Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:24

САЯСАТ / Сайлау-2011

Мәмбеталин «Руханиятты» аштық арқылы қайтармақ

«Руханият» партиясының сенбіде сағат 10-да болады деп хабарланған съезі Астанада жұмада кешкісін өтіп, Алтыншаш Жағанова партия басшылығына қайта сайланған. Съезге шақырылмаған, енді бұрынғы жетекші болып қалған Серікжан Мәмбеталин Астанада аштық жариялады.

«Руханият» партиясының жетекшілері Мұхтар Шаханов (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин баспасөз мәслихатында. Алматы. 28 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +
Сенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Руханият» партиясының төрағалығынан шеттетілген Серікжан Мәмбеталин аштық акциясын бастағанын жариялады.

Оның сөзіне қарағанда, «Руханият» партиясының негізін қалаған Алтыншаш Жағанова жұма күні кешкісін партияның съезін шұғыл түрде өткізіп, төрағалыққа қайта сайланған.

Мәмбеталиннің талаптарының бірі - Алтыншаш Жағанова өткізген съезді заңсыз деп табу.

КЕШКІ ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ АШТЫҚ АКЦИЯСЫ

«Билік пен Жағанованың бірлесіп жасаған кешегі заңсыз әрекеттері менің аштық жариялауыма себеп болды. Аштық бүгін басталды. Бүгінгі күні бізде билікпен күресетіндей заңды жолдар жоқ, сондықтан наразылығымды осылай көрсетейін деп едім. Жағанова оны биліктің тапсырмасымен істеп отыр және жасырып, кешкі 8-де жиын өткізді. Ол заңсыз съез. Мен өзім әлі төрағамын. Кешегі шешім заңсыз, оны мойындамайтын мен ғана емес, менің жақтаушыларым мен қолдаушыларым да мойындамайды», - деді Азаттық радиосына Серікжан Мәмбеталин сенбі күні телефон арқылы.

Оның сөзіне қарағанда, аштық акциясы биліктің өз халқына бұлай істеуге болмайтынын түсінгенге дейін жалғаса береді.

«Руханияттың» рухани жетекшісі Мұхтар Шаханов та Жағанованың бұл әрекеттерінің бәрі биліктің тапсырмасымен болып жатыр деп біледі:

- Өткенде «Руханият» партиясының екі жыл бұрынғы басшысы Алтыншаш Жағанованың мәлімдемесі төрт бірдей арнадан берілді. Бұны билік әдейі ұйымдастырып отыр. Себебі біз - төрт жарым жыл бойы тіркелмей келген «Халық рухы» партиясы «Руханият» партиясымен біріккен болатынбыз, бұл билікке ұнамады. Содан кейін біз Жаңаөзендегі мәселені көтердік, онда әділетсіздіктер болып жатыр, қаза болған адамдардың нақты санын билік жасырып отыр, біздің Жаңаөзенге барғанымыз да билікке ұнамады. Сонымен қатар Жаңаөзенге байланысты сайлауды үш айға кейінге шегеруді ұсынған болатынбыз. Осының бәрі келіп, биліктің қолдауымен Жағанова біздің қатысуымыздан қорқып, кеше түнге қарай апай-топай құрылтай өткізіп жіберді. Мұның бәрі заңсыз, - деді Мұхтар Шаханов телефон арқылы Азаттық радиосына.
 
«САЯСИ ӨМІРДІҢ ТАМЫРШЫСЫ»


Жұма күнгі «Руханияттың» «өзі ұйымдастырып, шақырған» кезектен тыс 9-шы құрылтайында Алтыншаш Жағанова «2010 жылы Серікжан Мәмбеталин деген азаматқа тізгінді беріп, жаңа бір бағыт-бағдар болсын, қозғалыс болсын деп едік, онымыз үлкен қателік болыпты» деп атап көрсеткен.

«Руханият» партиясының бұл кезектен тыс жиынына шақырылған 106 делегаттың  86-сы қатысқан. «Руханияттың» рухын көтеріп, жұмысын жандандыру үшін басшылықты ауыстыру жөн деп тапқан делегаттар Жағанованың кандидатурасын бірауыздан қолдады деп хабарлады Қазақстанның жаңалықтар агенттіктері.

«Бір жағынан қателік жасаған өзім, бірақ, әрине, мен бақылап отырған адаммын, әрине, мен тамыршымын саяси өмірдің. Сондықтан бүгінгі съезді жатпай-тұрмай өткіземіз деп елді жинаған мен едім. Бүгін сіздер маған қайтадан өз сенімдеріңізді білдіріп отырсыздар, бар күш-жігерімді осы партияның бағыт-бағдарына арнаймын», - деген съездегі қорытынды сөзінде Алтыншаш Жағанова ханым.

Сенбі күні Азаттық радиосының тілшісі хабарласқанда телефон тұтқасын көтерген Жағанова ханымның көмекшісі «Руханият» жетекшісінің барлық сауалдарға дүйсенбіден бастап қана жауап бере алатынын айтты.

ТЕКЕТІРЕСТІҢ ТАРИХЫ

Өткен жылдың желтоқсан айында «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Алтыншаш Жағанова саяси ұйымның өзінен кейінгі басшысы Серікжан Мәмбеталинді партияның парламенттік сайлау алдындағы съезін «заңға және партияның жарғысына қайшы түрде өткізді» деп мәлімдеп, партия үміткерлерін сайлау тізімнен алып тастауды талап еткен болатын.

Ол партияның мөрі және басқа да құжаттары өзінде екенін айтып, партияның парламент депутаттығына ұсынған үміткерлерін «заңсыз тіркелді» деп санайтындығын айтқан еді. Алтыншаш Жағанова осыған орай Қазақстанның бас прокуратурасына шағымданған.

Осыдан кейін «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин Алтыншаш Жағанованың партия мүшелігінен шығарылғанын хабарлады.

Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясы «Бас прокуратура Жағанованың шағымы бойынша тексергенде «Руханият» партиясының парламент сайлауына тіркелуде сайлау заңнамаларын бұрмалағаны анықталды» деп, өз қаулысымен партияның үміткерлер тізімін сайлаудан шеттеткен болатын.

Жұма күні Астанада «Руханият» партиясының Орталық сайлау комиссиясының партияны парламент сайлауына қатысу құқынан айырған қаулысына қарсы  шағымы бойынша сот басталған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Серік Қайдан: СҚО
07.01.2012 21:11
+0 / -0
Алтыншаш Жағанова жүрген жерде шөп шықпайды. Кімнің болса шашын жұлып қолға ұстатады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.01.2012 10:59
+0 / -0
өзі бір жақта, мөрі бір жақта істеп отырғандарының бәрі заңсыздық, тайға таңба басқандай заңсыздықтары көрініп тұрса да билікті айыптауын қоймайды? !!!

Кімнен: ЖАУШЫ Қайдан: Қазақ Елі
07.01.2012 21:31
+0 / -0
Сенікжан, туған күнің құтты болсын. Алла қуат берсін.
Махамбет -
Ат үстінде күн көріп,

Ашаршылық шөл көріп,

...Найзасынан қан тамып,

...Қанды көбік түкіріп,

...Жолбарысша жорытып,

...Бөрідейін жол жатып - деп Ел үшін еңіреп кеткен! Елім - деген ерлердің аңсаған армандарын тілеймін. Аққа Құдай жақ, әділет заманы орнауға тиіс.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақиық Қайдан: Алтайдан
07.01.2012 22:12
+0 / -0
Дұрыс, қолдаймын!
Өздеріңізді қолдайтын барлық азаматтарды наразылық акциясына қатысуға шақырыңыздар. Билікке қойған талаптарыңызға Жаңаөзен уақиғасын да қосып, халыққа қысым жасалмауын, тексеру комисиясына оппозиция өкілдерін де кіргізуді, халқаралық бақылаушылардың тексеру барысын бақылауын талап етіңіздер. Сайлау қарсаңында толқудың туындап кетуінен қорыққан билік, талаптарыңызға құлақ асуға мәжбүр болады. Осы алған беттеріңізден таймай, табандылықпен бастаған істеріңізді жалғастырыңыздар. Сонда ғана жеңістің туын тіктеуге болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.01.2012 11:04
+0 / -0
Мамбеталин бірретте мемл.органда отырып өзін өзі ұстай алмай өте жағымпыз, надан адам сынды көрінді халық арасында, бұл көріністен кейін халық оны қалай қолдамақ?

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.01.2012 21:40
+1 / -0
Серікжан-ау, сенің аштық жариялағаныңа мына тажал билік пысқырайын деп тұр ма?
Күрестің басқа жолы жоқ па?
Кешегі Жаңаөзенді қанға бояған қанішер билік енді баршамызды қанға тұншықтырайын деп отырған жоқ па, соған қарсы не істей аламыз, міне, осыны ойлау керек қой!
Пікір алмасу

Кімнен: санат Қайдан: ақтау
07.01.2012 22:23
+0 / -0
Серікжан інім аштықты қойа тұр, қайта тамаққа тойып алда, алжығандарға дүркін-дүркін соққы бер! Қайда жүргендерін білмей дал болсын!

Кімнен: Сәлімгерей Қайдан: Астана
07.01.2012 21:43
+1 / -0
Алтыншаш деген қайдан шыққан жалмауыз кемпір, үйінде отырмай ма, немерелерін бағып, саясатта несі бар екен...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
07.01.2012 23:41
+0 / -0
К+ теле арнасында немесе http://www.youtube.com/kplustvkaz Мұхтар шаханмен сұхбат. көріңіздер
Пікір алмасу

Кімнен: көрермен
08.01.2012 01:32
+0 / -0
сіз көрсеткен сілтеме бойынша Шахановтың сұхбатын көрдім. Шынын айтайын, Шахановтың мына жауабынан ол саяси күреске мүлдем дайын емес адам немесе тіпті биліктің проектісі сияқты әсер қалды менде. Сондағы қалың жұртпен кездесіп, сөйлеспегеніне қарағанда, Ақтауға "для галочки" барып қайтқан ба деп қалдым, журналист Серғазы Мұқтарбектің қойған төте сауалдарына да билікпен батыл саяси күреске жүрегі дауаламайтын мәскіннің сөзін айтып міңгірледі. Бұдан батылырақ қарекет күтіп едім одан, ол бекер сияқты.

Жігіттер, Шахановтан енді еш пайда жоқ, Алаш, Қазақ деп сұрқиялық пен зымияндыққа қарсы қаймықпай күресетін шын қайраткерлерді жылтыр сөз емес, нақты ісі мен әрекеті бойынша анықтайтын уақыт жетті!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат Қайдан: Астана
08.01.2012 08:58
+0 / -0
Халайық қылышынан қам тамған Кеңес заманында Қазақ рухын көтерген - Шаханов қазақтың рухани көшбасшысы болып қала бермек.
Оған қара жабуға тырысқан жоғарыдағы сөздер Президент Аппаратының қызметкерлері екенін ескеріңіздер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.01.2012 14:58
+0 / -0
Кімнен: Ақмарал Қайдан: Ақтөбе
06.01.2012 10:49 +0 /
-0Сіздің бұған қосарыңызК плюстегі Мұхтар Ш. пен болған сұхбатты оқып, ақыннан саясаткер шықпайды ау деген ойға қалып отырмын... Революциялық хал ахуал әлі пісіп жетілген жоқ. Дәлірек айтқанда "төмендегілердің" тұрмысы жаман емес. Ал ақын ақын болып қала береді! Пікір алмасу
--------------------------------------------------------------------------------
Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетпес
06.01.2012 11:38 +0 /
-0Сіздің бұған қосарыңызАқмарл; Түңілмеңіз, ақынан саясаткер жасаудың керегі шамалы, бірақ ақынды саясаткер ,өз сөзін халыққа түсіндіру үшін пайдалануы керек. бұрында солай болған, бұданбылайда солай бола береді. Тібеттің Далайламасы "надан халық бине құмырысқа тәрізді" жұмыс істеуді ғана біледі деген екен. халықты саясатты дәріптеу ақылы көзін аша алмайсың, қайта олардың сөзімен сөйлей білетін ақын, жазушы, әнші, спортшылар керек. Нұротандықтар сондай әдісті қолданып отырған жоқпа!
Пікір алмасу

Кімнен: казак аиели Қайдан: актобе
08.01.2012 00:52
+0 / -0
АЗаматтардын жолын кара мысыктай кескен бул кемпир казак халкынын балаларынын болашагына кастык кылып отыр гой .Ози де отпейди я жаксыларды откизгиси келмейди Биликтин жансыз куыршагы болып ойнауга балаларынан уялса етти ХАЛЫКТЫН КАРГЫСЫ балаларыма тиып кетеди деп корыкпай ма Улкен аналардан да уят кекени гой.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
07.01.2012 21:58
+0 / -0
Серікжан, Сен көп жылдар сырт елдерде, адам құқы сақталатын елдерде болып, біздегі заңсыздықтарды бәрі де қартайған, азу тісі болмаса да бір төбеттің үруімен болып отырғанын түсінбей келдің-ау шамасы? Ия, Конституциялық заңнамаларды үйшігінің ішіне астынан сыз өтіп кетпесін дегендей төсеп алған бұл төбеттен еш жақсылық күтпегей. Көзі алаңдаған бұл төбет кеше ғана бір елдің бозымдарын ана дүниеге аттандырып жіберіп, артынан "бар қылмыс сол тыныш тұрған қыршындарда екен" деп үрген жоқ па әупілдеп? "Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді" деген. Ал жаман, сұғанақ, ұры иттен құтылу үшін не істеу керек? Ауылдық жерлерде мұндай қақсал төбеттерді тоғайға апарып, бір талдың түбіне байлап кетеді түнемелікке. Ал ертесіне түнімен айнала келген шиебөрілердің, онан қалса түлкілердің жемі болған төбеттің төрт табаны жатқанын көрген ит иесі "Саған сауап" деген пиғылда кете береді келіп көріп.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
07.01.2012 22:09
+0 / -0
сайлауда дауыс беруге тұрарлық жалғыз партия осы руханият...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Мангыстау
07.01.2012 23:01
+0 / -0
У Мамбеталина крыша съехал что-ли. Обычно голодовку объявляют зэки. С этим он что-то хочет изменит. Ничего не получится.

Кімнен: Адам
07.01.2012 23:02
+0 / -0
Мен не әулие, не машайық емеспін. Сонда да болса бір ауыз айтпақ сөзім бар.
Ең алдымен Серікжан мырзаны туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Оның саяси келбеті туралы толық баға беруден аулақпын. Қай шепте тұрып сөйлесе де сөзінен елге зияннан пайдасы көп болды. Сол үшін рахмет.
Ол туралы екі пікір бар.
Біріншісі - ол Батыс пен АҚШ-тың арнаулы тапсырысымен "Руханият" партиясын сатып алған эмиссар. Оған қаражат та түрлі жолдармен госдеп(АҚШ) арқылы берілген. Бұл бағдарлама бойынша ол Қазақстандағы ұлттық құндылықтарды қорғау ұраны мен ұлтшыл топтарды біріктіру арқылы қоғамда жаңаша саяси ахуал туғызуға тиіс болатын. Сол үшін ол М.Шаханов сияқты адамдарды өз жағына тартуға, ұлттық мүддені саясиландыруға мәжбүр болды. Астананың аяқ астынан "Ақ жол" партясын реформалау мен оған да ұлттық рең беруіне, Перуашовтың хатқа қол қойып, одан бас тартпауына, өздеріне "Алаш" идеясын шаңырақ етуіне, т.т. осы себеп болды. Осы арқылы олар Айдос Сарым, Қазыбек Иса, Дәурен Қуат, Дос Көшім т.т. сияқты ұлтшылдардың бір бөлігін өз ықпалына тарта білді. Серікжанға басы Қажымұқан Ғабдолла сияқты майда-шүйделер ғана қалды. Ақ Орда сондай-ақ қанша жағаласа да, пікірлесі Смағұлдың одан бөле-жарып алса да, М.Шахановты "Ақ жолға" икемдемеді. Оны Серікжан үшін "бомба тығылған қақпан" реттінде сақтап отырды. Серікжан осы қақпанға өзі келіп түсті.
Екіншісі - Серікжанның да бұл саяси фирмасының артында Ақ Орда тұр. Бұл сценарий бойынша олар ұлтшылдық ұранмен өздерінің қатарына М.Шахановты кіргізеді. Сөйтіп сайлау науқаны қызған кезде, оның қолдаушылары басқа саяси ағымдардан іргесін ажыратып алған кезде партияны заңсыздандырып жібереді. Шахановшылдар не болғанын түсініп болғанша сайлау да өте шығады. Түсініп үлгердім дегендері амалсыз "ұлтшылдығы басым Ақ жолға" кіреді.
Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да М.Шаханов Ақ Орда тапсырысын орындаушы. Осы еңбегі үшін оған үлкен сый уәде етілген. Ол - сенаторлық орын.
Сайлау өтісімен М.Шаханов патриот Ғ.Қасымов сияқты сенатор болады. Сіздер оны қазірден бастап осы мансап-дәрежесімен құттықтай берулеріңізге болады. Дежавю.
Сол себептен Шахановты пұт етіп табынушы, айналайын бауырлар, арандамаңдар! Серікжан не болса ол болсын М.Шаханов жерде қалмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Өкініп, армандаушы Қайдан: Нұршәйтан жайлаған елден
08.01.2012 03:55
+0 / -0
Эй, Адамсымақ!!! Сен адам емес екенсің!!!

"Қорыққанға қос көрінеді", "сынықтан басқаның бәрі жұғады"- дегендай, "ЖСДП"-ны биліктің партиясы деп, Шахановқа да Жасиктің ауруы жұғыпты.

Ай, Қазақтың қатындары-ай, "асқан Нұршәйтанға тосқан жасай алатын", есі дұрыс бір қара домалақ бала туа алмадыңдар ғой!!!

Бырақ, "ұяға не тіксең, өсіп шыққанда соны аласың"-деген орыстың мақалы дұрыс-ау деймін.

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
08.01.2012 00:51
+0 / -0
Серікжан, мен сізді ақылды жігіт пе деп ойлап едім, бірақ мына ісіңіз менің көңіліме қонып тұрған жоқ. Бұл аштықтан өз денсаулығыңды құртқаннан басқа ештеңе де шықпайды. Өркениетті елдерде бұған төтенше жағдай деп қарап бірден шаралары қарастырылады, ал біздің елде, өзіңіз көріп жүрсіз, қаншама адам аштық жариялады - селт еткен тірі жан баласы болмады. Адамды қырып салып ұялмай жер басып жүргенде сіздің аштығыңызды ұрсын ба?
Европарламентке шығам, конгресске шағымданам дегеніңізден дәметіп қалып едім, мүмкін бірдеме шығып қалар деп. Оларыңыз бос қорқыту болды ғой, ол бопсадан қорқып кетті билік!

Кімнен: Өкініп, армандаушы Қайдан: Жәйлаудан
08.01.2012 01:12
+0 / -0
Мен осы қазақтың балаларының жұмыс істегендеріне таңқаламын. Кім көрінгенге аяқ астанан ренжи салады. Шалқасынан түсіп, жер тепкілеп, жыламай шәйларын ішпейді.

Ау, адам деген бір жұмысты бастарда қайда тұрғанын білу үшін шаңыраққа анықтап қарап, етең-жеңін жинап, алды -артын қымтап, он ойланып, жеті рет пішіп, бір кеспей ме!?
Бәрінің арманы, қолынан келе ме, келмей ме, бірі бір, әйтеуір бастық болуды ойлайды. Сүйтіп, үстемдік жасап, өз бауырларын қор қылады.
Баяғыда бір аққұдай-қалхоз бастық (қалхозда 10-15 қалхозшы бар) паровозға, "мен қалхоз бастығымын, кәне пойызды тоқтат, міне мөрім"-деп, қолындағы мөрін көтере көрсетіп, жүріп бара жатқан паровозды тоқтатпақшы болған екен.
Сол сияқты, адам деген партия басшылығын аларда барлық тізімді, тізімдегі партия мүшелерін, партия ұйымдарын түгендеп, олардың партбилеттерін тексеріп, партбилеттері жоқтарына мөр басып партбилет бермей ме екен?
Ау, партия басқару деген анау алыстағы жәйлаудағы қойларды бағу емес қой!
Ал, енді не болды, қасықтап жиған абырой айрандай төгілді. Анау, қазақтың бетке тұтар ақынын масқара қылдыңдар.
Мен ойлап едім, Мәмбеталин шетелдерде көп болдым дегесін, оң-солын бағдарлай алатын мығым жігіт шығар деп, сүйтсем ол да, сол жәйлауда жүрген лақылдауық екен ғой.
"Бала, баланың іші шала", "Қазақ бала бала емес, орыс бала маладес", "Көтере алмайтын шоқпарлы беліңе байлама"-деп, қазақ бекер айтпаған екен ғой.
Әй, адамды ұрмай-соқпай өлтіретін болдыңдар-ау.
Әйтеуір, қазақтың бір қатыны қорықпайтын, жыламайтын, адамды алдамайтын, іскер бір ұл таппады-ау.

Кімнен: Жаушы Қайдан: Қазақ Елі
08.01.2012 03:04
+0 / -0
Мына аласапыран заманда тоқыраған жүйе әбден шатаса бастады. Болатын іс болып жатыр. Серікжан дұрыс қадамға барып отыр - Европарламент пен конгресске шағымдану осы сайлау науқаны алдында аштық акциясымен болса, әлем қарап отырғанда, биліктің анайы әділетсіздігіне қара күйе болып жабысады. Сондықтан дұрыс қадам деп түйдім. Менің ойымша билік Мұхтар ағамызды осы Серікжанның енді қалыптасып келе жатқан атын тежеу үшін әдейі икемдеді. Ал Серікжанға атағы мықты ақынның беделі пайдалы болардай көрінген болар. Оның үстіне Тайжанды тартты, Қажымұхан да осыларға тілекші, ұлтшылдар басы біршама топтасып қалып еді, бірақ, биліктің қауіптенгені ол емес, олардың қауіп ойлауына Жаңаөзен жағдайы, Серікжанның бірінші болып : халыққа оқ атпаңдар - деген мәлімдемесі және сол жақта - омондарға : сіздер Назарбаевті емес, халықты тыңдауларың керек - деген сөздер айтуы, бастысы - бұлар партия бағдарламасын түбегейлі өзгертіп, Ұлттық мемілекет - конституцияға өзгеріс керек деп мәлімдеулері биліктің үрейін ұшырып, осы жағдайға келтірді деп ойлаймын. Мұхтар Тайжан бұл партиядан сайлауға байланысты шықты және азаматтығын танытты. Ал Серікжан осы қадамға дұрыс барып отыр, біріншіден - партия дегенінен айрылғасын көптің бірі болып қалар еді, дара дауыс ешқайда өтпейді. Дара қалып батыл мәлімдеме жасау да қауіпті. Екіншіден - мына былықты ашуға халықтың келешегі үшін пайдасы бар. Серікжан аштықты толық талабымды орындату деген мақсатпен емес, әлемді біздегі жүйенің былығына қарату деген оймен ұстады деп ойлаймын және осы сынақ өмірде ел келешегі үшін іс істеп жүрмін деген азаматтар арасында ұлттықты айтып, сол сөзінде тұрғаны үшін сыйлар едім. Ана тілім конституциядан да жоғары - деген бұл жігіт.
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
08.01.2012 18:24
+0 / -0
Ылайым айтқаныңыз келсін. Біз сіздің осы айтқаныңызға сенейік, әй бірақ қайдам, мына өкініп армандаушы дұрыс айтып отырған сияқты - адам деген ең бірінші кезекте мөрін құнттамай ма? Партияны сатып алсын, былай алсын, әйтеуір алған екен - ең бірінші кезекте мөрі қайда демей ме? Мөр бір жақта, өзі бір жақта - сонда бұл қандай партия? Жағанова заңсыз жасырын съезд өткізді дейді, одан сонда қандай съезд дәметеді бұл шіркін, оның көкесі тұтас бір елде съезд түгілі заңсыз сайлау өткізгелі отырғанда? Мына Серікжанның ақыл-есі орнында ма екен өзі, қияли біреу емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Жаушы Қайдан: Қазақ Елі
08.01.2012 19:18
+0 / -0
Меің ойымша, нарық заманы - партия сату мәселесіне ақорда араласып, қазақбайша сауда болған шығар (әзіл) Жағанова сенім білдірем - деп, қолхат жазып беріп, толық өтелі болғанда мөрді берем деген болар. Әлде об бастан солай ойластырылған нәрсе, ол партия түбі билік тарабынан баталанып құрылған нәрсе еді ғой... Әйтеуір анық - Серікжан олар күткендей болып шықпады, билік оны кеш таныды. Жас толқын өкілі ойынды анағұрлым жақсы біледі, тізгінде ұстау қиын, оны Жағанова өз сөзінде де білдірді де. Осы руханият заман бағытын дұрыс танып, бағдарламасын толық ұлттық сарынға бұрды. Бұл өз жолдарын өздері бөгеу болғанымен, табандылық болса , келешекте осы партиямен немесе басқа бір партия жасақтап-ақ, топты жарып шыға алады деп ойлаймын. Өйткені ұлттық құндылықтарға шөліркіп отырған қолдаушылар, қазірдің өзінде көптеп санамен қалыптасып қалды. Биліктің қорыққан бір жері де осы. Серікжанға сәттілік тілеймін. Мәселе партияда немесе кеткен қаржысында да емес, мына бізден басқа елде жоқ масқараны әшкерелеп берсе, Жаңаөзенге әлем қауымдастықтарын қаратып, сең қозғалса, қалғаны болатын жағдай менімше. Мына БЭК деген бәле , одақ дегендер бізге сор , соған да қарсы шығу ойын да батыл айтқан. Ақыл-есі орнында ма, жоқ па мен қайдан білем, мына жүйе сау адамды ауру қылды. Негізі Серікжанның қиялиындағы мәселе емес, биліктің топастығынан туындаған келеңсіздік менімше. Сізге жауап жазып отырмын, әйтпесе мен де ойдан оңған адам емеспін. Әйтеуір қазақ деген жандарға тілекшімін.

Кімнен: Жадыра Қайдан: Арал
08.01.2012 03:54
+0 / -0
Серікжан, алған бетіңізден қайта көрмеңіз. Бір Алла сізге жар болсын. Алтыншаш деген жалдамалы әйелді орнына қою керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Жантық Қайдан: Астана
08.01.2012 04:24
+0 / -0
Кім білсін кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін! Қай жеңгенің менікі!

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
08.01.2012 08:47
+0 / -0
Серікжан аға!!! Сіздей азаматтар қазақта аз қалды ғой!!
Сіз қазаққа керек азаматсыз ғой, Сіздің аштық жариялағаныңызға билік пысқырып та қарамайды ғой!! Денсаулығыңызды кетіріп алмайсыз ба? Халықты алаңдарға алып шығуға бастайтын азаматтар болса, халық көтерілейін деп отыр, қазіргі жағдайда!

Кімнен: Шаһкәрім Қайдан: Саятқорадан
08.01.2012 11:55
+0 / -0
Партия қуған өңкей қырт,
Жазылмайтын ол қылқұрт.
Мен тартам ел қайғысын,
Әкімі - залым, биі - әңгүрт.
Шаһкәрім.

Кімнен: Қанат Қайдан: Семей
08.01.2012 15:12
+0 / -0
Жағанова сияқтылар Алладан қорықпайды. Мұхтар Шаханов пен С.Мәмбеталин біз үшін танымал қоғам қайраткерлердің бірі болып табылады. Аллаһ-Тағала сіздерге күш-қуат берсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.01.2012 15:55
+0 / -0
Акордада Ерлан Карин деген жiгiттiн жасап отырган ойыны гой! Халыкка жагымды корiнгенмен, негiзгi ойыннын сценаристi cол бала

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.01.2012 16:06
+0 / -0
Кезінде Маңғыстау елінде жүздеген! адам Нұротан партиясынан шығып, партбилеттерін отқа жақты. Соны неге телеарналар көрсетпеді?
Біз тек интернет арқылы көрдік. Басқа партиядан үш-төрт адам шықты деп дүниеге жар салып жатырсыңдар. Әділдік үшін Нұротаннан шыққандарды да көрсетіңдер, қаз-қалпында.
Адамдар арасында "Нұротаннан мыңдаған адам шықты, тізімді көзіммен көрдім" дейтіндер бар, аңыз боп айтылып жүр. Соның шындығын айтыңдар, айтқыш болсаңдар.
Кейбіреулер өзін Нұротанға барып өртеп жіберді, оны да интернеттен көрдік. Неге Хабар бұл жайлы үндемеді? Сұрақ көп, қаза берсең.
Сондықтан, өзі қызып тұрған халыққа керосин шашып,Хабар сияқтылар одан ары қыздырмаңдар! Халықты көтерілуге айтақтамаңдар! Егер халық көтеріліп кетсе, алдымен Хабар, Қазақстан сияқты телеарналар жауапты болады. Көзге ұрып тұрған шындықты әдейі бұрмалап, өтірік ақпар беру арқылы халықты алаңдарға шығуға астыртын түрде сендер үгіттеп отырсыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Жаманбала Қайдан: Сарышаған
08.01.2012 18:06
+0 / -0
Хабар арнасы үшін Қазақстан жайнап, гүлдеп тұр ғой, елдің шын жағдайын оның тілшілері ешқашан көрмейді. Қазақстан деген каналдың да сықпыты сондай. Секе, денсаулықты да ойлаңыз. Ешкімнің ешнәрсесі кетпейді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.01.2012 18:11
+0 / -0
Дурыс ул тумады деп казахтын катындарына орынсыз тiл тигiзбендер. Адай жiгтерiнiн эдлеттк ушн жасаган ерлiктерн боска жiберуге тырыспандар. Желтоксан котерлiсi Жана Озеннен бастау алганын копшiлiк бiлмейдi бiрак ол солай болды.
Алтыншаш Жаганова кетсiн, оралман акшасын бермей оксатып кеттi.
Мамбеталин жарайсын. Европа, Америка мен карым катынас жасу керек казах халкы сонда дамиды. Ресеймен дос болсан, казах репрессиядан баска ештене кормейдi, Ресей Казах халхынын дамуына жол бермейдi. Мен Мамбеталиндi жактаймын. Аштык керек емес, наоборт энергия жинау керек эр казахтын дамуына ат салысу керек колдан келсе. оiзндi кут! Козi ашык казах халкы жасасын.

Кімнен: Адам Қайдан: Өкініп, армандаушыға
08.01.2012 19:13
+0 / -0
Эй, Адамсымақ!!! Сен адам емес екенсің!!!
------------------------------------------------------------
Мүмкін, солай да шығар. Менің сорым менің партия құрылымдары мен билік ойыншыларының қадамдарын жақсы білетіндігімде.Ол жақта шынында да Адам жоқ, өңшең адам еместер.
Есі дұрыс адам Серікжан секілді кенеттен өзі білмейтін сапарға жалғыз және біреудің(Руханият) шапанын жамылып, біреудің(Жағанова) арбасына мініп шыға ма?
Сіз тіпті қолдан б/у машина сатып алсаңыз да сенімді болуы үшін майын, суын ауыцстырасыз ғой. Ол аудан түгілі облыс филиалдарының басшыларын танып, өз адамдарымен нығайтты ма? Оларға айлық төлеп дегендей ауыздарын майлады ма? Оның тірлігі шынар ағашты бір жерден жұлып алып екінші жерге қадап қойған әпендінің ісіндей болды. Үп еткен самалға шыдамай жалп етті.
Шаханов саясаткер болса оысыны білмеді ма, білсе де үндемеді ма? Екі жағдайда да Шаханов нөл. Ол еш уақытта өз ақысын жоғалтқан адам емес, жас ақындар жар жағалап жүргенде ол Ленин комсомолы сыйлығын алды. 1986-жылы желтоқсанда жастар жер жастанып жатқанда ол Мәскеуде жырын оқып тұрды. Колбинді мақтап ода жазып КСРО ЖК депутаты болды. Арал қорын құрып Аралмен бірге құрдымға жіберді. Желтоқсанды бастап Қырғыз асып елші боп кетті. Бәрінде Шаханов жеңімпаз. Ол бұл жолы да ыза жер болса баспас еді.

Ай, Қазақтың қатындары-ай, "асқан Нұршәйтанға тосқан жасай алатын", есі дұрыс бір қара домалақ бала туа алмадыңдар ғой!!!
---------------------------
Қателесесіз. Қазақтың алтын құрсақ, киелі сүтті қатындары олардың жылына мыңын туып жатыр. Бірақ оларға оқ жондырып үйрететін әкенің қауқары жетпей жатыр. Сіз аналарды кіналамаңыз, кінаны өзіңізден бастап іздеңіз. Сосын өзіңіз өзіңізге тұтқа етіп ұстап отырған шахановтардан іздеңіз. Төгілді әне, Жаңаөзен жастарының қаны. Соны жоқтайтын арамызда аталар көп болды ма, әкелер бар болды ма, ағалар сапқа тұрды ма...
Шахановтың Ақтауда айтқаны "әпкем хал үстінде еді" деген болса К+ берген сұхбатында Жамбыл мен Оңтүстікте үгітте жүрдім деді. Ердің екі сөйлегені өлгені. Ұяда соны көрген балапаннан не күтесің? Қан ағып жатқанда айдаладағы ол не қылған үгіт...
Одан арысын өзің ойлан.


Кімнен: Жандауыс Қайдан: Ақтау
08.01.2012 19:47
+0 / -0
Серікжан, аштықтан гөрі барша жұртты сайлауға бармауға шақырсаң, үнің естілер ме екен. Мүмкін сол ісің жемістірек болар. Ал оралмандардың ақысын жеген Алтыншаштан қайыр күтудің қажеті шамалы.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі