Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:44

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Маңғыстаудағы ереуілге күші жойылған мораторий әсер еткен жоқ

Жұмыстан шығаруға салынған тыйым мерзімі өтсе де, мұнайшылар мен жұмыс берушілер мәмілеге келе алмай отыр. Наразылық танытушыларды енді Қаламқас кенішіндегілер де қолдады.

Ереуілге шыққан мұнайшылар Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфимен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бозашы түбегіндегі Қаражанбас кеніші мұнайшылары бүгін де Ақтау қаласындағы компания кеңсесі маңына топтасты. Ереуілдеткен мұнайшыларды жұмыстан босатпау туралы мораторий шілденің 25-і күні күшін жоятындығы айтылғанымен, олар компания басшылығының тек басу айтумен шектеліп отырғанын жеткізді.

ОН БЕС ТАЛАП

– Бізбен сөйлесуге шыққан «Қаражанбас» акционерлік қоғамының қазақстандық басшылары телеарналардан жұмыстан босатпау туралы тыйымның мерзімі аяқталғандығын хабарлап жатқанымен, өздерінің ешқандай әрекетке бармайтындарын айтты. Олар жұмысшылар арасынан 6 адамның кеңсеге кіріп сөйлесуін ұсынғанымен келіспей отырмыз. Өйткені бітімгерлік комиссиясы құрамына мұнайшылар талаптарын заң жүзінде қоя білетін Наталья Соколова, Ақжанат Әминов тәрізді сенімді өкілдеріміз болуы тиіс. Келісімді жүргізуге қытайлық басшылармен қатар «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдин, «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» компаниясы директоры Асқар Балжановтар қатысуы керек. Халық осы талаптары орындалмайынша алған беттерінен қайтпақ емес, – деп мәлімдеді Азаттық тілшісіне қаражанбастықтар белсендісі Қуаныш Сисенбаев. 

Оның айтуынша, қазір 160-тан астам адам заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыссыз қалған. «Компания кеңсесі алдына жиналған мұнайшылардың талаптары да өзгерген жоқ» дейді Қуаныш Сисенбаев.

– Ұзын-ырғасы 15 талап қойып отырғанымызбен, оны ең негізгі екі тармаққа бөлуге болады. Бірі – еңбек дауын комиссия арқылы өз адамдарымыз қатысуымен шешу, екіншісі – наразылық білдіргендерді қудаламау, қысым көрсетпеу. Әрине, арасында кей басшылардың жұмыстан кетуін талап еткен тәрізді шағын пункттер де бар. Бірақ бастысы осы аталғандар, – деп түсіндіреді Қуаныш Сисенбаев.

«ДЕПУТАТТАР ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАЗҒАН ХАТТЫ АЛМАЙ КЕТТІ»

Ақтауға Еуропа парламентшілерінен соң бір топ мәжіліс депутаттары да келгенін айтады мұнайшылар. Олардың арасында Маңғыстаудан сайланған депутат Зейнолла Алшымбаев та болған екен. Қуаныш
Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи, «Жұмысшы интернационалы комитеті» халықаралық жұмысшы қозғалысының мүшесі Роберт Джойнс, Еуропа Парламентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Таня Немейр Маңғыстау мұнайшыларымен кездесті. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Сисенбаевтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, шілденің 23-сі күні Ақтауға келген мәжіліс депутаттары мұнайшылардың үйлеріне қоңырау шалып, оларды қаладағы №24 мектепке кездесуге шақырған.

– Біз барудан бас тартып, бір өкілімізді оларға жіберіп, ортамызға шақырған едік. Бірақ келмеді. Содан соң депутаттар арқылы президентке хат беріп жібергіміз келген, оны да алған жоқ, – дейді Қуаныш Сисенбаев.

«Қаражанбас» акционерлік қоғамы телефонын ешкім көтермегендіктен олардың жағдайды реттеудегі жұмыстарына хабар алу мүмкін болмады

ҚАЛАМҚАС ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ

Шілденің 25-сі күні «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік компаниясы игеріп жатқан Қаламқас кеніші жұмысшылары да ереуілшілерге қолдау көрсету мақсатында таңертеңгі 7-ден 9-ға дейін жұмысты тоқтатты. Бұл жайлы Азаттық тілшісіне баяндаған «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы құрамындағы Жетібай кен орыны жұмысшысы Қуаныш Жұмашев хабарлады.

– Қаламқастағы жұмысшылардан естуімше, олар облыс әкімі орынбасарына үндеу жолдап, «Қаражанбас» және «Өзенмұнайгаз» мұнайшыларын жұмыстан шығармауды талап еткен. Әрі олардың жағдайлары туралы үнемі мәлімдеме жасалып тұруын сұраған, – дейді Қуаныш Жұмашев.

Оның сөзіне сүйенсек, Жетібай кеніші мұнайшылары да бұған дейін шілденің 14-і күні жұмысты екі сағатқа тоқтатып, ереуілдетуші мұнайшыларды қудаламауды, өздерінің жалақыларын көтеруді талап еткен.

ЖАҢАӨЗЕНГЕ ЕШКІМ КЕЛМЕДІ

Ал жаңаөзендік мұнайшылар өздеріне мораторийдің аяқталғанын ресми хабарлаған ешкімнің болмағанын айтады.

– Күнде жергілікті телеарналардан «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» басшысы Асқар Балжановтың жаппай жұмыстан шығарылатынымыз жөніндегі бұйрығын жариялап, қорқытуынан басқа ештеме естіп отырғанымыз жоқ. Бірақ біздің маңымызға тек мұнайшылар ғана емес, қарапайым халық та
Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы. 2011 жылдың мамыры. (Сурет Ольга Ярославскаянікі)

жиналып жатыр. Жоғарыдан лауазымды тұлғаларды күткенімізбен, әлі төбе көрсеткендер болған жоқ. Наталья Соколованың да сотын бізге белгісіз себеппен шілденің 28-іне шегерілгенін естідік, – дейді «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы операторы Арыстан Жарылғасов.

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директоры Киікбай Ешманов Азаттық тілшісінің қоңырауын қабылдамай, қалта телефонын сөндіріп тастағандықтан компания шешімін білудің де сәті түспеді. Ал бұған дейін шілденің 15-і күні Астанада брифинг өткізген «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» компаниясы директоры Асқар Балжанов 1500 жұмысшы жұмыс жасаудан бас тартқанмен, керісінше 3000-нан аса адамның жұмыс сұрап отырғанын хабарлаған еді.

– Біздің басты міндетіміз – мұнай өндіру. Мұнай тек Жаңаөзен тұрғындарына емес, бүкіл Қазақстанға тиесілі байлық. Кімде-кім 25 шілде күні таңертеңгі сағат 8.00-ден кешігіп, жұмысқа шықпайтын болса, онда Қазақстан Республикасы Еңбек заңына сәйкес шара қолданылатын болады, – деп ескерткен еді компания басшысы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Амирбек Қайдан: Жана Өзен
25.07.2011 22:01
+0 / -0
Ассалаумағалейкум арма қазақ елі!!! Халықтың қалауын орындаудың орнына қорқытып үркіткеннен басқа ештене істей алмайды, Асқар Балжанов мырзаның айтуы бойынша ереуілге қатысқандардың орнына 3000адам суранып тур дейді міс!!! Қазақстан заңы бойынша!!! Атаңа құрмет (нәлет) заңда бар ереуілдегі жұмысшыларды жұмыстан шығару деген олда Қазақтың заңы ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.07.2011 22:08
+0 / -0
Бұрынырақ қарағандылық шахтерлер ереуілге шыққанда, президент жетіп барып еді. Сонда немене, орекңдерді елейді де, қазқты менсінбей ме? Ең болмағанда премьер не орынбасары барып, неге халықтың мұң-мұқтажын тыңдамайды?
Пікір алмасу

Кімнен: 007
25.07.2011 22:56
+0 / -0
оныңыз рас, бірақ қазір елбасы барма жоқпа айту қыйын, көрсетілген көріністер жасанды. ...

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.07.2011 00:20
+0 / -0
Маңғыстаулық мұнайшыларды жаппай жұмыстан шығаратын күш мына билікте болмаған, болмайды да!!! Арттарына қарасын!! Егер осындай ой билікке келе қалар болса, нағыз соғысты сонда көреді Ақорда! Ақорда "қараордаға" айналып кететінін билік бек жақсы біліп отыр. Далбасалап отыр билік. Қалың қауымды қорқытып отырғаны да сол далбасалық.

Жарайсыңдар Маңғыстаулықтар!!! Назарбаевтан бастап алдарыңа "шұбырып" баратын уақыт та жақындап қалды. Мықты болыңдар, бар қазақ Сендермен бірге деп ойлаймын!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс аға
26.07.2011 20:48
+0 / -0
Шым қаладан шыққан нағыз адай Сіз болдыңыз, аман бол! Қазаққа әрқашанда демеу бересіз, сөзбен жігерлендіресіз , рахмет Сізге Қазақтың БІР АРЫСЫ!

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
26.07.2011 00:46
+0 / -0
Бұрында да айттым, тағы да қайталаймын - ереуілшілерді қорқытып-үркіту, болмаса өзінен-өзі жалығып тарайды деп ойлау - үлкен қателік, жергілікті халықтың менталитетін білмеушілік. Маңғыстау - Оңтүстік емес, қаттырақ айқайласаң көкелеп құрдай жорғалайтын. Басшылар әлі де болса ереуілшілерге келіп айтқан талаптарын орындауға тиіс, әлі де кеш емес. Халық арасында әртүрлі әңгіме көп, арты жаман болып кетуі мүмкін. Босқа қорқытқаным емес, шын жағдайды іштен біліп отырғандықтан айтып отырмын. Билік ереуілшілердің санын кемітіп көрсетуін қояр емес. "Хабар" бар болғаны 800-дей адам ереуілдеуде деген хабар таратты, ал шындығында тек қана Қаражанбасмұнай бойынша 4000-дай адам ереуілдеуде, жұмысқа шығып жүргендері 800-дей ғана. Ал Өзенде бүкіл қала ереуілдеуде, мұны Пол Мерфи өз көзімен көрді, ал енді оның сөзін биліктің жоққа шығаруға тырысып оны өтірікші қылып көрсетуі тіпті ақылға сыймайды, баланың ойыны сияқты, бұлардың ақыл-естері шынымен де ауысқан ба деп ойлайсың. Сонда бұлар кімді ақымақ қылғысы келеді - мұнайшыларды ашындыратын мәселенің бірі - осы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.07.2011 09:36
+0 / -0
Алға манғыстау бiз ар кашанда колымыздан келген көмектi аямасбыз.керек десе соғыстын кукiсин көретин болады!

Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
26.07.2011 02:26
+0 / -0
Үкімет біліп жасайды,ақылға келіңдер адай елі,әйтпесе каңғисыңдар аш итше,қанағат етіңдер

Кімнен: Айна А Қайдан: Актау
26.07.2011 04:16
+0 / -0
Егер ереуілге шыққан Манғыстаудың мұнайшыларын еңбек заңын бұзды деп жұмыстан шығарып, басқа жақтан жұмысшылар алатын болса онда Маңғыстауда Адай көтерілісі басталады екен деп естідім.

Кімнен: Асарбай Қайдан: Шайыр
26.07.2011 08:07
+0 / -0
мына үкіметтің ақша мен байлықты қалтаға басып симағанын желге ұшырғаннан басқа талабы жоқ екен, неше айлар өтті, тоқсан тоғыз дауды шешетін уақыт өтті, түбі қайырлы болсын, қалың қазақ азғантай адайларыңнан айырылып қалмаң ,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.07.2011 09:41
+0 / -0
Осы біздің президент тіріме екен.

Кімнен: eren taw Қайдан: hetay
26.07.2011 10:18
+0 / -0
EGER HETAYDA JUMESXELAR 70-HANXA KUN EMES 7- SAHAT JUMES TASTAP KORSEN ,OKEMET ORENDARE DEREW TEKSEREP ADAMDAREN ORNALASTEREP ,ONGEMEN BURESEN ANEHTAP ,DEREW BIR JAHTELE ETER EDE.... BUNDAY MASELENE SOZEWDENG TUBE JAHSE BOLMAYDE ,HAZAHESTAN BASXELARE ENG JAHSESE OZ HALHENENG HAMEN BIRENXE ORENHA HOYEP ,MUNAYXELARDENG MASELESEN ORENDE XEXEWLERE KEREK......

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.07.2011 10:33
+0 / -0
Жұмыстан шығып қалғандардың орнына басқа өңірден жұмысшылар тартып, барлық жергілікті тұрғындар бұрынғы күндеріне зар болып қалмасын! Мұнай компанияларына жұмысқа орналаса алмасаң басқа қайда барып күн көресің?! Үкіметтің құрығы ұзын, сондықтан аздап басылғандарың да дұрыс па деймін!

Кімнен: eren taw Қайдан: hetay
26.07.2011 10:47
+0 / -0
mena hat joldawxe bawremezdeng belay joldahane hata : Кімнен: Айна А Қайдан: Актау
26.07.2011 04:16 +0 / -0Сіздің бұған қосарыңызЕгер ереуілге шыққан Манғыстаудың мұнайшыларын еңбек заңын бұзды деп жұмыстан шығарып, басқа жақтан жұмысшылар алатын болса онда Маңғыстауда Адай көтерілісі басталады екен деп естідім.
bunday erewlde rwha ,jerge boleniw hata ,bolmasa ozderi zeyan tartade ....munayxeldar dese de boldehoy.........

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
26.07.2011 11:16
+0 / -0
Ереуілшілердікі әділеттік іздеу жолы! Сондықтан мен әділеттік жағында - Ереуілші Ерлер жағындамын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.07.2011 12:36
+0 / -0
дауға атарым қаңғитын сендер мұнай бірінші Құдай қала берді Адайдікі.

Кімнен: Нұрияш Қайдан: Ақтау
26.07.2011 16:07
+0 / -0
Дау Чимкент абайлап сөйле, аш итше ешқашанда қаңғып қалмайды адайлар, өзбек көрген сендер өздеріңмен бізді салыстырмаң.Осы сөзің үшін Алладан кешірім сұра. Адайлар алған бетінен қайтпайды ешкімге құл болмайды, біз тек қана Алланың құлымыз. Сендер қайта Адайлардың тілегін тілеп, бізге қосылың! Адайдың Алланың сүйікті құлы екенін әрқашан естеріңнен шығармаңдар. Алла бізбен бірге, жеңіс бізде.
Пікір алмасу

Кімнен: қара қазақ Қайдан: Алматы
27.07.2011 01:38
+0 / -0
ол шынымен Шымкент емес қой, әдейі "отжағардың" қитұрқы қыстырмасы емес пе? әйтпесе, шымкент халқы да жетісіп отыр дейсіз бе!?

Кімнен: Ақ сұт емген қыз Қайдан: Маңғыстау
26.07.2011 16:12
+0 / -0
Құдай көпсінбесін, Адай аз емес, имансыздар Адайды құрта алмайды иншалла! Адайды құртам деушілердің өздері құрып қалмасын.
Ешқашан Маңғыстаулықтарды жұмыстан шығара алмайды, шығармайды да, Адайларға қарсы шыққандарға Алланың өзі жазасын береді. Абайлаң, адамнан келген жамадықтан Алладан келген жамандық жаман болар!

Кімнен: Қанағат Қайдан: Жаңа Өзен
26.07.2011 18:13
+0 / -0
Қатын бастаған көш оңбас. Не болды жігіттер, намыс қайда? Қайдағы долы қатындардың жетегінде кете бресіздер ме? Ойланыңыздар? Өздерің заңды силамай тұрып, заңдылықты кімнен сұрайсыздар? Ақылға келіңдер. Аққа құдай жақ, шын мәнінде 300 мың теңге алып отырып, неге біреулердің жетегіне ереміз. Барға қанағат етейік ағайын. Үлкенді үлкен екен деп сыйламай отырған, әйелдердің артынан ергенде не бітіресіңдер. Алланың кахарына ұшырамайық. Сабыр етелік, Стинг немесе Пол біздің қазақ елінің қамын ойлап жүрмеген шығар.

Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
26.07.2011 18:38
+0 / -0
Мұнай қайда адайға,күпір айтпа құдайға,жалған намыс ас болмас,сабырға кел сабырға. Даңқұмар адайлар,мақтаншақ адайлар,аңкау адайлар,байқаңдар,жұмыс жасаңдар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.07.2011 19:48
+0 / -0
Қолдаймын, кезінде Исатайды алдап, баймағамбет сұлтан уақытты ұтып алған, кейін оларды оңдырмей жазалаған. Бүгінгі мынау қорқытушы, үркітушілердің бәрі де тапсырыспен әдейі алдап отырған арсыздар.
Жұмысшылардың құқы бар: Қазақ өз мұнайының игілігін көруге қақысы бар. Шетел қазақ билігінен пайдаланып бізді сорып отыр. олармен табанды күрескен Адайларға Тәңірім медет болсын!

Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
26.07.2011 20:56
+0 / -0
Адай туралы аллах не депті,құранда хадисте бар ма? Сіздердікі бүлік,бүлінбеңдер және бөлінбеңдер адайлар
Пікір алмасу

Кімнен: вввв
26.07.2011 21:39
+0 / -0
Адай туралы өте көне бір хадисте айтылған:
Аспанда құдай,
Астында мұнай,
Үстінде адай,
Ереуілді соңына дейін апармаса,
Жаман қазақтар секілді билікке жалтаңдаса,
Қаптайды қара қытай!
- деп анық жазылған.

Кімнен: АДАЙ КЫЗЫ Қайдан: МАНГИСТАУ
26.07.2011 21:39
+0 / -0
КАЗАКТЫН КАЙСАР ЖИГИТТЕРИ ТАЛАП КОЙЫП ШЕРУДЕ ЖУР, "ЮБКА КИГЕН ЖИГИТТЕРИ" КАШЫП -ПЫСЫП ЖУМЫСТА ЖУР. КАНАГАТ, СЕН СИРА ЕКИНШИ ТОПКА ЖАТАТЫН БОЛАРСЫН. КАЗИР КАНАГАТ ЕТУ КЕРЕК ДЕП ОТЫРЫП, ЕРТЕН БУИЫРТЫП, АКША ОССЕ ТИЫН САНАП ОТЫРЫП АЛАТЫН ШЫРАКСЫН ГОЙ. СОНДЫКТАН ТОБЕНДИ БАСЫП ОТСЕ ДЕ КАНАГАТ ЕТИП ОТЫРА БЕР. НАМЫСШЫЛЫН СИРА. КАЙСАР ЖИГИТТЕР, АЛГА КОЙГАН МАКСАТТАРЫННЫН ОРЫНДАЛУЫНА ТИЛЕКТЕСПИН.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі