Accessibility links

Азаматтық алған оралмандар квотадан құр қалды


Қырғызстаннан келген оралман Марат Хисматуллин. 18 қараша 2011 жыл.

Қырғызстаннан келген оралман Марат Хисматуллин. 18 қараша 2011 жыл.

Қырғызстаннан көшіп келген қазақтар оралман мәртебесіне ие болғанымен, тиесілі квоталарын ала алмай жүргендерін айтады. Ал көші-қон полициясы өз істері заңға сай екенін алға тартып отыр.


Ерлі-зайыпты Жұмагүл Қыстаубаева мен Марат Хисматуллин 2010 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Талғар ауданына Қырғызстаннан қоныс аударыпты. 2011 жылдың қаңтар айында барлық құжаттарын жинастырып, оралман мәртебесін және азаматтық алуға өтініш берген.

«БҰЛ ӨТІНІШ МЕНІКІ ЕМЕС»

– Біз қаңтар айында барлық құжаттарымызды жинастырып Талдықорғанға, көші-қон полициясына апарып өткіздік. Заң бойынша құжат өткізгеннен кейін бес күннің ішінде оралман мәртебесі берілу керек екен. Бірақ біз жеті айдан кейін, шілде айының 27-сі күні алдық, – дейді Жұмагүл.

Оның айтуынша, облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері сол Оралман мәртебесін беру туралы толтырылған парақтағы қолтаңба. Алматы,18 қараша 2011 жыл.

Оралман мәртебесін беру туралы толтырылған парақтағы қолтаңба. Алматы,18 қараша 2011 жыл.

кезде куәліктің жоқ екенін айтқан.

– «Құжаттардың барлығы әділет министрлігінен ішкі істер министрлігіне ауыстырылып жатыр. Соған байланысты бізге куәліктер әлі келіп түскен жоқ. Күте тұрыңдар» деп бермей қойған болатын, – дейді оралмандар.

Жұмагүл мен Мараттың қолындағы «оралман куәлігі» шілденің 27-сі күні беріліпті. Олардың Алматы облысы ішкі істер басқармасы бастығының атына жазған өтініштері де дәл осы күні толтырылған. Алайда Жұмагүл Қыстаубаева бұл өтінішті өзі жазбағанын айтады.

– Менің жазу қалыбым – басқа, мына жазу – мүлдем бөлек. Және менің жеке басымды растайтын куәлікке қойған қолым мен мына қолтаңбаның арасындағы айырмашылық та көрініп тұр. Сондай-ақ егер мен сол күні өтініш берген болсам, бұлар сонда бір күннің ішінде куәлікті дайын қып бергені ме? – дейді Жұмагүл Қыстаубаева.

«АЗАМАТТЫҚ АЛҒАНЫН ЖАСЫРҒАН»

Ерлі-зайыпты Марат пен Жұмагүл оралман куәлігінің кешіккеніне емес, өздеріне тиесілі квотаның берілмеуіне наразы.

– Оралман мәртебесін алғаннан кейін бірден квотаға құжаттар жинастырдық. Алайда көші-қон полициясы біздің құжаттарымызды қабылдамай қойды, – дейді Марат.

Мараттың айтуынша, оралман мәртебесін тосып жүргенде оларға Жұмагүл Қыстаубаеваның жеке төлқұжатындағы өз қолы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

Жұмагүл Қыстаубаеваның жеке төлқұжатындағы өз қолы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

әлдеқашан Қазақстан азаматтығы беріліп қойған.

Ерлі-зайыпты оралмандар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына да шағымданып барыпты. Осы мәселеге байланысты қауымдастық төрағасының орынбасары Талғат Мамашев тиісті органға хат жазып, жауап алған екен. Мамашевтың атына жазылған, облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Нұрсейітов деген азаматтың қолы қойылған хатта былай деп жазылған:

«ҚР ІІМ-нің бұйрығына байланысты ІІД-нің 20.03.2011 жылғы қорытындысы бойынша Ж.Қыстаубаева және күйеуі М.Хисматуллин Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған. Ж.Қыстаубаева Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанын жасыра отырып, 27.07.2011 жылы ІІД КҚПБ-сының этникалық көші-қон және босқындармен жұмыс бөліміне оралман мәртебесін беру туралы өтініш тапсырады және сол күні «Оралман» деректер қорына енгізіліп, оралман мәртебесі беріледі».

«ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГЕНГЕ ДЕЙІН АЗАМАТТЫҚ АЛЫП ҚОЙҒАН»

Облыстық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Данияр есімді азаматтың айтуынша, оралман куәлігі бес емес, үш жұмыс күнінің ішінде беріледі.

– Өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күннің ішінде оралман куәлігін береміз. Куәлікті алғаннан кейін құжаттарын жинап өткізсе, екі айдан соң квотасын ала алады. Квотаны рәсімделген құжаттарына сай облыстық Жұмагүл Қыстаубаеваға берілген оралман куәлігі. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

Жұмагүл Қыстаубаеваға берілген оралман куәлігі. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

төлем орталығы белгілейді, – деген облыстық көші-қон полициясының өкілі «Марат пен Жұмагүл заң өзгергенге дейін Қазақстан азаматтығын алып қойған. Сондықтан оларға квота берілмейді» дегенді сөз арасына қосып қойды.

«Көші-қон заңына соңғы енгізілген өзгертулер бойынша, азаматтығын алса да, квота берілуге тиіс емес пе еді?» деп сұраған еді Азаттық радиосының тілшісі.

– Иә, дұрыс айтасыз. Алайда Жұмагүл мен Марат заң қабылдағанға дейін – наурыз айында азаматтық алып қойды, – деп жауап берді Данияр.

«Оралман мәртебесін алу үшін облыс орталығына адамдардың құжаттарын өздері өткізгені дұрыс» дейді көші-қон полициясының өкілі:

– Қазір алаяқтар көп. Сондықтанда олар «алып береміз» деген әлдебір алаяқтардың құрбаны болып кетпес үшін өз қолдарымен әкеліп тапсыруын жөн санадық. Әрі бұл жемқорлыққа да тыйым салады.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG