Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 13:01


ӘЛЕУМЕТ

Огай: «Қазақмыста» еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

"Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай "аттестациядан өткен жұмысшыларға еңбекақы жаңа жүйе бойынша төленетінін" хабарлады. Бірақ жұмысшылар басшылық ұсынып отырған бұл жүйеге көңілдері толмайтынын айтады.

"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
Мәтін көлемі - +
Алматыда өткен жиында корпорацияның басқарма төрағасы Эдуард Огай биыл ақпан айында барлық филиалдары мен бөлімшелерінде жұмысшылардың кәсіби біліктілік деңгейін анықтайтын аттестация басталғанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, қазірге дейін 32 мыңға жуық жұмысшы аттестациядан өткен.

- Одан сәтті өткен жұмысшыларға еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша жалақы төленеді. Бірақ оның өзі белгілі бір мамандыққа, разрядқа қарай анықталады. Соның өзінде ең төменгі жалақының өсімі сегіз пайызды құрамақ, - дейді Эдуард Огай.

Аттестация маусым айында аяқталмақ.
Жезқазғандағы жағдайды біреулер Жаңаөзенмен салыстырғысы келеді. Жезқазғанда адамдар шығып, еңбек жағдайларына экстремальды түрде наразылық білдіріп жатқан жоқ.

- Жезқазғандағы жағдайды біреулер Жаңаөзенмен салыстырғысы келеді. Жезқазғанда адамдар шығып, еңбек жағдайларына экстремальды түрде наразылық білдіріп жатқан жоқ. Оның үстіне корпорация жұмысшыларының кәсіподағы да құрылып жатыр, - деді "Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай. 

Ал жұмысшылардың айтуынша, көптен бері жалақыларын өсіруді талап етіп келген кен байыту фабрикаларының жұмысшылары талаптары орындалмағаннан кейін, наурыздың 22-сі күні ереуілге шықпақ болған. Жұмысшыларды тоқтатқан компания басшылығы осыдан кейін жалақыны көбейте бастапты.

- Біз өз проблемамызды газеттерде айтып, қоғамдық резонанс тудырып, талаптарымызды орындаттық, - дейді кен байыту фабрикасының жұмысшысы Сәуле Сейдахметова.

Бұған дейін "Қазақмысқа" қарайтын Жезқазған ТЭЦ-інің жұмысшылары Азаттық радиосына жалақыларының тек 30 пайызға ғана өскенін, бірақ оған көңілдері 
"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
толмайтынын айтқан еді. Мамырдың 2-сі, сейсенбі күні Жезқазған ТЭЦ жұмысшысы Жібек Есенқабылова:

- Жалақының кемінде 60 пайызға өскенін қалаймыз. Мысалы, ТЭЦ-те ең төменгі жалақы - 29 мың теңге. Мұны тым болмағанда 45 мыңға жеткізсе. Мен мысалы, 60 мың аламын, қолыма таза 48 мың теңге тиеді. 30 пайыз қосылса, шамамен 12-13 мың теңге ғана қосылады екен. Бұл қазіргідей қымбатшылық заманда ештеңеге жетпейді, - деген.

Ал осы корпорацияға қарасты "Қазмехсервис" кәсіпорнының жұмысшылары сәуірдің 2-сі күні жалақының мүлде көтерілмегенін хабарлады. 

Өткен аптада Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген, Жезқазғаннан келген «Жаңарту» кәсіподағының өкілі Нәйла Чуйкина «Аттестацияға сәйкес жұмысшылардың жалақыларын арттырамыз» деп отырған «Қазақмыс» корпорациясының әрекеті заңда көрсетілмегенін айтты.

 - Бірде-бір заңда жалақыны өсіру үшін жұмысшыларды аттестациядан өткізу керек деп жазылмаған. Жұмысшылар инфляцияны ескере отырып, жалақыларының жыл сайын артып отырғанын талап етеді. Ал олардың айлықтары соңғы үш жылда бірде-бір рет өспеген, - дейді Нәйла Чуйкина.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 20:42
+0 / -0
- Жезқазғандағы жағдайды біреулер Жаңаөзенмен салыстырғысы келеді. Жезқазғанда адамдар шығып, еңбек жағдайларына экстремальды түрде наразылық білдіріп жатқан жоқ. Оның үстіне корпорация жұмысшыларының кәсіподағы да құрылып жатыр, - деді "Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай.
*************************************
Аффёристенбей-ақ қой, Эдик! Жаңаөзен күллі Қазақстандағы барлық сала мен өмірге қатты әсер беруде.

Кімнен: Зайыр Қайдан: Ақтау
04.05.2012 23:56
+0 / -0
Сәуле Сейдахметова, Жаңаөзен резонанс тудырмады деп кім айтты? Жаңаөзенде 2008 жылдан бері ереуіл болып келе жатыр. 16 желтоқсанда 7 айғы ереуілге билік жауап бермегеннен кейін,Назарбаетың отставкасын талап етпекші болған митинг болуы керек еді. Билік соны біліп қалып, халыққа оқ атқан.

Кімнен: ular
06.05.2012 14:17
+0 / -0
22-ші наурыздағыдай тағы бірлет көтеріліске шығатынын жарияласа және оны іске асырса Эдекең тағы да жоқ дегенде 30 пайыз қосатыны сөзсіз. Сонда ең төменгі котерілген жалақы 38 пайызды құрап ал ең жоғарғы өсім 100 пайызды құрар еді. Шалқайғанға шалқайатын заман екенін үмытпауға тиістіміз.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?