Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:19

САЯСАТ

Ширек ғасыр бұрын Назарбаев Қонаевқа қарсы шықты

1986 жылдың 6 ақпанында Қазақстан компартиясының 16-съезі басталды. Сол жиында бірнеше делегат күтпеген жерден Дінмұхамед Қонаевты сынай жөнелді. Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, бұл істе Нұрсұлтан Назарбаев айрықша ынта танытқан.

Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақ шетте) пен Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев (оң жақ шетте).
Мәтін көлемі - +

Қазақстан компартиясының 16-съезінде Қазақ ССР министрлер кеңесінің 45 жастағы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан коммунистік партиясы ОК бірінші хатшысы, жасы 74-тегі Дінмұхамед Қонаевқа қарсы шығып, бірінші хатшыны да, 16-съезд делегаттарын да есеңгіретіп тастады.

1985 жылы 55 жастағы Михаил Горбачев Совет одағы коммунистік партиясы (СОКП) Орталық комитетіне (ОК) бас хатшысы болды. Бұған дейінгі Леонид Брежнев, Юрий Андропов, Константин Черненко тәрізді қаусап отырған бас хатшылар айналасы үш жылдың ішінде бірінен соң бірі дүниеден өткен еді. Олармен салыстырғанда Горбачев анағұрлым жас көрінетін. Таққа отырысымен қайта құруды бастаған Горбачев ендігі жаңа жұмысты қартайған партия кадрлары атқара алмайды деп шешті.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, 1986 жылдың қаңтар айында СОКП ОК Дінмұхамед Қонаевты зейнет демалысына жіберу туралы шешімді пісірген.


НАЗАРБАЕВ ҚОНАЕВҚА ҚАРСЫ ШЫҚТЫ

1986 жылдың 6 ақпанында Қазақстан компартиясының 16-съезі басталды. Осы съезде Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде әлі тұғырдан тая қоймағандай көрінетін Дінмұхамед Қонаевқа қарсы шықты.

Осыдан бір ай бұрын, 1986 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы КГБ төрағалығына Мәскеуден Виктор Мирошник жіберілген болатын. Мәселе
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақ шеткі), СОКП ОК бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақ шеткі). Целиноград, 1985 жыл.
жылдың соңында шешілді: Алматы мен өзге де ірі қалаларда желтоқсан оқиғалары болды; генерал Мирошниктің өзі Қонаевты үйқамаққа алды. Ал бұның барлығы 1986 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың күтпеген жерден Қонаевқа қарсы шығуынан басталды.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, 1985 жылы Совет Одағында билікке Михаил Горбачев келген соң Қазақстандағы амбициялы жоғары дәрежелі шенеуніктер Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың дәурені өтіп бара жатқанын түсінді. Оған қоса Қонаевты орнынан түсіру үшін Мәскеу оларға дем беріп, итермеледі деген де пікірлер бар.

Ол кезде Қазақстандағы жоғары биліктен үш адам үміткер болатын. Олар: Зақаш Камалиденов – Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы, Еркін Әуелбеков – Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы.

Қазақстан компартиясының сол съезінде жоғары биліктен үміткер үшеу де Дінмұхамед Қонаевқа қарсы шықты. Бұның қалай болғаны жайында 2009 жылдың 22 маусымында Азаттық радиосы ауқымды материал жариялаған.

Төменде біз осы съезде болған оқиғаға өзге бір басылым ауторының берген
Горбачев Қонаевқа қарсы қазақтың жоғары билігінен үміткерлердің бірі Назарбаевты пайдаланбақ болады. Назарбаев партия съезінің мінберінен Қонаевты «әшкерелеген» соң бұл сөз төңкеріске берілген белгі болуы керек еді.
бағасын келтіреміз. «Профиль» журналының 1999 жылғы 6 желтоқсандағы санында жарияланған «Нағыз хандық» атты мақаласында Лиза Бричкина «Горбачев қартайған Қонаевты қызметтен алмақ болғанда Назарбаев оған көмектесті» деп жазды.

«Қонаевтың өз еркімен кеткісі келмеді. Украинадағы Щербицкий сияқты ол да халықтың өзін қолдап отырғанын, сондықтан бұрынғысынша билікте отыра беретіндігін айтты. Бұдан соң Горбачев 1986 жылдың басында өтетін Қазақстан компартиясының съезінде оны орнынан алмақ болды», – деп жазады Лиза Бричкина.

Лиза Бричкинаның жазуынша, «Горбачев Қонаевқа қарсы қазақтың жоғары билігінен үміткерлердің бірі Назарбаевты пайдаланбақ болады. Назарбаев партия съезінің мінберінен Қонаевты «әшкерелеген» соң бұл сөз төңкеріске берілген белгі болуы керек еді».

«Назарбаев бұл іске жанын сала кірісті, – деп жазады Лиза Бричкина. – Съездің алғашқы күні-ақ ол күні кеше өзінің жебеушісі болған адамды республика экономикасын құлдыратты деп айыптады. Тіпті, сол кезде республика Ғылым академиясының президенті болып отырған Қонаевтың туған інісі Асқар Қонаевты маскүнем деп атады (Қонаев қызметтен кеткен соң да Назарбаев бұрынғы бастығына тыным берген жоқ. Ол бір жерден Қонаевтың ескі анкетасын тауып алды. Онда 1949 жылға дейін Қонаевтың ұлты татар деп жазылған екен)».

Лиза Бричкинаның жазуынша, «өзге делегаттар Назарбаевты қолдамаған».
«Кешкісін съезд отырыстарының арасында Қазақстан компартиясы ОК ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Сұлтанов Қонаевтың тапсырмасымен біраз жұмыстар жүргізіп, съездің келесі күні мүлдем бөлекше әңгімелер айтыла бастады. Қонаевты мақтаушылар оның аяғын жерге тигізген жоқ. Төңкеріс жасау әрекеті іске аспай, съезд Қонаевты Қазақстан коммунистік партиясы (КП) ОК бірінші хатшылығына бір ауыздан қайта сайлады. Әңгіменің ауаны қайда кетіп бара жатқанын түсінген Назарбаев та жақтап дауыс берді», – деп жазады Лиза Бричкина.


ҚОНАЕВ НАЗАРБАЕВТЫ БАУЫРЫНА ТАРТТЫ

«Нағыз хандық» атты мақаласында журналист Лиза Бричкинаның жазуынша, «1970 жылдардың ортасында сол кездегі Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев Қарағандыға келіп кеткен соң Назарбаев қызметте бірден өсе бастаған».

«Жарқырап сөйлеген жас белсенді қазақ жігіті оның есінде қалып қойған.
1981 жылы Қонаев 70 жылдық мерейтойын тойлайды. Назарбаевтың Қонаевқа барынша жақындағаны соншалық, мерейтойлық дастархан кезінде Қонаев Назарбаевты «балам» деген.
1977 жылы Назарбаев Қарағанды обкомының хатшысы, арада біраз уақыт өткен соң екінші хатшысы болған. Ал, 1979 жылдың желтоқсан айында Қазақстан КП ОК-нің экономика мен өнеркәсіп жөніндегі хатшылығына келді», – деп жазады Лиза Бричкина.

Лиза Бричкинаның жазуынша, «партиялық иерархияның жазылмаған заңын бұза отырып, Назарбаев бірнеше сатыдан бірден аттап кеткен».

Лиза Бричкинаның пікірінше, Дінмұхамед Қонаев «қартайып келе жатқан, сондықтан өзін бір күні төңкеріп тастауы мүмкін деп қорыққан. Осы себепті ол жүйені өзгертіп, айналасына өзіне шын берілген адамдарды жинамақ болған».

«Қонаев рулық-қауымдық жүйеден тыс, жүздік элитаға араласа қоймаған, сырттан келген қазақтарға арқа сүйемек болады. Осылайша Назарбаев Қонаевқа жақын адамдардың қатарына қосылды. 1981 жылы Қонаев 70 жылдық мерейтойын тойлайды. Назарбаевтың Қонаевқа барынша жақындағаны соншалық, мерейтойлық дастархан кезінде Қонаев Назарбаевты «балам» деген. Яғни, ол Назарбаевты өзінің мұрагері қылып тағайындаған. Советтік кезеңде Қазақстанда осы сөздің өзі жеткілікті болатын. 1984 жылдың наурыз айында Назарбаев Қазақ ССР министрлер кеңесінің басшылығына тағайындалды», – деп жазады Лиза Бричкина.

Оның жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаев арада екі жыл өтер-өтпестен Қазақстан компартиясының 16-съезінде «өзінің жебеушісін сатып кеткен».


НАЗАРБАЕВТЫҢ СЪЕЗДЕГІ ӘРЕКЕТІ ЖАЙЛЫ ЕКІ ПІКІР

Азаттық радиосы дәл сол атышулы съездің екі делегатына хабарласып, сол съезде Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың атына қандай сын айтты деп сұрады.

Бұл сұрақ президентшіл саясаткер, 1986 жылы Қазақстан комсомолын басқарған Серік Әбдірахмановқа және қазіргі опппозициялық саясаткер, ол кезде Мемлекеттік агроөнеркәсіп министрі Серікболсын Әбділдинге қойылды.

Серік Әбдірахманов қазір асығыс қорытынды жасағысы келмейтінін айтты.

– Маған мұндай сұрақ қойылған. Қазір естелік кітап жазып жатырмын, сол кітапта бұл сұраққа жан-жақты жауап бермекпін... Сын болды. Бірақ тікелей емес, жанама сын. Бұл барлық жерде жазылған, – дейді Серік Әбдірахманов.

Ал Серікболсын Әбділдин Қазақстан компартиясының 16-съезінде
Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың сүйіктісі болатын және оны Қазақстанның жоғары басшылығына Қонаев алып келген. Сондықтан оның айтқан сөзінің мағынасын емес, оқиғаның этикалық жағын қабылдау жайсыздау болатын.
Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа ешкім Дінмұхамед Қонаевты сынаған жоқ дейді.

– Жалпы алғанда өзгелердің тарапынан сын болған жоқ. Әдетте съездерде болатын сияқты олар кемшіліктерді жалпылама айтып кетті. Әрине, съездерде көбінесе жетістіктер туралы айтылады. Алайда съезде мүлдем бөлек тақырып, республиканың экономикалық дамуы туралы сөйлеуі тиіс болған Назарбаев баяндамасының соңында республикадағы жағдайды сынға ала бастады, әсіресе ол Қонаевтың өзіне емес, Ғылым академиясының президенті болып отырған інісіне тиісті. Мұның барлығын мен өз құлағыммен естідім, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, бұның бәрі оған «мүлдем күтпеген жағдай» болған.

– Әрине, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, – дейді Серікболсын Әбділдин. – Оның үстіне мұндай съездерде республиканың бірінші басшысының атына сын айтылмайтын. Ол Қонаевты «бетімен кеткен інісін жөнге салмай отыр» деп айыптады. Сол кезде бұл сөздерді есту өте қолайсыз болатын. Неге дейсіз ғой? Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан компартиясы ОК бюро мүшесі, Дінмұхамед Қонаевтың сүйіктісі болатын. Оны Қазақстанның жоғары басшылығына Қонаев алып келген. Сондықтан оның айтқан сөзінің мағынасын емес, оқиғаның этикалық жағын қабылдау жайсыздау болатын. Бұл әрі ешкім күтпеген, әрі адамгершілікке жатпайтын сөз болды.

Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ол кезде алдына нақты бір ғана мақсат қойған.

– Бұл 1986 жылдың басы болатын. Михаил Горбачевтің билікке келіп жатқан кезі. Горбачев СОКП ОК саяси бюросының қартайған мүшелерінен құтылу саясатын жүргізіп жатқан. Дінмұхамед Қонаев та солардың қатарында еді. Нұсқау алған соң Нұрсұлтан Назарбаев осындай әрекетке барды, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Серікболсын Әбділдин Қазақстан компартиясы 16-съезінің стенограммасын Қазақстаннан таба алмағанын, бірақ оның Мәскеуде бар екендігін айтты.

– Мен Мәскеуде, СОКП ОК мұрағатында болғанмын. Ол жерде партия мұрағатын біршама сұртыптаудан өткізген. Барынша құпия құжаттар Ресей президентінің мұрағатына өткізілген. Мәскеуде Мемлекеттік мұрағат бар, оны СОКП ОК-нің мұрағаты деп айтса да болады. Өзге де мұрағаттар, Ресей президентінің мұрағаты бар. Құпия мәселелердің барлығы президент мұрағатында жатыр, – дейді Серікболсын Әбділдин.


ДӘЛ ОСЫ АДАМДАР ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫН БЫЛАЙ ДЕГЕН

Қазақстан компартиясының 16-съезіндегі оқиғалар туралы материалдар даярлап жатқан Азаттық радиосы Серік Әбдірахманов пен Серікболсын Әбділдинге 2009 жылдың маусым айында да сұрақ қойған.

Ол кезде Серік Әбдірахманов «съездегі Қонаевқа қатысты сынның» өзі үшін «мүлдем күтпеген оқиға» болғанын айтқан.

– Не айтатыны бар, республикалық Компартия Орталық Комитетінің жауапты қызметкерлері мені де қарсы сын айтуға шақырған болатын. Бірақ мен сарайдағы шиеленістер мен аппараттық ойындарға елікпеген едім,
Серік Әбдірахманов Азаттық радиосына сұқбат беріп тұр. Алматы, 18 желтоқсан 2008 жыл.
сондай-ақ олардың менен не күтетінін де дұрыс ұққан жоқпын, – деген еді Серік Әбдірахманов осыдан екі жыл бұрын. Ол Дінмұхамед Қонаевқа жаны ашығанын да айтқан.

– Біз ол кезде республика басшылығын сынауға даяр емес едік. Қонаевқа қарсы түрлі сындар айтыла бастағанда оған менің де жаным ауырды. Қонаевтың мұрагерлер жайында үнемі ойлап, кімге тоқталарын білмей жүргенін жақсы білемін. Жасы келген кезде оның пікірімен санаспастан көңілін қатты қалдырды, – деген болатын Серік Әбдірахманов 2009 жылы.

Оның айтуынша, саясат адамгершілікті жоққа шығармайды, керісінше саясатқа мұндай қасиет қажет.

– Жалпы, саясатта болсын, өмірде болсын адамдар адамгершілік қасиетті жоғары қоюлары керек. Мен Қонаевты құрметтегенмін, әлі де құрметтеймін. Менің жеке өз басым қызмет үшін оған ешқашан қарсы шықпаған болар едім, – депті Серік Әбдірахманов екі жыл бұрын.

Серікболсын Әбділдин осыдан екі жыл бұрын да Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің «ұстазы» Дінмұхамед Қонаевқа қарсы шығуы «күтпеген жай» болды деген.

– Көп ұзамай Назарбаевтың Қонаевқа қарсы шығу себебін білдім. Мәскеудегілер Қонаевты тезірек зейнет демалысына жібергісі келді. Кремльдегі түрлі күштер Назарбаевты, Әуелбековті және басқаларды қолдай бастаған. Бұл жайында маған сәл кейінірек Михаил Горбачевтің көмекшісі Владимир Милосердов айтып берді. Егер Мәскеу мақұлдамаса, Назарбаев республика басшысына қарсы шыға алмас еді, – деген еді Серікболсын Әбділдин 2009 жылғы сөзінде.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев сол жолы Қонаевқа қарсы шыға отырып, «Кремльдің алдында ұпай жинап алды».

– Сондықтан, жеке бас пайдасы тұрғысынан келгенде, Назарбаев дұрыс істеді. Бұл оның қолынан келеді, – деді осыдан екі жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевқа адам және саясаткер ретінде баға берген Серікболсын Әбділдин.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: АСАН Қайдан: Алматы
07.02.2011 09:24
+0 / -0
"Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді"

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2011 09:25
+0 / -0
Мүнәфиқ! Ардан да, адамдықтан да жұрдай

Кімнен: Сыр қазағы
07.02.2011 10:30
+0 / -0
Ол кезде демократия бар екен ғой, басшыны сынай алатын. Ал қазір Назарбаевқа және оның туыстарына қарсы бір сөз айтып көр. Түрмеде шірисің.

Кімнен: Қара Қожа Қайдан: Қазақ елінен
07.02.2011 11:48
+0 / -0
Қасқырды қанша бағып қақсаңда, бәрібір орманға қарап ұлыйды дегені осы. Қонаев болмаса, НӘН болмас еді. Жылы жерді тауып берген кісіге адал болып, еңбек еткенше Ала жібін аттап, алдын кесіп кінәлады. Ай бұл пенде құдайдан қорықпайтын шығар.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Анкара
07.02.2011 12:11
+0 / -0
Әй бала, - деп Димаш Нұрсұлтанның төбесінен қарап тұр екен...

Аңыздың бастамасына ұқсайды. Шығармашылыққа көшемін-ау осы!??

Кімнен: Алтайшы Қайдан: Астана
07.02.2011 13:46
+0 / -0
Қонаевты сынағаны секілді 45 жастағы биліктегі бір шенеунік қазір НӘН-ді сынаса не болар еді? Қонаев - демократ екен, кезінде оған тиіспеген ғой. Өзін билікке әкелген адам Қонаев болса, онда жас НӘН-дікі опасыздық болар. Бірақ, мен сонда да 45 жастағы Назарбаевты сағынамын. Дәл сол сынын дәл қазір өзіне айтып, сайлауға түсуден бас тартса - онда НӘН тарихта жақсы атпен қалады.

Кімнен: самарик Қайдан: алматы
07.02.2011 20:39
+0 / -0
уай камунизм и камунизм
казир баска жагдай
капитал жане умытпай керек рассия басып келе жатыр
сосын ешким назар аудармаган шыгар
кореяны орыстар мен американдыктар басып алды да болди кезинде
не ушин?
ягни азия
азиопия болып кете ма деймин



Кімнен: Алымбек Қайдан: москва
08.02.2011 00:29
+0 / -0
кУНАевти татар дегени кандай НУРАКЕнин? озу кыргыздын каны экенин билеби?
Пікір алмасу

Кімнен: Асан қайғы
08.02.2011 02:58
+0 / -0
Қырғыз ба, қалмақ па? Қырғыз болып шықса жақсы ғой қалмақ болып шықпай. Қалмақ болып шықса құрыды дей бер қазақты, екінші ақтабан шұбырындыны болдырмай кетпейді.

Кімнен: Курмет Қайдан: казахстан
08.02.2011 20:45
+0 / -0
Мен босқа ағаларымызды кінәләмас едім. мүмкін сол кезде біз білмейтін бір сыр болдыда осылай істеу керек болған шығар. Саясат аралассан акылың жетік болсын әйтпесе адасасың, Қонайев Дінмұхамметтің өзіде Назекеңнін осылай істегенін қолдаған шығар. ол кезде заман басқа еді !!! Қазақтын дереу көтеріліп кеткенін қолдау емес қайта құлдырап орысқа қосылуын қалаған бір заман еді.

Кімнен: Өзімғой
08.02.2011 20:52
+0 / -0
Ол кезде Партбюрода кім-кімнің де тізесі қалтырайтын, жанамалап
болсада сын айтылатын, нұротан КПСС-тің қолына су құюға жарамайды.
Айтпақшы 4-ші адам Меңдібаевті ұмыттыңыз ба, ол да тақталастардың
бірі еді ғой.

Кімнен: Сырлыбек Қайдан: Астана
09.02.2011 11:54
+1 / -0
Ол кезде Қонаев Осыны Назарбаевтан кутпедим деп жазды ма? кім біледі бул акылдасып істелген шаруа шығар? Қуған адам келмесін деп Қонаев әдейі бұйрык берген шығар? Егер жаман адам болса Қазақстанды осы дарежеге котере ма? қазыргі Сұрақ Нұрсылтаннын орнына кім лайықты деген дұрыс откенді Қаза бермей Болашаққа ұмтылу керек Қазақтар!

Кімнен: SAYLAW Қайдан: AQTAW
09.02.2011 16:46
+0 / -0
Егер Мәскеу мақұлдамаса, Назарбаев республика басшысына қарсы шыға алмас еді
----------------------------------------------------------------------------------------
Содан екен ғой Қазақ елінің бәрін орыстандырып, мәңгүрттендіріп жіберген. Ол қазір де Мәскеудің айтқанымен жүреді. Тұр десе тұрады, жала десе жалайды, аш десе ашады, еңкей десе еңкейеді.

Кімнен: Тұрысбек Қайдан: Астана
11.02.2011 20:29
+0 / -0
Бұның барі саясат, Дінмұхаммед ағамыздың саясаты. Егер де НӘН ондай ойын жүргізбесе (әрине Қонаев ағамыздың айтуымен) биліктегілер тек Қонаевты ғана құрту емес, түгел қарамағындағы мықты патриоттарымызды құртпақ болған. Қонаев өте мықты саясаткер көреген кісі болғанын ұмытпаңыздар. Бұның бәрі алдын ала жоспарланған саясаттық ойынның бір түрі. Бүкіл Қазақстанымызда қай көшелердің аттары Қонаев ағамыздың атымен қойылған? Кімннің ұсынысымен? Ойлан Қазағым!