Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:17

ҚАЗАҚСТАН

Әскери сот Маерманов пен Шейнкманды 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Қазақстандық генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов пен израилдік Борис Шейнкман 11 жылға сотталды. Сәрсенбі күні Астанадағы әскери сот оларды сыбайласқан жемқорлық қылмыстары бойынша айыпты деп тапты.

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болған генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов. (Сурет министрліктің сайтынан алынды)
x
Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болған генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов. (Сурет министрліктің сайтынан алынды)
Мәтін көлемі - +
ЖАБЫҚ СОТТЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ЖАРИЯ ҮКІМІ

24 ақпан күні Ақмола гарнизонының әскери соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов пен Израиль азаматы Борис Шейнкманға қарсы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Әскери прокуратура таратқан ресми ақпаратта Маерманов пен Шейнкман 11 жылға бас бостандығынан айрылды деп жазылған.

Генерал-лейтенант Маерманов «сыбайласқан жемқорлық, билікті теріс пиғылда пайдалану, пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану» қылмыстарын жасады деп айыпталды. Ал израилдік Шейнкман алаяқтық жасады және пара берді деп жазаланды.

Ресми ақпаратта осы іске қатысты тағы бір офицердің сотталғаны айтылған. «Маерманов және Шейнкманмен бірге, билікті теріс пиғылда пайдалану және қызмет бабын асыра пайдалану қылмыстары бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің артиллерия және зымырандық әскердің бұрынғы қолбасшысы Е. Жартынов 7 жылға бас бостандығынан және әскери шенінен айрылды» деп хабарланды.

Бұған қоса бұрынғы вице-министр де әскери шені мен мемлекеттік наградаларынан айрылуы мүмкін. Әскери сот Қазақстан президентінің атына осындай ұсыныс түсіріп отыр. Сот шешімі бойынша, жазаланушылардың барлығының да мүлкі тәркіленеді.

Айта кетерлік жайт, әскери прокуратура үкімінің заңдық күшіне қашан енетіндігі, сондай-ақ сотталғандарға жалпы, қатаң немесе ерекше режимнің қайсысы қолданылатындығы, нақты қай колонияға жіберілетіндігі туралы хабарламады.

Сонымен бірге, жазаланушылардың гарнизон шешімімен келісер-келіспестігі, бұған қоса үкім шығарған судьяның аты-жөні де белгісіз қалып отыр.

ІСТІҢ ИЗРАИЛДІК ТАМЫРЫ

Маермановты 2009 жылы сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстады. Сол кезде ҰҚК Маермановтың Қазақстанға израилдік әскери кәсіпорынының мүддесін көздеп келген Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталып, Израилмен 2006 жылы жасалған қару-жарақ келісіміне қатысты заң бұзушылықтарға байланысты қамауға алынды деп хабарлаған еді.

Атап айтқанда, генерал-лейтенант Маерманов реактивті қаруды сатып алу және артиллериялық жүйелерді жетілдіруге қатысты израилдік фирмалармен бірқатар келісімшарт жасау кезінде өз өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған-ды.

Қылмыстық іс қорғаныс министрлігінің 82 миллион доллар сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны жайлы Есеп комитетінің жасаған материалдары негізінде қозғалған. Тергеудің анықтағанындай, келісімшарттар 2006 жылдан бастап қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановтың тікелей жетекшілігімен жасалынған.

ҰҚК ол келісімшарттар бойынша үш артиллериялық жүйені сатып алуға 190 миллион доллар жұмсалғанын айтады.Тергеушілер мұны әдейі қымбат бағамен көрсетілген деп санайды.

Әскери сот қылмыстық істі 2009 жылы қарашада қарауды бастаған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Манат
25.02.2010 03:18
+0 / -0
Жасы келгенше соншама ақшаға да құнығуға болмайды ғой, енді төрінен көрі жақын қалғанда торға қамалып отқаны, бәрінен айрылып.

Кімнен: oralman Қайдан: almaty
25.02.2010 08:53
+0 / -0
Mundailardy qytaida tek atu zhazasyna kesedi.atyp tastau kerek ,bolmasa zhegen aqshasynan para berip bir-eki zhylda shyghyp alyp masairap zhuredi.ony korgen basqalar tipten qoryqpai zhemqorlyqpen ainalysade.qairan zhuas qazaghymai!!!

Кімнен: қара қыз Қайдан: Алматы
25.02.2010 11:51
+0 / -0
Не дерімді де білмеймін .Адамдардың араны ашылып алғанба ,әлде қоғам солай итермелеп отырма ...елін ,жерін ,ұлтын ойлайды деген ағалардың өзі былай істегенде басқаларға не кінә артамыз? Қайран ҚАЗАҒЫМНЫҢ байлығы ,өз халқың үшін жұмсалар күн боларма екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылбай Қайдан: атажұрт
25.02.2010 12:35
+0 / -0
БАБАларымыз бізге *МАЛЫМ ЖАНЫМНЫҢ САДАҚАСЫ ! ЖАНЫМ АРЫМНЫҢ САДАҚАСЫ !!!!*-деп айтып кеткен ! ал Бұл заман бізге *арың жаныңның, жаның малың садақасы!!!!*-деп келекелеп тұрған-ай!!!

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
25.02.2010 15:16
+0 / -0
Көк тудың алдында мұрты майлапып, погоны сайланып отырған Маерманов мырза, енді көк тордың ар жағында қолы байланып 11 жылды өткізеді дегенге өз басым сенбеймін. Өйткені, ол қоңды, ішегі майлы, ондай құқайдың талайын көрген қақсал. Оның үстіне бұл биліктің сырт көзді алдаусыратып отырған қойылымы сияқты сезіледі маған. Үйірлі қасқырлар кейде бір-бірін осылай қорғайды. Мынау да дәл сондай ойын ба деймін. Аз ғана құрбан беріп, үлкен жемтіктесін аман сақтап қалу бұл елдің әдетіне айналғалы қашан!

Кімнен: Нурик Қайдан: Қазақстан Республикасы
25.02.2010 17:10
+0 / -0
Кезінде РВиА нын командирі кезінде сыйлайтын едім. Нағыз генерал осындай болса деп ойлаушы едім. Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын деген сөз бар ғой. Негізі ДШБ нын командирін де парашют сатқаны үшін соттау керек. Маермановтын күйеу баласы подполковник Айтжанов қайда екен? Бұлар әскери мафия ғой.

Кімнен: Анықтағыш
26.02.2010 21:52
+0 / -0
Ах осындай халқын сатқан сатқындарға қандай сатқын генерал атағын берген. Ертең соғыс болса, дәл осындай генералдар елін сатып кетеді. Қазір соғыс болмай-ақ, сатқындық қасиеті қанына сіңген қорқақтар Қазақстанды сатып болып қалды. Бұлар еліміздің қорғанысын күшейтеді деп жүрсек, керісінше сатып жүр екен ғой. Құлыбаевқа айту керек кімдерді қабырғаға тақап қойып, басқа жерінен емес, тек маңдайынан ату керек екенін.

Кімнен: Төрехан Қайдан: алматы
27.02.2010 19:00
+0 / -0
Барлық жерде еврей делдал боп жүреді. Әскери стратегиялық ғылыми орталықтың президенті боп бір қазақ отырған емес.Масқара ғой,Федосеев, Дубовцев....Кілең пенсионер. Қазақта мықты полковниктер бар ғой. Еврейлерді армия маңайынан қу керек.Әитпесе арты бәрі осылай болады.

Кімнен: Халықберген Қайдан: Алматы
27.02.2010 23:23
+0 / -0
Мұқтар алтынбеков пен Даниал Ахметовтер қанша сатты екен, оны кім тексереді? Осы екеуінің бірін отырғызса ғана сенемін, мынаның айыпты екеніне.