей жатыр. Ертең олар ержетіп, құмда ізі қалмаған "қарызды" қайтара бастағанда ғана "бүгінгі керемет дамудың" нағыз бет бейнесін көріп жағасын ұстайтын болады. Ал, өлгендер қайтып келмейтіні бәсенеден белгілі ғой...

Қазақстанға жаңа Конституция қабылдауға тура келсе, онда оның төбесіне "Қазақстанды мақтансүйгіш, өтірікке бейім адамның басқаруына мәңгілікке тиым салынған!!!" деп жазып қою қажет.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
10.07.2010 18:46
+0 / -0
Имеке пікіріңіз өте орынды! Нақты да түсінікті! Керемет!

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
09.07.2010 14:51
+0 / -0
Той десе қу бас домалайды , тойда өкпе көп бауыр жоқ десек те , тойға барсаң тойып бар , той тоныңды киіп бар дегенді де еске ала отырып , айтарым : бұл сөз арап тілінде ( қазақшалап айтқандай ) зияфат - зияпат делінеді . Бұл жиналысты орыстар симпозиом деп грек тілінен алғанда омен құрылтайды меңземей ме ? Құрылтайда елдің ақсақалдары бас қоысып жағдайды тексеріп бір кезеңде қандай іс біткені туралы елге есеп беруі тиіс қой . Астананың он жылдығы , Елбасының 70 жылдығы аталғанда онда тек қана тыша тойғызған шетелдік әнші мен тамашылардан не пайда болды десеңші . Әлде бұл той сол бөгделердің мерекесі екен шығар . Осы аспа төктің шығынынан жержүзі қазақтар қауымдастығының құрылтайы болмай деген хабар бар . Сонда Италиан не орыс әншелер шашыранды қазақтардан бір табан жақындау болғаны ма ?

Кімнен: mhvfm Қайдан: hvmc
09.07.2010 19:07
+0 / -0
durysko

Кімнен: Ұлтшыл бала
09.07.2010 21:00
+0 / -0
Мен жаңа ғана осы материалды www.nur.kz сайтынан оқыдым. Мұнда тура соның аудармасы. Азаттықтардың бұл ісі несі?

Кімнен: Қуантай Амантайұлы Қайдан: Астана
09.07.2010 21:32
+0 / -0
Біз осы неге біресе иығымыздан күліп, немесе жылап тұрамыз.
Пікірде де қызулыққа салынып біресе мақтап, біресе даттап тұрамыз.

Кімнен: Jadik92nomad Қайдан: Astana - B. Olgey
09.07.2010 22:03
+0 / -0
Ия, тойдың боларынан, боладысы қызық демекші, тойдың болуынан көрген де арманда, көрмеген де арманда.

Біздің президент қолда бар мүмкіндігін пайдаланып қалды-ақ. Негізі Н. Ә. Назарбаев ағамыз бақытты екен. Осы заманда дүниеге келіп, осындай сәтте, Әлем жағдайы түзелген, бейбіт заманда күн кешу, бәрімізі үшін біздің алдымызда өмір сүріп кеткен талай ата-бабаларымыздың армандаған тыныш күндерінің табалдырығы ма деп ойладым.

Өзім, көзі тірі адамның өзіне ескерткіш орнаттырып, ел-жерден өзінің атын беруін "астыртын" сұрау ыңғайсыздау сияқты көремін. Дүниеден кім өтпеген... Талай сілімтік сатқын басшылар да, талай ұлы көсемдер де өтті емес пе... Егер осы туған күнді хандық кезеңнен кейінгі Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай сынды қазаққа жаны ашыған, ұлтжанды, текті аталарымыздың туған күні етіп тойласа, мен осы күнді ерекше атап өтер едім. Ал бұл жерде таза эгоизм... Сонда да, біздің ел бәрібір жоғарыдан көрінуі тиіс ауқатты мықты ел болуы керек.

Қазіргі президентіміз сыртқы елмен байланысты мықтап орнатып берді, елдің экономикасын жақсартып, саяси тұрақтылыққа қолымызды жеткізді,алдағы келер болашақ елбасшымыз кенже қалған қазақтың мүддесін түгендейтін ұлтжанды, қазекемнің кең мінезінен дәм тартқан (қатты ұлтшыл болмасын дегенім ғой) заманның жымысқы саясатына барынша дайын азамат таққа келсе екен деп тілеймін.

Астана - әрбір қазақ баласының Ұлы Ордасы! Елорда күні құтты болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ456 Қайдан: Өскемен
10.07.2010 22:11
+0 / -0
Бауырым, жәдіктін ішінде кім боласың?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.07.2010 23:18
+0 / -0
adalaster24@gmail.com

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Маңғыстау
09.07.2010 22:24
+0 / -0
Осындайда, баяғының шалдары - ой... есіл ақша... дер еді.
Мені қинайтыны, қазақ болып өз жерімізде қазақшаға зар болғанымыз, біздің Нұрекеңнің осы қазақшаға "басы ауырып- балтыры сыздамайтыны" жаныңа батады. Қазақтың байлығының көлденең көк аттыға жем болып жүргеніне көзіміз үйреніп, етіміз өліп кеткен жоқпа?!
Алладан тілейтінім - енді Қазаққа қандай патша келсе де, қазаққа, қазақтың тіліне "оң көзімен" қараса екен!



Кімнен: макс Қайдан: алматы
10.07.2010 17:43
+0 / -0
Тойга карапайым казак дурыс кыдыра алмады, ойткені бары кымбат, шенеуніктер өздері үшін жасаған секілді, концерттерге кіру туске де енбейді. билет құны 100000-150000 тг

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.07.2010 21:35
+0 / -0
Иманғали - болашақ президент! УРА!

Кімнен: Сара Қайдан: Кентау
12.07.2010 08:32
+0 / -0
Шіркін, тілдерің сайрап тұр. Өздерің биліктің басында отырсаңдар, туған күндеріңді тойламайтындай, ақшаны шашпайтындай бейшара кейіп танытпаңдаршы. Қазақ тілінде кім сөйлетпей жатыр сендерді. Оған да Назарбаев жауап беруі керек пе? Жауапкершілікті біреуге аудара салғанды бәрің жақсы көресіңдер. Бәрің де Осы Қазақстанның Азаматысыңдар, біреуді өсектеп, жала жаба бергенше, неге жұмыс істемейсіңдер. Осыған кіріп, уақыт тауып жүргендеріңе қарағанда, сендер де мүсәпір емессіңдер. Тілдерің мен жақтарыңа сүйеніп, дауға дайын тұрсыңдар. Ал, әрқайсың жеке не бітірдіңдер туған жер, ел үшін? Осы сұраққа жауап беріңдерші.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаяу Мұса
12.07.2010 23:51
+0 / -0
Құрметті Сара! Сіздің ойыңызша Қазақстан әркім күшенгенінше шашатын, білгенін істеп жүре беретін жабайы тобырдың жиналған жері екен ғой. "Халық", "мемлекет", "заң", "тәртіп", "жауапкершілік", "болашақ
-ты болжау", "сыртқы қауіптен қорғану", "салт-мәдениетіңді қастерлеу" дегендей ұғымдар бізге түбегейлі жат екен ғой. Бәрінің де ойлағаны "шіркін-ай, билікке жетіп алып, халықтың байлығы мен қанын теспей сорсам, сол бекер келген дүниені туған күнімде оңды-солды шашып, атақ жинасам" деген арман екен ғой.
"Байлықтың көзі - Билік пен Банкіні және т.б. орысша сайратып қойып, қазаққа "өзіңмен өзің қазақша сөйлесе бер" дей салса - кілең тобыр өзімен-өзі қауқылдасып жүре беретін" жер екен ғой бұл!
Қолындағы күрегін тартып алсаң да қара топырақтан май шелпек жасап, "өз күнін өзі көре беретін" ел екен ғой бұл - "Ахау сиса, сиса" деп әндетіп...

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қытаин
12.07.2010 12:01
+0 / -0
нан қазақты өзі жеуден сырт жала шағасымен жеді,құлбайев қазақтің мүнайын қытайға тегін сатып неше жұз мілйон долларды өз қалтасына салды,қытайлар оны өте мақтайды.осындай отан сатқыштарды қазақтар неге мақтайды білмедім қолға қару алып мәңгүрт бійлігін аударып оларды қазақ заңы бойынша ұрім бүтағымен қалтырмай қыратын кез кулді енді

Кімнен: s Қайдан: krg
12.07.2010 18:31
+0 / -0
Хан шатырын неге сыпырғыш сияқты жасады екен ә?Сыпырғыштан аумай қалыпты!!
Пікір алмасу

Кімнен: С Қайдан: крг-га
17.07.2010 00:31
+0 / -0
Сендерде сыпыргышка уксас турмак, сыпыргыштын бір талына татитын архитектуралык туынды жок.

Кімнен: ж Қайдан: Актобе
13.07.2010 14:55
+0 / -0
Шынымен, Имангали болса!!!!!!!

Кімнен: Айдар Хайдарулы Қайдан: Алматы
19.07.2010 04:13
+0 / -0
Казир Казакка той тойлайтын уакыт емес! Осынша акшамен-дунияны ысырап еткендер онбайды! Обал сауапты билмейтин иттер! Осынын бари жеке баска табынудын бир кориниси! Казактын тагдыры НАН нын колында емес! Алланын колында! Куранда Алланын Аяты бар: Оздерин кандай болсандар сендергеде сондай басшы бердим деген! Ал осы созден корытынды жасап кориндерши?! Жалпы казак атаулы азып барамыз! Сундетке отырмаган арамдардын койнында жаткан каракоз кыздарымыз, байсыз бала тапкандар, оларга жалгыз басты ана деп ат койып акша толеп отырган окимет, катын баласын уиине отыргызып койып басканын бакшасында кыдыратындар, онегели бир ауыз сози жок карттар, бир адамнын аркасында енбек ери атанып колын суйип жургендер, осек айтып айтысты жаптырган ... руынын окилин иттин етиненде жек коретин музей директоры, жузге болинип алып такка таласкандар, сайлаушыларын сотка беретин депутаттар, оз жанынан коскан бир ауыз улык сози жок 19 гасырда омир сурген гулама Абайдын созин кайталап депутат атангандар, акенди жумыска коямын деп кызынын арына кол салган сенатор, елим ушин деп окка ушкандардын халык алдында адил багасын бере алмаган зиялылардын зиянынан басканы кормедик.... мине осынын бари ел ишиндеги бассыздыктар... балык басынан ширимейме.... Акимдердин тойгандары соншалыкты ырс-ырс етип оздигинен дем ала алмайтын халде... Халыкты алдаган алаяктар, заказ алып жумыс жасайтын силовиктер.. айткан сози мен истеген иси еки турли есек басты ешки дауысты динбасылар, кудай ушин деп мешиттин босагасына жашик койып жиган садака-акшаны кай кудайларына апарып берип жургендерин ким билсин.... кимнен умит кимнен кайыр...

Кімнен: Айдар Хайдарулы Қайдан: Алматы
19.07.2010 04:25
+0 / -0
Казакстаннын 3 президенди Имангали! Ойткени 70 жаска жакында толган Елбасы енди 70 жыл омир сурмейди. Биликти озинин ен сенимди адамына Ресей Аюымен акылдаса отырып откизип береди. Сосын бир 5 жылдан кеин Алла сатин салса Имекен Хан болады! Хан сайлайтын халыктын ози! Иман ага, Елбасынын касында кой терисин жамылган "жерлес" тобетти кой екен деп бас салып журмениз! уакытында корермиз барин де....
Пікір алмасу

Кімнен: Секе Султангазы Қайдан: Алматы
22.07.2010 11:22
+0 / -0
Астананың тойы елдің тойы!Нұрекеңнің мұржасы түзу ғой тек түтіні қисық ұшады.Қалай десекте ол көп іс тындырды Асан қайғының арманын орындады.Үрлей сап көзің қайсы дейтіндей егемендік ала сап сан ғасыр тұншыққан ұлттық сананы 18 жылда ояту мүмкін емес.Осы той барысында Қазақтың ұлттық болмысын тағы да бір рет әлем таныды.Сырты бүтін іші түтін елдің жатқа көрсетер айбары да осы.Көрші Қырғыз бауырларға ұқсап құтың кетпесін десең қазірден қамдан!Сол құтты орнатқан кім!?Кеткен 10 миллион да 10 есе боп қайтады тұрақтылық болса...Құрманғазы оркестрінің дүлділдігін сол тойда дәлелдеді.Алда Азия ойындары ОБСЕ ге төрағалық соның брә төккен тердің жемісі деп сенем!!!!!Кеңестің қалдықтарын қазақша сөйле деп кінәлай алмаймыз 40 жылдық тәрбие кесірі.Жас ұрпақ біз ойланатын уақыт жетті!!!!!!Рас арсыз басшылар,әділетсіз әкімдер өріп жүр.Тіпті депудаттар да ұлт дегенде демін әрең алады.тойға келген Тайсон тамаша қазақтың ғұрпына таңғалғанын жасыра алмаған.Бұл енді мойындау!Ұлт тағдыры ұрпақты қолында ДОСТАР!!!!!!!!

Кімнен: Ахметжан Қайдан: Семей
19.07.2010 16:43
+0 / -0
Елбасымыздан кейн кім келетіні, уқыт еншісінде оны қазыр дөп басып айту қыйын. Кім келсе де Хан қылып сайламаймыз Еліне қызмет ететін президентті сайлаймыз.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі