Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 12:44


ӘЛЕУМЕТ / Оралмандар

Оралманның жолын кескен жаңа заң

2011 жылдың шілде айында қабылданып, тамыз айында күшіне енген «Көші-қон туралы» жаңа заң оралмандардың азаматтық алуына шектеу қойған. Мұны ресми орган өкілі де растап отыр.

Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

2011 жылдың тамыз айында Өзбекстаннан Алматыға қоныс аударған Серік Сәрсенов осы уақытқа дейін азаматтық алу түгілі тұрақты тіркеуге тұра алмай жүргенін айтады.

АЗАМАТТЫҚ ТҮГІЛІ ТІРКЕУГЕ ЗАР БОЛДЫҚ

 –  Біз келген кезде «Көші-қон туралы» жаңа заң қабылданды да, азаматтық алу түгілі тұрақты тіркеуге тұрудың өзі мұңға айналды. Себебі азаматтық алу үшін алдымен тұрақты тіркеуге тұру қажет. Сондықтан «Шаңырақ-1»-де бір кісіге ақысын төлеп, үйіне «пропискаға» тұруға келісім алған болатынмын. Алатау аудандық көші-қон полициясы сұраған барлық құжаттарды өткіздім. Бірақ неге екенін білмеймін - түрлі сылтаулармен тіркеуге отырғызбай келеді, - дейді Серік.
Өмір сүру үшін күнделікті 1000-1500 теңгеге жалданамыз. Бірақ полиция біліп қойса, ұстап алады.

 – Сонда қандай сылтау айтады? - деген азаттық тілшісіне Серік Сәрсенов:

 – Түк таппағанда «Қалалық көші-қон полициясынан жазбаша түрде «пропискаға отырғыз» деген қағаз әкел» деп айтады, - дейді.

Серіктің айтуынша, ол тұрақты тіркеуде болмағандықтан жұмыс та істей алмай отыр.

  – Бізге тұрақты тіркеу болмаған соң, жұмыс та істеуге болмайды және жұмысқа да алмайды. Өмір сүру үшін күнделікті 1000-1500 теңгеге жалданамыз. Бірақ полиция біліп қойса, ұстап алады, - дейді ол.

АЛА ҚОЙДЫ БӨЛЕ ҚЫРҚУ

Оралман әйелдердің «Нұр-қоныс» әйелдер қоғамының төрайымы Зибира Аллабергенова да Серіктің сөзін растап, «Көші-қон туралы» заң шыққалы бірде-бір оралманның Қазақстан азаматтығын ала алмағанын айтты.

 – Жаңа заң қабылданғалы Қытай, Монғолия, Өзбекстаннан келген оралмандардың тұрақты тіркеуге тұрып, азаматтық алуы аса қиын іске айналды. Неге екенін білмеймін - осы үш елден келген азаматтардан сотты болмағаны туралы анықтама талап етеді. Өзбекстанда мұндай анықтама беріледі. Ал, Қытайда ондай анықтама берілмейді, себебі сотты болғандарды сыртқа шығармайды, - деген Зибира Аллабергенова «Басқа елдің азаматтығынан шыққаны туралы анықтама талап ететіндері тағы бар» дейді. 

Оралман әйелдердің "Нұр-қоныс" әйелдер қоғамының төрайымы Забира Аллабергенова. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.Оралман әйелдердің "Нұр-қоныс" әйелдер қоғамының төрайымы Забира Аллабергенова. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
x
Оралман әйелдердің "Нұр-қоныс" әйелдер қоғамының төрайымы Забира Аллабергенова. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
Оралман әйелдердің "Нұр-қоныс" әйелдер қоғамының төрайымы Забира Аллабергенова. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
Ал Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Ержан Алтаев «Кейінгі шыққан азаматтық алу туралы заң оралмандарды өзге ұлт өкілдерімен бірдей қарастыратынын» айтып: 

 – Өткен жылдың тамыз айына дейін Қазақстанда қалғысы келетін оралман ағайындарды азаматтыққа қабылдап, шешім шыққаннан кейін төлқұжаттарын сыртқы істер министрлігіне тапсыратынбыз. Ал қазір керісінше болды. Азаматтыққа тапсыру үшін алдымен өздері келген елдің азаматы емес деген анықтама тапсыру туралы қаулы шықты. Бұл бұрын өзге ұлт өкілдеріне  ғана қатысты болатын, - дейді. 

Алтаевтың айтуынша, бұл ереже оралмандардың барлығына қатысты емес.

 – Біз заң шығарушы орган емеспіз. Бізге нұсқау қалай келеді, солай жұмыс істейміз, - деген Алтаев «Белоруссия, Украина, Қырғызстан және Ресей елдерінен келген оралмандар ғана ешқандай кедергісіз азаматтық ала алады. Себебі бұл елдермен Қазақстанның арасында өзара келісім бар» дейді.             

Ержан Алтаевтың айтуынша, Алматы қаласы бойынша 2011 жылы оралман мәртебесін алуға өтініш білдірген 539 отбасының 532-сінің өтініші қанағаттандырылып, оның 55-і ғана Қазақстан азаматтығын алған. Ал, 2012 жылы өтініш берген 129 отбасының 127-і оралман мәртебесін алыпты. Азаматтыққа қол жеткізгендердің саны - 10.

 – Үстіміздегі жылы Қазақстанның азаматтығын алған 10 отбасының бесеуі - Ресейден, бесеуі Қырғызстаннан көшіп келгендер, - дейді Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары.

АНЫҚТАМАНЫҢ ӘЛЕГІ 

Ержан Алтаевтан Азаттық тілшісі «Оралмандардан бұрынғы тұрған жерінде істі болған-болмағаны туралы анықтама не үшін талап етіледі?» деп сұраған болатын.

 – Сізден бірінші рет естіп тұрмын, - деген Алтаев «Ондай анықтаманы тек өзге ұлт өкілдерінен сұраймыз» деген жауап қайырды. 

Алайда Алтаевтың бұл сөзін оралман Серік Сәрсенов теріске шығарып отыр.

 - Ол «справканы» баяғыда өткізгенбіз. Ол жоқ болса, құжатыңды қарамайды да, - дейді ол.
Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Ержан Алтаев. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Ержан Алтаев. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
x
Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Ержан Алтаев. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.
Алматы қалалық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Ержан Алтаев. Алматы, 7 мамыр 2012 жыл.

Оралман әйелдердің «Нұр-қоныс» әйелдер қоғамының жетекшісі Зибира Аллабергенова да оралмандардан істі болған-бомағаны туралы анықтама талап етілетінін растап:

 – Өткен жылы Қарақалпақстаннан келген бір азаматтың мектепте оқитын оқушы баласына дейін осындай анықтама алып келуді талап етті. Ол жігіт көшіп келген кезде өзіне ғана ала кепті. Кейін әйелінің істі болмағаны туралы анықтама сұратты. Оны әкеліп еді - «коллежде оқитын балаңа да керек» деген. Қарақалпақстанға барып, оған да алып келсе, енді «мектептегі оқушы балаңа» әкел депті. Бір анықтама үшін Өзбекстанға төрт-бес қайтара барып қайтты, – дейді.

«ЕНДІ КВОТАҒА СЕНІП КӨШІП КЕЛМЕЙ-АҚ ҚОЙСЫН!»

Машина қағып кетіп, үйден шыға алмай жатқанын айтқан Серік Сәрсенов «Айналадағы тамыр-таныстардың бәріне қарыз болып біттік. Тұрақты тіркеуге тұрып, квота алсақ, содан қайтарармыз деп ойлаушы едім. Енді оны да бермейтін болыпты» дейді үмітсіздікпен.

«Нұр-қоныс» әйелдер қоғамының жетекшісі де қалалық көші-қон полициясынан хабарласып, оралмандарға егер жағдайы болмаса, квотаға сеніп көшіп келудің қажеті жоқ екенін, квотаның бұдан кейін берілмейтінін ескерткенін айтты. 

Ал көші-қон полициясының өкілі:

 - Премьер-министрдің кеңсесінен түскен қаулыда оралмандарға 2012-2014 жылдарға арналған квота мәселесі уақытша тоқтатылды. Ары қарай болатыны-болмайтыны қосымша хабарланады делінген. Бірақ әзірге ешқандай нұсқаулық түскен жоқ, - деді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.05.2012 19:02
+2 / -0
Атаңа нәлет қу қалмақ-ай, оралман бауырларымыз көптеп келе берсе еліміздегі қазақтың саны өсіп кетеді деп қалтырап отырсың-ау!..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 19:36
+2 / -0
Бұл өзі, НӘН-ді айтам да үлкен армандар жүрегіне сыймайтын, Ресейшіл, тусклый адам. Қапзақстанда жер мен көктің бәрі қазақ болып кетсе бір күнде де тағында отыра алмайды. Сондықтан, ана мәсімовка тапсырып отыр. Қазақтарды келгізбек деп.

Кімнен: Намыс . Қайдан: Қандасын қорқылған ел
07.05.2012 19:38
+2 / -0
Бұл жердеде саясаттың иісі шығады , халық санының көбеигені Назарбаевқа паидалы емес Жаңаөзенде көтерілгендер оралмандардеп аиытқан күиеу баласына сеніп қалған атасы көш - қонды тоқтатуға деиін барды . Бұл ешқандаи сөз жоқ қателік бұл абыржу , сасу , қорқу осыдан басқа несі қалды деисің . Өте қатыгез адам болғанмен қорқақтығы алға шыға береді . Москвадағыдаи милйондар маршы болар болса қорыққанынан жүрегі тоқтап қалуда ғажап емес . Қандас бауырларымызға обал болды опасыздық жасалды кешірмеиміз , ұмытпаимыз . Алжыған шалдың дегені болған заман аи .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 19:45
+0 / -0
квота токтаганы зор болды.озбектер кашан кошесин,неге кошпейсин деп мазалай беретин еди кошеде жургизбей.ени жауап табылды айтатын ура!мени енди кумас ватаннан.

Кімнен: Ұятым-ай.
07.05.2012 19:59
+0 / -0
Бұл неге солай екен? Мүмкін президент бұл жағдайды білмейтін шығар? Айналасындағы қулар айтпай, теріс ақпарат беріп отырған шығар.Ұят екен. Масқара екен.Бауырлардың көзіне қалай қараймыз? Қытайға барғанда құрақ ұшып, 1 бөлмелі пәтерне қонаққа шақырып, бешбармақ асып, мәз қылып еді. Сонда жүрегім елжіреп еді. Сондағы олардың Үлкен жерден келген қазақ бауырларына көздері жәудіреп қарағандарын сендер көрсеңдер ғой. Уфф!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 21:54
+2 / -0
Желтоқсанда Шөкеев, құлыбаев, ертісбаев дегендер оралмандар кінасы жоқ болса да шүйліге беріп еді.Осы үшеуі құртқан шығар?
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат Қайдан: Өскемен
07.05.2012 23:11
+1 / -0
Бұдан асқан жауыздық, бұдан асқан қылмыс бола ма.Қазақтарды Қазақстанға жібермеу деген не сойқан. Осыған қалай шыдауға болады. Мұндай қылмысты қазақтарға жеті атасынан бері кегі , өші бар адам ғана жасауы мүмкін. Ау, парламентте "мен қазақпын" деп тура айта алатын бір азаматтың болмағаны ма. Әлде бәрі басыбайлы құл боп кеткен бе.
Әлемде қандастарын қабылдап жатқан үш елдің біріміз, деп мақтанып, мақтанып, енді жеткен жеріміз осы болды ма.
Ертеректе бір комментші жазып еді : ЕБ-нің әрбір күні енді қазақ үшін зиянды, зардапты, деп. Қала тауып айтқан .

Кімнен: Қазақ Қайдан: Елден
07.05.2012 22:37
+1 / -0
Күні кеше тұрақты тіркеудіде тоқтатыпты деп естідім. Тіркелу үшін милион теңгесі болу керек екен. Шын өтірігін білмедім, бірақ сұмдық жағдай болып тұр. Қазақ елім деп келген қазақты бұндай күйге түсер деп кім ойлаған. Өз ұлтын жат сынып сенімсіздік қылу не іс, 20 жылдан бері шеттен келген қай қазақ не бүлдірді . Қайта шетелден бұрын кетіп қайта оралған өзге ұлт өкілі теле арнадан түспейді. Сонда қазақтың қадірі солар ғұрлы болмағаныма?

Қазір бұл жағдай қазақстанға келіп оқып бірақ азаматтық ала алмай, не ертең жұмысқа тұра алмай дағдарған жастардың нақты мәселесіне айналды олардың болашағының не болары белгісіз?
Ал енді бірі, бір отбасында бірі азаматтық алып бірі алып үлгермегендер көп . Әсіресе балаларын оқуға жіберіп соңдарынан ілесіп келген ата аналар. Сонда бір отбасы екі елде бөлініп сарсаңға сүсіп шаңрақтары бөлінбек. Ал бұндай отбасы қаншама ?!
Ал шетте жүріп елге ораламыз деп не болашағын қазақ елімен байланыстыратын қазақтардың үміті селге кеткелі тұрғаны белгілі.

бұл жағжайға елдегі шеттегі және шетелден елге оралған зиялылармен ұлт жанашырлары неге үнсіз ?! Егер осылай кете берме бұл ұлттық даңдарыс және қаншама отбасы үшін қиындық әкелмек. Ал қазақ көшіде бір жола тоқтамақ. Бұндайда үн қатпаса қашан үн қатпақ ?Күні кеше тұрақты тіркеудіде тоқтатыпты деп естідім. Тіркелу үшін милион теңгесі болу керек екен. Шын өтірігін білмедім, бірақ сұмдық жағдай болып тұр. Қазақ елім деп келген қазақты бұндай күйге түсер деп кім ойлаған. Өз ұлтын жат сынып сенімсіздік қылу не іс, 20 жылдан бері шеттен келген қай қазақ не бүлдірді . Қайта шетелден бұрын кетіп қайта оралған өзге ұлт өкілі теле арнадан түспейді. Сонда қазақтың қадірі солар ғұрлы болмағаныма?

Қазір бұл жағдай қазақстанға келіп оқып бірақ азаматтық ала алмай, не ертең жұмысқа тұра алмай дағдарған жастардың нақты мәселесіне айналды олардың болашағының не болары белгісіз?
Ал енді бірі, бір отбасында бірі азаматтық алып бірі алып үлгермегендер көп . Әсіресе балаларын оқуға жіберіп соңдарынан ілесіп келген ата аналар. Сонда бір отбасы екі елде бөлініп сарсаңға сүсіп шаңрақтары бөлінбек. Ал бұндай отбасы қаншама ?!
Ал шетте жүріп елге ораламыз деп не болашағын қазақ елімен байланыстыратын қазақтардың үміті селге кеткелі тұрғаны белгілі.

бұл жағжайға елдегі ше

Кімнен: сұңқар Қайдан: оқжетпес
07.05.2012 23:07
+1 / -0
Қытай, Монғолия, Өзбекстан; мәселе қайда жатыр "бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" демекші, аталған елден келген кейбір азаматтардың биліктегілермен ауыз жаласа жүріп, тапқан табысын бөлісе алмай қырқысуынан осы жағыдай туындағанын барлығымыз білеміз. олар қазыр оппозициялық басылымдар арқылы төңкеріс жасағысы келеді. осындай арам ойлар қазақ көшінің тоқырауына жекізіп отыр. алмтыға симағандары Астана маңындағы қояндыға келіп, астанадағы қандастарды билікке қары қойу әректімен жандаласуда. бұл қояндыдағы жерді биліктің алып қойуына итермелуі мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Қаргын Қайдан: Астана
08.05.2012 09:54
+0 / -0
Атаң басы! Отбасындағы қатын өсек сенің айтып отырғаның!

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақия
08.05.2012 00:04
+0 / -0
бұны кеден одағымен байланыстырамын, мәскеуден түскен бұйрықпа деп? сонда біздің елдігіміз қайда қалды? желтоқсандықтардық қандары бекер селге аққан сияқты болып тұр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 02:21
+1 / -0
Қандасымның өзегінен тепкен билік азғын билік , осындаи билікті билеген бүлдірудің атаманы Назарбаев кетпеи қазақ ешқашан көгермеиді .Қандастарымды жылатқан елбасы түбінде көрде сенде жыларсың , асықпа өмірде қазақ халқы сені , үрім бұтағыңды жылататын болады .

Кімнен: Қазақ
08.05.2012 07:52
+0 / -0
Медратор, пікір екі қайтара жолданып кетіпті соңғысын қысқартып қойсаңыздар.

--------
Бұл жағдайдық көп қазақтың жанын ауыртары шындық. Деседе сабыр сақтаңыздар. Эмоцияға беріліп ауыр сөйлуден қайыр аз. Қайта көштің қалпына келуіне ортақ ат салысу керек.

Ал қазақ көшін тоқтату елге оралған милионнан астам , шеттегі 5 милион және оның елдегі туыс туғандарымен ұлт жанды азаматтардың наразы болары сөзсіз . Бұл дұрыс әлеуметтікте саясида шешім емес .

Кімнен: Kazak86 Қайдан: almaty
08.05.2012 09:29
+1 / -0
бұлар(билік) ширіп тозықына жетті! Қазақстан билігі Қазақ үлытына жау екенін дәлелдеуде! жау емей немене сыртта 5мллион Қазақ бар дейді! сол 5миллон Қазақ аталған 3елде тұрады, және ең көп оралып жатқанда осы 3 ел! және тұрмыстық жақдайы нашарда осы 3елден келгендер сондада бұларда(біз) бар мұндағы бар Қазақпен ортақ күн көріп шамамыз келгенше елімізге өз үлесімізді қосып жатырмыз! бізбен бірге жеңіл техникалар шағын ондірістер қоса келді! сондада призденнтен бастап жандайшаптары қостап даяр тамақ деп айғайлауда! бұның озі олардың не соқыр екенін не Қазаққа жат адамдар екенін көрсетеді! ал на қытайдағы Қазақтардың болашақынның бүлыңғыр болып баражатқанын ойлаған кім бар! Қазақ мектептерді қысқартып аралас мектептерді көбейтуде! ертең аралас мектептің озін жоғалтып таза қытай мектеперіе айналдырар! сосн 20жылда ондағы 2 мллион Қазақ үлыт ретінде жойылып кетіуіде мүмкін! оз Қара бастарының қамын ойлаған билік бұны біліп отырсада бүйрекі бүлік етбейді! ана мүрты сапсиған сарттың шығарған қаулысына қарсымен

Кімнен: Зере Қайдан: Онтустик
08.05.2012 12:12
+1 / -0
Сонда калай,айналдырган бир Стамбулдын халкындай гана халык бар букил Казахстанда, Немесине елбасы болып отыр елдеги хал ахуалды билмесе ? Казахтын биринши жаулары солар окимет басында отыргандар !

Кімнен: Бахытжан
08.05.2012 17:14
+0 / -0
әне бірте бірте өздерінің кім екенін анық түрлерін көрсетіп келе жатыр бетіндегі Қазақ деген маскасын шешіп бұл тексіз билік бәрақ оған Қазақ шыдап отыра мекен я

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
08.05.2012 17:52
+0 / -0
Оралманға кедергі жасағандардың бар өмірі кедергіден тұрсын!

Кімнен: арман Қайдан: керкеу
08.05.2012 18:15
+0 / -0
солай ма маскара оралмандардын алатын аз акшасын корып калдыма жогаргы жактагылар екы есе жеп жатыр гой соны неге ескермейды екен ия

Кімнен: Құлагер Қайдан: Ордалы жыландар елі
08.05.2012 20:18
+0 / -0
Қандастарымның елге деген сағынышына тосқауыл қоиған адам ол Назарбаев . Қалаиғана осындаи арам оиын іске асыруға дәті барды екен . Бұл барып тұрған масқара , қазақ ұлтының өскеніне , көбеигеніне кедергі , оралуды оилаған , жоспарлаған қандастарымның алдына қазылған ор . Сонымен ұлы көшті тоқтатты , тағы нені бықсытар екен оныда көреиік .
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Алматы
08.05.2012 21:24
+0 / -0
Жалпы оралман бауырлармен жақсы араласып тұрам! олар адал, момын, біреудің хақысын жемейтін, өз еңбегімен жән баққан қандастарымыз. Олардің Қазақ халқына бергені өте көп, тілдің, дәстүрдің қайта оралуына көп пайда әкелді. Сондай ақ халық санын тек осы қандастарымыз арқылы көбейтіп, мықты ел бола аламыз, олардің жақсылықтары санасақ баршылық! ал жамандықтары жоқ, өзіміздің қаны бір тумаластармыз. Оралман бауырларымыз көбейсін! біз халық болып оларға құшақ жаюымыз керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 22:52
+1 / -0
Мемлекеттің шамасы соларға келеді жоңғарға қарсы кино шығарады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.05.2012 08:51
+0 / -0
Айтпа деймін! Біздің елде бәрі керісінше. Қазаққа не пайдалы, соның бәрінен билік алшақ ұстайды. мысалы: тіл, дін, ұлттық нышанымыз дегендер басты құндылықтар. Ал оралман мәселесі, ең өзекті маңызды нәрсе! Оралмандар көптеп келсе, тіл де, дін де, ұлттық болмысымыз да оңалар еді. Олардың ең басты қасиеттерінің бірі-ұрлық,қулықтан ада! Парақорлық, дегенді білмейді деуге болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Гулай Қайдан: Алматы
05.06.2012 16:46
+0 / -0
Айтып отырғандарыңыздың бәрі дұрыс . Қазақты қазақ қолдамаса қазақшылығымыздың қайда қалғаны.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?