Accessibility links

ЕҚЫҰ президент Назарбаевты интернетке қатысты заң жобасына вето қоюға шақырды


Қазақтандық интернет-форумдарда цензураға қарсы наразылық білдіруге үндеген белгі осылай бейнеленген. Алматы, мамыр, 2009 ж.

Қазақтандық интернет-форумдарда цензураға қарсы наразылық білдіруге үндеген белгі осылай бейнеленген. Алматы, мамыр, 2009 ж.

ЕҚЫҰ Қазақстан парламенті сәрсенбі күні қабылдаған заң жобасы елде интернет еркіндігі мен сөз бостандығын шектейтінін ескертіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевты ол заңға қол қоймауға шақырды. Мұның алдында Журналистерді қорғау комитеті де осындай үндеу жасаған болатын.

ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харасти Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында ел парламентінің сәрсенбі күні мақұлдаған интернетке қатысты заң жобасына сын айтқан.

«Сенат енгізген аздаған өзгерістерге қарамастан, бұл заң жалпы алғанда интернет пен ақпарат еркіндігін шектейді. Ол заңның күшіне енуі - Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарын реттеуді демократияландыру ісіндегі кері қадам болуы мүмкін» делінген Миклош Харастидің Қазақстан президентіне жазған хатында.

Миклош Харастидің айтуынша, ЕҚЫҰ-ның ол басқаратын кеңсесі кезінде осы заң жобасы ақпарат еркіндігі мен сөз бостандығының
Блогтар, чаттар, форумдар және өзге де интернет-ресурстарды дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралына теңестіру интернетті пайдалану құқығын еш негізсіз шектейді.
талаптарына қаншалықты сәйкес келетіндігіне заңдық тұрғыда сараптама жүргізіп, Қазақстан билігіне құқықтық жәрдем көрсеткен. Ол бойынша әзірленген ұсыныстар Қазақстан билігіне биылғы ақпан айында беріліп, сәуір айында Астанада таныстырылған.

Миклош Харасти Қазақстан бұл заң жобасының ЕҚЫҰ-ның талаптары мен міндеттемелеріне қарама-қайшы келетін тұстарына президент Назарбаевтың назарын аударған:

– Блогтар, чаттар, форумдар және өзге де интернет-ресурстарды дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралына теңестіру интернетті пайдалану құқығын еш негізсіз шектейді.

– Кез-келген бұқаралық ақпарат құралының жұмысын немесе хабар таратуын тоқтатуға негіз болатын себептердің тізбесі ұлғаяды.

– Қазақстан азаматтарының шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе кез-келген шетелдік интернет-ресурстан ақпарат алу еркіндігі шектеледі.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатының соңында ЕҚЫҰ-ның өкілі Миклош Харасти егер Қазақстан президенті осы заң жобасына вето
Кез-келген бұқаралық ақпарат құралының жұмысын немесе хабар таратуын тоқтатуға негіз болатын себептердің тізбесі ұлғаяды.
қойса, онда бұл Қазақстанның, ЕҚЫҰ-на төрағалық міндетіне кірісер алдында, осы халықаралық ұйымның баспасөз еркіндігін қамтамасыз ету жөнінде өз мойнына алған міндеттемелерін толығымен құрметтейтіндігінің айқын белгісі ретінде қабылдануы мүмкін екендігін жазады.

Мұның алдында Қазақстан басшылығына дәл осындай үндеуді штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті бейүкіметтік ұйымы да жасап, президент Нұрсұлтан Назарбаевты интернетті бақылайтын заң жобасына вето қоюға шақырған болатын. Аталған комитеттің Еуропа мен Орталық Азия бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянова маусымның 24-і күні Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деген еді:

«Қазақстан парламенті маусымның 24-інде мақұлдаған бұл заң жобасы енді бірнеше айдан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болатын мемлекет үшін сәтсіз қадам болып табылады. Біз бұны Қазақстанның адам құқықтары мен
Қазақстан азаматтарының шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе кез-келген шетелдік интернет-ресурстан ақпарат алу еркіндігі шектеледі.
баспасөз еркіндігі жағдайына қатысты кері қадам болады деп санаймыз. Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевты аталған заңға вето қоюға шақырамыз».

Сәрсенбі күні Қазақстан Парламентінің Мәжілісі ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері жөніндегі заңнамаға Сенат ұсынған өзгерістермен келісіп, түпкілікті қабылдаған соң заң жобасы қол қою үшін ел президентіне жіберілді.

Заңнамаға енгізілгелі отырған бұл өзгерістер бойынша Қазақстандағы барлық интернет-ресурстар дәстүрлі БАҚ-қа теңестіріледі.

Сондай-ақ бұл құжат заңнамаға сәйкес келмейтін Қазақстанда таралатын шетелдік БАҚ өнімдеріне қатысты шағымданушының мекені бойынша және жауапкердің қатысуынсыз сот өндірісінің болу мүмкіндігін де қарастырады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG