Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:35

VIP СҰҚБАТ

Пан Ги Мун: Адам құқықтарын қорғауда Қазақстан ілгері басады деп үміттенемін

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаңа мүшелер қабылдау бастамасын қолдайды. Азаттық радиосына арнайы сұқбатында Пан Ги Мун Қазақстандағы адам құқығы, Иранның ядролық бағдарламасы және «Wіkileaks» сайты әшкерелеген мәліметтер туралы да айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Азаттық радиосына арнайы сұқбат беріп отыр. Астана, 30 қараша 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азаттық радиосының тілшісі Едіге Мағауинге берген сұқбатында Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі форматын реформалау қажет деген пікірді БҰҰ мүшелерінің көпшілігі қолдап отырғанын жеткізді. Бас хатшы Қауіпсіздік Кеңесінің вето қою құқығына ие бес тұрақты мүшесі және он уақытша мүшесі бар қазіргі жүйесі ескірген деген пікірін білдірді.


«УИКИЛИКСКЕ» ЖАУАП

Азаттық: – Құрметті Бас хатшы Пан Ги Мун мырза, уақыт бөлгеніңізге көп рахмет. Сөзімізді әлемді дүрліктірген «Уикиликс» сайтының жарияланымдарынан бастасам. Жария болған құпия құжаттардан білгеніміздей, АҚШ Мемлекеттік департаменті өз дипломаттарына сіз және БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі басқа да лауазымды тұлғалардың биометрикалық және өзге де мағлұматтарын жинау жөнінде тапсырма берген. Бұл жайт сіздің шамыңызға тиді ме?

Пан Ги Мун: – Менің баспасөз хатшым бұл жөнінде тиісті мәлімдеме таратқан еді. Ең алдымен сол мәлімдемеге сілтеме жасағаныңыз жөн.

Жалпы, біреудің жіті бақылауында жүргенін білген адам бұған қуана қоймас. Дегенмен, БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде менің жұмысым мен іс-әрекетім жалпақ жұртқа жария түрде жүретінін әрі халықаралық қоғамдастықтың жіті бақылауында екенін де білемін.

Біріккен Ұлттар Ұйымның жұмысы жария жүргізіледі және біз қолдан келгенше жаһан халқының көңілінен шығуға тырысамыз.

Азаттық: – Сонда да, осы оқиғаның өзі сізді ашуландырды ма?

Пан Ги Мун: – Тағы қайталап айтайын, сол мәлімдемеде: «Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің барлығы БҰҰ-ның артықшылықтары мен қолсұғылмаушылығын қорғайтын және құрметтейтін конвенциялар мен келісімдерге бағынуы тиіс», – делінген.


ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРІЛЕР БАҒА

Азаттық: – Енді ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстан туралы сөз етсек. Төрағалық ететін ел басқаларға үлгі болуы керек деген қағидаға сенетіндердің көбі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда осалдық танытып отырған Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік пен құқық саласындағы белді ұйымын басқаруға лайықты емес еді дегендей пікірлер айтып жатады. Бұған сіз қалай қарайсыз? Қазақстанның осы жыл ішіндегі төрағалығын қалай бағалайсыз?

Пан Ги Мун: – Биыл ЕҚЫҰ-ны басқара отырып Қазақстан Қырғызстанда және басқа да аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде алғырлығын, табандылығын танытты. Қырғызстанда бейбіт өмір мен тұрақтылықты, адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ-ның басқа мүшелерімен және БҰҰ-мен қоян-қолтық жұмыс істегенін атап айтқан жөн.

Осы саммит барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ЕҚЫҰ мүшелері ядролық қарудан арылу, бейбітшілік пен тұрақтылық, адам құқықтары, табиғатты қорғау сияқты бәрімізге ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндік алады деп үміттенемін. Мұның барлығы – біз шешуге тиіс күрделі мәселелер.

Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының аса маңызды әріптестерінің бірі және бұл ел әлеуметтік-экономикалық даму саласында көп жетістіктерге жеткен. Адам құқықтарын құрметтеу мен қорғауда да Қазақстан ілгері қадамдар жасайды деп үміттенемін. Қазақстан басшылығымен кездесуде дәл осы тақырыпты талқыладық. Ел үкіметі Адам құқықтары кеңесінің барлық ұсыныстарын іске асырады деп сенемін.


ИРАНҒА ҮНДЕУ

Азаттық: – Енді халықаралық ауқымдағы мәселелерге ойыссақ. Жақында қырық адамнан тұратын саясаттанушылар мен ғалымдар тобы «АҚШ Иранға қатысты саясатын қайта қарап, Теһранның халықаралық қауымдастықтың қадағалауымен уранды байытуға құқығын мойындауы тиіс» деген байлам жасады. Сіздің ойыңызша, Иранға қатысты көзқарасты қайта пысықтайтын кез келді ме?

Пан Ги Мун: – Иран басшылығымен, соның ішінде президент Махмұд Ахмадинежадпен осы тақырыпты түрлі кездесулерде талқылап келемін. Әр кездесу сайын Иран үкіметін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті қарарларына толық бағынуға және МАГАТЭ ұйымымен ашық қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырамын.

Ядролық қаруды таратпау келісіміне сәйкес кез-келген елдің ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалануға хақысы бар, тек олар мұндай отынды тек бейбіт мақсатта пайдаланатынын дәлелдеуі тиіс. МАГАТЭ-нің жақында жариялаған есебіне сенсек, Иран бұл талапқа сай келмей отыр. Иран үкіметінің бар міндеті – атомды әскери тұрғыдан күш жинауға пайдалануды көздеп отырмағанына, оны тек бейбіт мақсатқа бағыттайтынына сендіру.

Азаттық: – Теһранға бару жоспарыңызда жоқ па? Сіздің араласуыңыз ядролық тығырықтан шығуға сеп бола ма?

Пан Ги Мун: – Мүмкіндік бола қалған жағдайда Теһранға сапар шегуге әзірмін.

Азаттық: – Иран туралы және бір сұрақ. Жақында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі бұл елді сынға алды. Ирандағы адам құқықтары мәселесіне қандай баға бересіз және бұл сізді алаңдата ма?

Пан Ги Мун: – Ирандағы адам құқықтары мәселесіне, соның ішінде кездейсоқ тұтқындау және қамау, бәлкім тіпті азаптау оқиғаларына алаңдайтынымызды бұрыннан айтып келеміз. Осы жайттардың барлығы халықаралық адам құқықтары және гуманитарлық стандарттарға сәйкестендірілуі керек.

Бұл мәселені президент Ахмадинежадпен және жақында Иранның Адам құқықтары жөніндегі жоғары кеңесінің басшысы Мұхаммед Ларижанимен талқыға салғанбыз. Ларижани мырза мен көтерген істердің барлығын қарап шығып, кейінірек маған кеңінен жауап беруге уәде етті. Иран халықаралық адам құқықтары мен гуманитарлық стандарттарға мойынсұнады деп үміттенемін.


ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ПРОБЛЕМАСЫ

Азаттық: – Азаттық радиосы хабар тарататын екі ел – Армения мен Әзірбайжан тақырыбына ауыссақ. 1993 жылдан бері БҰҰ Таулы Қарабақ бойынша төрт бірдей қарар қабылдады, бірақ олардан еш пайда жоқ. Бұл қарарлар жүзеге асуы үшін БҰҰ не істеуі керек?

Пан Ги Мун: – Өз басым Минск тобының араласауынан және міндеттемелерінен үміт күтемін. Екі жақ та қазіргідей үстел басына отырып, барлық мәселелерді ортаға салады деп үміттенемін және жақында болған талқылаудан көп пайда болғанын да түсінемін.

Әзірбайжан мен Армения бұл мәселені бейбіт шешудің жолдарын мүмкіндігінше тездетіп табады деп сенемін. Екі жақты да Шектесу сызығында әрқандай бір арандату әрекеттеріне бармауға, Шектесу сызығында тұрған мергендерді кері алып кетуге шақырамын. Бұл тек екі тарапқа ғана емес, келіссөздерді бейбіт ауанда өткізуге күш салып жүрген топтарға да жеңілдік жасар еді.


БҰҰ-на РЕФОРМА ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

Азаттық:
– Соңғы сұрағым БҰҰ-ның болашағына қатысты. Қауіпсіздік кеңесін реформалауда қандай нәтиже бар? АҚШ Президенті Барак Обама айтқандай, тұрақты мүшелер санын көбейтіп, Үндістан сияқты елдерді сол қатарға қосуға қалай қарайсыз? Сіздің идеалыңыздағы Қауіпсіздік кеңесі қандай?

Пан Ги Мун: – Соңғы алпыс жылдағы өзгерістерді ескере отырып Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін бұрынғыдан да ашық, уәкілетті әрі демократиялық мекемеге айналдыру керек деген – БҰҰ мүшелерінің ортақ пікірі. Мүше мемлекеттер бұл мәселені белсенді түрде талқылап жатыр.

БҰҰ мүшелері бірауыздан Қауіпсіздік Кеңесі реформалануы керек деген ұйғарымға келіп отыр деп айта аламын. Дегенмен, оны қалай реформалау керек, реформаның ауқымы қандай, Қауіпсіздік Кеңесіне қай ел кіруі тиіс – мұның барлығын мүше мемлекеттер ақылдаса отырып анықтауы керек.

Бас Ассамблея жақында бейресми келіссөздердің арқасында бұл мәселе жөнінде біршама айқындалған тоқтамға келді. Мүше мемлекеттер барлық елдерді қанағаттандыратын ортақ үлгі мен формуланы табады деп үміттенемін.

Азаттық: – Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға сіздің өз көзқарасыңыз қандай? Мүшелердің санын арттыру керек пе?

Пан Ги Мун: – Бас хатшы ретінде және жеке адам ретінде айтарым, әлемдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты әрі ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерін шешу үшін Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің саны артуы керек деп санаймын.

Азаттық: – Демек, сіздің идеалыңыздағы Қауіпсіздік Кеңесі қазіргіге қарағанда кеңірек болуы керек қой?

Пан Ги Мун: – Мүше мемлекеттердің ұйғарымы да осы. Бірақ бұл кеңею мейлінше уәкілетті, ашық әрі демократиялық жағдайда өтуі керек. Мүше мемлекеттердің де қалауы – осы, мен де осы пікірді қолдаймын.

Азаттық: – Құрметті Бас хатшы мырза, сұқбатқа уақыт бөлгеніңізге көп рақмет.


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Азаттық радиосына берген сұқбатының видеосын қараңыз:

Жүктеу



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Көпкөрген
01.12.2010 13:25
+0 / -0
"Адам құқықтарын құрметтеу мен қорғауда да Қазақстан ілгері қадамдар жасайды деп үміттенемін. Қазақстан басшылығымен кездесуде дәл осы тақырыпты талқыладық. Ел үкіметі Адам құқықтары кеңесінің барлық ұсыныстарын іске асырады деп сенемін" деген ПанГиМун да "жәй, әншейін" жүрген адам екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Нар
01.12.2010 21:37
+0 / -0
Қандай Азамат, Қазақ елінің нағыз демократиялы ел екенін танып, әлемге паш етті!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
01.12.2010 14:52
+0 / -0
Пан Ги Муннің көп жайдан хаардар екені көзінен сезіліп тұр... Өзі бір қазақтың сабырлы азаматына ұқсайды. Әліптің артын бағайық сәл шыдай тұрыңдар ағайындар деп...ишара жасап тұрғандай ма? қалай?

Кімнен: Еламан
01.12.2010 14:54
+0 / -0
Қазақстан Ядролық қарудан бас тартқан мемлекет! Бейбітшілік пен келісімді таратуда әлем елдеріне үлгі болдық. Бас қосуда Қазақстанның осы жетістігі басып аитылды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.12.2010 15:30
+0 / -0
Түстен бұрынғы "Weeklikse" жұрналының қазақстан туралы жазған құпия құжаттары туралы хабарды таба алмай жатырмын, қалай табуға болатынын айтып беріңіздерші?? рахмет
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
01.12.2010 15:52
+0 / -0
«Уикиликс» қазақ шенеуніктерінің әдеті мен әрекетін жаһанға жария қылды http://bit.ly/g5JZJe

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.12.2010 15:32
+0 / -0
кешіріңіздер "Wіkileaks" сайты

Кімнен: Еділ
01.12.2010 16:16
+0 / -0
арада 11 жыл салып ЕҚҰЫ ның жоғары дәрежедегі 7 саммиті отті қазақ үшін жеті саны қасиетті сан, және де ЕҚҰЫ ның 21 ғасырдағы Жоғары дәрежедегі Брінші самитті Қазақстанда өтіп жатыр , бұл бізді қуантады, ертен біздің немерелріміз бұл жайында мақтанышпен айтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Найман
01.12.2010 21:40
+0 / -0
Қазағымнан, әсіресе Елбасымыздан таң қалудан жазқанбаймын. Болашақ ертеңнің батытты болуына сенемін. Осы үшін Нұр Отан партиясы көп үлес қосуда.
Пікір алмасу

Кімнен: агажай Қайдан: алтай
02.12.2010 21:34
+0 / -0
Албаты далага лакпасаншы.

Кімнен: Ауылдың қазағы
01.12.2010 16:20
+0 / -0
Бас десе құлақ деп отырған не қылған жан мына Пан Ги Муның?! Қазақстанда адам құқығы қорғалмақ түгілі, адам құқығын табанға басып, аяусыз жаншып жатса бұл сол кері кеткендерге үміт артады.
Бетіне тьфу дейін десем, әжептәуір жасқа келіп қалған адам екен, аяп кеттім өзін. Дәуде болса бұның да өңешіне доллар-соллар тықпышталған шығар, мұрнының астынан міңгірлеп отырғаны көп нәрсені түсіндірсе керек...

Кімнен: Аспан
01.12.2010 16:36
+0 / -0
Астана саммиті, ЕҚҰЫ ны жаңғыртты

Кімнен: Ауылдың қазағы
01.12.2010 18:39
+0 / -0
Ұрысұлтанның сұр мергендері мен тыңшылары Астанада ғана балкондарды көздеп өріп жүрме десем, мына тармақта да жыпырлап отыр екен ғой шұнақ құдайым-ай!

Кімнен: Бауыржан
01.12.2010 19:01
+0 / -0
Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымының бұдан бұ­рын­ғы саммиті 1999 жылы Ыстам­бұл­да өткені белгілі. Содан бері жа­һан­­дық тыныс-тіршілік пен тәртіп сан түр­лі өзгеріске ұшырады. Әлем ал­­дын­да жаңа міндеттер мен жаңа қа­уіп-қатерлер тұр: экологиялық дағ­да­рыс­тар; халықаралық лаңкестік; жо­ға­рыда атап өткен шешімі кейінге қал­ған күрмеуі көп кикілжіңдер; өр­шіп бара жатқан есірткі саудасы; өзек­ті жара – ауған мәселесі және тағы басқалары. Оның үстіне соңғы он жыл ішінде ЕҚЫҰ-ға кіретін ел­дер Сыртқы істер министрлері бір­ың­ғай саяси декларация қабылдауға қол жет­кізе алмай жүр. Міне, осындай жағ­дайда Қазақстан Ұйымда қалып­тас­қан дағдарысты жеңіп, бұдан 35 жыл бұ­рын Хельсинкиде басталған про­цеске дем береді

Кімнен: Айжан
01.12.2010 19:13
+0 / -0
Тәуелсіздік алғанына небәрі 19 жыл болған, соның ішінде аста­на­сын тың жерден көтеріп үлгерген, өз еркімен қолында тұрған ядролық қа­рудан бас тартқан, экономикасы мығым, сан түрлі ұлт­тың ба­ла­сы­­ның ба­сын қосып, татулық пен тұ­рақ­ты­лықты ішкі саясатының негіз­гі ұс­та­нымы ет­кен, Н.Ә.На­зар­баев­тай Ұлт Көш­бас­шысы бар Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына қол жет­кізіп, оның барысында ауқым­ды іс-шараларды іске асырып, енді өз елордасында осы Ұйымның Сам­митін өткізгелі отыр.

Кімнен: Жаяу Мұса
02.12.2010 15:10
+0 / -0
"...Қазақстан Қырғызстанда және басқа да аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде алғырлығын, табандылығын танытты...." (ООН Бас хатшысы Мун)

Қырғызға қатысты алғанда:
1. Шегараны қарулы қақтығыс басталғанда жауып тастады да, ұзақ уақыт ашпай қойды. Қырғыз елінде ішкі қайшылықтың артуына, революцияның жөргекте тұншығуына ықпал етуді көздеді.
2. Бакиевті "ұрлап" алып шығып, 3 күн келіссөздер жүргізіп, Лукашенконың қанатының астына апарып тықты. Ал қазір Бакиевтің шеруді атқылауға бұйрық бергені анықталып отыр. Қазақстан оны сол кезде-ақ білген.
3.Қазақстандығы саудада жүрген қырғыздарды жаппай ұстап, еліне қайтара бастады. Олар еліне барған соң "Қазақстандағы азды-көпті жүріп тұрған бизнесінен ажырауға септік болған уақытша үкіметке қарсы жұмыс істейді, ішкі қайшылықты күшейтеді" деген үміт болды Қазақстан тарапында.
4. Елдің оңтүстігіндегі қырғынды "ұйымдастыру" үшін Бакиевтің жақтастарын аса қажетті уақытпен қамтамасыз етті. Ол қәзір дәлелденді. Қазір қырғынды ұйымдастыруға бакиевшілердің қатысы бар екені анықталды.
5. Қырғызстанның уақытша үкіметін "билікке ұмтылған, билікті басып алған карьеристер тобы" деп бағалады. Сол арқылы қарғыз халқын уақытша үкіметті мойындамауға астарлап шақырды...
6.Қырғыздағы қантөгісті бұрыннан жауыр әдіспен, "міне, мен қандаймын, осы күндеріңе разы емессіңдер ме?!" деп, өз халқына дық көрсету үшін қолдана кетті. Тіпті біреудің трагедиясын өз пайдасына шешіп қалудан жиіркенбейтінін көрсетті.
7. Қырғыздың Жаңа Конституциясы туралы ләм-лим аузын ашпады. Батыс оны өте жоғары бағады. Қазақстанның көзі ашық адамдары да жоғары баға берді.
8. Өздері "билікке ұмтылғандар, билікті басып алғандар" деген үкіметті заңды статус алғанша танымаймыз деді. Елдің ең соңынан ғана мойындай бастады.
9. Революция ұшқыны Қазақстанға тарап кетпесін деп әлі күнге алаңдаулы. Шегера тастай берік!

Осыған кімнің тағы алып-қосары бар?

Кімнен: Қайрат
02.12.2010 16:10
+0 / -0
Елбасымыз Н.Назарбаевты, Сыртқы істер министрлігін және осы мақсатта жұмыс жасап жүрген барша ел азаматтарын бүгінгі саяси және мәмілегерліктің жеңісімен шын жүректен құттықтаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Адам
02.12.2010 19:42
+0 / -0
Байлаулы бұралқы иттер ай! Бейшралар ай!!!! Не айтуға болады. Бүййткенше асылып Өлсеңерші байқұсар! Сонда адам болуға жақындайсыңдар!!!

Кімнен: Ғазизат
02.12.2010 16:46
+0 / -0
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы нағыз заман талаптарына жауап беретін және нақты нәтижелерге бағытталған іс. Төрағалықтың сәтті жүргізілуінің де басты ерекшелігі осында. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізудегі басты мақсаты – ортақ келісімге келу болатын және ол діттеген мақсатына жетті. «Халықаралық ұйым мен оған ықпал ете алатын тараптардың келіссөз жүргізуге келісімін беруі төрағалық қызметінің нәтижесі. Сондай-ақ бұл нағыз дипломатқа ғана тән қасиет. ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы Ыстамбұл саммитінен кейінгі 11 жылдан сон отіп оыр

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2010 19:21
+0 / -0
Пан Ги Мун саяз адам екен және өз жұмысын дұрыс атқарып жүрген жоқ. Қысқасы қолдан жасалған юбір бишара қуыршақ. жалпы дүниедегі барлық саясат және билік басындағылар бишара қуыршақтар! Ал ЕҚЫҰ келетін болсақ, бұл да бір үлкен саяси ойын ғой. ешнәрсе өзінен өзі, себепсіз болмайды. оның артында үлкен саясат жатыр. қазақтарды алдау, арбау, жер қаптыру, жұртшылықтың назарын түкке тұрмайтын нәрсеге аудару т.б. мәселелер.

Кімнен: Әлішер
02.12.2010 21:14
+0 / -0
БҰҰ басшысын жамандағанша әлем жасаған жақсылықтарын айтыңдарсайшы. Ол Қазақстанның жетістіктерін паш етті.

Кімнен: Жаяу Мұса
03.12.2010 05:45
+0 / -0
Дегенмен, осы саммиттің арқасында Қазақстанда оң өзгерістер болатынына сенгім келеді. Атағы дүркіреген Қазақстан енді сол атаққа лайық болмаса - ол бәрімізге келер сын, тағылар айып...
Барлық саяси қайраткерлер мен қонақтар осы жағдайды ерекше атап өтіп жатты. БҰҰ-ның Бас хатшысы да солай ойлайды. Онысына рахмет, әрине.
Біздікі - Қазақстанымыз тезірек гүлдену жолына бет бұрса деген ниет қой... Бала-шағамыздың болашағы үшін!