Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Руханият

Интернет кеңістік қазақ тілді үш сайтпен толығатын болды

Журналистер қазақ тілді интернет сайттардың ашылып жатқанын айтып, сүйінші сұрады. Алматы, 17 қыркүйек, 2009 жыл.

17.09.2009
Мәншүк АСАУТАЙ

Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ашылған сайттардың мақсаты — қазақ тілді интернет журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекені арттыру. Олардың қозғайтын тақырыптары көбінесе тіл, дін және ұлт мәселесі.


ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУ БАҒАСЫ АРЗАНДАСА, ОҚЫРМАН КӨБЕЙЕДІ

Интернет кеңістігінде жаңадан «Мінбер», «Назар» (zamandas.kz) интернет –газеттері және 1 қазаннан бастап жұмыс істейтін «Алтын орда» интернет –сайты ашылды. Бұл сайт қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызықты ақпараттарды орыс және басқа тілдерге аударады.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде kz доменінде тіркелген 6000 -ға жуық интернет сайттар бар, олардың мың жарымы қос тілді сайттар. Зерттеулер нәтижесі сайттарды көбіне 17 мен 25 жас аралығындағы Қазақстанның ірі қалалары Алматы және Астана тұрғындары
Серік Малеев, "Алтын Орда" сайтының негізін қалаушы. Алматы, 17 қыркүйек 2009 жыл.
қарайды екен. Ең жиі талқыланатын тақырып - тіл, дін және ұлт мәселесі.

Егер интернетті пайдалану арзан болса, қазақ тілді тұтынушылар саны күрт өседі

Сарапшылардың сөзіне қарағанда қазақ тіліндегі ақпаратқа сұраныс өсіп келе жатқанымен, қазіргі уақытта қазақша шығатын веб –сайттарға көпшіліктің көңілі толмайды. Оның бірден-бір себебі - қазақтілді журналистердің көпшілігі интернет журналистиканы жеткілікті меңгере қоймағандығы.

- Қазір қазақ оқырмандары орыс тілді интернет сайттардан, орыстілді басылымдардан ақпарат алып отыр. Бұл «өз бақшаңда өсіп тұрған жеміс -жидекті суғармай, өзгенің бақшасындағы жемістерді суғарумен» тең дүние ғой. Біз қазақ тілді аудиторияның сұранысын қанағаттандыру үшін ең алдымен осы интернет журналистиканы дамытуымыз керек. Және бұған дәл қазіргі уақытта ешқандай қиындық жоқ. Қазірдің өзінде интернет-газеттер бар, бірақ олар әлі күнге орыс интернет-сайттарымен салыстырғанда деңгейі де дәрежесі де төмен, – дейді «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Ержан Байтілес.

Қыркүйек айында ашылған «Мінбер.kz» ақпараттық – интернет ресурсының иесі Бақытбек Бәмішұлының айтуынша, Қазақстанда интернетті пайдаланудың қымбаттығы елдегі қазақ тілді интернет журналистиканың дамуына кедергі келтіріп отыр.

- Көптеген адамдар интернетке қосыла алмайды. Интернет-кафелерге барып, ақша төлеп, пайдалану әркімнің қолынан келмейді. Қазақ тілді ақпарат құралдарының ауқымы тар болып отырғандығының бірден-бір себебі осы. Егер интернетті пайдалану арзан болса, қазақ тілді тұтынушылар саны күрт өсетіндігі сөзсіз, – дейді Б. Бәмішұлы.

САННАН САПАҒА ОЙЫСАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ

Соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше интернет сайттар ашылды. Бірақ, олардың сапасы оқырманды қанағаттандырмайды. Ал саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, қазақ тіліндегі веб-сайттардың дамымай қалуына қаржы тапшылығы қолбайлау болып отыр.

Саясаттанушы Айдос Сарым. Алматы, 17 қыркүйек 2009 жыл.
- Өкінішке қарай, көп жағдайда біздің интернет-сайттар айтарлықтай қаржысы мен мүмкіндігі жоқ, тек қазақ тіліне жаны ашитын, өзінің жүрегінен шыққан жалынымен ғана жұмыс істейтін азаматтар арқасында жұмыс істеуде. Әсіресе, мына шетелде жүрген студенттер немесе аймақта жүрген кейбір журналистер тегін хостингтер арқылы жұмыс істейді. Оның тиімді жағы да, кемшін тұстары да жетерлік. Қазақ тілінде ақпарат іздеген адам сол сапасыз сайтқа кірсе, шошып кетуі әбден мүмкін. «Қазақ тілді интернет осы болса, онда орыс немесе ағылшын тіліндегі интернет ресурстарды пайдаланғаным дұрыс шығар» деген ой келеді. Осы жағынан қауіпті. Яғни бүгінгі күнге дейін сан мәселесі айтылып келсе, осы күннен бастап сапа мәселесі қолға алынуы тиіс, – дейді Айдос Сарым. 

Мемлекеттік органдардың қазақ тіліндегі сайттарының мазмұны жұтаң.

Мемлекеттік органдардың веб – сайттарының қазақша, орысша және ағылшынша нұсқасын бақылаған Айдос Сарым қазақ тілді оқырманның құқы ең алдымен осы сайттардан бастап аяқ асты болатындығын тілге тиек етті.

- Қазақстан Республикасындағы барлық министрліктердің сайтын қарай отырып, ондағы беріліп жатқан ақпараттың саны да, сапасы да азаматтардың ақпарат алуға деген құқын толық қамтамасыз ете алмайтынына көзім жетті. Кей министрлік сайтында баяғыша анда-санда басшылықтың сөйлеген сөзі мен азын-аулақ құттықтаулардан аспайтын ақпарат беріліп тұр. Ал қалғаны түгелдей орыс тілінде, – дейді Айдос Сарым.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: kazakh Қайдан: ulaanbaatar
18.09.2009 03:11
deidi sondai mundai dep otirasindarma?iske koshsendershi mangurtter kazakhtanga barsam MANGURT bolip ketem be dep korkam.iske koshein desem sender meni kaidan koldaisindar.sender bayan olgeiden bargan kazakhtardi sender mangol deidi dep estidik.bularin kalai?kazakhstandi tonkeretin armyim bolsa senderdi jaulap kazakhka ailandirar em.mangurt obtar men obadar senderge aitar jok

Кімнен: оқырман Қайдан: Астана
18.09.2009 10:44
қазақ тіліндегі сайттардың көбісі көшеде айтылатын әңгімелерге толы, мәселен Жастар порталына кіре қалсаңыз, жақсы форумдар бар, алайда, тұжырымды ой, нақты пікір жоқ, жәй коридорда айтылатын әңгімелер.
сондай-ақ мен күні кеше ғана сольфеджио оқулығының қазақша электронды нұсқасын іздеп, Қазақ Ұлттық музыка академиясының сайтына кіргенімде, қазақша оқулық тұрмақ, сайттың қазақ тіліндегі нұсқасының жоқ екенін көріп...
ал орыстілді сайттарда неше түрлісін кездестіруге әбден болады.
тек қана ақпараттар ғана емес, қажетті мәліметтермен де қамтылуы керек-ақ.
әдеби мәліметтер тек Тұмар қыздың сайтында ғана бар, "мәссаған"-ның беталысы жаман емес, бірақ толықтыру керек, біржақтылық басым
Істеріңізге сәттіліктер ғана тілеймін ағатайлар!

Кімнен: аудармашы Қайдан: Астана
18.09.2009 10:47
сайттарды қазақ тіліне аудару мәселесіне атсалысқым келеді. әрине, жұмыс іздеу орны емес екенін білемін, қазақ тіліндегі ақпараттарды күн өткізбей толықтырайық деген ниет қой. Қайда хабарласуыма болады?

Кімнен: alshe Қайдан: alshe USA
18.09.2009 12:11
nazarbay tin oakhete yiende jete .tahtan tusen,Kazakhstan de bulhap bolde.yende jete
johalsen.

Кімнен: halmurat Қайдан: ken baitak mongolia
18.09.2009 17:03
ulanbator kazak-ka: men de ulanbatordanmin, siz aitkan mangurtter ulanbatorda da jetip asatinin umitip ketkensiz be? nege koepke topirak shashasiz? bireuler bizdin mongoldin kazagin en taza soeileidi dep boestiredi. shindigina kelsek bul beker soez. siz ekeumiz taza kazaksha soeilep "yag haragdaach"!

Кімнен: Datuli Қайдан: Arqa
18.09.2009 20:25
anau b.bamishuli degenning qolinan ne keledi? ol `kosh` degen gazet aship,ministrlikten bergen aqshani jep tauisqan song aqiri qiziqsiz gazet jabilip tindi.endi mine mayshelpek aqshasi bar tildi qoldau qorining aqshasina jabisip internet gazet ashpaqshi,ha ha ha,adam kulkisi keletin narse...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
19.09.2009 04:51
Меніңше интернетті түгелдей мемлекеттік тілге көшіру керек. Бір немесе бірнеше қазақша сайт ашып тілді дамыту мүмкін емес. Менің ұсынысым, Компютерлік техниканы бастан аяқ Қазақ жерінде жинайтын завод ашып алу керек. Ол үшін сол компютерді шығарған Майкроссовт компаниясы ма әлде басқа компания ма басқасы бола ма сол орталықтармен келісіп жұмыс жүргізіп программалық жабдықтау жүйесін түгелдей қазақшалап Пентиум-4 емес Елшілік-4, 5, 7 деген жаңа процессорларды өзіміздің отандық өнім ретінде қазақ еліне арзан бағамен дүкен сөрелерін қою керек. Қаншама сайт ашқанымызбен мұхиттың ар жағынан келіп жеткен озық ой техникасын Ресейліктер өздеріне бейімдеп алғандығы жаныма батады. Олар пайданы да өз қақпаларына бейімдеп алған. Түсінікті тілмен айтқанда мен компютерді бір программаны енгізгенде сол дисктер қазақша сөзбен түсінікті ұғынықты түрде жасалған дүние болуы керек. Ағылшынша немесе орысша болмауы керек, Антивирусыңда Емдік табақ деп аударылып, бар процесс көз алдымда қазақша өту керек. Сөздің тоқ етері қазақтың озық ойлы технократ ғалымдары осы мәселемен шұғылданса тіліміз де дамыйды тәуелсізідігіміз де нығайады. Ал Қытай мемлекеті бұл мәселені өз пайдаларына өз ұлтының мүддесіне орайластырып баяғыда шешіп алған. ҚАЙДАСЫҢДАР ДИцертация жазғыш өңшең ұлардай шулаған ғалымсымақтар мен кабинетте түк бітірмей өсек айтып біреуді өтірік мақтап не даттап күнін көріп жүрген мырзалар мен ханымдар. Мықты болсаңдар осы мәселені шешіңдер....Мемлекет тарпынан қолдау болмаса "Жириновский" мырзаның өзі қолдайтынына сенімдімін.

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
20.09.2009 00:59
Жарайсың, Тәкең!Мен де,сенің айтқаныңды қоштаймын.Бірақ,оған қазақи байлардың ақылы да,білімі де жетпейді және"айналымға салған ақшамды қайтарып ала алмаспын"-деп қорқады.Қазақтың азғындаған байлары ақшаны қадам сайын тойхана, кафе-бар,ресторан,түнгі клубтар мен сауналар салдыруға жұмсайды.Айналымға салған ақшасы еселеп қайтарады.Содан-ақ біле бер қазақтың түнде қыдыратын ұл-қыздарының азғындағанын.Көрдің бе,кез-келген жақсы іс тәрбие,оқу-білім,патриотизм болғанда ғана болады.

Кімнен: Esil Қайдан: Sariarka
05.10.2009 22:45
datuli, sen "Minber" ge man ber!
     
Мәтін көлемі - +