Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:06

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Петр Борис: Жаңаөзен куәгерлерін қорғау керек

Ақпанның 22-сінде Еуропарламент депутаты Петр Борис Алматыға жетті. Бір күн бұрын Жаңаөзен басшылығымен және жергілікті тұрғындармен кездескен депутат осы сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан билігіне нота жолданатындығын айтты.

Еуропарламент депутаты Петр Борис Жаңаөзенге сапары жайлы айтты. Алматы, 22 ақпан 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Маңғыстау облысына бір күндік сапармен барған депутат түске дейін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен кездесті. Ал түстен кейін Жаңаөзенге барып жергілікті басшылық пен тұрғындармен жүздесіп, қысқаша сөйлескен.

«КУӘГЕРЛЕРГЕ ҚАУІП ТӨНБЕУІ ТИІС»

Жаңаөзеннен Алматыға ұшып келіп, әуежайда Азаттыққа сұқбат берген Петр Борис «қала халқы әлі есін жия алмай отыр, қалыпты өмірге оралу үшін уақыт керек» деді.

- Жаңаөзендіктер қалыпты өмірге оралу үшін мемлекет тарапынан көмек қажет. Еш нәрседен қорықпау керек екендігін сезініп, сенім пайда болуы керек. Жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыру керек, - деді ақпанның 22-сі күні Петр Борис.

Оның сөзінше, «мемлекет жасайтын көмектің ішіне қаржылай және психологиялық көмектен өзге, Жаңаөзен оқиғасына қатысты ашық куәлік бергендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін декларация да болуы тиіс».

АНАЛАРДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ МЕН ҮРЕЙ

Ақпанның 21-і күні түстен кейін депутат жергілікті тұрғындармен, басым көпшілігі әйелдермен кездескендігін айтады.
​​
- Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза болған және жараланғандардың туыстарымен кездестік. Кездесу кезінде қатты толқу сезімі байқалды, аналардың көз жасын көрдім. Олар өз қайғысымен жалғыз өздері қалып қойғандай сезімде екендігін айтады. Олар өздерінің көрген-білгендерін ашық айтудан қорқатындарын да айтты, - дейді депутат.

​​
Оның сөзінше, Жаңаөзен мәселесі Еуропарламентте тағы да талқыланады және қазақ билігіне оқиғаның обьективті тергелуін талап ететін нота жолданады.

ШЫНДЫҚТЫ БИЛІК ЕМЕС, ХАЛЫҚ АЙТАДЫ

Кешеден бері Жаңаөзенде жұмыс істеп жатқан қоғамдық комиссия өкілі Рысбек Сәрсенбаймен тілдескенімізде, ол Петр Бористің жаңаөзендік әйелдермен кездесуіне куә болғанын айтты.

- Депутат Жаңаөзеннің әкімі, прокуратура, ішкі істер департаментіне барған болуы керек. Жергілікті халықпен бар болғаны 15-ақ минут кездесті. Оның өзінде екі-үш адамның ғана басындағы жағдайды естіді. Сосын жергілікті басшылықтың берген уәделерін айтып, соған сенгенін жеткізді. Меніңше, оның алған деректері - мүлде жеткіліксіз. Мен депутатқа, шындықты билік емес, халық айтатындығын айттым, - деді Рысбек Сәрсенбай.

Оның сөзінше, «соншама жерден келіп тұрып, биліктің уәделерін тыңдап қайтқан депутаттың бұл сапарын өзін-өзі ақтады деуге болмайды».

Еуропарламенттің Польшадан сайланған депутаты Петр Борис ақпанның 21-і Маңғыстау облысына бір күндік сапар шегіп, облыс әкімімен, Жаңаөзен қаласындағы билік өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездескен еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: декларация Қайдан: нотадан
22.02.2012 20:09
+0 / -0
Анау керек, мынау керек, әй әкеңнің ауызын... , қырт неме, о несі-ай, ит өлген жерден былғарыбастарға ақыл айта келіппе, зәру еді олар сенің декларация, нотаңа, шеш... с... !

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
22.02.2012 20:27
+0 / -0
Мүмкін ПБ Ақордаға тезірек барып өзіне "тиесілісін" алуға асыққан шығар бәлкім?

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
22.02.2012 20:37
+0 / -0
Біздің Халықтың мұңын Еуропарламент шешпейді! керек болса, билік олардың басын айландырып, оларды сатып алуға шамасы жетеді. Өз бауырлары қырылып жатқанда, өзіміздің жәніміз ашымағанда, басқа елдің жәні ашымайды, біз тек оны өзіміз шешуіміз керек!

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
22.02.2012 21:00
+0 / -0
Өз жерінде, өз елінде жетімдіктің күйін кешіп, бейшара болған, сорлы бауырларым -ай! Айтар сөзін де айта алмай, жасына булыққан, қайғыдан көкірегі қарс айрылардай болып жүрген бейшара қазақ әйелдері -ай! Өз билігіміз сендерді адам деп сөзіңді тыңдамаса, жазықсыздан жазықсыз түрмеге қамаса, неге керек, мына "тәуелсіздік"! Бұндай тәуелсіздіктің барынан жоғы! Қыздарын, әйелдерін шеттен келген басқа біреулерге көз жасын сорлғалатып, мұңын шақтырған, менің қайран ғана, қор болған Қазастаным! Нұрсұлтан; саған, осыдан басқа, қандай ғана масқаралық керек! Жаңаөзенге бардың да, өз халқыңмен кездесуге қорқып, қашып кеттің. Неге сол жерде сорлы әйелдердің сөзін тыңдамадың, Өліп кетсең де! Сенің өйтіп, президент болғаныңа болайын! Ай; нұрсұтан, солардың көз жасы сені де, сенің жендеттеріңді де жібермейді, жібермейді! Көр де тұр, бәлем!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
22.02.2012 21:12
+0 / -0
Еуроодақтың адамы , Қазақстанда демократия жоқ екенін біліп келді ғой. Ол еуропа цивилизациясының адамы біздің басшылардың малғұндар екенін де біліп келді, бірақ ол біздің малғұндардың бетіңе бақырайып отырып өтірікті судай сапыратынын, сен үшін отбасыңды, бала- шағаңды қуғындап әлекке салатынын , адам тектес хайуандар екенін білмеген болар. Несіне шала бүлінесіңдер, бәрі біздің өз қолымызда ,әрине, бірақ, олардың да көмектері бар, олар болмаса, бізді бұдан да жаман жағдайда қылар еді. Сондықтан, олардың көмегі керек. Бұлар қанша дегенмен ,соларға жалтақтайды. Оларда қыса берсін, біздер де митингі ге шығып,қыса берейік. Ұра берсе киіз қазық жерге кіреді дейді. Ұра берейік, жан жақтан. Тек тыныш отырмайық, мазалай берейік.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
22.02.2012 21:24
+0 / -0
"...Соншама жерден келіп тұрып, биліктің уәделерін тыңдап қайтқан депутаттың бұл сапарын өзін-өзі ақтады деуге болмайды", - деген Р.Сәрсенбайдың сөзі тым асығыстау айтылған пікір емес пе екен? Ол, біріншіден, дипломат емес пе, бөтен елге келіп халықтың арызын тыңдап тұруға этикалық тұрғыдан ыңғайсыздық туындаған болар. Қалай болғанда да асығыстық жасамайық, артын күтейік, ең маңыздысы - оның халықпен неше минут сөйлескенінде емес, не түсінгенінде. Ертең еліне барған соң қалай сайрайды - сонда белгілі болады жағдай.
Егер дұрыс адам болса, Жаңаөзендік аналарды бір көргеннен-ақ шын жағдайды бірден түсінеді, ал ниеті теріс адам болса, 10күн сөйлессе де түкке түсінбейді
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
22.02.2012 23:01
+0 / -0
Сексендегі анамызбен апайларымыз ақ жаулығын сүйіретіп келіп, өз елінде әділетті адам таппай, көз жасын төгіп, шетелден келген кәпірге жалынғанда ұят пен намыстан жарылардай болдым! ел басына күн туды ағайын, ояныңдар!

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
22.02.2012 22:17
+0 / -0
Сен жанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, кім жанады лапылдап! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ.

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
22.02.2012 23:32
+0 / -0
мынаның аудармашы қыз сөзі ауызынан түсіп қалайын деп тұрғои мына пан мырза түсінді мекен халықтың мұңын осы әшиінде басқа тілді сайраитын қазақ поляк тілін білетін біреу болмады мекен не болсада әитеуір бір іс бітірсе екен өлетін болдыққои әркімге жалтақтап

Кімнен: шүбә келтіруші
22.02.2012 23:37
+0 / -0
Егер билік "сүттен ақ, судан таза болса" неге олар Жаңаөзендік жаны қиналып жүрген аналарға және басқа тұрғындарына неге сонша шүйлігеді, соны түсінбеймін. Заманбекке, Алтынбекке де, Жаңаөзеннің бейбіт тұрғындарына да оқ атуға тапсырма бір-ақ жерден шықпады ма екен?!...

Кімнен: Кафка
23.02.2012 00:56
+0 / -0
Әй атаңа нәлеттер-ай!
Европарламенттің депутатының аузын ұрып отыр бұлар.
Біздің халық та мешел бала сияқты әркімге жаутаңдап, қорқып қалтырап қалған.
Құлағын кесіп құнтитып, құйрығын кесіп шұнтитып тастаған қазақты. Осыдан біраз жыл бұрын қазақтар қазір тізерлеп тұрмыз деп ойлаушы ем, жер жастанып жалпамыздан түсіп жатып қалыппыз қазір.

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
23.02.2012 12:04
+0 / -0
Асықпайық,ағайын, барғасын не айтады екен,соны тыңдайық. Сосын ол кісінің куәгерлерді қорғау керек деген сөзі дұрыс. Енді қалай қорғайды екен, соны білейік.
Митингіден де қалмайық, біз қимылдамасақ, олар да аяқсыз қалдырады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 12:12
+0 / -0
Жаңаөзен жайлы айтыстарды тыңдаңыздар!!!аhttp://www.azattyq.org/content/kazakhstan_aitys_serikzat_akmaral_zhanaozen/24489688.html

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
23.02.2012 17:23
+0 / -0
Еуродепутат куәлерді қорғау керек деді. Онысы дұрыс. Бірақ механизмі қалай екен. Соны анықтаса, дұрыс болар еді.

Кімнен: адай ұл Қайдан: маң дала
23.02.2012 22:32
+0 / -0
Ұлт өмір сүргісі келмесе оған ешкімде көмектесе алмайды. Азаттықтың иісі- оқ дәрі мен қанның иісі

Кімнен: Азамат Қайдан: Арқа елінен
24.02.2012 10:53
+0 / -0
"Иілмеген қазақтың" пікіремен толық қосыламын. Парақор биліктің арам саясатын әшкерелеу үшін жан-жақтан "қыспаққа" алу керек. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар, мейлің қазақстандық болсын шетелдік болсын, олар да өз тарапынан біздің биліктен сұрау керек, талап етулері керек. Ал біздер болсақ өзіміздің тәуелсіздігіміз үшін, бостандығымыз үшін, әділдік үшін, заңды құқықтарымыз үшін күресті одан әрі өршітіп, тыным таппауымыз керек. Ақпанның 25-де болатын жалпы қазақстандық наразылық акциясына жұмыла қатысайық. Өзім істейтін шағын ұжымда жігіттер баруға бел байлап отыр. Жаңаөзен, Шетпе, Ақтау, Жетісай, Алматы, Орал, Астана... бұл қатар көбейе береді деген сенімдемін.
Алға Қазақстан!
Пікір алмасу

Кімнен: Алмас Қайдан: Қазақтың рухани астанасы
24.02.2012 12:22
+0 / -0
Азамат дұрыс айтады,ертең болатын жаппай наразылық митингісіне көптеп қатысайық. Мәскеуде кеше 130 000 адамкзшеге шығып өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланған. Ешқандай тәртіпсіздік болмаған, полицейлер ешкімді ұстамаған, қайта митингілер өткізуге қолайлы жағдайлар жасаған. Және сол митингілер Мәскеудің орталық алаңдарында өткен. Мен туыс құдаларым бар, 5-6 адам боп барамыз.Шынында да, ойланайықшы, ағайын, әділеттік үшін, демократия үшін ,нағыз тәуелсіздігіміз үшін күрес тек Болаттардың Жармаханның, Әміржанның,Мұқтар Шахановтың, Мұқтар Тайжанның, 21 жастағы Жанболат Мамайдың ісі деп күңкілдеп үйде отыра береміз бе. Ең болмаса митингке барып моральдық қолдау көрсетейік. Жеңіс күні алыс емес.