Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 17:20


ӘЛЕУМЕТ

«Қазақмыстың» жұмысшылары ереуілге шықты

Сенбі күні Сәтбаев қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан, «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Анненский кеніші жұмысшылары ереуіл бастады. Шахтадағы кеншілер жалақыны өсіруді талап етіп, жер бетіне шықпай отыр.

Loading
12:00:00 / -:--:--

«Қазақмыс» жұмысшылары басшыларынан айлықты көбейтуді талап етіп отыр. (YouTube-тегі anirey1985 есімді қолданушының видеосы).

Мәтін көлемі - +

Анненский кенішіне барып қайтқан Жезқазғандағы аймақтық басылымның тілшісі Берік Жағыпаровтың айтуынша, қазіргі кезде кенішке ешкімді кіргізбейді. Алдында корпорацияның арнайы күзет қызметі – ОМОН жасағы тұр.

- Әдетте кеніш алдында бірді-екілі ОМОН жүретін. Ал бүгін он шақты ОМОН жүр. Бұған дейін олар автомат ұстап тұр дегенді естіген едік. Бірақ біз барған кезде олардың қолдарында автомат болған жоқ, - дейді Берік Жағыпаров.

«ШАХТАДАН ШЫҚПАЙ ОТЫР»

Журналист Берік Жағыпаров Анненский кенішінде қазір жұмыс тоқтап тұрғанын, түнгі кезекте істеген жұмысшылардың жалақыларын өсіруді талап етіп, шахтаның ішінен шықпай отырғанын айтты.

- Түнгі кезек таңертең шығуы тиіс екен. Бірақ олар шықпай, қазір сонда отыр. Ал оларды ауыстыруы тиіс жұмысшыларды бүгін оларды шахтаға таситын автобус жұмысқа алмапты. Өз көліктерімен, таксимен келген адамдарды қайтарып жіберіпті. Қазір жұмыс тоқтап тұр кеніште, - деді Берік Жағыпаров сенбі күні Азаттық тілшісіне.

Осы шахтаның жұмысшысы Андрей Воробьев та таңертең жұмысқа бара алмай қалғанын айтады.

- Бүгін таңертең жұмысқа шығуым керек болатын. Таңертеңнен бері шахтаға апаратын автобус болмады. Қазір сағат 12-де барып көрмекпін. Ол жақта кенішті жауып тастап, ешкімді кіргізбей жатыр деп естігенмін. Қақпада ОМОН тұр дейді. Ал қазір ол жаққа кіргізе, кіргізбей ме - білмеймін, - дейді Андрей Воробьев.

Бүгін демалып жатқан жұмысшылардың айтуынша, қазір жер астында отырған жұмысшыларға хабарласу мүмкін емес. 

«ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРЕМІЗ» ДЕГЕН УӘДЕЛЕРІН ӘЛІ ОРЫНДАҒАН ЖОҚ»

Анненский кенішінде машинист болып істейтін Бақытжан есімді жұмысшының айтуынша, шахтаның астында отырған жұмысшылар жалақыларының өскенін талап етеді. Оның айтуынша, наурыз айынан бастап жұмысшылар аттестациядан өткен.

Алайда «жалақыны өсіреміз» деген уәделері әлі күнге дейін орындалған жоқ» дейді машинист.  

- Егер маған жоспар берсе, қолыма 150 мың теңге аламын. Және бұл тұрақты жалақы емес. Кейде 130 мың аламын. Бұл - аз. Қазір жарық, азық-түліктің бағасы - 
"Қазақмыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)"Қазақмыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
"Қазақмыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қазақмыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
бәрі қымбаттап жатыр. Біздің жұмысымыз өте ауыр. Шахтаның астында ауа жоқ. Зиянды газдар бар. Басқа жерлерде бізден де көп алады, - дейді Бақытжан.

Оның айтуынша, ереуілге шыққан жұмысшылардың талабын басшылық негізсіз деп санап отыр. 

- Қазір Анненский кенішіне № 65 шахтаның адамдары келеді деп жатыр. Келген де шығар. Сол сияқты басқа шахталардан да келеді деген. Шахтаның астында қаншама адам отыр. Үстінде қаншама адам күтіп тұр. Ал басшылық болса «біз шахтаны жабамыз» дейді. «Егер жұмысты тоқтатсаңдар, онда шахтаны жабамыз. Жұмыс істемегендерін шығарамыз. Сендер заңға қайшы әрекет етіп отырсыңдар. Сендердің талаптарыңның құжаттай негізі жоқ. Аяқ астынан ереуілге шықпастан бұрын бізге жазуларың керек еді. Алдын-ала ондай қағаз жіберген жоқсыңдар» деп отыр, - дейді Бақытжан.

Жұмысшы Андрей Воробьевтің айтуынша, аттестациядан кейін кейбір жұмысшылардың жалақысы тіпті азайып кеткен.

- Аттестациямен адамдарды қинап жіберді. Кейбір бөлімдер үш реттен тапсырды. Тасымалдаушы болып істейтін біздегі біраз жігіттер бұрындары 80 мың теңге алатын. Аттестациядан кейін 60 мың алатын болып қалды. Демек жалақыны арттырмақ түгілі керісінше қысқартып тастады, - дейді Андрей Воробьев.

Ереуілге шыққан жұмысшылардың саны әлі анық емес. Кейбір дерек олардың 150 мен 700 шамасында екенін айтады.

«ҚАЗАҚМЫС» «ЕРЕУІЛДІ СПЕКУЛЯЦИЯҒА АЙНАЛДЫРМАУҒА» ШАҚЫРДЫ

Ереуілге шыққан кеншілердің жүз қаралы адам екенін «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз хатшысы Сандуғаш Сәрсембаева да растады.

- Түнгі кезекте жұмыс істеген 98 адам айлықты көбейтуді талап етіп, жер бетіне шықпай отыр. Ал таңертең күндізгі кезекке келгендер шахтаға түсуден бас тартты. Жұмысшылардың қандай талабы бар екенін анықтайтын комиссия құрылды. 
"Қазақмыс" корпорациясы өндірісі. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет)."Қазақмыс" корпорациясы өндірісі. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
x
"Қазақмыс" корпорациясы өндірісі. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
"Қазақмыс" корпорациясы өндірісі. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
Корпорация басшылығының ресми пікірі бүгін кешірек журналистерге жарияланады, - дейді Сандуғаш Сәрсембаева, Kazakhstan Today агенттігінің айтуынша.

«Қазақмыс» корпорациясының Анненский кенішіндегі оқиғаға байланысты таратқан мәлімдемесі ақпарат агенттіктерінде сенбі күні кешке таман жарияланды.

- Анненский кенішіндегі бір ауысымда өндірістік операция ұжыммен арадағы еңбек дауы шешілгенше тоқтатылды. Кеніштің жұмысын арнайы қызметтер атқарып жатыр. Кейбір ауысымның өндірістік процесте саботаж жасауына байланысты Сәтбаев қаласы прокуратурасының өкілдері жұмысшыларға заңның еңбек дауын шешу туралы бөлімін бұзғандарын түсіндіріп, бастамашы топты заңға сай әрекет етуге шақырды, - деп мәлімдейді «Қазақмыс». 

Бұл талқылауға кеншілердің бастамашы тобы, Сәтбаев қаласының әкімшілігі мен прокуратурасының өкілдері, «Қазақмыс» тобының бас операция директоры Сергей Дяченко қатысып отырғанын айтқан корпорация:
«Қазақмыс» тобы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықты келіссөз жасасушы барлық тараптарды сыйлауға, бұл мәселені спекуляцияға айналдырмауға шақырады.

- «Қазақмыс» тобы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықты келіссөз жасасушы барлық тараптарды сыйлауға, бұл мәселені спекуляцияға айналдырмауға шақырады, - дейді.

Корпорацияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда: «Кеніш жұмысшылары ресми талап қойған жоқ. Бірақ жұмысшылармен сөйлескен кезде басты талаптардың бірі - негізгі мамандардың (үңгуші, бұрғышы) айлығын көбейту екені мәлім болды».

«Қазақмыстың» бүгінгі мәлімдесінде «жұмысшылар жалақысы 2010 жылы 20 пайызға артқаны, 2011 жылдың ақпанынан бері 15 пайыздық қосымша қосылғаны, наурыздан бастап жаңаша есептеу жүйесі енгізілгені» жазылған.
 
Кеше Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай да «наурыз айынан бері 32 мыңнан астам жұмысшы аттестациядан өткенін, жұмысшылардың жалақыларын кемінде 20-30 пайызға өсіретінін» айтқан еді.

Әлемдегі табиғи ресурстарды қазу мен өңдеу саласындағы ірі компаниялардың бірі «Қазақмыс» мыс, алтын, мырыш, күміс және электр энергиясы өндірісі активтеріне иелік етеді.
Компания 2011 жылы 299 мың тонна катод мысын өндірген. Бұл - Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызы.

Қазақстанда «Қазақмыстың» 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар. Компания 2011 жылы қазған кенінен 299 мың тонна катод мысын өндірген. Бұл - Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызы.

Компанияның Kazakhmys Mining бөлімі мырыш, күміс пен алтын өндіреді. 2011 жылы 140 мың тонна концентратты мырыш, 13 миллион унций күміс қорытқан бұл топ - әлемдегі ең ірі 10 мыс өндірушінің бірі.

«Қазақмыстың» Kazakhmys Power тобы - көмір жағу арқылы 2 мың 500 МВт (12 мың 697 ГВт/сағат) энергия өндіретін Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясының 50 пайыз үлесінің иесі. Бұл компанияның қарамағында қосалқы көмір кеніштері мен электр станциялары да бар.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 14:05
+0 / -0
Ия сәт! Ақсарыбас, аруақ!
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: оқ атылған жер
05.05.2012 19:48
+0 / -0
ана нән тағы білмей қалдым білгенде бұлай болмас еді деп жаңаөзен мен шетпедегі болған оқиғадағыдай өтірік айтпасын кеншілер сіздермен біргеміз адал ақыларыңды алың
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 17:04
+0 / -0
Алға

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматыдан
05.05.2012 14:12
+0 / -0
Жұмысшылардың еңбег!н жеп қанауды қашан қояды. Қазақты б!зд!ң жүндеуге жақсы.Жуас қойдай жүре бергенге басынып алған.Қазақтың шыдамы таусылса қиын ғой.

Кімнен: арман Қайдан: актау
05.05.2012 14:57
+0 / -0
құрметті шахта жұмысшылары талаптарыңыз оңанан болсын, шахтаны жабамыз деген өтірік олар жаба алмайды, кезінде каражанбас-тада сөйтіп айтқан бұл провакация до конца жігіттер

Кімнен: Саурық Қайдан: шахта мұнай
05.05.2012 16:25
+0 / -0
Жезқазғанның шахтерлары қорқақтау, оларды алдап сулап, қорқытып сындыру оңай. Бірақ сонда да респект оларға... Ақырындап шыға берген дұрыс, Огай Құлыбаевтан артық емес шығар. Жалпы еліміздің жұмысшыларын бүгінгі жүйе бичтерге айналдырып жіберген, төңкеріс күші қара жұмысшылар ғой, Ленин жарықтық та білген ғой кезінде кіммен жұмыс істеу керектігін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 17:25
+0 / -0
Олар да адам сияқты өмір сүрулері керек! Неге түсінбейсіңдер !!!!!! Бәрі біздің яғни көптің ойлағынындай болады!!!!!!!! Жердің жарығына кіріп кетсеңдер де тауып аламыз!!!!!!!!!!!! Бәріңді наказать етпей жақсылық жоқ!!!!!!!! Біз соны түсіндік!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.05.2012 17:22
+0 / -0
Азаматтар! Көптен бері ойымда жүрген пікірмен бөліссем деп едім. Біздер ғой өзімізше жобалап, халықты тонап жатқандар деп Ким, Огай, Миттал, Машкевич, Патох, Әлимджон және т.б. атап, бар бәлені соларға жауып жатырмыз, алайда шындық керек болса себеп тіпті басқада жатқан сияқты. Мысалы еш құпиясы жоқ, "Қазақмыстың" қожайыны Нұрсұлтан Назарбаев. Теміртаудағы мет.комбинаттың да қожайыны осы кісі туыс-тумаларымен және тағы басқа өндіріс орындарының қожасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Ал енді осы кісі Кимге болсын, басқаларына болсын жұмысшылардың жалақысын өсіріңдер деп өзінің ықыласы болмаса қалайша айта алады?! Жаңаөзендегі қырғын қытайдың басшысына бола істелінген жоқ, Назарбаевтың қалтасынан шығын шығатын болған соң істелінген сойқан... Мысалы ол кісінің інісі Болат Назарбаев ("Қазақмыстың" тағы бір қожайыны) үшін 20 миллион долларлап ақша шаша салу түкіріп тастағанмен бірдей. Арғы жағын өз ақыл-ойларыңа сала беріңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 17:03
+0 / -0
Бір өтірігі жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Ақтау
07.05.2012 09:12
+0 / -0
Бәрі дұрыс. Сондықтан, кеншілер талаптары әлеуметтік сипаттан автоматты түрде саяси мағынаға ие болады. Жаңаөзендіктердікі де солай еді, кеніштердің түпкі иесі президент болғаннан кейін, кез келген талап саяси талапқа айналады. Сол себепті, бұл мәселені саяси мәселе деп түсініп, соған сай ойлау керек.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
05.05.2012 17:53
+0 / -0
Ештен кеш жаксы депти гой. Жанаозен котерилгенде шыкканда жалакысын ангме айтпай котеретин еди шансты пайдаланбай калды енди котермеуи де мумкун.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 18:21
+0 / -0
Еліміздің барлық пролетариаттары бірігіңдер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 17:02
+0 / -0
Оян Қазақ

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.05.2012 18:24
+0 / -0
Әй, құдай-ай! Соншама қатты еш нәрсе жазған жоқ сияқты едім, пікірім шықпай қалыпты. Менің айтайын дегенім, еңбекақы дауын бір-ақ адам шеше алады, ол - барлық зауыт-комбинаттардың қожайыны ЕБ!
Ал бірақ оның артындағы жыпырлаған ашкөз туыстары еңбекшілерге еңбекақысын өсірсе кедейленіп қалулары әбден мүмкін, сондықтан өз саусағын өзі кесе алмайды ол кісі!..

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 18:33
+0 / -0
Түпқараған ауданындағы түрік компаниясы да ойларына
келгенін істейді 1айға 90мың ,тамаққада 90мың ұстайды
жергілікті,облыстағы билікте ештеңе шешпейді ,типа жергілікті
бюджетті үлде мен бүлдеге орап отырған осындай компаниялар,ар жағы нағашыбайсот айтқандай 1сыныптың балдарына да белгілі,,,,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 17:01
+0 / -0
Тұріктерің де оңбаған

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
05.05.2012 19:15
+0 / -0
Инвестиция саламыз деген сылтаумен барлық шетелдіктерді қаптаттық, олар ойларына келгенін жасап, ел байлығын тонап жатыр. Жақында әлгі еб "бізге енді инвестиция керегі жоқ" деп еді, олай болса енді оларды қысуға болады ғой - қазақ жұмысшыларына көмектессін.
Ал мына ереуілдің маңызы өте зор - онсыз да не істерін білмей отырған еб - нің одан сайын зәресі ұшатын болды, ұрлық ақшаларын қайда тығарын білмей жанталасып жүр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 19:25
+0 / -0
Бүкіл қазақ атқа қонбаи ештеңе шешілмеиді . Тіке шапқан жаудан көрі , өндемеи келіп басыңды шапқан жау жаман .

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
05.05.2012 20:09
+0 / -0
қазақ халқым жер жерден осылай бас көтерулер болып жұмысты екі үш күнге токтатсак корер едім жандары коздеріне корініп мамалайтынын тек ұйымдастырушылар жактан дурыс насихат болмай турганы менде отырмын аяк колым сау аракта темекі ішпеймінде тартпаймын таныс жок болгасын шанс жок отырмын жұмыссыз кіл керең басшы өз қара басын ойлаған бүл үкіметпе не деп айтады бұл пенде байғұстарды

Кімнен: Жәңгір Қайдан: Атырау
05.05.2012 22:01
+0 / -0
Қазақстанда 300 мың қытай жүр дейді, масқара, бір қаламыздың халық санымен бірдей. Азаматтық ала қоймаса да ұрпақ қалдырып кетеді. Заманақыр боларда елді қара қытай қаптайды деген еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Имандыны іздеуші Қайдан: Имансыздар елінен
06.05.2012 05:17
+0 / -0
Азаматтық ала қоймаса да ұрпақ қалдырып кетеді.
**********************************
Ұрпағын қалдырып, өздері қыздарыңның қойнынан шығып, кетіп қалар деймісің. Біздің қыздар олардың "сиқырлы саусағының" дәмін татқаннан кейін, өлсе де оларды жібере қоймас.
Ондай болмас үшін елді иманды қазаққа басқартып, қыздарыңды қырық жерден тыйуларың керек.

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:32
+0 / -0
Ақтөбедегілердің қытаймен құда болғаны қашшшан!!!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?