Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:04

САЯСАТ

Горбачев әлі күнге дейін өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтады

Бұдан 20 жылдай бұрын тарқаған Совет Одағының соңғы басшысы Михаил Горбачев 80 жасқа толды. Горбачев өзін ССРО-ны сақтап қалғысы келген және қайта құру кезеңіндегі Кремльге қарсы бүліктерді басуға қарсылық көрсетуші адам етіп көрсетеді.

ССРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев. Мәскеу, 21 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

2011 жылдың 2 наурызында Совет Одағының бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев 80 жасқа толады. Биыл, сонымен бірге, ССРО-ның ыдырағанына 20 жыл және Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларына 25 жыл толады.

Жақында Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орыс редакциясына берген сұқбатында Михаил Горбачев Совет Одағын сақтап қалуға қалай тырысқанын, бұл істе оны кімнің қолдап, кімнің қолдамағанын айтып берді. Ол, сонымен бірге, одақтас республикалардағы Кремльге қарсы бүліктерді басу кезінде не себепті қан төгілгенін түсіндірмек болып әрекеттенді.

ГОРБАЧЕВ ПЕН НАЗАРБАЕВ 

Онымен бірге советтік тоғыз республиканың басшылары ССРО-ны сақтап қалғысы келді деп еске алады Михаил Горбачев. Оның айтып отырғаны – РСФСР және Әзірбайжан, Белорусь, Қазақ, Қырғыз, Тәжік, Түркмен, Өзбек, Украин советтік социалистік республикалары.

Бұл елдердің басшылары Советтік Егемен Республикалар Одағы жайында бірқатар жобаларды даярлады. Осылайша ССРО-ның орнына тең құқылы
ССРО президенті Михаил Горбачев пен Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол алысып тұр. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
егемен республикалардың жұмсақтау федерациясын құруды жоспарлады. Бұған қатысты бірқатар мәжілістер Михаил Горбачевтің Мәскеу түбіндегі Ново-Огарево резиденциясында өтті.

Бұл іс 1991 жылдың сәуір айында басталды. Одақтық шартқа алғашқы қол қою рәсімі 1991 жылғы тамыз төңкерісінің салдарынан болмай қалды. Беловежье келісіміне қол қойылған соң жаңа одақтық шартқа қатысты жұмыс түбегейлі тоқтады. Михаил Горбачевтің айтуынша, дәл осы кезде тоғыз республика арасындағы жаңа одақтық шарттың жобасы даяр болатын. Бірақ бұл шартты жасау оңайға түспеген, өйткені оның айтуынша, «Ельцин барлығына қысым жасаған».

Михаил Горбачев тоғыз республика басшыларының арасынан Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Совет Одағын сақтап қалудағы өзінің жақын жақтасы болғанын атап өтеді. Тамыз бүлігіне байланысты Ново-Огарево келісімі тығырыққа тірелгенде Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтық шарт жайын еске салған.

«Кейінге қалдыруға болмайтын тағы бір маңызды мәселе – сегіз республиканың парламенттері мақұлдаған Одақтық шартқа қол қою жайы. Бекітілген осы құжаттың мәтініндегі кез-келген өзгерістер тек осы республикалар жоғары билік органдарының келісімімен ғана енгізіледі» делінген Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 20 тамызында жасаған мәлімдемесінде. Бұл мәтін Данияр Әшімбаев пен Виталий Хлюпиннің «Қазақстан: билік тарихы» кітабында келтіріледі.

«Назарбаев Одақты сақтап қалудың батыл жақтаушысы болды және мен оған не жайында әңгіме болатынын айтқан соң ол жаққа бармай қалды», – дейді Михаил Горбачев біздің радиоға берген сұқбатында.

ССРО-ның бұрынғы президентінің айтып отырғаны Беловежье тоғайында, Вискулиде болған кездесу. Осы жерде кездескен РСФСР, Украин және Белоруссия республикаларының басшылары келісімге қол қойып, бұл оқиға ССРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғанын жариялады.

«Әңгіме – менімен бірге мәжілістес болған сатқындар жайында. Мен Ельцин жайында айтып отырмын. Ельциннен өзге тоғыз республиканың барлығы одақты сақтап қалуды жақтаушылар болды» дейді Михаил Горбачев. Бұл
ССРО-ны сақтап қалу туралы бүкілодақтық референдум өткен күні Кишиневте тәртіпсіздіктер болды. 17 наурыз 1991 жыл.
тоғыз республикаға өзгелерінің де қосылатындығына ол сенімді. Бірақ, оның айтуынша, тамыз бүлігінен соң одақтық шарт жобасын ары қарай жылжыту қиынға түскен.

Бұл оқиғаларға дейін, 1991 жылдың 17 наурызында советтік республикаларда ССРО-ны сақтап қалу жөнінде бүкілодақтық референдум өткен. Бұл референдумға сайлаушылардың 88,2 пайызы қатысты. Осы материалдарға сәйкес, «ССРО-ны тең құқылы егемен республикалардың одағы ретінде сақтап қалуды қажетті деп есептейсіз бе?» деген сауалға сайлаушылардың 94,1 пайызы «иә» деп, 5 пайызы «жоқ» деп дауыс берген. Сайлау бюллетендерінің 0,9 пайызы жарамсыз деп танылған.

ССРО-ның өзге республикаларында референдум сауалы басқаша қойылған. Онда: «Сіз Советтік Социалистік Республикалар Одағын, кез-келген ұлт адамының құқықтары мен бостандықтарына толық кепілдік берілетін тең құқылы егемен республикалардың жаңарған федерациясы ретінде сақтап қалуды қажет деп есептейсіз бе?» делінген. Ресми деректер бойынша, «иә» деп дауыс бергендердің ішінде ең жоғары көрсеткіш Түркімен ССР-інде (97,9 пайыз), Қырғыз ССР-інде (96,4 пайыз) және Тәжік ССР-інде (96,2 пайыз) болған.

ГОРБАЧЕВ ЖӘНЕ КРЕМЛЬГЕ ҚАРСЫ БҮЛІКТЕР

Михаил Горбачев Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орыс редакциясына берген сұқбатында Совет Одағын ыдыратқан құпия келісімдерге қарсы тұра алмадым, өйткені оқиғаларға осылайша араласу қантөгіске ұшыратар еді дейді. Бірақ сол кездегі қорғаныс министрі Евгений Шапошников Борис Ельциннің жағына шығып кеткенін, оған жоғары қызметтің уәде етілгенін білгенін мойындайды.

Сондықтан Горбачев әскерилер жағынан өзіне көмек болады деп ойламаған. Шапошниковтың Одақ ыдыраған соң ТМД-нің Бірлескен Қарулы
Телеарна орталығын басып алмақ болған совет десантшыларының жолын бөгеген Литва тұрғындары әскери танктың астында қалған адамды шығарып алуға әрекет жасап жатыр. Вильнюс, 13 қаңтар 1991 жыл.
Күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалғаны, бұл қызметте 1992 жылдың ақпан айынан 1993 жылдың тамыз айына дейін отырғаны белгілі.

– Мен әуел бастан-ақ қантөгіске барғым келмеді, әскерді қолданғым келген жоқ. Тіпті, әскер шыққан күннің өзінде ол басу үшін емес, қарсылас тараптарды ажырату, тұрақтандыру үшін пайдаланылды. Бірақ бәрінде де адамдар қаза болды. Бакуде осылай болды, – дейді Михаил Горбачев.

Михаил Горбачев одақтас республикалардағы Кремльге қарсы көтерілістері жайлы осылай деді. Ол тек Вильнюс пен Тбилисидегі көтерілістерді ғана еске алды. Оның пікірінше, ең күрделі жағдай Вильнюсте болған. Сол кезде, 1991 жылдың 13 қаңтарында советтік десантшылар телемұнара мен телеорталыққа шабуыл жасаған кезде қарусыз 14 адам қаза болып, жүздеген адам жарақат алған.

– Вильнюсте ең күрделі жағдай болды, қарсыластар бір-бірімен бетпе-бет тұрды. Егер өзге бір жерлерде болса, бұның ақыры қантөгіске ұласар еді. Бірақ олар бір-біріне қарап тұрды. Қалай дегенмен – өзгеше мәдениет, өзгеше мінез. Бұл үдерісті бейбіт жолға түсіру мақсатында келіссөздер жүргізу үшін біз онда Белоруссия Жоғарғы Кеңесінің төрағасы бастаған үш адамды жібердік. Олар Минскіге қонып қалған. Мен олардың кідіре тұруын біреулер «сұраған болар» деп күдіктенемін. Келеңсіз оқиғалар дәл осы түні болған, – дейді Михаил Горбачев.

1989 жылдың сәуір айында Тбилисиде саяси жағдайдың асқынуын сол
Шеруді күшпен басып-жаншыған совет әскері Руставели даңғылында тұр. Тбилиси, 11 сәуір 1989 жыл.
кездегі ССРО Жоғарғы Советі президиумының төрағасы Михаил Горбачев, өзінің айтуынша, шетелден іссапардан келген соң ғана білген.

– Мен Кубадан және Лондоннан келгенмін, – дейді ол. – Шыққан бетте маған Грузияда болып жатқан оқиғалар жайында баяндады. Шеварднадзе мен Разумовский Грузияға жедел ұшып барып, оқиға тізгінін қолдарына алсын деген шешім қабылдадым. Бұл бірінші рет болып отырған оқиға емес еді. Грузиндер қаншалықты қызуқанды болғанымен, ақылға сала білетін. Таңертең тұрған соң олардың ешқайда кетпегенін білдім. Сөйтсек, Патиашвили (республика орталық комитетінің бірінші хатшысы Джумбер Патиашвили – аутор) «ешкімнің қажеті жоқ, өзіміз келістік» депті. Олар активті, әскер өкілдерін жинап алып алаңды тазалауға келісіпті. Шеварднадзенің де ол жаққа барғысы келмеген болар деп ойлаймын. Патиашвилимен екеуінің арасы онша жақсы емес болатын. Олар келісті, ал нәтижесінде өздеріңізге белгілі оқиғалар болды.

Тбилисиге ССРО-ның түрлі өңірлерінен парашютті-десантты әскерлер, ішкі әскерлер және милицияның арнаулы бөлімшелері жіберілді. 1989 жылғы 9 сәуірдегі Тбилиси оқиғаларын тексеру жөніндегі ССРО халық депутаттары съезі комиссиясының деректері бойынша, митингіні қуып тарату барысында оның 16 қатысушысы оқиға орнында, үшеуі сәл кейінірек ауруханада қаза тапқан. Әскерилер мен милиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар жоқ.

Михаил Горбачев Тбилиси мен Вильнюстегі қарсылық шерулерін басып-жаныштауға қатысы болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарады. «Күш қолдану туралы шешімдер менің қатысуымсыз қабылданған» дейді. Ол өзі басқарып отырған елдегі қарсылық шараларына байланысты «не болғанын білген жоқпын» дейді осы күнге дейін. Оның үстіне ол жоғары бас қолбасшы болатын.

ССРО-ның бұрынғы президенті 1991 жылдың 13 қаңтарында Вильнюсте болған оқиғаларға қатысты былай деп еске алады:

– Мен «не болды, қайдан, неге» деп сұрап жатырмын. Біздің бәрімізді гарнизон бастығы – әлдебір генерал немесе полковник жарға жықты. Яғни бәрін маған айтпай жасаған. Тіпті, мен келісім берген күннің өзінде, бұл ең нашар нұсқа болатын. Мұндай жағдайлар болып жатқан, бірақ мен білген жоқпын. Бұл біз өмір сүріп жатқан сол кездегі жағдайды көрсетеді.

ГОРБАЧЕВ ЖӘНЕ ЖЕЛТОҚСАН

Михаил Горбачев Совет Одағын 1985 жылдың наурыз айынан бастап басқарды. Ол басқарып тұрған кезде ССРО-да бірнеше мәрте толқу болды, кейін ол оқиғалар Одақтың күйреуінің нышаны сияқты қабылданды.

Ең біріншісі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Оқиға Қазақстан
1986 жылы желтоқсанда Алматыдағы Брежнев алаңына шеруге шыққандар. Алматының орталық мемлекеттік мұрағатындағы сурет.
Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына ешкімге белгісіз, Қазақстанда ешқашан жұмыс істемеген Геннадий Колбинді қоюына жастардың қарсы шығуынан басталып, оның соңы Кремльге қарсы митингіге ұласты. Биыл Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толады.

Михаил Горбачев Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орыс редакциясының тілшісімен Совет Одағындағы қарсылық көңіл-күйлер туралы әңгімелескенде 1986 жылдың желтоқсан айында Алматының Брежнев алаңында болған оқиғалар жайында ләм-мим деп ауыз ашпайды.

Бірақ кейбір саясаткерлер қазақ жастарының көтерілісін басып-жаншуға қатысты жауапкершілікті дәл сол Горбачевке артады. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын тексеру жөніндегі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумының комиссиясы Михаил Горбачев басқарған КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының әрекетін айыптауды ұсынды.

«Қазақстанның жоғарғы саяси басшысын тағайындау кезінде коммунистер мен халықтың пікірін қаперге алмаған диктаты үшін; соңы ауыр зардаптарға ұшыратқан, оның ішінде адамдардың қазаға ұшыратқаны, Алматыға ішкі істер министрлігі ішкі әскерлері арнаулы бөлімдерін енгізу туралы конституцияға жат шешімді мақұлдағаны үшін; Қазақстан халықтарының достық қарым-қатынастарына ауыр зардабын тигізген, қазақ халқының намысына тиіп, ұлтшыл деп айыптаған саяси тұрғыдағы жауапсыз қадамы үшін» айып тағу керек деген еді.

Бұл комиссияны құру бірнеше мәрте сәтсіздікке ұшырап, ақыры 1990 жылы құрылды.

Сол оқиғаға қатысушылардың бірі Әркен Уақтың «самиздаттық» кітабында жазғанына қарағанда, комиссия 1986 жылғы желтоқсан айындағы жастардың бас көтеруін басып-жаншу арнайы құрылған «Метель – 1986» оперативтік жоспары бойынша жүргізілгенін анықтады. Бұл жоспар бірінші рет Қазақстанда сынақтан өтіп, содан соң ССРО-ның өзге өңірлерінде кеңінен пайдаланылған. Комиссия материалдарында айтылғанындай, бұл жоспар бойынша арнайы құралдарды қолдану қарастырылған. Бірақ дәл сол кезде бұл үшін заңнамалық негіз жоқ болатын.

Советтік соңғы бас хатшы Михаил Горбачев жариялылық пен демократияны уәде етті. Бірақ шын мәнінде азаматтардың саяси құқықтарға қатысты алғашқы талаптарына қарсылықпен білдіріп, наразы бұқараға қатысты ескі советтік тәсілмен әрекет етті. Әркен Уақтың жазуынша, «жүйе өкілдерінің бастамасымен жоғарыдан басталған қайта құру алғашқы емтиханнан-ақ құлап қалды».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 09:12
+0 / -0
Түрің құрысын! Қаза болған, жапа шеккен желтоқсаншылардың қарғысы соққыр!

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
02.03.2011 09:33
+0 / -0
БАР МА ЕКЕН БАР ҚАЗАҚТА БАСЫ БАР ЖАН?

Бар ма осы бар қазақта басы бар жан,
Мен үшін соны білу – асыл арман!
Уа, Қазақ!
Сенен де,
Өзгелерден
Басқалардан,
Қауыпты төніп тұрған жасыра алман!
Жасыра алман қатерді, алапатты,
Алпауыттар қазақты талап жатыр –
Баса көрме қасиет – ашынуды,
Тәк-тәк деме,
Жусатпа ашуыңды...
Тағдырыңды мінгізіп көк есекке,
Алып қашты «Нұрекең» ғасырыңды...

(Қайда бармақ жанымды алып қашып?!
Үйренбеген халқымды анық басып...
Баулыды текті ұлтымды мерездікке,
Ұрлық ету кетті ғой қалыптасып...)

Мынау өлең...
Ғашығым тағдыр жазған,
Түсінер деп ойлаймын басы бар жан...
Әңгіме не,
Қалмады-ау еш әңгіме,
Өлім алды тұр ұлтым
Жасыра алман.
Тағдырымды бұтына қысып алып,
Мына билік барымды тартып алған:
– Болашақ деп оттайды, жетістік деп,
Уа қазағым, сенбеңдер, бәрі жалған!
Ажал!..
Ажал!..
Тырнап тұр ғұмырымды –
Тірі қалу ұлт үшін – асыл арман.
Бар ма екен бар қазақта басы бар жан?
Менің үшін сол сұрақ – болды-ау, арман...



Кімнен: Асау ТАРПАҢ
02.03.2011 09:40
+0 / -0
Құдай Горбачев секілді басшыны советтік билікке әкелді, "жаңа ой", жариялылық деді, Қазақ секілді езілген ұлттар, ішінде орысы да бар тәуелсіздік алды! Мың жасаңыз! сіздің көңіл күйіңіз қалай ойлауыңыз бізге маңызды емес, маңыздысы сіздің советтік режимді ыдыратуға алып барған тарихи тағдырыңызға мың да бір алғыс! Маңдайыңызға сол белгі бекер салынбаған ау! Горбачевке қазақ ренжитін түгі жоқ, егер Горбачевтен пысық коммунист билікке шыққанда біз әлдеқашан орыстасып жойылып кетер ме едік! кім білсін! Атом соғысы АҚШ пен басталар ма еді! тарихтың бұлай жалт бергеніне қазақ разы. Ол кісі қалай ойлайды, кім, не істеді, біз үшін тиындық құны жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 11:02
+0 / -0
Асау ТАРПАҢ! Горбачевті жақтап отырған себебің жүз грамм арағыңды ішіп алып айтып отырсың ғой, ия????? Басың ауырып жатқан жоқ па????? Мына суретте тұрған Горбачевтің ернінен сүйсеңші, ауызың жайнап гүлденеді
Давай тез баста! Халық күтіп отыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 11:20
+0 / -0
Бул асан тарпан деген дарвиннин тикелей урпагы, орыс атеизм десе жанын береди, ал азаттык, ислам дини десе ит-жыны козады!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 11:32
+0 / -0
асау тарпаң! Неткен сасық адам едің! Абай сайтында араққа байланысты мақала шыққан еді, арағын анасынан туғандай қорғап сөйледі ғой бұл "намысшыл" бала
Пікір алмасу

Кімнен: Ерлан
02.03.2011 13:06
+0 / -0
Асау Тарпаң! сен: "Мың жасаңыз! сіздің көңіл күйіңіз қалай ойлауыңыз бізге маңызды емес, маңыздысы сіздің советтік режимді ыдыратуға алып барған тарихи тағдырыңызға мың да бір алғыс!" - деп Горбатыйға неменесіне көксиіп рахмет айтып отырсың? Кеңетер одағын ыдыратып құлауына негізгі себеп 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі, бұл бір! Қазақ халқының Тәуелсіз мемлекет болуына себеп болан ол да желтоқсан көтерілісін! Сол кездегі Қақ.ССР министрлерінің қайсысы Мәскеудің орталық политбюросына барып: "Біз қазақтар тәуелсіз мемлекет болуды қалаймыз!" - деп айтып еді?
Асау Тарпаң мен де сеніің абай сайтындағы пікірлеріңді оқып жүрмін, әкеңнен қалған астай, арақты қорғап жүрген, Құранның аятарын пысқырмайтын, сен сияқты псевлоұлтшыл "ақыл" беретін адамдардан не қайыр?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 14:48
+0 / -0
Желтоқсан оқиғасының одақ ыдырауында маңызын жоққа шығарған біреу бар ма? көрсетші маған! Бірақ егер 85 жылдардан бастап Горбачев басқаша саясат жүргізгенде қайтер едің. Егер Құнаевтің орнына тағы бір қазақты сайлай салғанда қалай болар еді. Желтоқсан болмас еді, онда одақ ыдырамайтын еді ғой! сенің логикаң бойынша! ЕНдеше Горбачевтің қателігінің өзі біздің оған рахмет айтуымызға жеткілікті. сен шаласауат Горбачевтің қателігі бізге пайдалы болды дегенді түсінбей отырған секілдісің! Ал уаххабиттер туралы әңгіме әлдеқашан айтылған, ол туралы мұнда қайталауыңның өзі сенің Горбачев үшін емес, уаххабизм үшін ентігіп тұрғаныңды көрсетеді. Тағы да айтамын, уаххабиттік қазақ үшін арт сүртуге де жарамайтын жаман жол! Ал арақ туралы ізденгің келсе, онда бомждармен әңгімелес! сонда санаң ашылады! Сенің де не жазып жүргенің маған аян! Әуезов айтатын алакөт торғай емессің бе! Ерлан моллеке!
Пікір алмасу

Кімнен: АСАУ
02.03.2011 14:56
+0 / -0
Горбачевтің орнына Путиндей ұлтшыл біреу шыққанда, өте пысық және жауыз біреу шыққанда Совет одағы ыдырамас еді де, біз ҚАзақстан ресейдің отарынан Қытай отарындағы Шығыс Түркістан секілді қала берер едік! Жауыңның әлсіздігінің өзі саған пайдалы болды емес пе! Жоқ әлде сендер совет одағының ыдырап кеткеніне, Горбачевтің сталиндей бола алмағанына өкініп жүрсіңдер ме!
Желтоқсаншылардың қаны Горбачевтің мойнында! Бірақ бұл қан қазақты азат етті ғой! ЕНді тағы не керек саған, қазақ балалары!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 19:00
+0 / -0
АСАУ ТАПРАҢ! ендеше барып Горбачевтің, Колбиндердің артын жала! Тілің как раз ұзын екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақерке
02.03.2011 19:23
+0 / -0
Мынау асау Тарпаң дегенің бүкіл сайттарды былғап бітірді! Тарпаңның жазған мақалаларын оқысан : США, еуропа, арақ, Горабчев дегендерді қатты қорғайды! ал мұсылмандарға, Құранға, мүмін қыздарға, асіре жек көрінішпен қарайтынын мен де байқап жүрмін!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
асау тарпаң клавиатурный "Рэмбо! клавиатураны тықылдата бер!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 19:26
+0 / -0
АСАУ! сен ит екенсің! Ата-бабаларымыздың аруағы атсын сені

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.03.2011 10:26
+0 / -0
Назарбаев та өзін сүттен ақ, судан тазамын дейді емес пе?

Бірақ, мезімінен тыс сайлау жасап отыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 10:48
+0 / -0
Жауапкершіліктен танып сөйлеуіне қарағанда, құтты КСРО-ның президенті қызметін атқармаған адам сияқты. Желтоқсан көтерілісін есіне де алмай, жадынан мүлдемге шығарып тастауы - қылмыскер адам өзінің жасаған қылмысы үшін ішін не бір күйіктер жайлап, санасын сарсытқан үрейден туындайтын болса керек.

Өмір бір қалыпта тұрмайды, өз арнасымен ағуын тоқтатпайды. Мәңгілік еш нәрсе жоқ. Сондай-ақ біреудің басына конған бақ - билік те уақыты келгенде, көзден бұлбұл ұшады. Сол сияқты М.Горбачев те бір кездері әлемнің жартысын билеген құдірет иесі бүгінде жан дүниесін күйік шалған міскінге айналғаны байқалады. Бұл - қасірет!

Бұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін!!!



Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.03.2011 12:15
+0 / -0
Желтоқсан көтерілісіні бір ғана Горбачев кінәлі ме?

Жүр ғой бізде де біреуі "үміткер" болып.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 23:10
+0 / -0
Арыс, алдыңғы пікірде "қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деп тұрған жоқ па?!

Кімнен: ара Қайдан: алматы
02.03.2011 11:22
+0 / -0
осы каскабасты корсем ашудан козим кормей калады!!!!
Аллах жазасын берсин бейбит халыкты кан каксатканы ушин! Бул дуниеде де ахиретте де азаптан кози ашылмагыр капир!

Кімнен: қазақ Қайдан: жер
02.03.2011 12:25
+0 / -0
Мынау экс-президенттің түгі қалмапты.

Кімнен: Байболат Сарыбай. Қайдан: Алматы қ.
02.03.2011 13:36
+0 / -0
Бұрынғы ССРО да шындықты айтар адам туылмаған халайық !
М.С. Гарбочевке Кім сенеді, мынау сандырақ қой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 15:48
+0 / -0
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков бұрынғы СССР басшысы Михаил Горбачевқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау жеделхатын табыс етті деп хабарлады сәрсенбі күні Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

«Әлемнің саяси картасын түбегейлі өзгерткен терең өзгерістердің сіздің есіміңізбен байланысты болуы - заңды. Қоғам жаппай бақылаудан құтылып, өз елінің тарихы туралы шындықты білді, ойлау мен таңдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл демократия мен азаттыққа жасалған алғашқы қадамдар болды», – деп жазылған Назарбаевтың құттықтауында.

Горбачев бүгін 80 жасқа толды. Ол қазір өз атындағы халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саясаттану зерттеулері қорының президенті.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
02.03.2011 16:15
+0 / -0
Мынау фотодағы двойник болар ұқсамайды ғой...

Кімнен: Әлім Қайдан: Ақтөбе
02.03.2011 17:01
+0 / -0
Осы Горбачевтің анау грузин мен литвалықтарға қалай қимасы қыши қалады? Желтоқсан көтерілісі жайлы тіпті де ауызға алмайды. Соған қарағанда қазақты азаттыққа ұмтылған халықтардың қатарына қосқысы келмейді-ау деймін.Желтоқсан көтерілісін қарудың күшімен басуға Горбачев бұйрық бермегенде кім бұйрық береді. Ол кезде бұл иттің президенттікке жаңа ғана сайланған кезі, билігі шексіз күйінде еді ғой. Ол тұста оған ешкім де ашық қарсы шыға алмайтын. Енді келіп "менің оған қатысым жоқ, мені ешкім тыңдамады" деп мүләймси қалыпты. Егер ана қырылған қазақтың орнында не белорус немесе украин болғанда еңіреп тұрып кешірім сұрар еді бұл екіжүзді. Қазақты қайтсын.Анау басыңдағы таңба қарғыстың таңбасы, желтоқсаншылардың қанының ізі шығар, бәлкім.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 19:53
+0 / -0
тү-ү-үһ! асау Тарпаң мында да келіп былықтырдың ба? қашан тазаланасың???????????????
Сенің қазақты ойлаңсырап жүрген "өтірік намысың" бар екен, бірақ иманының жоқ екені айқын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 20:21
+0 / -0
Ресей әлі де Қазақстаннан айрылып қалғанына өкінеді!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.03.2011 20:25
+0 / -0
Сергей Дуванов:

– Ол жақсы менеджер, аппаратшы, бас хатшы болды ма, мен ол жағын айта алмаймын. Бұл әңгімеде ол принципті мәселе емес. Менің көзқарасым бойынша, оның өзіне жауапкершілік алып, өзі жасаған қадамға баруы маңызды. Ол процеске бастамашы болды. Мүмкін ол

Совет Одағының президенті қызметінен өзінің отставкаға кеткендігі туралы Михаил Горбачевтің халыққа теледидардан хабарлап отырған сәті. Мәскеу, 25 желтоқсан 1990 жыл.
бұлай болғанын қаламаған да шығар. Бірақ, осы жердегілердің барлығы айтып отырған оның қате әрекетінің арқасында осылай болды. Оның еңбегі дәл осында.

Осында отырғандар ол туралы көмекшілерінің әлі піспеген деп пікір білдіргендерін айтты. Иә, номенклатура тұрғысынан солай болуы мүмкін. Ол бұрыстау коммунист болатын. Бірақ тарихи тұрғыдан қарағанда ол Ұлы француз революциясымен салыстыруға болатын революция жасады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.03.2011 21:47
+0 / -0
Естеріңе салайын халайық "Екі түйе егескенде арасында шыбын өледі", деп кім айтып еді баяғыда "Аргумент пен фактілер" үналғысына?

Кімнен: Жаяу Мұса
25.03.2011 11:17
+0 / -0
Желтоқсан көтерілісінің куәсі ретінде ("желтоқсаншы едім!" деп ұрандатуға дәтім бармай отыр...) айтарым - асау Тарпаңның "Горбачев КСРОны күйретті, біз содан кейін тәуелсіздік алдық" деп Горбатыйға астына жастық қоюы шындықтан алшақ. Себебі, Горбатый да өз тағынан ажырамауға, яғни, КСРОны сақтау үшін шамасы келгенше күресті. Бірақ КСРО ішінен іріп, сол кезде ыдырауға бет бұрған болатын. Ерте ме кеш пе, ол бәрібір ыдырап тынар еді. Алматыда желтоқсан болмағанда ондай оқиға бәрібір басқаша формада, тақырыпта Қазақстанда да, басқа Республикаларда да орын алар еді.
Ал Горбачев демагог еді. Өзінің сөзіне өзі рахаттанып "қуып" кететін. Сөйтіп, талай жерде қалайша "артық сөйлеп қойғанын" байқамай қалып, талай рет ұятты болған да. Ақыр соңында демагогияға негізделген идеология алып мемлекетті күйретті. Сонымен қатар, Горбатый жалтақ, тіптен, қорқақтау еді. Шешім қабылдар кезде оны баяғы әдетімен демагогияға айналдырып жіберетін. Бірбеткей Ельцин Горбачевтың осы әлсіздігін 100 пайыз пайдалана алды. Ельцин арағын ішіп алып, А.Матросов секілді амбразураның аузын кеудесімен жаба алатындай саяси мінез көрсете алды. Оның сол айбынына Горбачев төтеп бере алмады. Ал НӘН болса "көкпар тартысында жерге түсіп қалған текені іліп кететіндей" саясатты ұстады. КСРО құлап қалмаған жағдайда - арандап қалмайын деген сақтықта болды. Яғни, оның көкейінде тәуелсіздіктен бұрын қолы жеткен билік баспалдағынан ажырап қалмау мақсаты тұрды. Иә, оның сол кездегі оқиғаларды өз мақсатына қарай бұруға шамасы жеткенін, ондай "көпвекторлы" саясатты мейлінше шеберлікпен жүргізе алғандығын бүгінде мойындау қажет. Бірақ ондағы мақсат ТӘУЕЛСІЗДІК болмағанын тағы да мойындау қажет. Сондықтан, егер Тәуелсіздік үшін қазақ халқы біреуге алғыс айтуы тиіс болса (онсыз болмайтын болса...), онда ол адам - Ельцин!